Ақша және оның функциялары

Главная » Рефераттар » Ақша және оның функциялары

Жоспар:

Ақша және оның функциялары. Ақшаның түрлері. Ақша агрегаттары. Ақшаның сандық теориясының теңдеуі. Ақша эмиссиясы және оның салдары

Ақша — бұл мәмілені іске асыру үшін қызмет көрсететін, яғни тауарлар мен қызметтерді сатып алуға қолданылатын қаржы активі. Құндылықка ие болатын заттардың бәрі актив деп аталады. Активтер нақты және қаржылық болып екіге болінеді. Нақты активтер — бұл заттық (материалдық) құндылықтар: құрал-жабдықтар, ғимараттар, жиһаз, тұрмыстық техника және тағы сол сияқтылар. Құндылықтары бағалы қағазбен көрсетілген активтерді қаржы активтері деп атайды. Қаржы активтері (ақша ) ақшалай жэне (бағалы қағаз — акция және облигация) ақшалай емеске жіктеледі. Ақшалай емес қаржы активтерінің құндылығы олар табыстар әкеледі: акциялар — дивиденд түрінде, ал облигациялар — пайыз түрінде. Ақшалардың құндылығы олардың жоғарғы өтімділігінде, яғни тауарлар мен қызметтерге айырбасталу қабілеттілігімен ерекшеленеді. Өтімділік (ағылшынша Liguid — сұйық, ағынды) — бұл активтің кез келген басқа, нақты немесе қаржы активіне жылдам және шығынсыз ауыстырылу қабілеттілігі немесе экономикада қабылданған төлем құралына айналуын айтамыз. Өтімділік қасиетіне барлық активтер (нақты және қаржы) ие болады, дегенмен әртүрлі активтердің өтімділік дәрежелері әртүрлі болып келеді. Мысалы, нақты активтер бағалы қағаздарға қарағанда ең төменгі өтімділікке ие болады, себебі оларды сату күрделірек.

.

Қаржы активтеріне келетін болсақ, онда ең жоғарғы өтімділікке ақшалай қаржы активтері ие болады, себебі нарықтық әкономикада мәмілелерді қамтамасыз ететін және әмбебап заңды төлем құралы болып саналатын тек қана ақша болады (мысалы, дүкеннен нанды оның орнына акция немесе облигация беріп сатып алуға болмайды). Қолма-қол ақшалар абсолютті өтімділік қасиетіне ие болады.

Ақшаның мәні оның атқаратын қызметтері арқылы жақсы айқындалады. Мұндай қызметтер (функциялар) төртеу: 1) айналым құралы; 2) есеп бірліктері; 3) төлем құралы; 4) құндылықтар қоры.

Айналым құралы ретінде ақша тауар алмасу, мәмілені іске асыруда көмекші болып табылады. Барлығы ақшамен сатылып алынады және ақшаға сатылады. Ақшалай айырбасқа балама ретінде бартер болады — тауарды ақшаға емес басқа тауарға айырбастау. Дегенмен бартер түбегейлі шы- ғындармен байланысты болып келеді. Бір жағынан, бұл уақыт пен күшгі жоғалту,( яғни балама шығындар), ал екінші жағынан, бұл (мәмілені іске асырудағы шығындар) тікелей трансакциялық шығындар, оған жататындар мысалы «тапталған башмақтар». Тауарға тауар ауыстыруды жүзеге асыру үшін өткен ғасырдың белгілі ағылшын әкономисті, әкономикалық теориядағы шекті пайдалылықтың және математикалық мектептің негізін қалаушы Уильям Стенли Джевонс «ықыластың екі рет түспа-түс түсуі» деп атаған шарты орындалуы қажет. Егер адам белгілі бір тауарды тұтынуға алғысы келсе, онда ол сол тауардың орнына өзінің өндірген затын алуға келісетін сатушыны табуы керек. Ниеттердің, қалап алудың екі рет тұспа-тұс түсуі — өте сирек кездесетін жағдай. Мысалы, нан сатып алғысы келетін етікші, сатылатын нанды етікке айырбастайтын наубайшыны табуы керек. Ауырып қалған суретші суреттің орнына дәрі беруге көнетін дәріхана сатушысын табуы керек. Ал, шашын сәндейтін макроәкономика оқытушысы осы қызметті дзріс тыңдағаны үшін, мысалы ақша теориясы бойынша дәріс тыңдағаны үшін орындайтын шаштараз табуы керек. Іздестірулер ұзаққа созылуы мұмкін және сәтті аяқталмауы да мүмкін. Бірақ бұл кезде ақша бекер жұмсалып, жол бекер жүрілген болады. Сондықтан бартер айырбастың өте тиімсіз және ұтымсыз түрі болып табылады. Ақша — адам баласының ең үлкен өнертабысы. Ақшаның айырбаста көмекші ретінде пайда болуы «ықыластың екі рет тұспа-тұс түсуі» мәселесін және айырбастағы шығындарды жойды. Кез кел- ген тауарды ақшаға сатуға және сол түскен ақшаға басқа тауар сатып алуға болады. Кез келген тауарға немесе қызметке жылдам және шығынсыз ауыстырылу қасиеті (өтімділік қасиеті) ақшаның құндылығын анықтайды және оның айналым құралы ретінде орындайтын функциясын өте маңызды етіп көрсетеді.

Есеп бірліктері ақшаның барлық тауарлар мен қызметтер құндылықтарының өлшеуіштері болып табылатынын білдіреді. Масса килограммен, қашықтық метрмен, сұйықтың көлемі литрмен өлшенетін болса, құндылық (құн) осылайша белгілі-бір ақша мөлшерімен өлшенеді. Ақша пайда болмағанша, әрбір тауардың құны әкономикада шығарылған барлық басқа тауарлардың бекітілген санымен өлшенетін болған. Сонымен қатар, біреудің тауарын сатып алғысы келген немесе өзінің тауарын сатқысы келген адам осы айырбастың пропорцияларын, мысалы нан, етіктермен, банктік несие кезінде, еңбекақының төленуі, трансферттердің алынуы кезінде және т.т.

Ақша құндылық қорлары болып келеді, себебі олар құндылыққа ие болатын қаржы активтері болып табылады. Бұл атап өткен құндылықтар: олардың өтімділігі, олардың сатып алу қабілеттілігі, оларға кез келген тауар, қызметті немесе бағалы қағазды кез келген уақытта сатып алуға болатындығында. Инфляция болмайтын экономикада ақша құндылығы сақталады, уақыт өтс озгермейді жэне адамдар олардың сатып алу қабілеттілігін қазіргіден келешекке апару үшін қолданады. Ақшаның белгілі-бір сомасына бір немесе бес жылдан кейін де тауарлардың бірдей санын сатып алуға болады. Сондықтан ақша құндылықтың сақтаушы құралы болып табылады, осыдан қор жинау кұралы ретінде пай-даланылады. Инфляция жағдайында ақша өз құндылығын жоғалтады, олардың сатып алу қабілеттіліктері азаяды. Баганың жалпы деңгейі жоғарылаған кезде ақшаның белгілі-бір сомасына сатып алынатын тауарлар саны азая береді. Құнсызданған ақшаны жинақтау мағынасыз болып табы-лады. Бұдан құндылық қорлары функциясын құндылыгы құлдырайтын ұлттық валюта емес, құндылығы барлық уақытта сақталынатын басқа елдің тұрақты валютасы орын-дайды. Бұдан басқа, ақшалар қолда ұстайтын өте тартым-ды қаржы акгиві болып табылмайды, себебі олар табыс әкелмейді. Сонымен қатар, дивиденд түріндегі табыс әкелетін акциялар және пайыздық табыспен қамтамасыз ететін обли-гациялар сияқты табысты қаржы активтері болады.

.

Адам иелік ететін (нақты — жылжымайтын мүлік, көркем-өнер шығармасы, антиквариат және т.б. және қаржылық акциялар, облигациялар, ақша) активтердің барлық сомасы оның байлығын құрайды, ал ақша бұл байлықтың тек қана белгілі бір бөліктері болып табылады. Ақшаның барлық функциялары өзара байланысты және өзара тәуелді. Ақша есеп бірлігі болып қызмет көрсететіндіктен жэне барлық тауарлардың құндылығын өлшейтіндіктен олар мәмілелерді іске асыруда қолданылады, ал бұл ақшаның құндылығы бар қаржы активі болғандықтан мүмкін болады, яғни олар өз құндылықтарын уақыт аралығында сақтай отырып, осыған байланысты ақшаны төлем құралы (мерзімі кейінге қалдырылған төлемдер шаралары) ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Дегенмен, ақшаның өте маңызды функциясы болып айналым функциясы саналады, себебі ол ақшалай қаржылық активтерді ақшалай еместен ажыратады.

Ақшаның түрлері

Ақшаның негізгі түрлері: тауарлық және бейнелі түрдегі ақшалар болып табылады. Ақшалар тауар алмасуының дамуы мен күрделенуіне байланысты басқа барлық тауарлардың құндылығын өлшейтін, жалпыға ортақ эквивалент функциясын орындайтын тауарды ерекшелеу қажеттілігінен туындайды. Әр-түрлі елдерде бұл рөлді әртүрлі тауарлар орындаған: мысалы, тұз, мал, шэй, елтірі, тері, бағалы металлдар, бағалы ұлу қабыршақтар, банандар, шошқа құйрықтары, құрғақ терілер және ит тістері және тіпті каури. Осылайша тауарлық ақшалар пайда болды.

Тауарлық ақшалардың басты ерекшелігі: олардың ақшалай құндылығы жэне тауарлар сияқты құндылығы бірдей болып келеді. Тауарлық ақшалар ішкі құндылықтарға ие болады. Олар казіргі заманғы жағдайларда да кәдімгі ақшалар қандай да болмасын бір себептермен қолданылмағанда немесе қолданыла алмағанда пайда бола алады. Мұндай себептерге жататындар сыртқы әлеммен байланыстың үзілуі (осылайша, түрмелерде темекі ақшалай ретінде жүреді) немесе ақша механизмдерін қиратып, оларды бартермен ауыстыратын жоғарғы инфляция және гиперинфляция (мысалы, Азамат соғысы кезінде ақшаның рөлін тұз, сіреңке және керосин атқарған, ал 1990 жылдарда көншілік айырбастау операциялары бартермен жүзеге асырылды.

Айырбастың дамуына байланысты ақшаның рөлі бір тауарға бекінді — бағалы металлдарға (алтын мен күміске). Бұған олардың келесідей физикалық және химиялық қасиеттері себеп болды: а) ықшамдық (кішкентай салмағында көп мөлшердегі құндылық- мысалы, тұзбен салыстырғанда); ә) тасымалға оңтайлылығы — шәймен салыстырғанда тасымалдаудағы жеңілдігі); б) бөлінгіштік (алтынның кесегін бөліктерге бөлу құндылықтың жоғалуына алып келмейді — малға қарағанда); в) біртектілік және салыстырымдық (салмағы бірдей екі алтынның кесегінің құндылықтары бірдей болады — елтіріге қарағанда); г) танымдылық (алтын мен күмісті басқа металлдардан айыру оңай); д) салыстырмалы сиректік (бұл қасиет бағалы металлдарға жоғарғы бағалылықты қамтамасыз етеді);) е) тозыққа төтеп бере алады (бағалы металлдар коррозияға берілмейді жэне уақыт өте келе өз құндылықтарын жоғалтпайды — терілерге, сүрікке, ұлу қабыршақтарына қарағанда).

Бастапқы кезде бағалы металлдар құйма түрінде қолданылды, дегенмен айырбасты қамтамасыз ету барлық уақытта өлшеуді және кесектердің бөлуін талап етті. Сондықтан б.з.д. VIII-VІІ ғғ. Грецияда, құймаларға жазық форма беріп, оған үкімет билеушісінің портретін салып, металлдың салмағын көрсете бастады. Осылайша монеталар және осыған сәйкес монеталық ақша айналымы пайда болды, «монета» сөзінің өзі б.э.д. IV ғғ. Ежелгі Римде аумағында шекімесі жүргізілген Юнона-Монета құдайы храмының атауымен байланысты. Қолдану кезінде монеталар өшіріліп, олардың салмағы азайды, бірақ айырбаста құндылығы бұрынғы күйінде қала берді. Бұл бағалы алтын жэне күміс ақшаларын қағаз ақшалармен жэне қүнсыз металлдардан — мыс, қалайы, никель жэне тағы басқалардан жасалған металл монеталарымен алмастыру мүмкіндігі туралы ойға бұрды. Қағаз ақшалар және монеталар — бұл бейнелі түрдегі ақшалар. Бейнелі түрдегі ақшалардың ерекшелігі олардың тауарлар сияқты құндылығы (анағұрлым төмен) олардың ақшалар сияқты кұндылығымен дәл келмейді. Бейнелі түрдегі ақшалардың ішкі құндылықтары болмайды. Қағаз ақшалар мен монеталар заңды төлем құралы болу үшін, олар декреттік ақша болуы керек, яғни барлығына ортақ төлем құралы ретінде мемлекетпен бекітілген жэне заңдастырылған ақша болуы керек. Мысалы АҚШ-тың доллар купюраларының кез келген номиналында келесідей жазу болады: «Осы банкнота барлық, мемлекеттік және жеке міндеттемелерді төлеу үшін заңды төлем құралы болып табылады».

Қағаз ақшалар тұңғыш рет Ежелгі Қытайда пайда болды. Алғашқы қағаз ақшалар АҚШ-та Массачусете штатында 1690 жылы басып шығарылған. Ресейде қағаз ақшаларының бірінші шығарылымы Екатерина II бұйрығы бойынша 1769 жылы 1 миллион сомаға шығарылып, «ассигнациялар» атауын алған. Сол уақыттағы қағаз ақшалардың ерекшелігі («алтын стандарт» жүйесі жұмыс істеді) олардың алтын ақшаларға еркін айырбасы болды. Бейнелі түрдегі ақшаларға, декреттік ақшалардан басқа қарыздық міндеттемелерді көрсететін несие ақшалары да жатады. Несие ақшаларының үш түрін бөліп көрсетеді: 1) вексель; 2) банкнота; 3) чек.

Вексель — бұл бір экономикалық агенттің (жеке тұлғаның) нақтылы мерзімге қарызға алған нақтылы соманы басқа экономикалық агентке жэне нақтылы (пайызбен ) сыйлық берумен төлеу туралы борыштық міндеттемесі (борышты қолхат ). Вексель, ереже бойыпша, бір кісі екіншісінен тау-арлар алып, олар үшін нақтылы уақыт аралығында толеуге сөз бере алатын болғандағы коммерциялық қарызға беріледі. Вексель алын, ал ақшаны алмаған адам векссльдс беріліс жазуын — индоссамент орнатып оны үшінші тұлғаға тапсыра алады. Осылай вексель айналымы пайда болады.

Банкнота-бұл банктің векселі (борыштық міндеттемесі). XX ғасырдың басына дейін айналымға қағаз ақша шығарылымының (ақша эмиссиясы) құқығына сауда банктері мен қаржы мекемелері ие болған. Осыдан ақша (банкнота, немесе, оларды Қазақстанда банктік билеттер деп атаған) сауда банктерінің борыштық міндеттемелері және (бағалы алтындай ақшаларға еркін, бірінші талап бойынша ауыстырылатын декреттік қағаз ақшалар) мемлекеттің борыштық міндеттемелері болды. Қазіргі уақытта банкнота-ны айналымға шығару құқыгына тек қана орталық банк ие болады, қолма-қол ақша орталық банктің міндеттемелері болып табылады. Бұл міндеттемелер енді мемлекет өз билігімен оларды тауарлар мен қызметтерді ауыстыруда қабылдауына занды төлем құралы ретінде бекіткенін білдіреді.

Чек — бұл банктік салым иесінің осы салымнан өзіне немесе басқа тұлғаға нақтылы сома берілуі туралы ұйғарымы болып табылады.

Несие карточкалары ақша болып есептелмейді, себебі олар айналым немесе төлем құралы емес, олар төлеуді кейінге қалдыру әдісі және қысқа мерзімдік банктік қарыздың түрі болып табылады. Дебеттік карточкалар да ақшаға жатпайды, себебі олар банктік шоттан ақшаны бұрын салынған сомалар шамасында алу мүмкіндігін болжамдайды және сәйкесінше бұл ақшалар ақша массасының құрауышы ретінде банктік шоттар құралдарының жалпы сомасына енгізіліп қойған болады.

Тарихи ақша рөлін не орындағанына байланысты, үш ақша жүйелерін ерекшелеп көрсетуге болады:

1) бастапқыда алтын мен күміс ақша ретінде қолданыл-ған биметаллизм түрінде шыққан, бірақ күмісті өндірудің жоғарылауы мен оның арзандауына байланысты ақша ретінде тек қана алтын қолданылған монометаллизм түрінде болған металлдың;

2) банктер міндеттемелерінің алтын монеталарына ауы-стырылуына негізделген банкноталық;

3) ішкі құндылығы болмайтын және тек қана құндылықтың белгісі, символы болып табылатын толықтай бағалы емес (қағаз) ақшалар айналымы болатын қағаз ақшалай.

Ақша агрегаттары

Экономикада айналымда тұрған ақшаның саны ақша массасы деп аталады және ақша ұсынысының шамасын білдіреді. Ақша ұсынысының шамасы ақша агрегаттары көмегімен өлшенеді. Ақша агрегаттарының саны әртүрлі елдерде ұлттық ерекшеліктеріне және депозиттердің эр түрлі түрлерінің маңыздылығына байланысты болады. Деген-мен, ақша агрегаттарының жүйесі барлық елдерде бірдей қағидалар бойынша тұрғызылады: эрбір келесі агрегаттың құрамына алдыңғысы кіреді. Төрт агрегаттан тұратын АҚШ ақша агрегатының жүйесін қарастырайық: М1, М2, МЗ және L.

1. М1 ақша агрегаты — бұл қолма-қол ақша (кейбір елдер-де, мысалы Ұлыбританияда және Ресейде қолма-қол ақша жеке агрегат болып ерекшеленеді — МО) және ағымдағы шоттарда чек депозиттері немесе талап етілгенге дейінгі депозиттер түрінде болатын ақша құралдары, яғни

М1 = қолма-қол ақша + чек салымдары (немесе талап етілгенге дейінгі депозиттер) + жол чектері.

2. М2 ақша агрегаты — бұл М1 ақша агрегаты мен жинақ шоттарындағы ақша құралдарыпыц, сондай-ақ ұсақ (100 000 долларга дейінгі) жедел салымдардыц қосындысы, яғни

М2 = М1 + жинақ салымдары ) ұсақ жедел салымдар.

3. МЗ ақша агрегаты — бұл М2 ақша агрегаты мен жинақ шоттарындағы ірі жедел салымдардың (100 000 доллардан артық) қосындысы, яғни

МЗ = М2 + ірі жедел салымдар.

4. һ ақша агрегаты — бұл МЗ ақша агрегаты мен (негізінен қазыналық векселдер) қысқа мерзімдік мемлекеттік бағалы қағаздар қосындысы, яғни һ = МЗ + қысқа мерзімдік мемлекеттік бағалы қағаздар.

Ақша агрегаттарының өтімділігі төменнен жоғарыға (L -ден МО-ге дейін) қарай, ал түсімділігі — жоғарыдан төменге (МО-ден L- ге дейін) қарай көбейеді. Әдетте ақша деп жоғары өтімділікке және ең төменгі (АҚШ-та чек салымдарыі бойынша 1980 жылға дейін пайыз тіпті төленбеді) түсімділікке ие болатын М1 ақша агрегаты түсіндіріледі.

Ақша агрегаттары компонентгерінің бөлінуін ажырата білу қажет:

а) қолма-қол ақша және қолма-қолсыз ақшалар. Қолма-қол ақшаларға айналымда жүретін, яғни банк жүйесінен тыс банкноталар мен монеталарды жатқызады. Бұл орталық банктің міндеттемелері. Ақша агрегаттарының барлық өзге компоненттері (яғни банк жүйесіндегі) қолма-қолсыз ақшалар болып табылады. Бұл коммерциялық банктердің қарыздық міндеттемелері;

ә) ақшалар және «ақша дерлік». Ақша болып кұрамына Орталық банктің міндеттемесі болып табылатын қолма-қол ақшалар (С) және коммерциялық банктердің ағымдагы шотгарындағы, осы банктердің міндеттемелері болып табылатын ақшалай құралдары кіретін тек қана М1 ақша агрегаты есептеледі:

М = С + D

Егер жинақ шоттарынан ақша құралдарын ағымдагы шоттарға аудару оңай (АҚШ -дағыдай) болатын болса, онда Б көрсеткішінің құрамына жинақ депозиттері де қосылады. Олар ақша агрегатында болады, себебі айналдыра алатындығынан, жедел есептер жэне қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздарға құрал ақшалай агрегат М1-лерге кіретін оның үстіне МЗ және L-дің ақшалай агрегат М2 қосылатын құралдар сақтау есептері чектік емес құралды атап айтқанда — онда бұл ақша дерлік болып саналады, не-месе сақтау немесе жедел есептермен құралды түсуге жэне ағымдағы есепке қаражатты аудару осы есептерден, немесе мемлекеттік бағалы қағазды сатуды да олардың ақшасына айналдыруға болады.

М2, МЗ жэне L ақша агрегатгарының құрамына кіретін ақша құралдары, М1 ақша агрегатына кіретіндерден асып түсетіндер, атап айтқанда чектік емес жинақ шоттарындағы ақшалар, жедел шоттағы ақшалар жэне қысқамерзімдік мемлекеттік бағалы қағаздар — бұл «ақша дерлік» болып саналады, себебі оларды ақшаға айналдыруға болады, яғни ақшаларды жинақ немесе жедел шоттардан алып, қолма-қол ақшаға айналдыруға болады немесе осы шоттардағы ақшаларды ағымдағы шоттарға аударуға болады, немесе мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып жіберуге болады.

 Ақшаның сандық теориясының теңдеуі. Ақша эмиссиясы және оның салдары

Айналымдағы ақша саны (банктік жүйеден тыс) ақшаның сандық теориясының теңдеуі арқылы анықталады:

МV = РY,

мұндағы: М — айналымдағы ақша саны; V — ақша айналымының жылдамдығы, яғни бір ақша бірлігінің (1 доллар, 1 теңге, 1 сом) орта есеппен бір жылда жасайтын айналымының саны; Р — бағалардың жалны деңгейі (ЖІӨ дефляторы); Ү — нақты ЖІО, РҮ көбейтіндісі атаулы ЖІӨ болып табылады.

.

Теңдеу бір ақша бірлігінің бір жылда жасайтын айналымының санын ескере отырып, айналымдағы ақша санының ағымдағы бағамен есентегендегі ЖІӨ шамасына (яғни атаулы ЖІӨ-ге) сәйкестігін көрсетеді. Бұл әрбір жыл сайын экономикадағы ақша саны осы жылғы бағалармен шығарылған ЖІО -ның құнын төлеуге жеткілікті болуы ке-рек екендігін білдіреді. Сондай-ақ бұл теңдеудің айырбас теңдеуі немесе Фишер теңдеуі деп аталуы кездейсоқ емес (американдық экономист Ирвинг Фишер айналымдағы ақша санын анықтау үшін математикалық формуланы ұсынған, дегенмен ақшаның сандық теориясын тұңғыш рет XVII ғғ. италия экономистері сипаттаған жэне сонымен бірге XVIII ғғ. Д.Юм мен Ш.Л.Монтескьенің және XIX ғғ. Д.Рикардоның жұмыстарында ерекше назар аударылды).

Егер айналымға ақша көбірек шығарылса (ақша массасы жоғарылайды) немесе ақшаның айналым жылдамдығы өсетін болса, онда теңдеудің оң және сол бөліктерінің теңдік-терін сақтау ушін бағалардың деңгейі көтерілуі керек, ал бұл тек инфляция болып табылатыны белгілі.

Ақша айналымының жылдамдығы (әсіресе ұзақ мерзімде) — жеткілікті түрде тұрақты шама болып келеді. Ол банктік салада маңызды технологиялық жетілдіру болғанда (мысалы, банкоматтардың пайда болуы ақша айналымы жылдамдығының өсуіне алып келді) өзгере алады немесе банктік салаға үкімет кірісуінің нәтижесінде байқалады. Ал, дамыған елдерде бұндай жағдай іс жүзінде байқалмайды, себебі коммерциялық банктердің қызметін орталық банк бақылайды жэне олар үкіметтен тәуелсіз болады.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.