2-4 сыныптарда математика пәнін оқыту әдістемесі

Главная » Рефераттар » 2-4 сыныптарда математика пәнін оқыту әдістемесі

Математика, барлық пән сияқты үздіксіз даму үстінде. Бұл экономика мен техниканың және басқа да ғылымдардың дамуына, соның ішінде математиканы оқытудың педагогикасы мен әдістемесіне үлкен әсерін тигізеді. «Әдістеме» — грек тілінен шыққан сөз, аудармасы «әдіс-тәсіл» деген магынаны білдіреді. Математиканы оқыту дістемесі — педагогика ғылымының жүйесіне енеді жне математиканы оқыту заңдылықтары мен оқыту мақсаттарына сәйкес белгілі бір деңгейде оның дамуына негізделген, педагогика саласына жатады. Оқытудың мақсаты, мазмұны, әдіс-тәсілдері мен түрлері әдістемелік жүйенің негізгі компоненттеріне жатады. Математиканы оқыту әдістемесі ең алдымен математикамен, педагогикамен, жас ерекшелік психологиясымен жне басқа ғылымдармен тығыз байланыста қарастырылады.

.

Математиканы оқыту әдістемесінің негізгі мақсат-міндеттері:
_ бағдарлама аясында математикалық ұғымдар мен геометриялық фигуралар туралы түсінік қалыптастыру және дамыту;
_ оқушылардың математикалық ұғымдар туралы барлық танымдық қызметін, соның ішінде ойлауын және практикалық дағдысын дамыту;
_ өмірлік-тжірибелік міндеттерді шешуде математикалық білім, біліктерін өмірде қолдана білу дағдысын қалыптастыру.
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту кезеңінде оқушылар төмендегідей математикалық білім, білік, дағдыларды меңгеруі керек:
а) нөл жне натурал сандар туралы түсінік, натурал сандар қатары, олардың қасиеттері, қарапайым және ондық бөлшектер туралы ұғымдар;
б) негізгі өлшемдер (ұзындық өлшемдері, заттың құны, салмағы, фигураның ауданы, көлемі және сыйымдылық, уақыт өлшемдері) өлшем бірліктер, шамалар жне оларға қатысты ұғымдар туралы түсінік;
в) метр системасының мағынасы, шама? уақыт өлшемдері жне оларды тәжірибеде қолдану;
г) көптаңбалы сандармен және бөлшекгермен жұмыс барысында негізгі төрт арифметикалық амалдарды қолдана білу;
д) жәй және күрделі есептерді шығара білу.

Мектептеп математиканы зерттеу негізінен оқыту әдістемесі мен оның ұйымдастырылуын анықтайтын үш міндет қойып, олардың шешу жолдарын қарастырады. Олар: — математикалық ұғымдар мен геометриялық фигуралар және олардың қасиеттері туралы түсініктерін дамыту? геометриялық өлшемдер (ұзындық өлшемдері, заттың құны? салмағы, фигураның ауданы, көлемі және сыйымдылық, уақыт өлшемдері) өлшем бірліктер, шамалар және оларға қатысты ұғымдар туралы түсінік қалыптастыру; — оқушылардың практикалық дағдысын және логикалық ойлауын, тілін, қиялын, кеңістік туралы түсініктерін дамыту; -өлшеу және сызу құралдарының көмепмен геометриялық фигураларды кұрастыру және өлшеу дағдыларын қалыптастыру,өмірлік-тәжірибелік есептерді шеше білуін дамыту.
Еңбекке баулу, сурет, сызу, денешынықтыру, дүниетану, жаратылыстану, география сияқты пәндерді жогары деңгейде оқыту негізінен окушылардың геометриялық білімін жетілдіруде үлкен әсерін тигізеді Математиканы оқытуда балалардың психофизикалық кемшіліктерін дамыту жалпы білім беруде ең негізгі міндет екенін ұмытпай, болашақ кәсіби және күнделікті өмірге қажетті математикалық білім, білік, дагдылар жүйесінщ қолжетімділіпн қамтамасыз етіп, оларды окушылардың меңгеруіне қол жеткізуіміз қажет. Психофизикалық кемшіліктері бар балаларга арналған мектепте математиканы оқытуда олардың бойында ұқыптылық, табандылық, қайсарлық, еркіндік тәрізді қасиеттерді қалыптастыру арқылы жеке тұлғаның дамуына мүмкіндік туғызу. Сонымен қатар математиканы оқыту тәрбие міндеттерін шешуге мүмкіндік тугызады.
Математика оқу пәні ретінде оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуына қажетті жағдай жасайды, сонымен қатар оларда ойлау қабілетінің талдау, ажырату, салыстыру сияқгы түрлерің қалыптастырып, нақгы ой қорытындысын жасауға, өз ойын тұжырымдай білуге мүмкіндік туғызады. Математиканы оқыту үдерісінде оқушылар арнайы математикалық терминдермен және формулалармен толық таныстырылып, сөйлеу тілі дамытылады. Оқушылар математикадан берілген түрлі тапсырмаларды орындау, есептерді шығару барысы туралы толық есеп беруге, өз қызметш баяндауға, өз ойын еркш жеткізуге үйренеді.
Оқушыларды өмірге, болашақ еңбек жолына дайындау — оқытудағы ең маңызды міндет болып табылады. Арифметикалық есептерді шығару, өлшеу, сызу, ауызша және жазбаша есептеу, уақыт пен кеңістік туралы бағдар жасай білу дағдыларын меңгеру өмірлік-тәжірибелік міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.
Дидактикада оқыту әдістемесін мұғалім білім беруші, білімді жеткізуші, ал оқушы сол білім, білікті қабылдаушы және меңгеруші болып, мұғалім мен окушының бірлескен әрекеті ретінде қарастырылады
Оқыту әдісін таңдау келесщей бірнеше факторларды ескереді: мектептің қазірп заман талаптарына сай дамуы, оқу пәндері, оқу материалдарының мазмұны, оқушының жасы және даму деңгейі, сонымен қатар олардың оку материалдарын меңгеруге дайындық деңгейі. Оқыту әдісін таңдауға оқушының белгілі бір саланы меңгеруге деген дайындығы, есептерді шығара білу қабілетінің болуы әсер етеді.
Окушыларға жаңа білімді таныстыруда түсіндіру әдісі қолданылады. Математика әдістемесінде бұл әдісті — білімді баяндау, айтып беру әдісі деп қарастырады. Осы әдістермен катар ең кең көлемде таралған әдіс — әңгімелесу еді'(Л.Әңпмелесу барысында мұғалім оқушыға жауап беруде өзінде бар білімді қолданады деп есептеп сұрақтар қояды. Өзінде бар білімдеріне, бақылауларына, өткен тәжірибелерше сүйене отырып мұғалім оқушыларды біртшдеп білімін арттыруға алып барады Жаңа білімді бекітуде, білік пен дағдыны қалыптастыруда, жаңа білімді жетілдіруде көбінесе оқушылардың өз бетімен жүмысы әдісі қолданылады. Бұл әдісті жиі қолдана отырып, мұғалім окушыларға меңгерген теориялық білімдерін өз бетімен жұмыста және оларды ұқсас проблемаларда қолдана алатындай етіп оқушы әрекетін ұйымдастырады.
Дидактикада оқьггу әдістері білім көзіне қатысты жіктеледі және топтастырылады. Осы жіктемеге сәйкес ауызша әдіс (әңпмелеу, білімді баяндау, әңпмелесу, окулықпен жұмыс және т.б.), көрнекілік әдісі (затты, нәрсені немесе көріністі бақылау, демонстрациялау), тәжірибе әдісі (геометриялық фигураларды өлшеу, сызу, кұрастыру, жапсыру және т.б.) болып бөлінеді.
Окушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру тәсіліне қарай төмендепдей әдістерге бөлінеді:
— түсіндірмелі-көрнекілік әдіс бойынша мұғалім көрнекілік арқьшы жаңа білім үлгісін ұсынып, окушылардан сол білімнің, әрекетпң қайта жаңғыртылуын, тапсырмалардың үлгі бойынша сәйкес келуін талап етеді;
— ішінара-іздеу әдісінде окушы алға қойған міндеттерді шешу жолдарын іздеу барысына ішінара қатысады. Осыған байланысты мұғалім қойылған міндеттерді бірнеше бөліктерге бөліп, шешу жолдарын оқушыларға пшнара көрсетеді, ал окушылар ішінара өз бетімен мшдеттерді шешеді;
-зерттеу әдісі — бұл окушылар үшін проблема туғызатын жаңа міндеттерді шешуде олардың шығармашылық қызметш ұйымдастыру тәсілі.
Біз көбінесе мектептің оку үдерісінде жоғарыда көрсетілген әдістердің өзара байланысын, қиыстырылып қолданылуын байқаймыз.
Білім беру мәселелерін зерделеуде мұғалім қоятын мәселені баяндайды. Окушылар оларды шешуге тырысады, бірақ білімнің жеткіліксіздігі байқалады. Сонда мұғалім оларды шешу жолдарын көрсетеді.

.
.

Жаңа тақырыпты түсіндіру кезінде мұғалім оқушылардың оған дейінгі өздерінде бар біліміне сүйене отырып, жаңа білімді өткен тақьфыптың мазмұнымен байланыстыра білуі керек. Мұғалім өз тәжірибелеріне сүйене отырып осындай өзара байланыс орнату арқылы бұрынғы білімді қайта жаңғыртады. Осылайша мұғалім пәндік нұсқаулар, дидактикалық үлестірмелі материалдар, схемалар, таблицалар сияқты көрнекіліктерді кеңінен қолдана алады. Қосымша білім беретін мектептерде жаңа сабақты түсіндірудің жалғасы келесі сабақга болмау керек. Көбінесе мұғалім жаңа материалды логикалық жүйемен бірнеше бөлімдерге бөліп қарастырып? окушыларға дидактикалық материалдармен жұмыс жасату арқылы көрнекі кұралдарды пайдаланып түсіндіреді.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.