1920-1930 жж. Батыс Қазақстанның ауыл тұрғындары

Home » Рефераттар » 1920-1930 жж. Батыс Қазақстанның ауыл тұрғындары
Рефераттар Комментариев нет

Төңкерістен кейінгі кезеңде Батыс Қазақстан тұрғындары күрделі демографиялық даму жағдайын бастан кешірді. Қос төңкеріс жəне одан кейін басталған азамат соғысы, соғыс жылдарындағы экономикалық саясат жəне экономиканы қалпына келтіру қиыншылықтары 20 жылдардың басындағы ашаршылық əлеуметтік — экономикалық жағдайдың төмендеуіне нəтижесінде тұрғындардың жалпы санының, оның ішінде жергілікті халық өкілдерінің саны мен үлес салмағының азаюына əкелді. Тұрғындар санының азаюына əкелген себептердің ішінде негізінен жау-ласушы жақтардың күштеуі, мал – мүлікті тонау салдарынан экономикалық шығын, сонымен бірге əскери қимылдар ауданынан дала түкпірлеріне көшу болды. Нəтижесінде мал басы санының азаюы мен егін түсімінің төмендеуі болды. 1917 – 1920 ж.ж. Ақтөбе губерниясында барлық мал басы саны 4,2 млн. бастан 1,8 млн басқа, Орал губерниясында – 3,3, млн – нан 0,8 млн. басқа, Бөкей губерниясында 1,1 млн – нан 0,4 млн басқа қысқарса, аймақ бой-ынша 8,6 млн бастан 3,0 млн басқа немесе 2,8 есеге төмендеді (1). Сол сияқты егіннің валдық жиналуы мен орташа түсімі де қысқарды. Мысалы, Ақтөбе гу-берниясы бойынша 1917 – 1920 ж.ж. валдық жинау 15027925 –тен 2702960 – қа төмендесе, орташа егін түсімі 27,05 – тен 10,4 – ке төмендеді. Орал губер-ниясында валдық жинау 13168468 – ден 1524208 – ге, орташа егін түсімі — 33,8 – ден 11,02 – ге қысқарды (2).

1920 жылы Қазақ АКСР-і құрылғаннан кейін құрамында Ақтөбе, Орынбор, Бөкей, Орал, Ақмола, Семей губерниялары жəне Адай уезі болды. 1920 жылғы жүргізілген санақ бойынша Қазақ АКСР – де барлығы 4 938 383 адам, оның оның ішінде қала тұрғындары 559 866 , ауыл тұрғындары 4 378 512 адам болды. Қала тұрғындары 11,3 %-ті, ауыл тұрғындары 88,7 %-ті құрады. Батыс Қазақстанда Орынбор, Орал, Ақтөбе, Бөкей губерниялары жəне Адай уезі құрылды. 1920 жылғы санақ бойынша ауыл тұрғындары Ақтөбе губерниясын-да 425 692 адам немесе барлық тұрғындардың 98,5 %-і, Орал губерниясында 446 145 адам немесе 89,1-ті, Бөкей губерниясында 236 196 адам немесе 98,5 %-і, Адай уезінде 100 236 адам немесе барлық тұрғындардың 98,8 %-і ауыл тұрғындары болып есептелінді. Халықтың орналасу тығыздығы бойынша ауыл тұрғындары 1 кв. верстке Ақтөбе губерниясы бойынша – 1,7 адам, Бөкей губерниясында – 3,4 адам, Орал губерниясында – 2,8 адам , Адай уезінде – 1,3 адамнан келді (4).

Тұрғындардың ұлттық құрамы бойынша барлық губернияларда да қазақтардың үлес салмағы жоғары болды. Ақтөбе губерниясы бойынша барлық ауыл тұрғындарының қазақтар – 74,2 %-н, орыстар – 4,9 %-н, украиндар -19,2 %-н, татарлар 0,4- %-н, корейлер-0,5 %, басқа ұлт өкілдері – 0,8 %-ін құрады. Бөкей губерниясы бойынша қазақтар – 94,5-%-ті, орыстар – 4,7 %-ті, татарлар -0,8 -% ғана болса, өзге ұлт өкілдерінің үлес салмағы мардымсыз ғана болды. Орал губерниясында қазақтар – 68,1 %, орыстар -23,0 %, украиндар – 6,2 %, татарлар – 2,4 %, немістер- 0,1 %-ті құраса, өзге ұлт өкілдері 0,2 %-ті ғана құрады. Адай ауданы бойынша ауыл тұрғындарының басым көпшілігі қазақтар болып 98,2 %-ті көрсетсе, орыстар -1,6 % -ті, өзге ұлт өкілдері 0,2 %-ті ғана көрсетті. Ал қала тұрғындары бойынша керісінше қазақтардың үлес салмағы Адай ауданынан басқа губернияларда аз болып, орыс жəне украиндардың үлес салмақтары жоғары болды (5).

20 жылдардың бірінші жартысындағы Қазақстан тұрғындарының этнодемографиялық дамуына 1921-1922 жылдардағы ашаршылық кері əсер етті. Ашаршылық əсіресе Қазақстанның батыс губернияларын қамтып, он мыңдаған адамның шығын болуына жəне өзге аймақтарға көшуіне, шаруашылықтың құлдырауына əкеліп соқтырды. 1921 – 1922 жылдардағы ашаршылық дерек-терде көрсеткендей жыл басындағы ерте түскен қатал қыс жəне оның артын ала келген жазғы қуаңшылықпен пен ауыл шаруашылығындағы зиянкестердің қаптауы кесірінен басталды. Деректерде: «Азамат соғысынан кейінгі 1920-1921 жылғы ерте қыс, қысқы жаңбыр, тебіндікті пайдалануға мүмкіндік бер-мей, бұл даладағы мал басынының қырылуына əкелді. Мал басының аза-юы 1917 жылмен салыстырғанда көптеген аудандарда 50-80 % болды. Егін шықпайтын құрғақшылықтың белгілері 1921 жылдың ерте көктемінде байқала бастады. Жер қабатының аз ғана ылғалдығы, оның үстіне көктемгі жаңбырдың болмауынан, мамыр айының екінші жартысында-ақ егін шықпайтыны белгілі болды. Сонымен бірге қыстан əлсіреп шыққан мал табынын сақтап қалу қатері де төнді. Құрғақшылық егінді бүлдіруші зиянкестердің қаптап пайда болуымен жалғасты», — деп көрсетіледі (6).

Тұрғындар азық – түлік тауып, жан сақтау мақсатында 1921 жылдың май айының соңынан мекен – жайларынан өз беттерімен батысқа, оңтүстікке жəне шығысқа – Семей, Ақмола губернияларына көше бастады.Ашаршылық Орынбор, Ақтөбе, Орал, Бөкей губернияларын жəне Адау уезінің бірнеше бо-лыстарын, жалпы көлемі 1048100 шаршы аймақты қамтады. Бастапқы кезеңде аштық жайлаған бес губернияда статистикалық мəліметтерге қарағанда ашыққандар 1508900 адам болса, кейін бұл цифр жергілікті жерлердің мəліметтері бойынша 1558977 адам болды. Губерниялар бойынша: Орынбор губерниясында 444786 адам, Қостанай губерниясында 254816 адам, Орал гу-берниясында 400000 адам, Ақтөбе губерниясында 359235 адам, Бөкей губер-ниясында 100000 адам болды (7).

Еңбекке қабілетті адамдар аштықтан аман қалу мақсатында жұмыс тау-ып, жан сақтау үшін қалаларға көше бастады. Алайда бұл жерлердегі сауда — өнеркəсіптік сипаттағы ұйымдар мен мекемелердегі штаттардың қысқаруы салдарынан, көшіп келушілерге жұмыс табудың реті болмады. Ашыққандардан қоғамдық жұмыс ұйымдастырудағы жасалынған шаралар қаражат, құрал – жабдықтардың тапшылығынан өте əлсіз жүрді. Мысалы, Ақтөбе губерния-сында еңбекке қабілетті адамдардың толығымен азаюы жəне қысқы уақытта жұмыс объектілерінің болмауы салдарынан қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру мүмкін болмады. Сол сияқты Темір жəне Ырғыз уездерінде ұйымдастырылған үш жер өңдеу жəне балық аулау артельдері тоқтап қалды (8).

Аштықтың себептері тек ғана құрғақшылық, егіннің шықпау салдарынан ғана емес, сонымен бірге азамат соғысы салдарынан өндіргіш күштердің əлсіреуі, экономиканың құлдырауы да болды. Аштыққа ұшыраған бес губернияда егін алқабы 1921 жылы 1917 жылмен салыстырғанда 51 %-ке қысқарды. Мəселен, 1917 жылы 2 307 мың десятина егін алқабы болса, 1920 жылы 1 701 мың де-сятина (27 %), 1921 жылы 1 130 мың десятина (51 %) ғана болды. Сонымен қатар мал басы да төмендеп 1917 12 044 мың бас мал болса, 1920 жылы 4 657 мың бас (61 %), 1921 жылы 2 506 мың (79 %) бас мал ғана қалды (9).

1921 жылы шілдеде Қазақ Орталық атқару Комитеті Орынбор, Қостанай, Ақтөбе, Орал жəне Бөкей губернияларын аштық жағдайында деп жариялап азық-түлік салығынан босатты. Сонымен бірге ҚазОАК жанынан ашыққандарға көмектесетін орталық комиссия құрылып, бұл мақсатқа бірнеше жауапты адамдарды тағайындап, комиссияға жалпы жетекшілік Қаз ОАК-ң төрағасы С Меңдешевке жүктелінді. Бұдан əрі қыркүйек – қазан айларында ғана барып ашыққандарға көметтесетін губерниялық комиссиялар құрыла бастады.

Аштықтың одан əрі күшеюіне жергілікті жерлерде ашыққандарға көмек жəне оларды эвакуациялау жұмыстарының əлсіз ұйымдастырылуы салдарынан да болды. 1921 жылғы 13 тамызда Ақтөбе губерниялық комитеті төрағасының мəлімдемесінде: «Украинаға бағыт алған 160 жанұя барлық жүктерімен жөнелтілуді күтіп Ақбұлақ станциясында тұруда. Олардың арасында ауру күшеюде. Нұсқау болмағандықтан оларды белгілі – бір жаққа жіберудің еш

мүмкіндігі жоқ. Оған құрал да, астық та жоқ. Оларды қалаға орналастыруға ашыққандардың толығуы жəне азық – түліктің тапшы болуы салдарынан еш мүмкін емес»,- деп көрсетіледі. 1921 жылдың 1 тамызы мен 1 желтоқсаны аралығында əскери тұтқындардан — 73 адам, Польша босқындарынан – 3 136 адам, Латвия мен Литвалықтардан – 361 адам, Түркістандықтардан – 1 135 адам, 17 267 орыс, қазақ эвакуацияланды. Түркістан Республикасы мен Украинаға 7000 бала эвакуацияланды. Сонымен бірге 3 санитарлық пойызбен 720 адам жөнелтілді. 1921 – 1922 жылдары барлығы 16 111 бала эвакуация-ланса, республикадан барлық эвакуацияланғандар – 79 560 адамды құрады. Бұдан басқа тұрғындардың тағы бір бөлігі өз бетімен көшті (10).

Губернияларда аштық пен қоса, эпидемия жайлап, аштық салдарынан өлім көбейді. Əбден ашыққан адамдар ит, мысықтарды, қалдық сүйектерді жеп, əр түрлі шөп тамырларымен қоректенді. Өлім ұлғайып барлық ашыққандардың 75 %-не жетті. ҚазақАКСР Денсаулық Халық Комиссариатының мəліметінше 1921 жылы 1 қараша мен 1922 жылдың 1 шілдесі аралығында емдеу орында-рында аштық салдарынан өлім саны төмендегідей болды (11).

Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру барысында жіберілген асыра сілтеу-шілік салдарынан ауыл шаруашылығы құлдырап, егіс көлемі қысқарып, мал басы кеміді. Аштық Қазақстанның батыс аудандарында 1929- 30 жылдың қысында — ақ басталған болатын. 1930 жылы 5 қаңтарда Ақтөбе округтік партия комитетінің бюро отырысында Ырғыз ауданындағы аштыққа ұшырағандарға азық – түлікпен көмек беру туралы мəселе талқыланды деп көрсетеді зертте-ушілер (28). 1932 жылы Ойыл ауданы 5,8,18 – ші ауылдарында аштықтан 181 адам өлсе, Ақтөбе ауданының 35 ауылда күніне 3-5 адамнан өліп отырған. Ал Батыс Қазақстан облысы Правда колхозында колхозшылардың 75 % жазда жұмысқа шығудан бас тартқан, өйткені тамағын асырау үшін тышқан аулауға мəжбүр болған.

Темір аудандық комитетінен 1932 жылы 1 шілдеде Ақтөбе облыстық комитетінің төрағасына берілген мəлімдемеде: «Соңғы уақытта ауылдар мен селолардан көмек көрсету туралы өтініштер түсуде. Тұрғындардың өтініштерін өкілдер арқылы тексергенімізде, жаңа егін науқанынан дейін көптеген колхозшыларға көмек өте қажет екендігі анықталды. Бірқатар колхозшылар мекен-жайларын тастап, тіпті ауданнан тысқары жерлерге көшуде жəне кол-хоздарда ішінара аштықтан ісіну мен өлу байқалуда. Кейбір колхозшылардың сауын малдары жоқ, ал кейбіреулерінде жеткіліксіз дəрежеде. Мысалы, 3632 жанымен 911 шаруашылығы бар 13 ауылдықкеңес колхоздарының бірде-бір малы жоқ, құрамында 4093 жанымен 1116 шаруашылығы бар 14 ауылдықкеңес колхоздарында əрбір ауылда 2- ден 10 басқа дейін малы бар; құрамында 3 459 жанымен 859 шаруашылығы бар 11 ауылдықкеңестің əрбір аулында 1 –ден 30 – ға дейін , колхоздарының 30-дан 78 басқа дейін малы бар»,- делінеді (29). Аштыққа ұшыраған Қазақстан халқына көмек өте аз көлемде жəне тым кеш берілді. Көшпелі жəне жартылай көшпелі аудандардың тұрғындарына ат

– арбаның болмауынан азық – түлік жеткізілмеді. 1933 жылы 20 қыркүйектегі ОГПУ – дың арнайы мəжілісінде: көшпелі жəне жартылай көшпеліге жататын Торғай, Арал, Шалқар, Батпаққара, Ырғыз, Ойыл, Темір ауджандарындағы жағдай өзгермеді. Азық – түлік жоқтығынан барлық жерде аштықтан қырылу болды деп көрсетіледі. 1934 жылы 9 сəуірде Ақтөбе облыстық партия комитетінің хатшысы Ə Досовтың БК(б)П Қазақ өлкелік партия комитетінің хат-шысы Л Мирзоянның атына жазған телефонограммасында: «Азық – түлік бол-мауынан, көбінде көшпелі аудандарда арып – ашу, ісініп кету, өлім жағдайлары бар…» делінді. 1932 жылы Ақтөбе облыстық партия комитетінің бюросы осы ауданда 36 мың адамнан 16 256 адам қалды деп мəлімдеді. Батыс Қазақстан жəне Гурьев облыстарында қазақтардың саны былайша өзгеріп отырды. 1931 жылы 445 415 адам, 1932 жылы 322 853, 1933 жылы 281 793. Сонымен 163 622 адамға немесе 36,7 %-ке азайды (30).

Мұндай жағдайлар халық наразылықтары мен жаппай үдере көшулерге əкелді. 1929 жылдың аяғымен 1930 жылы ұжымдастыруға қарсы халық наразылықтары Ақтөбе округінің Темір, Новоресей, Қобда, Шалқар ауданда-рында, Орал округінің Азғыр, Тайпақ жəне Қаратөбе аудандарында жүрді. 1930 жылы 26 наурызда көтеріліс Қостанай округінің Жетіғара ауданының батыс бөлігінде басталып, одан əрі көршілес Ақтөбе округінің Ырғыз ауданына тарай-ды. Молда Мұхантай Саматов пен Айжарқын Қанаев бастаған көтерілісшілер Ырғызды басып алуға ұмтылғанымен, кейіннен көтеріліс басылады. Үкімет əскеріне белсенді қарсылық көрсетуге мүмкіндігі болмағандар республика-дан тысқары жерлерге көшуді жалғастырды. Ақтөбе округінің Шалқар, Ойыл, Табын аудандарының шаруалары осындай сипатта қарсылық көрсетеді (31). 1932 жылы 4 шілдеде Табын аудандық комитетінен Ақтөбе облыстық комитетінің атына берілген мəлімдемеде: «Өткен жылғы банды-байлардың қалдықтары халықпен байланыстары болмағанымен жəне көтеріліс жасай алмағанымен, бірақ əлі де толық жойылған жоқ. Осы жылдың мамыр айында 5-10 адамнан тұратын банды-байлар тобы коммунарлар отрядына шабуыл жасап, 3 коммунарды өлтіріп, 40-50 бас малды, 4-5 мылтық жəне басқа азық – түліктерді əкетті. Азық – түлікпен қамтамасыз етудің үзілуі, оның үстіне банды-байлардың болуынан, қазіргі таңда №№ 5,6,14,15 ауылдар тұрғындарының Қарақалпақстан мен Түрікменстанға жаппай көшуі басталуда», — деп көрсетілді (32). Сол сияқты 1932 жылғы 1 9 маусымдағы Шалқар аудандық комитетінің хабарламасында: «Қазіргі таңда ауданда барлық ауылдарда үдере көшу байқалуда. Мысалы, №18 ауылдан 58 шаруашылық, №17 ауылдан 25, № 20 ауылдан 155, №3 ауылдан 80, №7 ауылдан 100, №8 ауылдан 30, №12 ауыл-дан 65, №2 ауылдпан 140, №13 ауылдан 80, барлығы 733 шаруашылық үдере көшті. Жаппай көшу Арал теңізі арқылы Шымбай, Төрткөлге бағытталады, сонымен бірге Қоңырат, Ақтөбе, Қазалы, Қызыл – Орда, Пахтарал жағына да көшу бар. Жаппай көшудің себебі азық-түліктің болмауы. Сонымен бірге шаруашылықтардың Шалқар станциясына, темір жол желісі бойларына жап-пай көшіп кетулері де бар»,- делінді (33).

Қаларға жан сақтау мақсатында ауылды елді – мекендерден адамдар шұбырып келіп, қала көшелері аш – жалаңаш адамдармен балаларға тол-ды. 1933 жылы көктемде Гурьев, Тайпақ, Жылқосы аудандарынан келгендер Атырау қаласының көшелеріне лық толды. Мұнда олар азық – түлік береді де-ген хабарды естиді, бірақ мəліметтің жалғандығын білгеннен кейін ереуілдер ұйымдастырып, күшпен қаладан шығарылады (34). 1929 – 1933 ж.ж. Ақтөбе жəне Орал облыстары елді – мекендердің табиғи жəне механикалық өсімі төмендегідей болды: (35).

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.