А.И.Буров: Өнердің эстетикалық мәні

Главная » Рефераттар » А.И.Буров: Өнердің эстетикалық мәні

Біздің ойымызша, қоғамдық сананың ерекше сапалық өзіндік бір түрі ретіндегі өнер қоғамдық сананың пайда болуымен бірге бірден қалыптаса қойған жоқ; өйткені алғашында ол адам санасының қоршаған ортаны нақтылы – сезімдік формада бейнелеу қабілеті бола алмады; өнер адамның осындай қабілеті негізінде пайда болып, қоғамдық сананың бір түрі ретінде дами түсті. Бір кездерде ғылым, дін, өнер бір-бірімен ажырата алмастай бірлікте өмір сүрген сияқты. Бұл оның әлі дами қоймағандығын, қоғамдық сананың ерте кезінде диффузиялық формада болған деуге негіз болса керек. Мысалы, палеолит дәуірінде жартасқа салынған жануарлардың бейнелері секілді алғашқы қауымдық қоғамның рухани мәдениетінің ескерткіштері тұрпайы түрдегі ғылымның, діннің, өнердің ерте кездегі бастаулары болып табылады.

Өмірдің образды түрде бейнеленуі /шынайы құбылыстар мен процестерді нақтылы-сезімдік, индивидуалдық түрде қайта жаңғырту/ өнерге ғана тән екендігіне қарамастан қоғамдық сананың басқа да түрлерінен айыруға көмектесетін негізді өзіндік белгісі бола алмайды; ол — өнердің формальды бастауы ғана.

Өнердің көркемдік таным процесінде, көркемдік ойлаудың өзіне ғана тән категорияларында /бейнелілік, эмоциональдық, көркемдік қиял/ танымның спецификалық предметіне қатыссыз қарастыруға болмайды. Өнердің ерекше мәнділігі, сондай-ақ эмоция мен қиялдың ерекше жиілігі оның объективті мазмұнының өзгешелігімен ғана түсіндіріле алады.

Мұндай жағдайда қарастырылмаған көркемдік таным процесінің ерекшеліктері ойлаудың формальды ауқымында, ең соңында суреткер психикасының ерекшеліктері тұрғысында ғана ұғынылады да мұның өзі өнерді суреткерлік ұлылықтың туындысы ретінде қарастыратын идеалистік бағытқа апарып соқтырады.

Көркемдік мазмұнның өзіндік ерекшеліктері мен бейнелеу формаларындағы өнердің барлық өзгешеліктерін жоққа шығарсақ, өнерде тек форма ғана эстетикалық мәнге ие де мазмұн эстетикадан тыс категория болып шығады. Мазмұнның эстетикаға қатыссыздығы туралы пікір Канттың эстетикалық мәнінен бастау алып, не формализмге, не өнер дінді, философия мен өнерді формаға түсіріп, көпке танытады дейтін тұрпайы түсіндірмелерді негіздеуге апарып соқтырады.

Өнерге бұлайша көзқарас қоғамдық сананың бір түрі ретіндегі өнердің өзіндік дербестігін жоққа шығарады: оны сананың басқа да түрлерімен араластырып, мазмұнын тұрпайландырып жібереді.

Өмірдегі көркем объектінің өзіндік ерекшеліктерін жоққа шығару таным ретіндегі өнерді іс-жүзінде мойындамауға әкеледі; өнердің танымдық сипаты сөз жүзінде ғана айтылып, негізінен терістеледі.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.