Ағаштан жасалатын бұйымдар

Главная » Рефераттар » Ағаштан жасалатын бұйымдар

Шебер ең алдымен ағашты таңдау, дайындау, сақтау сияқты шараларды дұрыс меңгеру қажет. Су ағашты бабымен кептіру үлкен жауапкершілікті талап етеді. Ол үшін ағаштың қабығын аршып, егер ағаш диаметрі 10-15 см жуан болса, онда құрғақ лапастың астына ағаштың жуан жағын жоғары қаратып, тігінен тұрғызып қойып кептіреді. Көлденең кесіндісіне сыр жағып, кесілгенжерінен бір-екі елідей шегіне сым темірімен буып, бұрап қойған дұрыс.

Ағашты өңдеп, одан əртүрлі бұйым жасайтын адамдардың ағаш ұстасы, ағаш шебері, ағаш оюшы, кəсібінің ыңғайы т.б. қарай, балташы, үйші, ерші, музыка аспабын жасаушы т.б. атай береді. Шебердің жұмыс істейтін орнын шеберхана деп атайды. Шеберхана əрі кең, əрі жарық жеткілікті түсетін бөлмеге орналасқаны жөн. Жарық күні бойы біркелкі түсу үшін шеберхананың терезелері солтүстік жақта болғаны дұрыс. Шеберханада ылғалды температуралық режим тұрақты болуы шарт.

Құрал-саймандар. Кез-келген жұмысты бастар алдында құрал-сайманды сайлап алған жөн. Қажет құрал-жабдық болмаса құр қолымен ешқандай жұмыс атқаруға болмайды. Ертеректе бір əдемі бұйымды көріп біреу: «Мынаны əлгі атақты найман ұста жасаған екен ғой», — депті. Сонда екінші біреу тұрып: «Бұйымды найман жасамайды, сайман жасайды», — деген екен. Сондықтан ағаш шебері алдын-ала құрал-саймандар əзірлеп алу керек. Сол жабдықтар арқылы ағаш ұсталарының атқаратын негізгі жұмыстары мыналар: кесу, шабу, қиын, жөну, ою, керту, оймыштау, қырнау, қыру, тесу, сүргілеу, тілу, қару, баяу, жылтырату, сырлау, шегелеу, желімдеу т.б.

Ағаш өңдеу. Ағаш – адам баласы жер бетінде пайда болған кезде ең алғаш тұтылған материалдың бірі болып саналады. Қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап өскен заманында біздің күнделікті өмірімізде ағаштың алатын орны зор, маңызды материал. Ежелгі Римның тарихшысы əрі жазушысы Танит: «Байырғы германдықтардың емен мен қарағай киелі ағаш, оларда бүкіл тіршілікиелерінің жаны мекендейді», — деп сенгендігін жазады. Сол сияқты қазақта да ағашты бей-берекет кесуге тиым салатын көптеген ғалымдар бар. Тере берсек, ағашты киелі санайтын осы тектес ырым бар. Осыдан барып ерте кезден-ақ адамзат санасында экологиялық тепе-теңдікті сақтауға ұмтылушылық табиғатты аялау, қорғау сияқты ізгі ниеті болғандығын байқаймыз.

Мінекей, халқымыздың ағаштың əртүрлі қасиеттерін жоғары бағалап, одан тұрмыста тұтынатын əртүрлі бұйымдар жасап: «Əкеден мал қалғанша тал қалсын», «Бабын тап та бақ өсір» деген нақыл сөздерді бекер айтпаған. Ағаш шеберлері ағаштың ерекшеліктерін əр ағашқа тəн қасиеттерін жақсы білу шарт. Олар ағаштың: қаттылығы, салмағы, тығыздығы, иілгіштігі, серпінділігі, түсі, дəмі, тұтқырлығы, жарылғыштығы, шайырлығы, дыбыс өткізгіштігі т.б.

Музыка аспаптары дыбыс өткізгіштік қасиеті жоғары ағаштардан жасайды. Ондай ағаштарды шеберлер тілімен «Шешен ағаштар» деп атайды. Ағаштардың ішіндегі ең шешені, сөйлегіші, қарағай деп санайды шеберлер. Қарағайдан домбыраны тұтас шауып та жасайды немесе басқа ағаштан шабылған домбыраның қақпағын міндетті түрде қарағайдан салады.

Бесік. Бесік – нəрестені бөлеуге арналған ағаш төсек. Бесікті Орталық Азия мен Кавказ, Үндістан, Қытай жерін мекендейтін халықтардың басым көпшілігі пайдаланады. Тек əр түрлі үлгіде жасалады. Бесік көшпелі өмір кешкен қазақ халқы арасына ертеден тараған. Қазақ бесікті қарағай, қайыңнан, көбіне талдан иіп жасайды. Мұндай бесік жеңіл, ықшам əрі берік, көшіп-қонуға ыңғайлы болады. Бесік баланың тазалығына өте қолайлы, өйткені арнайы орнатылатын түбек пен шүмек бала дəретін жайылдырмайды. Түбектің түбіне күл салып, жиі-жиі ауыстырып отырады.

Шүмекті қойдың асық жілігінен жасайды, кейде айрықша аппақ болуы үшін сүтке қайнатып алады. Бесіктегі баланың аяғы, кеудесі қатты байланатындықтан, оның қан айналу жүйесіне керісінше əсер етеді. Сондықтан баланы бесіктен жиі босатып, қол-аяғын қозғап, арнайы жаттығулар жасайды. Бесікпен қоса құс төсек, жастық, жөргек, қолбау, тізебау, тізе жастық, бесік көрпе даярланады. Бесіктің жер бесік, аспалы бесік (əлпеншек) деген екі түрі кездеседі. Қазақта бесік қасиетті, киелі құтты мүлік болып есептеледі.

Сандық. Сандық – киіз үйдің ағаш жиһаздарының бірі. Оған киім-кешек, асыл бұйымдар салынады. Қазақ шеберлері сандықты кайың, қаратал ағашының сүрегінен жасаған. Сыртынан көркем етіп темір, мыс жапсырмамен, қатырма ою-өрнектермен безендіріледі. Сандықтардың тұрмыста қолданылуына қарай көлемі де əртүрлі. Кіші сандықтар 30-60 см болса, үлкендері 60-120 см-ге дейін жетеді. Сандықтар кілттенеді, не сыртынан құлып салынатын етіп жасалады.

Домбыра. Домбыра – қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол – қазақтар өмірінде маңызды орын алатын,өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дəстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра, кейін аспаптық шығарма – күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке əнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады.

XIX ғасырда қазақ халқының тұрмысында анағұрлым кең тараған музыкалық аспап екі ішекті домбыра болатын. Егер бұрынғы заманда көне аспаптар əн, жыр, ертегі-аңыздарды сүйемелдеу үшін ғана қолданылған болса, енді домбыра жеке шығарма орындауға арналып, күрделі аспаптардың қатарына қосылды.

Қобыз. Қобыз екі шекті 40-қа тарта аттың ұзын қылы керілген ысқышы бар аспап. Қылқобыз аталуы да осыдан болар. Қобыз үнінің төмендеп, қайта жоғарылап, дыбыс шығаруы – шектеріне саусақтың ұшын ғана тигізіп, сəл ғана басып шертіп, керілген қылды ысқышпен үйкеп, ысқылап тарту арқылы ысқышты аспапқа «іліп қойғандай» етіп, көлденең ұстап, ысқылап, сүйкеп-сүйкеп, көсеп-көсеп жібергенде флажолетті обертонды қою-қошқыл сазды мұңлы болып шығады. Қобыздың саз аспабы ретінде тағдыры тайғақ, жолы тар, қиын-қыстауболды.

«Бұл аспап қазақ халқының тарихи-этникалық мəдениетінің көне көзі, рухани қазына мүлкі, эпостық жəне аспаптық музыкалық өнерін күні бүгінге дейін сақтап жеткізуші ұлттық мұра бола тұра, ол өзіне деген кертартпа ескілікті көзқарастан арылмай, ақталмай-ақ қойды. Сондай бір түсінбеушіліктің кесірінен қобыз жаңа заман көшіне ілесе алмай, ескіліктің қалдығы саналып, жоғалып, жойылып кетудің алдында қалды», — дейді А. Затаевич. Осының салдарынан ХХ ғасыр басында қобыз аспабына арналып шығармалар жазылмай, сиреп, ұмытыла бастады. «Əкеден балаға мұра» болып келе жатқан қасиетті өнеріміз, ұлттық салт-санамыз, отбасылық қобызшылық дəстүріміз үзіліп қалды.

Классикалық қобыз музыкасының аты аңызға айналған ең соңғы хас шебері ХІХ ғасыр ортасында дүниеге келген Ықылас Дүкенұлы. Дегенмен жоғалып жойылыпқұрыпкетуге жақынқалғанқобызойнау өнерін өмірге қайта оралтып, «шаң басқан уақыт» пернесін ашуға жасалған шаралар мен ізденістер, талпыныстар болмай қалмады. Осындай істің басында бірегей ірі қобызшылар, зор тұлғалы музыканттар Жаппас Қаламбаев (1909-1970) пен Дəулет Мықтыбаев (1904-1976) тұрды. Шын мəнінде осы екеуінің арқасында музыкалық қобыз аспабының барлық құпиясы мен қасиетінің қыры мен сыры сақталып, өткеніміздің баға жетпес асыл мұрасын шашау шығармай, жоғалтпай, бізге жеткізіп, жаздырып, қалдырып кеткеніне шүкір дейміз. Қобызда ойнап, ең алғаш рет концерттік эстрадаға шыққан, 1968 жылы Алматы консерваториясында ашылған қылқобыз класына бірінші сабақ берген де осы екі тарлан.

Ожау. Ожау – қымыз, айран, сүт, сусын құюға қолданылатын ыдыс. Шұңғыл бөліктен жəне қолға ұстауға ыңғайлы саптан тұрады. Ожау ағаштан, металдан жасалады. Ағаштан жасалған түрлері б.з.б. 2 ғасырымыздан бастап қолданыла бастаған. Археологиялық деректерге қарағанда, ожаудың ағаштан жасалған түрлерін Орталық Азия халықтары ерте темір дəуірінде-ақ қолдана бастаған. Металл ожау ХVІ-ХІХ ғасырларда кең тарады. Дəстүрлі қазақ қоғамында дастарқанның шырайын келтіретін мүлік ретінде ерекше бағаланған. Оны қазақ шеберлері əр түрлі ағаштардан (тораңғы, емен т.б.) ойып дайындаған. Кейде сабы ою-өрнектермен безендірілген. Ауқатты қазақтар сəндік бұйым есебінде ожауды алтынмен, күміспен қаптатып, кейде сабына асыл тас орнаттырған.

Күбі. Eменнен жасалған ауыз жағы тарлау, түп жағы кеңдеу қымыз ыдысы, көбінесе отырықшылық жағдайға бейімделген. 60-70, кейде 100 лқымыз сыяды. Күбі апта сайын жуылып, кептіріліп, сүр еттің майымен, қойдың құйрығымен майланып, тобылғы, жүзген, құлмұрын ағаштары, қоғажай шөбі түбінің түтінімен ысталып отырады. Iркіт пісетін, көже ашытатын ағаштан жасалған ыдыс.

Келі мен келсап. Келі мен келсап – тары, бидай, т.б. дəнді дақылдарды түйетін, ұнтақтайтын қатты ағаштан жасалған құрал. Келінің биіктігі 50-60 см жуан бөрене ағаштың ортасын 30-35 см тереңдікте ойып жасайды. Ағаш келінің екі түрі болады: тақта келі, шұңғыл келі. Шұңғыл келі тарыны қаралау, ақтауға пайдаланылса,тақтакеліжармалап,ұнтақтауғақолданылады.Тақтакелінің түбі тегістеу келеді де, келсап дəл тиіп, дəнді майдалауға, ұнтақтауға қолайлы болады. Сондай-ақ, тары, бидай, жүгері талқандауға пайдаланады.

Келінің түйгіш ағашы болады, оны келсап деп атайды. Келсаптың келіні түйгіштейтін басы салмақты етіп жасалып, қолға ұстайтын жерінен қолайлы қос тұтқа шығарылады. Келсап ұзындығы 1,2-1,3 метр жуан ағаш. Халық тұрмысында келінің жер келі (келі орнына уақытша пайдаланылатын шұңқыр), тас келі (келісін тастан, келсабын ағаштан жасаған келі), ағаш келі (жуан ағаштан ойылып жасалады) сияқты түрлері кездеседі. Қазақ ұсталары келіні тұтас ағаш кесіндісінен ішін үңгіп жасайды. Келі мен келсап жасау үшін, көбінесе, ағаштың қатты түрлерін – қарағашты, қайыңды қолданады.

Келі мен келсаптың Қазақстанның барлық өңірлерінде біркелкі етіп жасалғанын аңғаруға болады. Тек Ертіс бойындағы келі мен келсаптың келісі биіктеу келеді. Сол сияқты Қазақстанның оңтүстік өңірінде құрама келілер жиі кездеседі. Бұл өңірде тұтас ағаш көп кездеспейтіндіктен, екі не үш ағаш кесіндісін қиюластырып, түйе терісімен тартып, қаптап тастайды. Келінің темірден жасалған түрін темір келі дейді. Келіні шеберлер мықты, əрі жарылмай, көп жылға шыдауы үшін, қызған тандыр ішінде ыстық қозға қақтап алып, оның іші-сыртына қойдың құйрық майын, не түйе қомының майын сіңіреді. Келі жарылып кетпес үшін, əдетте, оның иіні мен тағанын түйенің иленбеген шикі терісімен қаптайды. Шикі тері кепкен кезде тартылады да, келіні қатты қысып қалады. Келінің сыртын қайыспен ысып, жалтыратып қояды.

Қорытынды. Қазақ халқының ағаш өнері ғасырлар бойы дамып келе жатқан халық мəдениетінің айнасы. Ол талай кезеңнен өтіп, түрленіп, жаңарып, атадан балаға мұра ретінде келеді. Зерттеу жұмысымды қорытындылай келе көптеген басылымдар мен əдебиеттер арқылы біраз деректерге көз жеткіздім. Қазақ халқының ағаш өнері шеберлігімен 1992 жылдан бері айналысып келе жатқан ауданымыздың тұрғыны Д. Дүйсенбковпен кездесіп, оның ағаштан жасаған бұйымдарының жасалужолдары жайлы таныстым. Ағаштан əртүрлі тұрмыста қолданылатын үй тұрмысында пайдаланатын сандық, келі, келсап, бесік, музыка аспаптары домбыра, қыл қобыз т.б. ағаштан жасалған бұйымдар жасаған.

Елбасымыз айтқандай: «Мəдени мұра» ұлттың рухани болмысы – оның мəдениеті өнері тарихында ғасырлар бойы жинақталған мұралары болса, осының бəрінің басын қосып, қорғап, сақтап, ғылыми жағынан талдап, насихаттайтын, келешек ұрпаққа аманат ететін – бұл мектеп. Ұлттық құндылығымызды жойылып кетпей, сақтап қалсақ, ата-баба дəстүрін қадірлей білейік дегім келеді.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.