1869 жылы Батыс Қазақстанда болған көтеріліс

Главная » Рефераттар » 1869 жылы Батыс Қазақстанда болған көтеріліс

1869 жылы, сол жылдың басында қазақтың батыс далаларында тағы бір үлкен көтеріліс ошағы бұрқ ете түскен еді. Бұл жолғы науқан қазақ даласын басқару жәніндегі Жаңа Ережеге қарсы бағытталды. Көтеріліс бұрыннан қалыптасқан басқару жуйесінің өзгертілуіне, жалпы отарлаудың күшеюіне қарсы наразылықтан туындады. Тарихи әдебиеттерде, оқулықтарда жай ғана «1869-1870 жж, Батыс Қазақстандағы көтеріліс» немесе «Орал және Торғай облыстарындағы көтеріліс» ретінде қысқа ғана баяндалып өтетін бұл халық толқулары Отан тарихында көп зерттелмеген маңызды оқиғалардың бірін құрайды. Бұл көтерілістің де ең алғашқы жалыны Ұлы Қобда, Елек бойларындағы Табын ауылдарында тұтанған еді, көп ұзамай ол қаулаған өрт секілді даланы жарып өтіп Жем, Сағыз, Үстірт өңірлеріне дейін таралып үлкен аумақты қамтыды. Солтүстігінде Ресей шекарасынан басталған толқу оңтүстікте Хиуа иелігіне дейін жетті. 1870 ж. Маңқыстау көтерілісіне ұласты. Толқулар кезінде мыңдаған шаңырақтан тұратын қалың ел Ресей билігін мойындамау үшін, онымен бүкіл қарым-қатынасты үзу үшін, жат ықпалдан тыс біртұтастық үшін өз жерлерінен ауа көшіп, Хиуа жеріне қоныс аударды. Сол себепті бұл күрес ел жадында «Ел ауа» көгерілісі ретінде, 1869 жыл «Ауа жил» ретінде сақталды. Көтерілістің Ұлы Қобда, Елек бойларында орын алған бастапқы кезеңінің оқиғаларына тоқталмай тақырыпқа сай бірден Дәуіт Асауұлы қатысқан оқиғаларға аттап кету мүмкін емес. Сол себепті төменде оның Ұлы Қобда, Елек бойларында және Дәуіт Асауұлы т.б. жетекшілердің қатысуымен Үстірт өңірлерінде болған маңызды деген оқиғаларды қысқаша сипаттаймыз. Қобда бойындағы оқиғалар автордың осы өңірдің әлеуметтік-саяси тарихына арналған зерттеуінде кеңінен сипатталатындықтан көпшілік жайттарға тоқталмаймыз. Бірқатар оқиғалар ғылыми баспада жарық көрді.
XIX ғ. екінші жартысында Ресей империясының дала халықтарын бірте-бірте отарлау саясаты өзінің келесі сатыларына өте бастады. Орынбор және Сібір генерал-губернаторлықтарына «болітен» қазақ даласы басқарылу жағынан біртекті емес еді, ал ортаазиялық мемлекеттерге шектес қазақ қауымдарына Ресей ыкпалы аса таралған да жоқ болатын. Осындай себептерте байланысты империя бүкіл қазақ даласындағы басқару жүйесін өзгертіп, оны ішкі ресейлік басқару тәртіптерімен теңестіруді, осы арқылы басқару және салық жинау істерін қолайлы етуді көздеді. Ресей үкіметі айрықша комиссия кұрып, көшпелі халықтарды басқарудың жаңа жобасын даярлауға кіріседі. 1868 ж. күзінде Комиссия бірнеше жылға созылған өз жұмысын аяқтап, 21 қазан күні император II Александр Орынбор, Сібір қазақтары жерінен Орал, Торғай, Ақмола және Семей облыстарын жасақтау жөнінде жарғы шығарады. Жаңа ереженің жобаларын 1869 ж. 1 қаңтарынан бастап іске асыру көзделеді. Оның алдында, 1867 ж. 11 шілдеде Сырдария және Жетісу облыстарын уақытша басқару туралы ереже бекітілген болатын. Бұл сөзсіз патшалық Ресейдің қазақ даласын отарлаудағы келесі, аса маңызды қадамдарының бірі болып табылды. Жаңа Ереже бойынша қазақ даласы осы облыстар мен уездерге, болыстар мен әкімшілік ауылдарға бөлінуі тиіс болды. Қазақтың батыс өлкесі қараған Орынбор аумағынан Орал және Торғай облыстарын жасақтау көзделді. Орал облысы төрт уезден — Орал, Гурьев, Калмыков және Жем (Ембі) уездерінен, ал Торғай облысы — Елек (Ақтобе), Ырғыз, Қостанай және Торғай уездерінен тұрды. Облыстарды әскери губернатор, уездерді уезд бастықтары басқаратын болды, бұлардың барлығы басқа ұлт өкілдерінен бекітілді Жаңа ереже бойынша қазақтар уезд бастықтарының кіші көмекшісі қызметіне жіберіле алды, дегенмен жергілікті ұлт өкілдері негізінен әкімшілік бөліністің төменгі сатысын құрайтын болыс басқарушысы (болыс) қызметтеріне қойылды. Үш жыл мерзімнен сайланатын болыс басқарушысынан бөлек, қазақтар сондай мерзімге әр ауылдың соттық билері және ауыл старшындары (ауылнай) қызметтеріне сайланды. Әр болысқа діни істерді атқаратын бір молда ұстау құқы берілді. Ережеге сай қазақтар әскери рекруттан босатылды. Жаңа Ережеге сай әрбір қазақ отбасынан жылына 3 сом мөлшерінде түтін салығы жиналатын болды. Болыстағы түтін санын болыстық жиындарда болыстық сайлаушылар әр 3 жыл сайын есептеп отырды. Қазақтар мекендеген жерлер Жаңа Ереже бойынша мемлекеттік меншік болып есептелді және қазақтарға пайдалануға ғана берілді. Христиан дінін қабылдаған қазақтарға орыс елді-мекендеріне келіп тұру құқығы берілді. Жаңа Ережеге ел арасында үлкен дүрбелең туғызды. Халық ішінде толқулар көбейіп, оның арты үлкен көтеріліске ұласты. Бұл толқулар ең алғашқы өзегі Қобда өңірінде тұтанып, қазақтың бүкіл батыс далаларын лаулаған оттай шарпып өткен ұлы науқан болып табылды. Ереже қазақтардың құқықтарын бұрынғыға қарағанда әлдеқайда шектеді. Әсіресе халықты ғасырлар бойы басқарып келген төре-сұлтандар табының билігі құлдырады. Ережені жасақтауда дала халықтарынан өкілдер қатыстырылған жоқ, жоба Петербургте жасалып, сол жерде қабылданды. Ұлы Қобда, Елек бойларындағы қарсылықтар. 1869 ж. қаңтарынан бастап қазақ даласына арнайы Ұйымдастыру комиссиллары шығарылып ауыл-аймақтардан болыстар жасақтауға кіріседі. Бастапқы кезде бұл шара жемісті болып, болашақ Елек (Ақтөбе) уезінен ешқандай қарсылықсыз бес болыс — Тұзтөбе, Бөрті, Теректі, Аралтөбе, Ойсылқара болыстарын, Орал уезі аумағынан да бірнеше болыс жасақталады. Бірақ комиссиялар Ұлы Қобда өзенінің бойында отырған Табын ауылдарында үлкен қарсылықтарға кез болады. Жергілікті халық болашақ уезде бастықтарының өздері басқарған үкімет комиссияларын қабылдамай, қарулы қарсылық көрсетеді. Жоғарыдағы болыстар бейбіт құрылып жатқан кезде Ұлы Қобда бойында орын алған жағдайлар мүлдем басқаша болатын. Мұндағы ауылдарда Жаңа Ереже туралы теріс пікірдегі аңгімелер кең тараған еді. Ел арасында «Жаңа низам» деп аталған бұл басқару жүйесі туралы алып-қашпа сыбыстар көп тарайды. Олардың дені ереже енгізілген жағдайда қазақтарды түгелдей христиан дініне өткізіп, әскерге алатыны, жерден айыратындығы туралы мағынада болған. Мұндай сыбыстар ел ішінде үлкен қобалжу туғызады, халықты әсіресе орыс дініне күштеп өткізу жөніндегі хабар қатты алаңдатады. Кей деректерге қарағанда, мұндай хабарларды таратумен бірқатар сұлтандар, соның ішінде ағайынды Аймағамбет пен Мұхамеджан (Мұхаммед-Қазы) Арынғазыұлдары және соңғысының ұлы Есен (Мұхаммед Құсайын) сұлтандар айналысқан. 1869 жылғы көтеріліс қазақтың бүкіл батыс далаларын шарпыды. Орал облысының Гурьев, Калмыков, Торғай облысының Ырғыз уездерінің болыстарын жасақтауда патша үкіметі үлкен қиындықтарға кез болды. Гурьев уезінің бастығы капитан Тверитинов, Ырғыз уезінің бастығы подполковник Вогак жергілікті жерде болыстарды ұйымдастыруда қарулы қарсылықтарға тап болды. Толқуларға Алаша, Байбақты, Ысық, Адай, Шеркеш, Таз, Кете т.б. рулар қызу араласты. Байұлы рулары — Беркін Оспанұлын, соның ішінде Алаша руы — Сейіл Түркебайұлын, ал Шеркеш руы — Кұсбай Айбасұлын өздеріне хан етіп сайлады. Кете руы — Мәмбетәлі Аймағамбетұлын сайласа, жоғарғы табындар Қаналы Арыстанұлын көтеріліс ханы (көсемі) етіп сайлағаны айтылды.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.