1940-50 жылдардағы АҚШ (Америка)

Главная » Рефераттар » 1940-50 жылдардағы АҚШ (Америка)

АҚШ-тың сыртқы саясаты. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін АҚШ саяси-экономикалық дамуы жағынан капиталистік елдер арасында алдыңғы елге айналды. Бұл мемлекет 1948 жылы капиталистік елдерде өндірілген өнеркәсіп өнімдерінің 54,6 %-ын өндірсе, алтын корының 53,3 %-ы АҚШ-тың колында болды. 1949 жылға дейін дүние жүзінде атом бомбасы бар жалғыз ел Америка болды. Сөйтіп, АҚШ әлемнің қамқоршысына айналды.

Дүние жүзіндегі ең ірі капиталистік мемлекетке айналып, өз ықпалын шексіз жүргізуге жол ашылды. Бірақ, бұл саясатын жүзеге асыруға кедергі жасай алатын бірден-бір ел КСРО (Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы) болды. Екінші дүниежүзілік соғыста жеңіске жеткен, майданның негізгі ауыртпалығын көтерген КСРО соғыстан кейін ең куатты елге айналды. Орталык жоне Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерін фашизм езгісінен азат етіп, бүл елдерде халыктық-демократиялық революцияның барысында социалистік қоғам орнатты. Дүниежүзілік социалистік жүйе күрылып, оған КСРО өз өктемдігін жүргізіп, халыктык-демократиялык коғам калыптасты.

КСРО халыкаралык катынаста социалистік жүйені корғап, дүние жүзінде өзінің ыкпалын күшейту үшін АҚШ-ка карсы күресін үдете түсті. Сөйтіп, соғыстан кейін екі жүйенің басшысы болған АҚШ пен КСРО арасында карама-кайшылык тереңдей түсті. Әлемде бір бірі-не қарама-карсы екіполюсті саясат калыптасты. АҚШ-тың сырткы саясаты КСРО-ға карсы қүрылды. Бұл халыкаралык катынастар тарихында «кырғи-кабак» соғыс саясаты деп аталды. «Қырғи-кабак» соғыс саясатының моні антикоммунистік жоне антисоциалистік болды. КСРО-ға карсы күрылған саясатты жүзеге асыру үшін АҚШ өзінің стратегиялык жоспарын жасады. Бүл саясат 1946 жылы наурыз айында басталды. Черчилль АҚШ-қа сапарын кезінде Миссуридің Фултон каласында сөйлеген сөзінде КСРО-ның Еуропаны екіге бөліп, “темір қақпа” саясатын орнатқанын, сондықтан Батыс Еуропадағы демократияны сақтап қалу үшін “коммунизмге” қарсы күреске шығу қажет екенін ескертті.

.

1947 жылы АҚШ сыртқы саясатта өзінің негізгі бағытын жаса-ды. КСРО және социалистік елдерді әлсірету үшін “тежеу”, “күш көрсету” саясатын жүргізу қажеттігін белгіледі. Атом бомбасы негізгі шоқпары болды. АҚШ президенті Трумэн соғыстан кейін “Греция мен Түркияны “коммунистік қауіптен” арашалау үшін де-мократияны сақтап , “еркін әлемді” қорғау үшін барлық күш-қуатты аямауымыз керек” деді. “Трумэн доктринасы” АҚШ-тың сыртқы саясатының негізгі бағыттарының бірі болды.

АҚШ-тың сыртқы саясатын шын мәнінде жүзеге асыру үшін Батыс Еуропа елдерін өзінің одақтасына айналдыру саясатын іс жүзіне асыра отырып, бұл елдерге экономикалық-ақша көмегін көрсету бағытында Маршал жоспары қабылданды. Маршал жоспары арқылы бұл елдерді ақшаға кіріптар ету саясаты жүргізілді. Бұл жоспарды социалистік мемлекеттердің қайталауына болатын еді, бірақ Сталин өз ықпалындағы елдерге көмекті аямау керектігін көрсетті. Сталиннің саясаты капиталистік елдерге тәуелді болмау еді.

Маршал жоспары 1948—1952 жылдарға арналып, АҚШ-тан 17 миллиард доллар көмек алуға тура келді. Бұл саясатын АҚШ көршілес Латын Америкасына да ұсынды. 1947 жылы РИО-де-Жанейро қаласында келісімге қол қойылды. Сөйтіп, соғыстан кейін АҚШ әлемде әскери-саяси одақ құруға тырысты.

АҚШ Үкіметі Батыс Еуропадағы капиталистік елдерді өзінің одақтастарына айналдырып, КСРО және социалистік елдерге қарсы тұру үшін жаңадан әскери одаққа біріктіре бастады. 1949 жылы сәуір айында Вашингтонда Батыс Еуропа елдерімен бірігіп, Солтүстік Атлантикалық альянс ұйымы — НАТО-ны құрды. Бұл ұйымның мақсаты “демократиялық әлемді” КСРО ықпалынан құтқару болды. Алғаш қ ұрылғанда 12 ел мүше болды. 1955 жылы Батыс Германия — ГФР (Герман Федеративтік Республикасы) кірді. Соғыстан кейінгі АҚШ-тың “қырғи-қабақ” соғыс саясатының барысында алғаш рет КСРО мен АҚШ Корей түбегіндегі соғыста бір біріне қарсы т ұрды. Корей-американ соғысы екі таптық ж үйенің әскери тұрғыдан бірінші рет бетпе-бет келуі болды. Сөйтіп, екінші дүниежүзілік соғыста одақтас болған қос елдің арасындағы “балдай татулық” ұзаққа барған жоқ.

Трумэн Үкіметінің ішкі саясаты. Әлеуметтік-экономикалық дамуы. Соғыстан кейінгі кезде АҚШ-тың экономикалық дамуына өте қолайлы жағдай жасалды. Өндірістің көбі бейбіт өмірге көшіріліп, жұмыс істей бастады. 1948 жылы өнеркәсіп өнімдері 30 -жылдармен салыстырғанда 178 %-ға өсті. Либералдық топтар елде Ф. Рузвельттің “жаңа бағыт” саясатын жалғастыруды талап етті. Экономикадағы мемлекеттік реттеу. Бірақ, бұл саясатқа жаңа консерваторлар қарсы тұрды. Елде саяси тұрақсыздық қаупі кең етек алды. АҚШ Президенті Трумэн 1945 жылы қыркүйек айында Конгреске елде либералдық реформа жүргізу туралы ұсыныс енгізді. Бұл либералдық реформа “әділетті бағыт” деп аталды. Елдегі жұмыссыздықты жою, ең төменгі жалақыны өсіру, дәрігерлік қамсыздандыру жүйесін енгізу, нәсілшілдікті тежеу және арзан тұрғын үй құрылысының бағдарламасын жасау талап етілді. Трумэннің “әділетті бағыт” реформасы Конгрестегі ірі буржуазиялық консер-ваторлардың қарсылығынан өтпей қалды.

Консерваторлық топтар соғыстан кейінгі мемлекеттік реттеуден мүлдем бас тартудың қажеті жоқ екенін т үсініп, елдің экономикалық дамуына президентің жауапты болуын талап етті. Экономиканың кейбір салаларын ғана мемлекеттік реттеуді қолдады. 1946 жылы Трумэн тағы да либералдық реформа жүргізу туралы заң ұсынды. Бірақ, бұл елде қолдау таба алмады. Жаңа консерватизм бағыты жеңіске жетіп , либералдық реформизм жеңіліске ұшырай бастады. “Жаңа бағыт” саясаты жеңіліс тауып , елдің экономикалық- әлеумет-тік дамуын алға қарай жүргізу үшін экономикалық кеңес комитеті құрылды. Консерваторлар әлеуметтік реформаларға қарсы бола отырып, “жаңа бағыт” саясатындағы жұмысшы және кәсіподақ ұ йымдары-на берілген жеңілдіктерді қайта қарауды талап етті. 1947 жылы маусым айында конгрестегі республикалық партия депутаттарының қарсылығына қарамастан, Тафта-Хартли заңы қабылданды. Бұл заңның негізгі бағыты кәсіподақ ұйымдарының қызметін бақылау және оған тежеу жасау болды.

Заң бойынша мемлекеттік қызметкерлерге ереуілге шығуға, байкоттар мен пикеттер ұйымдастыруға рұқсат берілмеді. үкімет ере-уілдерді 80 күнге дейін тоқтатуға тыйым салды. Жеке кәсіпкерлер мен шағын және орта өнеркәсіп иегерлері ереуілге шығатын болса, Үкіметке 60 күн бұрын ескертулері тиіс еді. Бұл заң бойынша мемлекет кәсіподақ ұйымдарының қызметін реттеп отыратын болды.

Тафта-Хартли заңы тек қана кәсіподақ ұйымдарымен шектел-меді, сонымен қатар соғыстан кейінгі АҚШ-тың ішкі реакциялық топтарына, яғни “коммунизмге” қарсы кү реске шығу қажет екенін ескертті. Елде сенімсіздік кең етек алып, мемлекеттік қызметкерлердің коммунистермен байланыстарын тексеру үшін 1947 жылы наурызда арнайы заң қабылданды. Антикоммунистік науқанның кең етек алуы мен Тафта-Хартли заңына АҚШ-тағы ең ірі кәсіподақ федерациясы — АТФ (Америка еңбек федерациясы) Президенті Уильям Грин және КПП (¤ндірістік кәсіподақ конгресі) кәсіподақ федерациясының басшылары да қарсы болған жоқ. Трумэн Үкіметі соғыстан кейінгі ішкі саясатта консерваторлық топтарды қолдап, өзінің либералдық реформаларын толық жүргізе алмады. Мемлекетті “коммунистік қауіптен ” қорғау үшін күрес үдегендіктен, елде реакциялық күштер жайлап кетті.

.

1948 жылғы президенттік сайлау. Сайлау қарсаңында АҚШ-та саяси текетірес кең етек алды. Республикалық партиядан президент-тік сайлауға Т. Дьюй өз кандидатурасын ұсынды. Демократиялық партия Г. Трумэннің кандидатурасын қалдырды. Сайлау науқаны кезінде республикалық партия елде неоконсерватизм бағытын ұстанып, Трумэннің либералдық ішкі саясатын сынау арқылы өз үгіт-насихаттарын жүргізді. Екі партиялық жү йедегі дағдарысты пайдаланып, демократтар партиясынан бөлініп, Г. Уоллес өз алдына үшінші партия құрды. Жаңадан құрылған прогрессивтік партия Трумэннің агрессиялық сыртқы саясатын сынап, КСРО -мен қарым-қатынасты реттеуді, ал ішкі саясатта жаңа либералдық реформалар жүргізуді, Тафта-Хартли заңын жоюды талап етті. Жаңа демократтардың қимыл-қозғалысы кең етек алды. Негр халқының азаматтық құқықтарын қорғау қозғалысын қолдап, прогрессивтік партия демократиялық партия арасына жік салды, Трумэннің сайлауда жеңіп шығу мүмкіндігіне қауіп туғызды. Сайлаушылар демократиялық партияның сайлау қарсаңындағы Трумэннің “әділетті бағыт” бағдарламасын, АҚШ Үкіметінің “қырғи-қабақ” соғыс саясатын және ішкі реакциялық күштер — “антикоммунистік” күштерді қолдады.

Сайлау барысында прогрессивтік партия жеңіліс тапты, бұл демократиялық партияның жеңіске жетуіне әкелді. Сөйтіп, Трумэнді 24,2 миллион сайлаушы қолдаса, 22 миллион дауыс жинаған, республикалық партия жеңіліс тапты. Демократиялық партия конгресің екі палатасында көпшілік орынға ие болды. Г. Трумэн екінші мерзімге АҚШ-тың президенті болды.

Президенттік сайлаудан кейін Трумэн өзінің либералдық реформасын батыл жү ргізді. 1942—1952 жылдары әлеуметтік салада реформаларды іске асыра отырып, жалақының бір сағаттық мөлшерін 40-тан 75 центке көтерді, 10 миллион адам әлеуметтік қамсыздандырумен қамтылды, 800 мың пәтер салынды, соғыс м үгедектері мен жұмыссыз адамдарға мемлекеттік көмектің мөлшері өсті. “Әділетті бағыт” бағдарламасын неоконсерваторлардың конгрестегі қарсы-лығына қарамастан жүзеге асыра алды.

Маккартизм. Соғыстан кейін АҚШ-тың ішкі дамуы оңшыл топтардың күшеюіне әкелді. Республикалық партия президенттік сай-лаудан кейін Трумэннің “әділетті бағыт” саясатына қарсы күресін өрістетті. Елдегі реакциялық топтар демократиялық партияның саясатын әшкерелеп отырды. 1948—1949 жылдары АҚШ-та экономикалық дағдарыс басталып, халық арасында сенімсіздік күшейе түсті. Ішкі саясаттағы тұрақсыздық Америка қоғамын “коммунизм қаупінен” қорғануға топтастырды.

АҚШ-тың ішкі оңшыл топтары сыртқы саясаттағы әлсіздікті сылтау етіп, КСРО-ға қарсы “қырғи-қабақ” соғыс саясатын батыл жүргізуге шақырды. 1945—1949 жылдары социалистік жүйе елдерінде халықтық-демократиялық революция жеңіске жетіп, социализм негізі қалана бастады. КСРО-ның Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінде беделі өсті. 1949 жылы Герман Демократиялық Республикасы және Қытай Халық Республикасы қ ұрылып, коммунистік қоғамның дүниежүзілік жүйесі бұрынғыдан да күшейе түсті. 1949 жылы 30 тамызда Қазақстандағы Семей полигонында КСРО тұңғыш рет атом бомбасын сынады. Сөйтіп, АҚШ бұдан былай атом бомбасы арқылы дүние жү зіне қауіп төндіре алмайтын болды. АҚШ пен КСРО елдері атом державасына айналды. АҚШ-тың “қырғи-қабақ” соғыс саясатындағы күш көрсету сипатындағы жеке өктемдігі жойылды. АҚШ өзінің саясатын жалғастыра отырып, әлемдегі демократиялық дамуды “ коммунизм қаупінен” қорғаушы ретінде күресіп, жаңа өзгерістерге икемделген саясат жүргізді.

Реакциялық күштердің американ қоғамындағы еркіндігі жаңа маккартизм идеологиясына әкелді. Бұл республикалық-сенатор Маккартидің атымен аталды. Ф. Маккарти конгресте сөйлеген сөзінде “федералдық әкімшіліктегі қызметкерлер “коммунистердің агентімен” тығыз байланысты, сондықтан мемлекеттік қызметкерді анықтау үшін Үкімет тексеру жүргізуі қажет, кәсіподақ ұйымдарының басшыларын, либералдық реформаны жүзеге асыруға қарсы шаралар қолданып, реакциялық топтар Үкіметтің ішкі және сыртқы саясатына қарсы кү рес жүргізуі керек” деді. Бұл АҚШ конгресіндегі сенаторлардың қолдауын тапты. Маккартизм коммунистерге қарсы күресте мемлекеттік идеологияға айналды.

.

Ультрареакциялық күштер АҚШ Үкіметінің сыртқы саясатында “қырғи-қабақ” соғысты ашық жүргізуге шақырды. Антикеңестік саясаттың шыңы — АҚШ-тың 1950 жылы маусымда Солтүстік Кореяға соғыс ашуы болды. Соғыстан кейін АҚШ пен КСРО бір біріне қарсы тұңғыш рет ашық күрес жү ргізді. Оңтүстік Кореядағы АҚШ әскерлерінің басшысы генерал Д. Макартур президенттен майданды кең түрде жүргізіп, қызыл Әскермен соғысты жалғастыруды табанды түрде талап етті. АҚШ президенті Трумэн мұндай шараға бара алмады. Бұл жаңа дүниежүзілік соғысқа апаратын жол екенін түсінді. Сөйтіп, 1951 жылы сәуірде Д. Макартурды орнынан босаты. Ультрареакциялық күштер президентті сотқа беру керек деп талап етті. с айлау қарсаңында елде демократиялың партияға қарсы үгіт-насихат жұмысын жүргізді.

Антикоммунистік үгіт-насихат жұмысының кең етек алуы республикалық партияның 1952 жылғы сайлауда жеңіске жетуіне мүмкіндік берді. Республикалық партия билікке келіп Д. Эйзенхауер президент болып сайланды.

Сайлаудан кейін АҚШ-тың ішкі саяси дамуында маккартизм негізгі идеологияға айналып, федералдық деңгейде тергеу жұмыстары жалғасты. Антикоммунистік шараларды жүргізе отырып, Эйзенхауер көптеген әкімшілік басқару мекемелеріндегі қызметкерлерге сенімсіздік білдіріп, оларды соттап, түрмеге жауып, халықтың наразылығын күшейте түсті. 1954 жылы коммунистердің қызметін бақылау туралы заң шығарып, оларды қоғамдағы барлық құқықтарынан айырды. Маккартизмнің елде кең жайылуына АҚШ-тағы коммунистер мен кәсіподақ ұйымдарының қарсылығы к үшейді. Ультрареакциялық топтарға демократиялық, либералдық солшыл күштер қарсы шығып отырды. Бірақ, АҚШ-та реакцияға қарсы әлеуметтік топтар кү ресі бұ қаралық мән ала алмады. Реакциялық топтар Эйзенхауер-ге қарсы шығып, коммунизммен күресте әлсіздік танытып отыр деген айып тақты. Федералдық мекемелер мен Пентагонда (әскери әкімшілікте) коммунистер отыр дегенге дейін барды. 1954 жылы АҚШ президенті маккартизмді азаматтық құқықтарды бұзып отыр деп айыптады. Сенатор Маккартидің қызметі конгресте қаралып, 67 дауыс қарсы болып, 22 адам қолдап, сенат оның сенатор қызметінен кетуін талап етті. Сөйтіп, АҚШ-та маккартизм саяси бағасын алып, жеңіліс тапты.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.