Ақмола және Алаш қозғалысы

Главная » Рефераттар » Ақмола және Алаш қозғалысы

XX ғасырдың өн бойында Ақмола қаласында Алаш қайраткерлері талай өткелектерді бастан кешірді. Қазак елінің және отаршыл метрополияның коғамдық-саяси жағдайы алаштың Есіл өзені бойына салынған бұл шаһарын айналып өтпеді. Алаш қайраткері Әлихан Бөкейханның «Исторические судьбы Киргизского края и культурные его успехи» атты зерттеуін-де Ақмола облысындағы мұжық яки қарашекпен селоларының саны 1896-1900 жылдар аралығында 132-ден 200-ге дейін өскенін жазады. Бұл санның арғы жағында қандай саясат, қандай қасірет тұрғанын шамалай беруге болады. Осы орайда белгілі тарихшы, қайраткер Санжар Аспандиярұлы да жоғарыдағы цифрді қуаттай отырып, мынандай тұжырымдама айтады: «Есілге деген ынтығушылық арта түсті. 1891 жылы Еділ бойындағы аштық, соыан кейін Сібір темір жолының соғылуы Батыс Сібір мен Қазақстанның солтүстік өңіріне арашекпендердің көшіп келуін асқындырып жіберді. Олар Қостанай, Петропавл, Ақмола, Омбы, Атбасар уездерін ғана емес, Семей облысын да жайлап алды». Әрине, бұл жерде мэселе жалпы отарлану турасында, ал қала-бекініс — сол отарлаудың үлкен құралы болатын. Бүгінгі Ақмола — жалпы ұлт тарихының бір бөлшегі. Тарихи Ақмола ен Астана атауын алған қаланың арасын көп уақыт бөліп жатқан жоқ. Сондықтан бұл шаһардың елеулі тарихи жылнамасын айтқанда, оны өңір тарихынан бөлек қарау мүмкін емес. Осы тұрғыдан байыптағанда, Алаш қозғалысы дәуірлегенде Ақмола облысының орталығы — Омбы болғаны айдан анық. Ал, қазіргі Ақмола — уезд орталығы әрі бекініс негізіндегі шағын қалатын. Олай болса Омбыда кіндігі кесілген Алаш . зшшылығына байланысты шаралардың бэрі де Ақмола қаласына ортақ. XX ғасыр басында қазақ зиялылары негізінен үш қалаға топтасты. Олар: Омбы, Орынбор, Ташкент. Орынбор — қазіргі Қостанай-Торғай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан қазақтарын ұйытқан қала болса, Дала генерал-губернаторлығы ретінде Омбыға бүгінгі Семей, Қарағанды, Ақмола, Петропавл, Павлодар қазақтары қарады. Оңтүстік пен Батыстың біраз бөлігі Ташкент қолтығына кірді. Бұл — жалпылай айтқандағы бөлу ғана. Солай болғанның өзінде бұдан Ақмола кірген өңірдің елеулі тұстарын шамалауға мүмкіндік аламыз. Сондай-ақ Алаш көсемі Әлиханнан бастап Әлімхан, Жақып, Халел, Биахмет, Шаймерден, Айдархан, Хайретдин, Қази, Жүсіпбек, Мағжан, Мұхтар, Қошке, Асылбек, Мүратбек, Жүмағали, Смағұл, Жәнібек, Бірмүхамед, Абдолла т.б. қайраткерлер осы өңірден шықты. Бұған Торғайдан оқу, тәжірибе іздеп барған Міржақыпты, Зайсан-Қапал-Омбы арасын жол қылған Отыншыны қосыңыз. Ақмоланың Алаштық кезеңіне байланысты мынандай да қызық деректер бар: Ә. Бөкейхан өз кітапханасының бір бөлігін Ақмола облыстық халық ағарту бөліміне сыйға тартқан. Сол кітапхананың бір бөлшегі сол кездегі Ақмола мүғалімдеріне жетпеді дей аламыз ба?! Немесе осы қалада 1917-1926 жьшдары Алаш қаламгерлерінің пьесалары сахналанған. Мұның ішінде Міржақыптың да, Қошкенің де шығармалары бар. Сонымен бірге 1921-1922 жылдар шамасында Ақмоланың театрында шығармашылық еркіндік пен пролетарлық мәдениет туралы диспуттар өткен. Осыған Алаш тұлғалары мұрындық, болуы әбден мүмкін. Тағы бір тағылымды факт: Ақмоланың тумасы, белгілі Алаш қайраткері Хайретдин Болғанбай 1917 жылы сонау Қоқанда Түркістан автономиясын құруға атсалысқан. Кез-келген елді алға ілгерілететін — ұлттық идея. Тіпті бүгінгі әлем ұлт пен мемлекет ұғымдары арасына теңдік белгісін қойып отырғаны жасырын емес. Кеңестік түсінікте ұлттық идея әсіре ұлтшылдықпен теңестірілді. Бұл қай тұрғыдан қарасақ та ақылға сыйымсыз еді. Расында, қасаң да бұрқасынды жылдары ұлттық идея дегеніміз — мемлекеттік, елдік мүдде идеясы деген мағына беретіні ұмытылды. Алаш идеясы — қазақтың ұлттық идеясы болатын. Зиялылардың Алаш атауын таңдауы да жайдан-жай еместін. «Керегеміз — ағаш,: ұранымыз — Алаш». Кереге — мемлекет құрылысы, Алаш — идеология. Алаш — жаңа түрдегі елдігіміздің, байырғы айбарымыздың рәмізі еді. Осыған қарағанда, Алаш ұғымында рухтық, асқақтық, өрлік мағына бар. XX ғасырда қазақтың азаматтық тарихындағы ең ұлы идея қайсы десе, Алаш идеясы деп жауап берер едік. Бүгінгі тәуелсіздігіміздің іргетасы — осы идея. Алаш идеясындағы қайраткерлердің жемісті еңбек жылдары—ақыл һэм жүрек айбатымен күрескен кезеңі 1907 жылдан 1937 жылға дейінгі 30 жылдай уақытты қамтиды. Тағдыр мен тарих оларға осындай мерзімді ғана қиыпты. Одан кейінгі жайы белгілі: айдалды, атылды, ресми тарихтан, ел жадынан аты өшірілді. Қазір жұрт парламентаризм деген ұғымды жақсы біледі. 1907 жылы Ресей патшасы «әлхамдулла, алты миллионға» (А. Байтұрсынұлы сөзі) жеткен қазақ секілді ұлттарды сайлау және сайлану хұқынан айырды. Зиялылардың табанды күресі осы шақтан басталды. Петербор, Омбы, Ташкент, Семей тэрізді шаһарлар XX ғасыр басындағы монархиялық билікке бас көтерген алаштық күрестің шыңдалу мектебі болды. Ұлт лидерлері (серкелері) шықты: Әлихан Бөкейхан, Мүстафа Шоқай, Барлыбек Сырттан, Ахмет Байтұрсынұлы, Халел Досмүхамедұлы, Жаһанша Досмүхамедүлы, Міржақып Дулатұлы, Халел Ғаббасұлы, Мұхамеджан Тынышбайұлы. Алаш зиялыларының алдыңғы толқыны болып есептелетін осынау түлғалардың әрбірі, бүгінгі тілмен айтсақ, мемлекет басқаруға қабілетті Президенттей еді. Сөйте түра «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» дегендей, бүлардың көшбасшысы Әлихан Бөкейхан болатын. Әлиханнан қалған мьшадай тағылымды сөз бар: Түген деген хан, пәлен деген би, батыр өткен, ерлігі, еңбегі көп деп мақтанамыз. Олар сондай болса, қазақ неге сорлы? Біздің кемшілігіміз — әркім тарих арқалатқан жүкті белгілі жерге апармай, соңындағыларға тастап кететіндігі. Ә. Бөкейхандар, міне, өзі айтқан «жүкті» қияға қарай көтеріп шықты. Өзінен кейінгі бір буынды тәрбиелеп өсірді. Бұл буынның қатарында М. Жұмабайұлы, С. Садуақасұлы, Қ. Кемеңгерүлы, Ж. Аймауытұлы, Б. Күлейұлы, М. Әуезов, т.б. бар еді. 1907-1919 жылдар аралығында артынан ерген елді ояту үшін Алаш зиялылары газет-журнал шығарып, кітаптар жариялады. Таза саяси күресте жүргендер Ресейдегі түрлі партияларға кіріп, сол арқылы халқына бостандық әпергісі келді. Бұл ізденіс дәуірі еді. Ресейлік шындықта қазақ мемлекетін қалпына келтірудің жолы іздестірілді. Бұл ретте Қапқаз, фин, Еділ бойы зиялыларымен кеңескен кездер аз болмады. Бәрі де алғашқы этап — федеративтік жол (құрдас мемлекеттер бірлігі) деп, ымыраға келді. 1917 жылы 25 қазанда (ескіше) Ресей боданындағы сансыз ұлттардың тағдырын пійішкен Петроградта төңкеріс болды. Сол жылы ақпанда II Николай тақтан құлап, шарасыз биліктен кеткенде (орыстар оны «отрекся от престола» дейді), бұл империяның зиялылары жаңа мемлекетті қалай аяқтан тұрғызамыз деп ізденгені мәлім. Елді тұралатып жатқан I дүниежүзілік соғыс, Қос үкімет пен Уақытша үкіметтің қалт-құлт қадамдары Ресейді қазан төңкерісіне алып келді. Сол кез сарапшыларының ешқайсысы болжап білмеген большевизм дәуірі осылай басталды. «Қазақ», т.б. ұлт газеттері сол жылы қыркүйек-қазан айларындағы сандарында «большевизм құбылысына» елеусіздеу қараса, енді ол «жер астынан шыққан жікке» ұқсады. Қ. Кемеңгерұлы Алаштың тынысы — «Жас азамат» газетінде 1918 жылы шілдеде жариялаған бір мақаласының атын Ресей ахуалын меңзеп, «Бүлінгеннен бүлдіргі алма» деп қойды. Мұнда қаламгер: «Бостандық туғаннан кейін қиялилары шитінің оғындай бытырлап, түрлі саяси жолға түсіп, ауа жайылып еді, біздің қазақ оқығандарынан есер де, ездік те, халықшыл да, республикан да, тағы басқалары да шықты. Партияның азғыны — большевик партиясына кіргендер де болды. Орыс не күйге түссе, қазақ та соған түседі. Егер де орыстан үлгі алуды біздің қазақ оқығандары тоқтатпаса, өткен жылғы орыс киген таз кепті біздің қазақ та киеді. Бұқарашыл орыс қиялиларының жеке-дара ұстаған жалпы бақыт-махаббатына көтермеші болмай, таза Жапонияның жолымен жүріп, бірлік-берекеден айырылмай, ұлтшылдықты сақтау керек», — дейді, жиһан соғысы тұсындағы аумалы-төкпелі жағдайға қазақ зиялылары ел шындығына сәйкес қарады. Олар басында қауқарсыз қазақты майданға барғызбауга күш-жігер жұмсады. Ал, 1916 жылы маусымда төтеннен жарлық шыққанда, қазақтың қара жұмысқа емес, соғыс шебіне баруын қолдады. Мұндағы ойы, өздері айтқандай, «жігіттер жаңа замандағы соғыс тәсілін үйренсін, ертең Алашты қорғайды» дегенге саятын. 1916 жыл оқиғасы (кейбір ғалымдар мұны көтеріліс дейді) — қазақтың келешек қазан төңкерісіне қосқан үлесі емес. Бір кездері «16 жылғы бас көтеру қазан жеңісіне ұласты» деген қате концепция болды. Шьщдығьщда ол қазақтың өз жағдайьша сай (метрополияның менмен-дігін мойынсұнбаудың бір амалы) туған оқиға болатын. Мұны осы оқиғаға байланысты жазылған Жамбыл, Сартай, Болман, Баттал, Құсайын, Қарсақ, Есқайыр, Бұзаубақ, Омар, Кенен, т.б. ақындардын өлең-жырлары толығымен растайды. Қорқыныш пен қауіп, ел қайғысы, ертеңгі күнге алаңдаушылық, торығу — бұл шығармалардың негізгі өзегі. Рас, Ресей монархы биліктен кетіп, одан соң өкімет тұтқасын ұстағандардың саясаттағы ісі божырап, большевиктер жеңіске жеткеннен кейінгі кезеңде 16-жылы оқиғасы туралы жырларға аз-кем «жаңа заманның» түсінігі енді. Бұл туралы М. Шоқай «Батыр болыпевик Амангелді хақындағы ақиқат» (1936) атты мақаласыңда өткір жазыпты. Алаш зиялылары бас көтеруге қарсы болды. А. Байтүрсынұлы: «Бұл күнде — соғыс уақыты, тәртіп қатты. Қашқындардың артынан қуғыншы әр-рет шығып, елді һэм артынан қалған әке-шешесін, қатын-баласын шулатқаннан, шаруасын күйзелткеннен басқа енер, ешнәрсе жоқ», — деп жазды. Ахмет ел ақсақалдарына тентекті тезге сал, қызбалық пен ойсыздықты тый деп кеңес берді.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.