Қазақ әдебиеті мен өнеріндегі ұлттық идея

Главная » Рефераттар » Қазақ әдебиеті мен өнеріндегі ұлттық идея

Қазақ әдебиеті мен өнеріндегі ұлттық идея: тарих таразысы мен қоғамдық сана эволюциясы

XX ғасыр қазақ халқының тарихында ұлттық идеясын жаңа бағыт алып, өркендеуге негізі қаланғаны, зиялы қауым арасында аса көп пікірталас тудырғаны, ұлтжанды азаматтардың халықтың тағдырына ара түсуімен күресімен ерекшеленді. Ұлттық рухы асқақ; теңдік сұраған қазақ ұлт зиялыларының ұлттық идеясына қарсы «қызыл цензураның» кезінде таталитаризмнің идеологиялық күресі басталды. Оларды «ұлтшылдық» «жікшілдік» қала берді ескілікті көксеуші, «байшылдық» деп толып жатқан «шылдық» пен «шілдік»-тің сипатында негізсіз қаралау, жазалау басталды. Қазақтың басындағы ауыр ахуал, саяси жағдайлардың салдары елді моральды түрде қатты қажытты. Халық тәуелсіздік, теңдікті армандады. Жиырмасыншы ғасырдың басында елдің мұңды зары мен арман-аңсарын арқалаған бір топ қазақ зиялылары шықты. А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Шоқай, X.Досмұхамедов, Т.Рысқұлов сынды т.б. ұлт зиялылары қазақтың жаршысы болды. Мұстафа Шоқайдың: «Оқыған тәрбие көрген адамдардың бәрін зиялы деп атап, оны сол адам өзіне тән болған ұлттың «ұлттық зиялысына» қоса беруге болады деп ойласақ, сөзсіз қателесеміз. Біздіңше, белгілі бір мұрат-мақсаттардың соңында жүрген және сол белгілі мұрат-мақсаттары төңірегінде жиналған оқымыстыларды зиялы деп айтуға болады. Ұлттық зиялылардың қатарына тек өз халқының саяси, экономикалық және алеуметтік дамуына қалтқысыз қызмет ете алатын адамдар ғана кіре алады», — дегенін ескерсек, жиырмасыншы ғасырдың басында қалыптасқан ұлт зиялыларының басты идеясы — ұлт мүддесі, қазақ ұлтының теңдігі болды.

Н. Назарбаев: «Егер қазақ тарихы туралы «түнекті нұрландырған» деп келетін желбуаз қауесетті де немесе «өркениетті даланы» әспеттеген тәтті тамсанысты да былай қоя тұрып толғанатын болсақ, бір гәп қайран қалдырады. Былай қарағанда он сегізінші ғасырдағы жойқын демографиялық соққыдан соң, жиырмасыншы ғасырдағы ұжымдастырудан соң, отаршылдық езгісі мемлекеттікті күйреткен соң, ұлттың бетке ұстарларын тұрақты түрде жойып отырған соң, қазақ жұртының бір бөлігі дүбараланған соң, қазақтың біртуар әйгілі тұлғалалары қасірет шеккен соң, тоқетері — осының бәрінен соң ұлттық жұйе күйреп, психологиялық тығырыққа тірелуте тиіс еді. Алайда; нәтижесі басқаша болды. Қазақтар — ұлы өркениеттердің мұрагерлері тарихтың сан-сапалақ құз-қияларынан өзінің ұлттық «Мен» дегізерлік қасиеттерін алып шыға алды»гдеп жазған.

.
.

Ендігі елдік мұрат пен мүдде ретінде Елбасымыз өз еңбектерінде көп қолданған ұлттың «Мен» дегізерлік қасиеттері — ұлттық рух; ұлттық құндылықтар мен ерекшеліктерімізді; ұлтық сананы жаңғырту бірегей мемлекет құру идеясы тұр. «Қазақ ұлтына да өткені мен бүтінін саралап, жаңа ұлттықтарихи сана қалыптастыру проблемасы туды», — дейді ұлтжанды азаматтардың бірі сенатор А. Айталы. Ал әлем елдерінің тәжірибесіне көз салсақ; Үндістанда куш көрсетпеу, әлеуметтік келісімді сақтау сәтті жүзеге асырылды. Ондағы ұлтшылдық идеясы негізінде Үндістандағы барлық халық бір ұлт, біртұтас халық доктринасы өмір шындығына айналды.

Ал Қытайда «мемлекет пен ұлтық бірлік» ұстанымындагы тарихы тереқ, тамырлы идеологияның конфуцийлік дәстүрі әр қытайлықтың сүйегіне сіңген. Батыс елдерінде ұлтты азаматтық деп түсінуі аясында мазмұны — нағыз ұлттық, ал пошымы — азаматтық идеология ұзақ жылдар бойы қалыптасып, берік орнықты.

Ал Қазақстанда қазақ халқының бейбітсүйгіш; өзінің ұлан-ғайыр даласындай кең пейіл менталитетін еліміздегі саяси тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді орнықтыруы өзгелер қызығарлықтай қуатты идеологияның функциясын табиғи түрде атқарып тұр. Билік қоғамға мемлекеттік идеологияны жоғарыдан танудан аулақ, бұл демократиялық дамуымызға қайшы келеді. Идеологияның өзі мемлекеттің басты сүйенер діңгегіне емес; бүкіл қазақстандықтардың ортақ ісіне айналуы тиіс. ҚР Президенті Н. Назарбаев мемлекеттік идеологияның негізгі діңгегі ретінде бес мәселені айрықша атап көрсетіп жүр, Олар; достық; ұлттық идея мен мәдениет, діни төзімділік, халықты заңға бағынуға тәрбиелеу және экономика, Мемлекет саясатының түпкі мақсаты — ұлттық идея мен азаматтық идеяның үйлесімді бірлігінен жалпыұлттық идеологияның күш-қуаты арқылы ел халқының түрлі ұлт өкілдерінен құралған біртұтас азаматтық және саяси қауымдастыққа айналдыру. Саяси әдебиетте ұлттық идея мен азаматтық идея саяси мәні мен мазмұны жағынан бөле-жара қарастырылады. Ұлттық идея — мемлекеттік объекті болып табылатын саяси-этникалық қауымдастыққа тән болса,
азаматтьіқ идея — ұлттықты азаматтық деп танитын негізінде әр-түрі мүдделер мен қауымдастықтарды тұтастырушы ортақ құндылық ретінде мойындалады. Осы негізде мына мәселенің басын ашып алу керек секілді. Табиғаты екі бөлек қазақтың ұлттық идеясы мен қазақстандықтардың азаматтық идеясы қандай негізде бірігуі мүмкін, әлде біреуі басымдық алуы тиіс пе деген сауалын алға тартады. Енді осы сауалға өз ой-пікірлерін білдірген басылымдар мен баспа әдебкеттерінің ұлт әдебиетін сомдаудағы көркемдік шеберлік пен мазмұндық ерекшеліктеріне назар аударайық. Бұған кесімді жауап айту қиын, себебі бұл уақыттың бізге қойып отырған күрделі де қиын талабы деп түсінуіміз керек. Қазақтың ұлттық идеясы мен азаматтық идеясы өзара салыстырып, үйлесімді түрде синтездеу керек, екеуін теңдей алып жүргенде ғана ұлттық жалпы ұлттық идея қалыптасады. Ғалымдардың айтуынша, дамыған елдердің басым бөлігінде уақыт ағымына жауап беретін мемлекеттік идеологияны «ақыл-ой» орталықтары жасап, құрастырады да, соған сүйеніп билік оны іске асырады. Сол секілді бізде де идеологияны интеллектуалды элита жасап-жаратып, билеуші элита, яғни Үкімет оны жүзеге асыру тиіс. Осы орайда Р. Қыдыржановтың пікірінше, мынадай пікір қосуға болады. «Мемлекеттік идеологияны ұлтттық элита (ұлттық мүддеге қызмет ететін ұлттық рухтағы элита) жасап-жаратса, ұлттық сипатына басымдық берілген мемлекеттік идеологияны «ұлттық» ұқымын бойына сіңіру заңды».

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.