Ақпараттық жүйелерді құру принциптері

Главная » Рефераттар » Ақпараттық жүйелерді құру принциптері
  1. Ақпараттық жүйелерінің құрылуы, жұмыс істеу принциптері
  2. Экономикалық ақпараттық жүйенің жіктелуі

Экономикалық ақпараттық жүйелер үшін оларды құру мен жұмыс істеудің келесі принциптері қадағаланады: Сәйкестік. ЭАЖ объектті берілген тиімділікпен жұмыс істеуің қамтамасыз ету керек. Тиімділік критериі сандық болуы қажет. Үнемділік. ЭАЖ-де ақпаратты өңдеуге кеткен шығын объекттің осы ақпаратты пайдалануда түскен экономикалық ұтысынан кем болуы керек. Регламенттілік. ЭАЖ-ге оқпараттың көптеген бөлігі түседі, периодтты кестемен анықталып отырады. Өзін-өзі бақылау. Берілгендегі, оларды өңдеу процессіндегі қателерді табу, түзетү үшін ЭАЖ үздіксіз жұмыс істейді. Интегралдық. ЭАЖ-ні бір рет енгізіп оны бірнеше рет мақсатта қолдану. Бейінділік экономикалық ақпараттық жүйенің өзін-өзі өзгерту қабілеттілігі

ЭАЖ-ның ерекшеліктеріне қарапайым алгоритммен салыстырғанда ақпараттың үлкен көлемін өңдеуді (сұрыптау, топтау, іздеу, корректілеу), ақпараттың бөлігін құжат түрінде беруді жатқызуға болады. ЭАЖ құруда олардың жұмыс істеу сапасын объективті бағалау мәселесі пайда болады. Мұндай бағалау қазіргі кезде күрделі болғандықтан оларды құру маңызды ресурстарды талап етеді. АЖ жұмыс істеуі тиімділігі тиімділік критериі деп аталады. Сандық сипаттама жиынның көмегімен анықталады. Әрбір критерий ЭАЖ жобалау немесе жұмыс істеу нәтижелерімен алдын-ала қойылған мақсаттар  арасындағы сәйкестік дәрежесін анықтайды. Критерий ретінде алынған шама бір қатар талаптарды қанағаттандыруы тиіс.

  1. жүйені жобалау процессіне тікелей байланысты болуы тиіс
  2. жүйенің мақсаттарының бірін сипаттау керек
  3. салыстырмалы қарапайым есептеу алгоритіміне ие болуы керек
  4. тәжірибелік берілгендер бойынша жуық бағалануы керек

ЭАЖ критерийлер кешені бойынша бағаланады. Бағалауға: жүйе толықтай, жүйені жобалау кезеңінін жеке құраушылары, жүйені пайдалану кезеңінін маңызды компоненттері қатысады. ЭАЖ жұмыс істеуі бірнеше мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған. Мақсаттары: Объектіні басқару тиімділігінің жоғарлылығы (С1-С3). С1 — қабылданған шешімді қамтамасыз етуге арналған ақпараттың толықтығы; С2 — ақпаратты үлкен мүмкіндікті жылдамдықпен жеткізу; С3 — АЖ пайдаланушымен өзара әрекеттесуінің ыңғайлылығы. ЭАЖ ресурстарын тиімді пайдалану (С4-С6): С4 — ЭАЖ құруға пайдалануға, дамытуға кеткен шығындарды қысқарту; С5 — шығатын ақпаратты берілген көлемненен үлкейту; С6 — берілген көлемнен қысқарту, яғни артық мәліметтерді қысқарту.

Аталған мақсаттардың  критерийлеріне К1-К6 жатады. К1 — мәліметтер қоры, ақпарат көлемінің басқару объектісіндегі ақпарат көлеміне қатысты. К2 — ЭАЖ ақпаратты өңдеу уақыты. К3 — пайдаланушының ақпарат сұранысына кетірген, оны басқаруда пайдалану уақыты. К4 — ЭАЖ құру пайдалану, дамытуға кеткен шығын, капиталдық салымдар суммасы. К5 — кіретін, шығатын ақпарат көлемдерінің қатынасы. К6 — жалпы мәліметтер көлеміндегі артық ақпараттың үлесі. Көрсетілегн мақсаттарды бірден жүзеге асыру мүмкін емес.

  1. ЭАЖ көптеген аспектілер бойынша жіктеледі. Біз жіктелудің жұмыс істеу белгісі жұмыс істеу тәртібі, есептеу ресурстарын тарату әдістері бойынша қарастырамыз. ЭАЖ арасында ақпаратты басқару жүйелері, өндірісті басқаратын мамандар ұжымына қызмет көрсетуге арналған административті ұйымдастырушы жүйе ерекшеленеді. Жұмыс істеу тұрғысынан ақпараттық жүйелерді келесі класстарға бөлуге болады: — берілгендерді өңдеу жүйесі (БӨЖ) — басқарудың автоматтандырылған жүйесі (БАЖ) — ақпаратты іздестіру жүйесі (АІЖ).

ЭАЖ негізгі функциясы ақпаратты жинау, беру,сақтау өңдеу операциялары кіреді. Еңгізу ақпаратын шығу ақпаратына түрлендіру үшін қолданбалы программалар құру қажет. Қолданбалы программалардың толық ЭАЖ жүйесі берілгендерді өңдеу жүйесін құрайды. БӨЖ  қолданбалы программаларына математикалық қатынастың бар болуы тән. Оған мысал ретінде өнеркәсіп  қызметкерлерінің жалақысын есептеу, статистикалық есеп беру, тағы басқа программалар жатады. Егер БӨЖ басқару операцияларын орындай алатын болса, онда ол басқарудың  автоматтандырылған жүйесіне айналады. АІЖ құжат жиынының ішінен берілген сұраныс бойынша мәліметтерді іздестіріп, оны пайдаланушыға беруге арналған. АІЖ  әрбір құжат  индекстеледі. Индекстеу процессі ретінде 2 кезеңнен тұратын келесі процесс алынады.

  1. Берілген құжатта бейнеленетін тақырыптарды анықтау
  2. Осы тақырыптарды АІЖ қабылданған тілде бейнелеу.
Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.