Ақпараттық жүйенің негізгі мақсаттары

Главная » Рефераттар » Ақпараттық жүйенің негізгі мақсаттары

Өндірістік және шаруашылық мекемелер, кәсіпорындар, фирмалар, корпорациялар, банктер өздігінше күрделі объектілерді көрсетеді. Ақпараттық жүйе түсінігі өзара және элементтердің сыртқы ортасымен байланысқан жиынтық түсініледі. Олардың жұмыс істеуі нақты  мақсатты немесе пайдалы нәтижені алуға бағытталған. Осы анықтамаға сәйкес әрбір экономикалық объект (мекеме) немесе оның бөліктерін қойылған мақсатқа жетуге ұмтылатын жүйе ретінде қарастыруға болады. Жүйе үшін келесі негізгі қасиеттер сәйкес: күрделілік, бөлінгіштік, бүтіндік, элементтердің әртүрлілігі және олардың табиғатының айырмашылығы, құрылымдылық. Жүйе күрделілігі оған кіретін элементтер жиынына, олардың құрылымдық әрекеттесуіне, сонымен қатар сыртқы және ішкі байланыс күрделілігіне қатысты. Кәсіпорын немесе мекеменің маркетинг қызметі осындай элемент мысалы болып табылады, яғни күрделі сыртқы және ішкі байланыстарды өндіреді. Жүйе бөлінгіштігі нақты мақсат пен міндеттерге жауап беретін, белгілі бір белгісі бойынша ерекшеленген ішкі жүйелер қатарынан тұрады. Бұл қасиет мыналарды талдау кезінде ерекше маңызды: экономикалық объектілердің жұмыс ерекшеліктері, олардың басқарушылық қызметін ұйымдастыру, құжатайналымды қалыптастыру мен жүргізу, ақпаратты қайта өңдеу орталықтарының жұмыс істеуі және т.с.с.

Жүйенің бүтіндігі жүйе клиенттерінің көбісінің жұмыс істеуі бір мақсатқа бағыныштылығын білдіреді, онымен модельдеу процесінде талап етілетін және анықталатын нақты экономикалық объекті қызметінің нәтижелілігіне қол жеткіземіз. Жүйе құрылымдылығы жүйенің ішіндегі элементтер арасындағы орнатылған байланыстар мен қатынастардың бар болуын анықтайды. Бұл материалдық, қаражат және ақпараттық ағымдардың қозғалысын қалыптастыруға арналған шартты құрады. Жүйе кез келген объект болып түсініледі. Ол бір бүтін ретінде, сонымен қатар қойылған мақсатқа жету негізінде біріктірілген әр түрлі элементтер жиынтығы болып қарастырылады. Жүйе құрамы бойынша да, басты мақсаты бойынша да бір-бірінен ерекшеленеді. Әртүрлі элементтерден тұратын және әртүрлі мақсаттарды өндіруге бағытталған бірнеше жүйелерді келтірейік.

Компьютерлендіру объектілеріне қойылатып жалпы талаптар:

.
  1. Басқару мақсаты үшін алынатын ақпарат сапасының қажет деңгейімен берілген мерзімде, толық көлемде басқармалы функцияны өндіру;
  2. Ақпаратты жинау, тіркеу, беру, сақтау, өңдеу, көрсетудің тиімді технологиясын қолдану;
  3. Басқарудың компьютерлік ақпараттық жүйесінің сенімділігі;
  4. Ақпаратты қорғау;
  5. Басқарудың компьютерлік ақпараттық жүйесінің бейімделуінің жоғары деңгейі.

Басқару жүйе компоненттері арасындағы, сонымен қатар қоршаған ортамен ақпарат алмасумен байланысты. Басқару процесі уақыттың әрбір моментінде жүйе жағдайы туралы мәлімет алуды болжайды. Демек, экономикалық объектпен басқарудың кез келген жүйесіне өзінің ақпараттық жүйесі сәйкес келеді, ол экономикалық ақпараттық жүйе деп аталады.

Ақпараттық жүйелер ақпаратты өңдеудің қазіргі индустриясының негізгі ерекшеліктерін қанағаттандырады. Олар басқару және шешім қабылдауды ұйымдастырады және қабылданатын шешімнің сапасын, толықтығын, нақтылығын, дұрыстығын және өз уақытында берілуін әлдеқайда жоғарлатады. Ақпараттық жүйелер функциялары есептің екі класымен өндіріледі: ақпараттық және технологиялық.Ақпараттық есептер ақпаратты қайта өңдеу және көрсетуді қамтамасыз етеді, ол адаммен басқару және шешім қабылдау процесінде пайдаланылады. Технологиялық есептер деректер базасын белсендендірумен, оларды бүтіндік жағдайында қолдаумен, эксплуатациямен, ақпараттық жүйені баптаумен байланысты.

Ақпараттық жүйелерге келесі талаптар қойылады:

  1. Жаңа функционалды облыстарға өзгертуге және баптауға қабілеттілігі;
  2. Уақыттың қажет периодында пайдаланушылар сұранысына жүйенің реакциясы;
  3. Қосымшаларды кеңейту және жаңа қосымшаларды қосуға мүмкіндігі;
  4. Есептеу ресурстарын пайдалану тиімділігі.

Экономикалық ақпараттық жүйе (ЭАЖ) — бұл экономикалық объекттің түзу және кері ақпараттық байланысының ішкі және сыртқы ағымдарының, ақпаратты өңдеу және басқарушы шешімдерін алу процесіне қатысатын мамандар, құралдар, тәсілдер жиынтығы. Ақпараттық жүйелер миссиясы. Ақпараттық жүйелер ақпарат және ақпараттық технологиялар сияқты қоғамның пайда болу моментінен бастап бар.  Өйткені оның дамуының кез келген сатысында басқару қажеттілігі бар. Ал басқару үшін жүйелендірілген, алдын-ала дайындалған ақпарат қажет. Демек, ақпараттық жүйенің миссиясы – оның барлық ресурстарымен тиімді басқаруды қамтамасыз ету үшін мекемеге қажет ақпаратты өндіру, мекемемен басқаруды жүзеге асыру үшін ақпараттық және техникалық орта құру. Кез келген жүйе негізінде процесс жатыр.  Ақпараттық жүйе негізінде – ақпаратты өндіру процесі жатыр. Бұл мағынада ақпараттық жүйені басқару жүйесі ретінде қарастыра аламыз, мұнда бұл процесс басқару объектісі болып табылады. Басқарудың кез келген жүйесіндегідей  ақпараттық жүйені басқару органдары бар.

Қазіргі уақытта ақпараттық жүйе компьютерлік техника көмегімен өндірілген жүйе ретінде пікірлер туындады. Бірақ олай емес. Ақпараттық технологиялар сияқты, ақпаратты жүйелер техникалық құралдарды қолданумен және де оны қолданбай-ақ жұмыс істеуі мүмкін.

АЖ классификациясы оқыту пәнін жақсы түсінуді қамтамасыз етеді. Белгілі бір мақсатты көздейтін әртүрлі классификациялар бар.

Deloitte & Touch компаниясымен орындалған классификациямен сәйкес АЖ төрт топқа бөлінуі мүмкін:

  1. Локальды.
  2. кіші интегралданған.
  3. орташа интегралданған.
  4. ірі интегралданған.

Басқа авторлар АЖ-ні ERP-жүйелермен ұқсастығы/ерекшелігі принципі бойынша бөледі. АЖ келесі түрлері бойынша ерекшелейді:

  1. локальды автоматтандырылған жұмыс орны (АЖО) – жеке жұмыс орнында басқарушылық функцияны өндіру үшін арналған программалы-техникалық кешен.
  2. Басқару функциясын толық көлемде өндіретін ақпараттық және функционалды байланысқан АЖО кешені.
  3. Мекеме масштабында басқару функциясының интеграциясын қамтамасыз ететін бірыңғай ақпараттық базаға ненізделген АЖО компьютерлік желісі.
  4. Ірі масштабты мекемемен толық функционалды үлестірілген басқаруды қамтамасыз ететін корпоративті АЖ.

АЖ үшін басқа классификациялық белгі – функционалды компоненттер ақпаратын және сәйкес ақпараттық технологияларды өңдеу алгоритмдері күрделілігінің дәрежесі: Деректерді жедел өңдеу жүйесі – жүйенің OLTP- (On-Line Transaction Processing жүйелер); DSS (Decision Support Systems) шешім қабылдау және қолдау жүйесі.

Деректерді жедел өңдеу жүйесіне алғашқы ақпаратты есепке алу және тіркеудің дәстүрлі АЖ жатады (бухгалтерлік, қойма жүйелері, дайын өнімді шығаруды есепке алу жүйесі және т.с.с.). бұл АЖ алғашқы ақпараттың үлкен көлемін жинау және тіркеу орындалады, деректер базасына сұраныс жасау және есептеудің қарапайым алгоритмдері пайдаланылады.

Қолдау және шешім қабылдау жүйесі ақпаратты аналитикалық өңдеу, жаңа білімдерді қалыптастыруды талап ететін күрделі бизнес-процестерді өндіруге негізделген. Ақапартты талдау белгілі бір мақсатқа негізделеді, мысалы, мекеменің қаржылық анализі,  бухгалтерлік есеп аудиті және т.с.с. АЖ осы класының маңызды ерекшелігі мыналар болып табылады: Үлкен көлемдегі деректерді сақтау орнын құру (Data WareHouse – DW); Деректерді аналитикалық өңдеу тәсілдері мен құралдарын пайдалану (On-Line Analytical Processing – OLAP-технологиялар). Жаңа білімді қалыптастыруды қамтамасыз ететін деректерді интеллектуалды талдау (Data Mining – DM технологиялар).[11]

Қорыта келе, экономикалық ақпаратпен қоғамда өндірістік қатынастарды сипаттайтын ақпарат түсіндіріледі. Экономикалық ақпаратқа экономикалық жүйеде жүретін мағлұматтар жатады. Экономикада автоматтандырылған ақпараттық жүйенің атқаратын ролі өте зор.

Ақпараттық-іздеу жүйелеріне қойылатын кейбір талаптарға қарамастан, әрбір мекеме өзінің ішкі мәліметтерін өңдеудің өзіндік ерекшеліктерімен дараланады. Бірақ көбінше мұндай іс-әрекеттерді орындауға арналған ресурстар олардың өздерінде табыла бермейді. Өз мәселелерін шешу үшін олар кәсіпқой программистердің көмегіне жүгінеді.

Жүйе деп компьютердің ақпараттық бөлігін айтуымызға болады, нақты қолданбалы есептерді шешуге, құжаттарды жүргізудің қосымша процедураларында және есептеулерді басқаруда қолданылатын көптеген бағдарламаларды алуымызға болады. Жүйе түсінігіне ақпараттық сөзін қосатын болсақ, оның құрылуымен функциялану (іс-қимыл жасауы) мақсаты бейнеленеді. Ақпараттық жүйеқандай да бір объектіні басқаруға қажетті ақпаратты жинау, өңдеу, іздеу, жаңарту, енгізу және шығарып беру жүйесі.

Олар, сонымен қатар, мәселелерді талдауға және жаңа өнімдерді құруға көмектеседі. Яғни, ақпараттық жүйе дегеніміз қойылған мақсаттарға жету барысындағы ақпараттарды сақтау, өңдеу, беру және т.б-лар үшін қолданылатын құралдар, әдістер және персональдың өзара байланысқан жиыны. Қазіргі кезде ақпараттық жүйені дербес компьютердің, ақпаратты өңдеуде қолданылатын негізгі техникалық құралдары ретінде қолданылып ұсынылады. Ірі ұйымдарда ақпараттық жүйенің техникалық қорларына, құрамына дербес компьютерлермен қатар Mainframe (мэйнфрейм) немесе супер Э.Е.М енеді. Ақпараттық жүйенің құрылуы үшін адам рольінің маңызы өте жоғары, яғни өндірілетін ақпараттың алынуымен ұсынылуы адам арқылы жүзеге асырылады. Компьютерлермен ақпараттық жүйелер арасындағы ерекшелікті түсіну өте маңызды болып табылады. Арнайы бағдарламалық жасақтамалармен жабдықталған компьютерлер ақпараттық жүйемен техникалық қорлар үшін негізгі құрал болып саналады.

Ең алғашқы ақпараттық жүйелер 50-жылдары пайда болды. Олар есептерді өңдеу үшін қолданылатын және электромеханикалық бухгалтерлік есептеу машинасында ғана жүзеге асырылған. Бұл жылдары ақпараттық қағаз-құжаттарын дайындауға кететін уақытпен шығындарды азайтуға көмектесті. 60-жылдары ақпараттық жүйелерге қатысты өзгешелер ене бастады. Олардан алынған ақпарат көптеген параметрлер бойынша уақытылы есеп берушілер үшін қолданыла бастады. Сондықтан, ұйымдарға бұрынғыдай тек жалақыны есептеу, өңдеу ғана емес, көптеген функцияларды жүзеге асыруға қабілетті кең ауқымды компьютерлік жабдықтар қажет болады. 70-жылдары 80-жылдардың басында ақпараттық жүйелер шешім қабылдау үрдістерін сүйемелдейтін және жылдамдататын басқаруды бақылау құрамы ретінде кеңінен қолданыла бастады. 80-жылдардың соңында ақпараттық жүйелерді қолданылу концепциясы тағы да өзгерді. Олар ақпараттың стратегиялық көзіне айналып кез-келген кәсіби ұйымдардың барлық деңгейінде қолданылды. Осы периодтағы ақпараттық жүйелер қажетті ақпаратты уақытында бере отырып, ұйымдарға қызметкерлердің сәттілікке жетуге, жаңа тауарлармен қызметтер құруға, шикізаттың жаңа нарығына өтуге сенімді серіктестермен келіссөз жүргізуге төмен баға бойынша өнім шығарылымын ұйымастыруға т.б-ға көмектесті.

Ақпараттық жүйенің негізгі қасиеттері:

  1. Талданады және жүйені тұрғызу принцпінің негізінде тұрғызылады және басқарылады;
  2. Ақпараттық жүйелер динамикалық және дамымалы болып табылады;
  3. Ақпараттық жүйені тұрғызу барысында жүйелік тұрғыны қолдану қажет етіледі;
  4. Ақпараттық жүйенің өнімі болып шешімін негіз қабылдау құрайтын ақпарат табылады;
  5. Ақпараттық жүйені ақпаратты өңдейтін адам-компьютерлік жүйе ретінде қабылдау керек.

Қазіргі кездегі ақпараттық жүйе туралы түсінік компьютерлік техниканың көмегімен жүзеге асатын жүйе түсінігі ретінде қалыптасып келеді. Жалпы жағдайда  ақпараттық жүйені компьютерлік нұсқада да түсінуге болады. Ақпараттық жүйенің жұмысын түсіну үшін алдымен оның шешетін мәселесінің мәнін содан кейін жүзеге асырылатын ұйымдастырылған үрдістерді түсіну қажет. Мысалы, шешім қабылдауды сүйемелдеу үшін компьютерлік ақпараттық жүйе мүмкіндіктерін анықтау барысында келесі қадамдарды ескеру керек.[16]

  1. Шешілетін басқару есептерінің құрылымдылығы;
  2. Шешім қабылданатын фирма басқарылуының иерархия деңгейінің болуы;
  3. Бизнестің кез-келген функциялық саласына жататын есептердің шешілуі;
  4. Қолданылатын ақпараттық технологияның түрі.

Ақпараттық жүйелердің спецификалық күшіне байланысты, олардың құрамындағы ең бір қажетті қасиеттерінің бірі оның сенімділік қасиеті болып табылады. Сенімділік функциясы – бұл жүйе қасиеті. Ақпараттың қателіксіз құрылуына жауап береді. Ақпараттық жүйелердің сенімділік функциясы шығатын нәтижеден көрінеді, себебі ол жай қасиеті ғана емес, жеке тұрғыдан үлкен мағынаға ие болып, ақпаратқа қойылған талапқа сай және нақты шығарылуын қамтамасыз етеді.

Ақпараттық жүйеде элементтер арасындағы байланыс ақпарат арқылы, яғни осы жүйеге қатысы бар мәліметтерден қандай да бір оқиғалар туралы белгілер арқылы жүзеге асады. Әрбір ақпараттық жүйені ақпараттық обьектілердің бірігуін  қамтитын қандайда бір ақпарттық кеңістікті бейнелейтін пәндік саланы иемденеді. Ақпараттық жүйелерді келесі топтарға бөлеміз: 1) Ақпараттық-анықтамалық жүйелер. Олар ақпаратты жинап оны пайдаланушылардың сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталатын жүйелер. 2) Ақпаратты-іздеу. Бұл қажетті ақпараттарды алу үшін желі арқылы ізденіс жүйесі. Мысалы: интернет жүйесі; 3)   Ақпараттық-кеңес беретін жүйелер. Олар обьектінің күйі мен жұмыс тәртібі туралы ақпаратты беріп нақты жағдай үшін қажетті пікірлерді ұсынады. Мысалы: эксперттік, интеллектуалдылық жүйелер; 4)  Ақпараттық-басқару жүйелер. Мекеменің дамуын жоспарлау және жүзеге асыру жұмыстарын жеделдетіп тиімдеу жүйелері. Мысалы: дайын өнімдерін есептеп талдау, сату жұмыстарын автоматтандыру; 5) Ақпаратты есептеуіш жүйелер. Мекемелерді, кәсіпорындарды дамытудың бірден-бірі қаржылық есептеуіш жүйелері. Ол жүйенің жұмысын жүзеге асыруға  алдына қойған мақсаттарға жетуге жеңілдік жасайды. Мысалы, 1С бухгалтерлік есептеу жүйесін алуға болады.

Ақпараттық жүйелерді құру барысында еңбек шығынының негізгі үлесі қолданушылы бағдарламалық жасақтамамен мәліметтер қорына түседі. Сондықтан бағдарламалық жасақтама өндірісі бүгінгі күннің дүниежүзілі экономиканың ең ірі саласының біріне айналып отыр. Ақпараттық жүйе құрылымын бағыныңқы жүйелер деп атайды. Бағыныңқы жүйе — бұл қандай да бір белгімен ерекшеленген жүйенің бір бөлігі. Бағыныңқы ақпараттық жүйенің жалпы құрылымын қолданылу сферасынан тәуелсіз бағыныңқы жүйелер жиыны ретінде қарастыруға болады. Бұл жағдайда классификациялау құрылымдық белгісі ретінде сипаттаймыз. Осылайша кез-келген ақпараттық жүйенің құрылымын қамтамасыз етуші бағыныңқы жүйелер жиыны ретінде ұсынуға болады.

Ақпараттық қамтамасыз ету бағыныңқы жүйенің белгіленуі басқару шешімдерін қабылдау үшін уақытында қалыптастыру және сенімді ақпаратты беруден тұрады. Ақпаратты қамтамасыз ету бұл классификацияның және ақпараттық кодтаудың біртұтас жүйелерінің, құжаттамалаудың унифицирленген жүйесі, ақпараттық ағымдар суреті, сонымен қатар мәліметтер қорын тұрғызу метадологиясы жиындары. Құжаттамалаудың унифицирленген жүйелері мемлекеттік, республикалық, салалық және аймақтық деңгейлерде құрылады. Ең бастапқы мақсатты қоғамдық өндірістің кез-келген сферасындағы көрсеткіштерді қамтамасыз ету. Келесі талаптар орнатылған стандарттарға әзірленген:

  1. Құжаттамалаудың унифицирленген жүйелеріне;
  2. Басқарудың әртүрлі жүйелеріндегі құжаттың унифицирленген   формалары;
  3. Реквизиттермен көрсеткіштердің құрамымен құрылымына;
  4. Құжаттың унифицирленген формасын реттеуді ендіру, жүргізу және тіркеу.

Алайда унифицирленген құжаттамалар жүйесін реттеу барысында көптеген типтік кемшіліктер кешені пайда болды. Қолмен өндіру үшін құжаттың мөлшерден тыс үлкен көлемі; Әртүрлі құжаттарда бірдей көрсеткіштің қайталануы; Үлкен көлемді құжаттармен жұмыс жасау мамандардың тікелей есептерді шешуде көңілін аударады.

Сондықтан көрсетілген кемшіліктерді болдырмау, ақпараттық қамтамасыз етуді құру барысындағы міндеттің бірі болып табылады. Ақпараттық ағындар сызбалары ақпараттар қозғалысының маршрутын және алғашқы ақпараттың пайда болу орнындағы оның көлемін және нәтижелік ақпараттарды қолдануды бейнелейді. Осындай сызбаның құрылымдарын талдау үшін барлық басқару жүйелерінің дамуы бойынша шараларды жүзеге асыруға болады. Мәліметтер ағынының қарапайым сызбаның мысалы ретінде қызметтік жазбаның жүруінің барлық кезеңдері бейнеленген немесе қызметтің жұмысқа орналасуымен оның жұмыстан шығуы туралы мәліметтер қорындағы жазбаның кезеңдері бейнеленген сызбаны алуға болады. [16]

Ақпараттың көлемін және оның детальды талдауын анықтауға мүмкіндік жазбайтын ақпараттық ағындар сызбасын тұрғызу үшін: Қолданылмайтын және қосарлануды болдырмайтын ақпараттарды; Ақпаратты классификациялау және рационалды ұсынуды қамтамасыз етеді.

Басқару деңгейі бойынша ақпараттар қозғалысының өзара байланысын толығырақ қарауға болады. Сондықтан басқару шешімдерін қабылдау үшін қандай көрсеткіштер қажет, қандай көрсеткіштер қажет емес екендігін анықтау керек. Әрбір орындаушыға тек қолданылатын ақпараттар туралы ақпарат түсуі қажет. Мәліметтер қорын тұрғызу методологиясы оның жобалауының теориялық негіздеріне бағытталады. Методология концепциясын тәжірибеде жүзеге асатын оның негізгі идеялары 2 кезеңмен түсіндіріледі.

1 кезең. Келесі мақсаттар бойынша фирманың барлық функционалдық бөлімдерін зерттеу. — оның қызметінің спецификациясының құрылымын түсіну; — ақпараттар ағындар сызбасын тұрғызу; — құжат алмасудың жүйесін талдау; — ақпараттық объектерді және оның қасиеттері мен белгіленуін сипаттайтын сәйкес реквизиттер (параметрлер, сипаттамалар құрамын анықтау).

2 кезең. Қызмет сферасының 1-ші кезеңдерде зерттелу үшін мәліметтерін концептуалды ақпараттық логикалық модельін тұрғызу. Бұл модельде объекттер мен олардың реквизиттері арасындағы барлық байланыстар оптимизацияланған және орнатылған болуы тиіс. Ақпараттық логикалық модель мәліметтер қоры құрылатын фундамент болып табылады.

Ақпараттық қамтамасыз етуді құру үшін: 1) ұйымды басқарудың барлық жүйелерінің мақсатын, міндетін функцияларын нақты түсіну; 2) ақпараттың пайда болуынан оның ақпараттық ағындар сызбасы түрінде талдау үшін ұсынылатын басқарудың әртүрлі деңгейлерінде қолданылуына дейінгі қозғалысын анықтау; 3) құжат алмасу жүйесінің жетілуі; 4) классификациялармен кодтау жүйесін қолдану; 5) ақпараттың өзара байланысын бейнелейтін концептуалды ақпараттық логикалық моделін құру методологиясын меңгеру; 6) қазіргі заманғы техникалық қамтамасыз етуді қажет ететін машиналық тасымалдаушыларды ақпараттар массасын құру қажет.

.

Техникалық қамтамасыз етуақпараттық жүйе жұмысы үшін арналған, сонымен қатар осы құралдар мен технологиялық үрдістерге сәйкес келетін құжаттамалардың техникалық құралдар кешені.

.

Техникалық құралдар кешені келесілерден тұрады:

  1. кез-келген модельді компьютер;
  2. ақпараттарды жинау, жинақтау, өңдеу, беру және шығару құрылғылары;
  3. деректерді беру құрылғылары және байланыс линиялары;
  4. ақпараттарды автоматты алынып-салыну құрылғысы,
  5. эксплуатациялық материалдар және т.б.

Құжаттамалаумен техникалық құралдарды алдын-ала талдау, олардың эксплуатациялануын ұйымдастыру, деректерді өңдеудің техникалық үрдісі, технологиялық жабдықтар рәсімделеді. Құжаттамалауды шартты түрде үш топқа бөлуге болады:

  1. техникалық қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік және салалық стандарттардан тұратын жалпы жүйелік;
  2. техникалық қамтамасыз етуді әзірлеудің барлық кезеңдері бойынша әдістемелер кешенінен тұратын арнайыландырылған.
  3. техникалық қамтамасыз ету бойынша, есептеулерді орындау барысында қолданылатын нормативті анықтамалық.

Қазіргі кезде техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастырудың екі негізгі формалары бар (техникалық құралдарды қолдану формалары): орталықтандырылған және бөлшекті немесе толығымен орталықтандырылған. Орталықтандырылған техникалық қамтамасыз ету. Ақпараттық жүйеде үлкен ЭЕМ және есептеу орталықтарын қолдануға бағытталған. Орталықтандырылмаған техникалық құралдар дербес компьютерлерде жұмыс орнымен тікелей функционалды бағыныңқы жүйелерді жүзеге асырады.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.