8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні

Home » Рефераттар » 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні
Рефераттар Комментариев нет

8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні

Бүгінгі «Әйелдер мерекесінің» негізі – 1857   жылы 8-наурыз күні Нью-Йорк фабрикаларының тігіншілері өткізген шерудің негізінде пайда болған дейді. Олар – он сағаттық жұмыс күнін және де еркектермен бірдей жалақы беруді талап еткен…

Бірақ шын мәнінде аталмыш шеруді ұйымдастырған тігіншілер емес, жеңіл жүрісті әйелдер болатын. Олар мынаны талап етті… өздеріне қарыз болып қалған теңізшілерге жалақыларын беруді.  Билік демонстрацияны тарқатып жібергенімен, артына  өшпес із тастап үлгерді.

Шерушілер осы күнді, яғни, 8-наурызды  «ӘЙЕЛДЕР КҮНІ» деп атай бастайды. Және бұл ұйымды құрушылар жаңаша құқық талап етуін жалғастырады. Нәтижесінде бұлардың дүмпуі Еуропаға жетеді. 1894 жылы Париж жезөкшелері демонстрация ұйымдастырып, өз құқықтарын қорғайтын кәсіподақ ұйымын құруды талап етеді. Демонстранттар полиция күшімен таратылады.

8nauryzОдан кейін 1910 жылы төңкерісшіл неміс қыздары Роза Люксембург пен Клара Цеткин 8-наурыз күнін  жезөкшелерді – полиция тарапынан қудалауды  тоқтатып,  басқа да мамандық иелерімен теңестірілген дербес кәсіподақ ұйымын құруды талап етіп,  тағы да шеру ұйымдастырады. Және бұлар дегендеріне жетеді.  Кеңес кезінде  – жоғарыдағы жезөкшелер демонстрациясы «еңбекші әйелдер» демонстрациясы деген атауға алмастырылады. 1910 жылы Клара Цеткин және Роза Люксембург Копенгагенде өткен  Екінші Халықаралық Социалист Әйелдер Конференциясына барып,  дүниежүзі әйелдерінің құқықтарына қоғамның көңілін аудару үшін нақты бір күнді белгілеу туралы ұсыныс жасайды. Және 8-наурыз күнін ұсынады. (К.Цеткиннің туған күні де 8-наурыз).

Содан 1917 жылы Австрия, Венгрия, Германия, Нидерланд, АҚШ, Швейцария және де т.б елдердің әйелдері, ескіше 23-ақпанда (жаңаша 8-наурыз) Петербург большевиктер комитетінің шақыруымен Петерборға келіп, Әйелдер күніне орай саяси митингтер мен демонстрациялар өткізіп, орыс қыздарын желіктіріп кетеді. Сөйтіп коммунистер тарапынан қолдау тапқан Әйелдер мерекесінің  Совет елінде қалыптасуына Леонид Ильич Брежнев көп үлес қосқан. Осы кісінің тапсырмасымен 1966 жылы 8-наурыздан бастап, бұл күн КСРО көлемінде мереке ретінде  бекітілді.

Бірақ  капиталисті елдер 8-наурызды мереке деп мойындаған жоқ. Әлі де солай. Бірақ көп елдерде, атап айтқанда: Америкада – «Аналар күні», Францияда  – «Әжелер күні», Жапонияда – «Қыздар күні» деген бар.

Тағы бір айта кететін жағдай 8-наурыз күнін еврейлер басқа бір мақсаттағы мереке ретінде бөлекше атап өтеді. Оның тарихы –  еврей сұлуы Есфирь мен парсы патшасы Ксеркстен бастау алады. Есфирь ханым өзінің Ксеркске әсер еткен әдемілігінің арқасында, өз халқы еврейлерді жойылып кетуден құтқарып қалған-мыс.  Алғаш рет 8-наурызды мереке ретінде тойлауды ұсынған Клара Цеткин де еврей ұлтынан. Сол себепті ол,  8-наурызды мереке ретінде ұсыну арқылы еврейлердің мерекесін әлемдік дәрежеге көтеруді де ойластырған дейді зерттеушілер.

Осының бәрін қорыта келе не айтуға болады? Ең бастысы бұл мереке   жаман әйелдердің құқын қорғаудан бастау алып, соңында жойттардың жойылып кетпеуін  құттықтайтын «керемет мерекеге» айналған.  Өкінішке орай, Әйелдер мерекесінің тарихын көбіміз біле бермейміз. Адамдар өздерінің білімсіздігінің нәтежиесінде еліктеушілікке бой алдыруда.  Ептеп айтсаңыз: «тек мен емес, бәрі де солай жасайды» деп, ақталады. Көпшіліктен яғни қоғамнан бөлектеніп қалудан қорқады.  Нәтижесінде  «жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адас» деген мақалдар күшіне енуде. Осындайда Л.Н.Толстойдың: «Үлкен апаттарға апаратын қарапайым жол «бәрі де солай жасайды ғой» деген сөз» дегені ойға оралады. Пайғамбарымыздың с.ғ.с. сахабасы  Умар ибн әл-Хаттаб р.ғ айтқандай: «Біз Ислам арқылы дәрежемізді жоғарылатқан халықпыз. Ал, егер де,  басқа дүниеден дәреже іздейтін болсақ, онда Алла біздің дәрежемізді түсіреді».

Құрметті ақ жаулықты әжелер, ардақты аналар, қаракөз қарындастар! Сіздерді жыл мезгілінің ең көрікті де қуанышты мезгілі көктемнің алғашқы мерекесі – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! 

Осынау жарқын мерекенің біздің барлық үміттеріміз бен армандарымызды тығыз байланыстыратын көктемнің алғашқы айының басында келуі, жақсылықтың нышаны болса керек. Қашаннан бергі дәстүріміз бойынша біз бұл күні Сіздерге – аналарымыз бен апа-қарындастарымызға, қыздарымызға ең ыстық құттықтауларымыз бен ең ізгі тілектерімізді жолдаймыз.

Әлемде нәрестеге өмір сыйлап, оны алғашқы қадам басуға үйрететін қасиеттеріңізге тең келер адам жоқ. Сіздердің төзімділіктеріңіз бен махаббаттарыңызға алғысым шексіз!

Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан біздің елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша маңыз беріледі.

Алаштың ұлтжанды азаматтары, ұлттың да, ұрпақтың да бесігін түзейтін, тілімізді де, діңімізді де, ділімізді де ана сүтімен санаға сіңіретін, қазақты тәрбиелейтін қыздарымыз. «Бәрі де адамның өз қолында, ал адам әйелдің алақанында» деген сөз әлемді билейтін де, тербейтін де әйел екенін білдіреді.

Тәуелсіз еліміздің бүгінгі күнге нығайып, әлем таныған абыроймен жетулеріне асыл аналарымыз, ардақты жеңешелеріміз бен апа-әпке, сіңлілеріміздің өлшеусіз үлес қосқандығы ақиқат. Отбасының күнбе-күнгі шаруасын, бала тәрбиесін және қоғамдық жұмыстарды қоса атқара жүріп әйел заты біздің қоғамдағы тұрақтылық пен ел бірлігін сақтау мәселесінде шешуші рөл атқарып келеді.

Ерекше төзімді кәдімгі қазақтың Ұлт аналарына деген құрметімді білдіріп, қолымды жүрегімнің тұсына қойып, иіліп тәжім етемін.

Сіздерге сәттілік пен шаттық көңіл серік болсын. Ер азаматтардың сыйластығы мен құрметіне бөлене беріңіздер.

Көктемгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, әрдайым әдемі, жылы жүректі аналық абыройлы атақтарыңыз биіктей берсін. Зор денсаулық, мәңгі жастық пен сұлулық тілеймін!

Отбасыларыңыз бен өздеріңізге амандық, дендеріңізге саулық, ұзақ әрі шаттыққа толы ғұмыр, шаңырақтарыңызға құт-береке тілеймін. Өңір халқының әл-ауқатын жақсарту жолында атқарып жатқан еңбектеріңізде табыстарға жетіп, үлкен биiктерден көрiнулерiңiзге шын жүректен тілектеспін.

«Күннің шуағы – жылы,

Ананың құшағы – жылы», – дегендей, дүниеде ананың балаға және барша азамзатқа деген мейірімі мен махаббатынан асқан құдірет жоқ. Ананың аялы алақаны мен жылы құшағын сезініп өскен сәбидің арманы не?! Сіздерге биылғы жылы да қуанышы мен қызығын ала келген төл мерекелеріңізді шадыман көңіл күймен қарсы алып, құшақтарыңыз гүлге толсын деген ақжарылған тілегімді білдіремін.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.