Ақпан революциясы

Home » Рефераттар » Ақпан революциясы
Рефераттар Комментариев нет

1917 жылдың ақпанында Ресейде буржуазиялық-демократиялық революция жеңіп, патша өкіметін құлатты. Ресейдегі Ақпан революциясынан кейінгі жағдайдың өзіндік ерекшелігі буржуазиялық және буржуазияланып алған помещиктердің органы – Уақытша үкімет және жұмысшы табының, шаруалар мен солдаттардың органы – Пероград жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңесі түріндегі Қос өкімет болып табылады. Петроград Кеңесінде және басқа да Кеңестердің көпшілігінде меньшевиктер мен эсерлер басым, ал большевиктер ақшылықта болды. Петроград Кеңесінің 2 мың депутаттарынан (1917 ж. наурыз) жұмысшылардың өкілдері 844 депутат, ал қалғандары едәуір бөлігі шаруалардан тұратын солдаттардың өкілдері болды. Кеңестің большевиктік фракциясы небәрі 50 адам еді. Кеңестің атқару комитетінің төрағасы болып мемлекеттік думадағы миньшивиктік фракцияның жетекшісі Н.С. Чэсейдзе, ал оның орынбасарлары болып миньшевик М.И. Скоболев пен эсер А.Ф. Керенский сайланды. Министролер Кеңесінің төрағасы ірі помещик кінәз, Г.Е. Львов, министрлер – кадеттер, октябристер және басқада буржуазиялық партиялардың өкілдері болды. Үкімітке бір ғана эсер А.Ф. Керенский кіріп, ол әділет министрі болды. 1917 жылы 27 ақпанда монархия құлауында ІІ Николай тақтан кетті. Петроградтағы ақпан оқиғалары туралы хабар Қазақстан еңбекшілеріне де тез жетті, олар патша өкіметінің құлатылуын жігерленіп қарсы алды. ОЛ тез арада, келесі күні-ақ, телеграф арқылы бүкіл Орта Азия мен Қазақстанға, әуелі Түркістан және Дала генерел-губернаторлықтарының орталықтары Ташкент пен Омбыға, ал содан соң барлық облыстық және уездік қалаларға таратылды. Бұрынғы отаршылдық әкімшіліктің бұл оқиғаларды жергілікті халықтан жасырмақ болған әрекеті сәтсіздікке ұшырады, дегенмен де Түркістан генерал-губернаторы Куропаткин басқалар сияқты бұқараның революциялық қозғалысын «тыныштық пен тәртіп» арнасына бұруға тырысты.
Қазақстан халқының қалың таптары Ресей патшасы ІІ Николайдың құлатылуын, Ақпан революциясын ірі саяси және экономикалық өзгерістерге деген үмітпен қабылдап, өздерінің ғасырлар бойғы тілектерінің орындалуы мен толғағы жеткен азаттық және әлеуметтік проблемалардың шешілуін сонымен байланыстырды. Халықтың қоғамдық саяси белсенділігі едәуір артты, көптеген қалалар мен темір жол станцяларында стихиялы түрде митингілер, демонстрациялар мен жиналыстар болып, оларға жұмысшылар, солдаттар, зиялылар, кәсіпкерлік және өлкедегі басқа да топтардың өкілдері қатысты. Саяси тұтқындар түрмелерден босатылды. Петроградқа, көпшілік жағдайда мемлекеттік Дума мен Уақытша үкіметтің атына патшаның құлатылуымен құттықтаған және жаңа режимді қолдаған жеделхаттар мен хаттар жолданып жатты.
1917 жылғы ақпаннан кейінгі алғашқы күндерде Қазақстанның халық бұқарасының қозғалысы зиянкес отаршылдық апаратты қиратуға, оның ең жексұрын өкілдерін орнынан алып, жазалауға бағытталды. Жұмысшы және солдат депутаттары кеңестерінің, әсіресе қала және темір жол жұмысшыларының бастамасымен Оралда – облыстық вице – губернаторы Мордвинов, жандармерия бастығы Баблонов және басқалар, Омбыда – Батыс сібірдің генерал-губернаторы Сухомлинов, Петропавлда – земство және уез бастықтары, жандармерия шендегілері, жергілікті горнизонның кейбір офцерлері және басқалар, Орынборда – Торғай губернаторы М.М. Эверсман, Верныйда — әскери бастық Карнаухов, уезд бастығы Лиханов, округтік соттың прокуроры Бахружев және басқалар атқарып келген қызметтерінен шеттеліп, қамауға алынды. Уақытша Үкімет жергілікті жерлерде өкімет органдарын құруға кірісті. Таратылған әкімшіліктің орнына 7 сәуірде Түркістан комитеті құрылып, оған Уақытша үкімет «берік тәртіп және Түркістан өлкесінің құрылысын» орнатуда жүктеді, ол Ферғана және Самарқан облыстарымен қоса, Қазақстанның оңтүстік аудандарын қамтыған, Сярдария және Жетісу облыстарын, сондай-ақ Маңғыстау уезі кірген Закаспий облысын қамтыды. Кадет, Мемлекеттік Думаның мүшесі Н.Н. Щепкин төрағасы боған Түркістан комитетіне Қазақстаннан ұлт-азаттық қозғалысының жетекшілері Ә.Бөкейханов пен М.Тынышбаев кірді. 1917 ж наурыз-сәуір айларында жер-жерде жұмысшы және солдат депутаттарының кеңестері құрылды. Мәселен, наурыз айында Омбыда, Ташкентте, Семейде, Верныйда, Петопавлда, Перовскіде, Қазалыда, Қостанайда, Ақтөбеде тағы басқа қалаларда жұмысшы және солдат депутаттарының кеңестері құрылды. Қазақ Кеңестері, жекелеген қалаларда (Оралда, Верныйда, Ақмолада, Семейде, Әулиеатада, қырғыз (қазақ) ұлттық комитеттері пайда болды. Уездік және обьлыстық шаруалар съездерінде шаруа және қырғыз (қазақ) депутаттарының Орал облыстық Ақмола, Ақтөбе және Павлодар уездік кеңестері, шаруа және қазақ депутаттарының Өскемен уездік кеңесі сайланды. Ақпан революциясынан кейінгі алғашқы күндердің өзінде «Қазақ» газеті Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, М.Есболатов, Т.Жаманмұрынов бастаған 15 қазақ зиялыларының және Батыс Майдандағы земство Одағы комитетінің жанындағы Бұратаналар бөлімінде жұмыс істеген көптеген көрнекті қазақтардың Қазақстанның 25 орталығына және қазақтар арасында белгілі жеклеген тұлғаларға, Шымкенттегі Тынышбаевқа, Петропавлдағы Сәтбаевқа (Әбікс), Семейдегі Мәрсеков пен Тұрағұл Құнанбаевқа, Қарқаралыдағы Ақбаевқа, Смахан Бөкейханов пен Хасен Ақаевқа, Омбыдағы Халел Досмұхамедовке т.б. Минскіден жолдаған жеделхатын жариялады. Онда қазақтар Уақытша Үкіметті қолдауға, елде демократиялық республика орнатуға қол жеткізу және жаңа, еркін Ресей құрамындағы ұлттық автономия құру үшін күресуге құрылтай жиналысына дайындалуға шақырылды. 1917 жылы 10 наурызда – Оралда (төрағасы – Ғ.Әлібеков) 11 наурызда – Семейде (төрағасы – Р.Марсеков), және Омбыдағы (төрағасы — Сатбаев), Верныйда (төрағасы – Жайпақов) және т.б. құрылды.
Ақпан революциясының жеңісінен кейін Қазақстанда қоғамдық – саяси өмірдің жандануында Ресейдің саяси партиялары, әсіресе, олардың жергілікті ұйымдары мен топтары жетекші рөл атқарды. Қазақстанда либерал – демократиялық қозғалыстан кадеттер (олардың өздерін атағанындай, «халық бостандығы партиясы») мен «Алаш» партиясы өкіл болды. Кадеттердің ұйымдары 1917 жылдың наурыз-сәуір айларында Семейде (150 адам), Петропавлда (60), Қостанай, Павлодар, Орал мен Өскеменде пайда болды және негізінен өнеркәсіпшілерден, жер иелерінен, көпестер мен зиялылардан тұрды. 1905 жылдың өзінде-ақ құруға әрекет жасалған «Алаш» партиясы іс жүзінде 1917 жылдың мамыр айында-ақ қалыптасты, дегенмен, оның ресми тіркелуі 1917 жылдың желтоқсанында жүзеге асты. Ұлт-азаттық қозғалысы партиясының ұйытқысы қазақ қоғамының әр түрліи топтарынан шыққан петербургтің, Мәскеудің, Омбының және басқа да Ресей қалаларының әр түрлі оқу орындарында еуропалық білім алған адамдар, сондай-ақ дала ақсүйектерінің өкілдері (билер, байлар, молдалар), мұғалімдер, тілмаштар, отаршылдық әкімшіліктің шенеуніктері және басқалар болды. Әлеуметтік базаның әлсіздігі, саяси күрес тәжірибесінің жеткіліксіздігі, жергілікті бөлімшелер мен мүшелерінің ресімдемесіндегі мен орасан үлкен өлке аумағында бытырап жатқандығы және т.б. «Алаш» партиясын, Кадеттердің аграрлық және ұлт мәселелері жөніндегі саясаты қазақ халқының мүдделеріне қайшы келгенімен (кадеттер жерге жеке меншіктің және Ресейдің бірыңғай – унитарлы мемлекеттік құрылысының және т.б. сақталуын жақтады), Кадеттерден Одақтас іздеуге, татарлардың, башқұрттардың, басқа да ұлттық және мұсылман қозғалыстары мен жақындасуға, ол жергілікті жерлерде, уездер мен қалаларда социалистік партиялармен, әсіресе, оңашыл эсерлермен, меньшевиктермен және басқалармен одақ жасауға мәжбүр етті. Партия мүшелірінің саны, толық емес деректер бойынша, 5 мыңдай адамға жеткен, ал «Қазақ» газеті іс жүзінде оның органы болған. «Алаш» партиясы бағдарламасының негізі бір бүкіл қазақ съезінің (Орынбор, 1917 жылғы 21-26 шілде) шешіңмдерінен тұрды, бұл кезге қарай ол газеттерден аулақтап оның солға қарай бейімделгені байқалады, жергілікті Кеңестердің көпшілікке басшылық еткен эсерлерпамен, сондай-ақ Сібір автономиясын ақтаушылармен байланысы күшейді: «Алаш» партиясы қазақ қоғамындағы өз ықпалын едәуір күшейтті. Оның мәдени ағартушылық пен оппозициялық либирализмнен ұлттық мемлекеттік демократиялық басымдықтары айқын саяси ұйым жағына қарай дамуы тездетіле түсті.
Мұсылмандар қозғалысы негізінде «Шура – и Ислам» партиясы құрылды және Гурьевте, Семейде, Ақтөбеде, Қазалыда, Павлодарда, Верныйда халық комитеттері пайда болды, олардың басшылары эсерлер мен меньшевиктерге жақын бағдар ұстайды.
Ташкенттегі съезде (1917 жылғы сәуір) қалыптасқан «Шура – и Ислам» партиясының Қазақстанда Шымкентте, Әулие-атада, Перовскіде, Қазалыда және басқа қалаларда жергілікті ұйымдары болды, оларға мұсылман дінінің православие дінімен тең құқықтылығы, діни шектеулердің жойылуы, ислам діні оқу орындарының ашылуы, Мекеге мінәжат етуге (Қажылыққа баруға) рұқсат ету және басқа да діни құқықтар мен бостандықтар үшін күрескен татар, өзбек, қазақ діни қайраткерлері мен қатардағы мқсылмандар кірді. Бұл кезеңде Омбының, Орынбордың, Ташкенттің, Семейдің және басқаларының оқу орындарында оқитын қазақ жастары жастардың үйірмелерін, ұйымдарын құрды, олар алғашқы кезде мәдени – ағартушылық проблемалармен айналысты. 1915 – 1917 жж Орынборда жастардың «Еркін дала», Омбыда «Бірлік», Оралда «Жас қазақ», Тройцкіде «Үміт», ұйымдары және басқа қалаларда 20 шақты үйірмелер, топтар құрылды. 1917 ж Әулиеата мен Меркеде Т.Рұсқұлов ұымдастырған Қазақ жастарының революциялық одағы құрылды.
1917 жылдың көктемінде өлкенің ірі қалаларында, уездердің көпшілігінде, болыс орталықтарының бір бөлігінде эсерлер ұйымдар пайда болды. Мысалы: Петропавлда, Семейде, Оралда, Қазалыда, Павлодарда, Өскеменде, Ақтөбеде, Верныйда, Шымкентте, Әулиеатада, Перовскіде, Түркістанда, Гурьевте, Ақмолада құрылды. 1917 ж наурыз – сәуір айларында эсерлердің ұйымдарының қатарында Петропавлда – 200-ден астам, Семейде – 300, Қазалыда – 45 адам және т.т. болды. РС РСДЖТ-ы өсті. Эсер партиясы Түркістандағы съезде патша өкіметінің отарлау саясатын айыптауы оның уақытша табысқа жетуін қамтамасыз етті.
Сөйтіп Қазақстанда көп партиялы жүйе ХХ ғасырдың басында өмір сүрді. Қазақстанда ұлттық, діни, таптық, сославиелік негізде пайда болған әр түрлі партиялар мен топтар көптеген реттерде келісімге немесе оларға келе алмай, бір-бірімен шиеленіскен айтыс жүргізді. 1917 жылғы қыркүйек – Түркістан федералистер партиясы құрылды (тұңғыш мұсылман партиясы). 1917 ж күзде «Үш жүз» партиясы (Қызғыз социалистік партиясы) құрылды. Жетекшісі – Көлбай Тоғысов. 1917 ж ақпанда Кадеттер ұйымы құрылды. Семейде «Свободная речь» газетін шығарып тұрды. Мақсаты: Бөлінбес, біртұтас Ресей, конституциялық монархия құру. Бұл шешіммен келіспеген Ә.Бөкейханов партиядан шығып кетеді. 1916 жылғы көтеріліске қатысушыларды патша үкіметі қанға бояп жазалағаннан кейін Қытайдан кайтып келуші қазақ және қырғыз отбасыларына Уақытша үкімет 100 сом мөлшерінде жәрдемақы берді, бірақ көтеріліс талқандалғаннан кейін туған жерлерінен кетіп қалған. Қытайдан қайтып келуші қазақ және қырғыз босқындарын жергілікті шовинист-кулактар жағдайды пайдаланып талап-тонап, зорлық-зомбылық көрсетті және қырғынға ұшыратты. Уақытша үкіметтің Жетісудағы комиссары Шкапский «ешқандай татуласу туралы сөз болуы да мүмкін емес, ал қазақтар көшірілуге тиіс» деп мәлімдеді. Көптеген жерлерде жазалау отрядтары сақталып қалды және 1917 жылғы акпаннан кейін де көбінесе бұрынғы әдістермен іс-әрекет жасауын жалғастыра берді.
Уақытша үкімет жер реформасын жүргізу туралы соғыста жеңіске жеткеннен кейін өткізілуге тиісті Құрылтай жиналысында жарияламақшы болып шешті. Ұлт мәселесінде Уақытша үкімет «Дін ұстанушылық пен ұлттық шектеулердің күшін жою туралы» декрет жариялады, алайда ұлттың, өзін-өзі билеу құкығы, шағын халыктар мен аз ұлттардың тағдырлары туралы және басқа мәселелерге соқпады. Жалғастырылып жатқан абыройсыз соғыс халық шаруашылығында басталған күйзеліс, экономикалық дағдарыс, азық-түліктің жеткіліксіздігі, қымбатшылықтың өсуі және бүкіл Ресейдегі сияқты, Қазақстандағы халықтың қалың бұқарасы үшін басқа да қиыншылықтар мен жоқшылықтар жағдайларында Уақытша үкімет халықтың сенімінен айырыла бастады, сөйтіп жалпы халықтық наразылық пен ашу-ыза толқынында Ресейдегі қоғамдық-саяси және экономикалық кұрылысты түбірінен өзгертуге ұмтылған мейлінше батыл күштер үстем бола түсті.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.