Ақпараттық қоғамда ұлттық құндылықтарды дəріптеудің бір жолы

Главная » Рефераттар » Ақпараттық қоғамда ұлттық құндылықтарды дəріптеудің бір жолы

Ұрпақ тəрбиесінде ежелден қалыптасқан халқымыздың жақсы дəстүрлерін оқып үйрену, өнеге тұту, жас ұрпақты ізгілікке баулу əрбір отбасының міндеті жəне ол үлкен жауапкершілікті талап етеді. Бұл бағытта Отанды сүю, халық арасында таралған салт- дəстүрді құрметтеуге үйрету білім мекемелеріндегі шаралармен ұласады. Өйткені келешек ұрпақ өмірі ұлт құндылықтарын бағалаумен, сақтаумен жалғасады. Қазіргі кезде өскелең ұрпақ уақытының көп бөлігінде ақпараттық технологияны пайдаланады. Балалар ата, əжелерінің ертегісін тыңдағаннан гөрі теледидардан көргенде қалайды. Оқушылар кітапханаға барып, ақпарат іздегенше, оны Интернеттен табуға тырысады. Жастар бір-бірімен кездесіп, əңгімелесуді Facebook, WhatsApp, Вконтакте, т.с.с. интерактивті байланыспен алмастырады. Бұдан, біз бала тəрбиесінде ақпараттық құралдардың алатын орны күн санап артып келе жатқанын байқаймыз жəне сəйкесінше олардың сапасының артуына да мəн беруге тиіспіз. Сондықтан біз ана тіліміздегі бірнеше веб-сайттарды қарадық. Балалар мен аналарға арналған веб-сайт — erketai.kz. Мұнда аналар үшін кеңестер, балалар үшін ойындар мен мультфильмдер, ұстадар үшін тəрбие сағаттарыныың жоспарлары, жаңалықтар жəне орыс тіліндегі материалдар ұсынылған.

Ұрпақ тəрбиесі деген айдары бар сайт – намыс.kz. Мұнда ақпараттар қазақ, латын, араб қаріптерімен беріледі. Білгенге маржан айдары, пікір талас алаңы өзіндік қырын көрсетеді. Келесі сайтта ұлттық тəлім-тəрбие басты наарда болмаса да, қазақ балаларының өзге ұлт жетегіне ермей, қазіргі уақыттың еншісіменен сəн, сымбат, аспаздық, шаңырақ, денсаулық, психология сияқты бөлімдер арқылы ұлтын сүйер, оның салтын сүйер азаматтарды тəрбиелеуге үлес қосады. Шетелде жүрген қандастарымыздың тəрбиесіне алаңдаушылық білдірген ой- пікірлерді топтастыратын сайт та бар. Ұлттық құндылықтардың бірі – ана тілі. Осы ана тілімізді, əдеби мұрамызды сақтап, оны оқуға, білуге баулитын веб-сайттар кездеседі. Олардың ішінде халықтың назарын аударатыны — айтыс өнерінің əлемі.

Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту департаментінің тапсырысымен жасақталған «Қыздар əлемі» порталында қазақ қызын тектілікке, инабаттылыққа салт- дəстүр негізінде тəрбиелейтін материалдар жарияланған. Сонымен қатар, бүгінгі күні жастар арасындағы өзекті мəселелер, тəрбиешілер мен сынып жетекшілеріне арналған тəрбие сағаттарының сабақ жоспарлары, ата-аналар үшін пайдалы кеңестер берілген. Сөз қадірін білетін, тіліне, дініне аса мəн беретін қыздардың тəрбиесін дұрыс ұйымдастыру бұл сайттағы басты мақсаттың бірі. Ол болашақ аналардың ел тағдырына бей-жай қарамауына үйретеді. Инабаттылық, қарапайымдылық, ұлтжандылық қасиеттермен қарулануы тиіс.

Ұлттық құндылықтарды дəріптейтін веб-сайттардың саны күн санап артып келеді. Бұл қуантарлық жағдай. Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарының веб-сайттары ашыла бастады. Мысалы, алаш айнасы, егемен Қазақстан, т.с.с. www.kaztube.kz порталында қазақша көріністер жарияланып, бесікке салу, сүндетке отырғызу, қыз ұзату, келін түсіру, т.с.с. дəстүрлерді үйренуге мүмкіндік туғызды. Міне, мұндай веб-сайттардың елдің алдағы күнін ойлайтын, ұрпақ тəрбиесін болжайтын қазақстандықтар үшін маңызды болмақ. Олардың саны артқан сайын жастардың ұлттық тəлім-тəрбие туралы түсініктері кеңейе бермек. Қазақ елінің əлемдік кеңістікте өз жолын таңдауы – əрбір қазақтың емін-еркін өмір сүруінің кепілі. Ол сөзсіз ұрпақтар қамы деген ұғыммен үндеседі. Ел болу, мемлекет құру – сонау түркі заманынан желісі үзілмей келе жатқан ұлттық арман- аңсар. Ел болу – болашаққа ашылған даңғыл жол. Сол болашаққа ашылған даңғыл жолды ұлттық тəрбиеге негізделген жаңа технология арқылы жүруді үйренсек, ешкімнен кем болмайтынымыз анық.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.