1917 ж. ақпан революциясы кезіндегі Қазақстан

Home » Рефераттар » 1917 ж. ақпан революциясы кезіндегі Қазақстан
Рефераттар Комментариев нет

Патшаны тақтан құлатқан ақпан революциясын Қазақстан қуанышпен қарсы алды. Билікке келген Уақытша үкімет өзінің алғашқы міндеттері деп Германиямен соғысты одан әрі жүргізуді, пәрменді әкімшілік аппаратын құруды, түбірлі саяси және әлеуметтік реформалар жасауды, Россияны федеративті мемлекетке айналдыру керектігін айтқан.

Уақытша Үкімет өлім жазысын өзгертті, әскери-далалық соттарды таратты, каторга мен жер аудару жойылды, мемлекеттің хауіпсіздігіне байланысты жұмыстардың барлығы присяжной соттарына берілді. 20 наурыз 1917 ж. «Дінді ұстау мүмкендігі және ұлттық шектеуді болдырмау» туралы Заң қабылданды. Барлық азаматтардың мемлекеттік қызметке орналасу, оқу орындарына түсуге құқығы тең екендігі жарияланды, тұрғын орнын айырбастау мүмкіндігі, сауда, ремесломен айналасу теңдігі, меншікке иелену құқығы жарияланды. Ана тілін оқу орындарында және іс қағазында пайдалануға рұқсат етілді. Шілдедің басында Россияны федерацияға дайындау мәселесі бойынша комиссия құрылды.

Жергілікті әкімшілік міндеттері губерниялық және уездік земский управтарға тапсырылды, олар Уақытша Үкіметтің комиссарлары дәрежесіне ие болды. Қазақстанда управтар болмағандықтан жергілікті қоғамдық комитеттер ұсынған адамдар тағайындалды. 1917 ж. 7 сәуірінде уақытша үкіметтің Түркістан комитетін қуру туралы қаулысы қабылдады, бұл генерал-губернаторлықты айыырбастады. Оның құрамына И. И. Щепкин, А. Букейханов, М. Тынышпаев, С. Н. Мақсутов, А. Л. Липовский, О. А. Шканский, А. А. Даулетшин кірген.

Облыстар мен уездер көлемінде басқару алғаш рет қазақ халқының өкілдеріне жүктелді. Мысалы, Торғай облысының комиссары болып А.Бөкейханов, Жетісуға – М. Тынышпаев, Орал облысына – Х. Досмухаммедов тағайындалды. Ұлт-азаттық қозғалысының лидерлерінің біразы уездерге комиссар болды.

Комиссарлардан басқа атқарушы үкімет жергілікті жерлерде облыстық және уездік атқару комитеттеріне жүктелді. 1917 ж. сәуір-мамырында облыстар мен уездерде қазақтардын съездері өтті, онда үлттық комитеттер сайланды. Ташкенттегі мұсылмандардың өлкелік Советі құрамына 1917 ж. апрельде Мұстафа Шоқай сайланған.

Стихиялық түрде көптеген жұмысшылар, солдаттар, шаруа­лар, мұсылмандар, қазақтар депутаттары Советі құрылады, бұлар заңды негізде емес, «революциялық инициатива» негізінде пайда болған органдар. Бұл кезде Қазақстанда Советтердің беделі соншалықты болмайтын, сондықтан олардың көпшілігі 1917 ж. көктеміне қарай Уақытша үкімет тағайындаған өкімет органда­рын таниды. Сонымен қоса Уақытша үкімет «қуқықтың ұласқандығы» принципін жариялады, яғни Россия империясы зандарының 16-томдық жинағының күші одан әрі де болатындығын мәлімдеді.

Біракта, өмірлік маңызы бар әлеуметтік-экономикалық зандарды қабылдау кешеуілдетілді. Жер туралы заңды іске асыру 1918 ж. көктеміне қалдырылды. Соғысты тоқтату туралы әңгіме болғанда емес. Кұрылтай жипалысына сайлау өткізу кейінге қалдырылды. 1917 ж. күзінде сайлау заңының жобасып жасау жөнінде ерекше мәжіліс өткізілді. Онда жалпыға бірдей сайлау құқығы көзделген, бірақ сайлау 1917 ж. қарашада Уақытша Үкімет құлағаннан кейін өткізілді. Осындай кешеуілдетулер үкімет билігіне солшыл радикалдық патиялар-большевиктердің және солшыл эсерлердің келуіне жол ашты. Қазақстан Россиядағы сияқты азамат соғысының өртіне шалынды.

Қорытынды. ХХ ғ. басында Қазақстанда әкімшілтк және құқық жүйесінде маңызды шаралар іске асырылды. Бұның бар­лығы 1905-1907, 1916 жж. және ақпан (1917) революциясы­ның уақиғалары кезеңінде болғап. Қазақ халқы саяси күрестің және мемлекеттік құрылыстың көптеген тэжірибесін жинақтады, халықтың санасы жаңадан қалыптасты, саяси мәдениеті жетілді. 1917 ж. уақиғалары демократиялық жолмен қазақ мемлекеттігін қуруға болатын­дығын байқатты, алайда оқиғалардың одан арғы барысы бұл мүмкіншілікті пайдалануға жағдай жасай алмады.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.