Ақтөбе облысы топонимдерінің жіктелу ерекшеліктері

Главная » Рефераттар » Ақтөбе облысы топонимдерінің жіктелу ерекшеліктері

Топонимдердің жіктелу принциптері туралы Э.М. Мурзаев, Ғ. Қоңқашбаев, Ə.С. Бейсенова, Е. Қойшыбаев, Т. Жанұзақов, А. Əбдірахманов, С. Əбдірахманов, К.Д. Каймулдинова, А.С. Омарбекова жəне т.б. еңбектерінде теориялық жəне практикалық жағынан əр түрлі аспектіде қаралып отырды. Ақтөбе облысының топонимдерінің жіктелу принциптері жөніндегі мəліметтер: Б. Уразаева, Ж.Т. Уталиеваның «Топонимия жəне топонимика», «Ақтөбе облысы топонимикасының тарихнамасы», Р. Бекназаровтың «Ақтөбе аймағы топонимикасының тарихи-мұрағаттық аспектісі», К.Б. Уразаева, Ж.Т. Уталиева, Р. Бекназаровтың «Топонимдердің этимологиясы мен жіктелуі жəне атауларды өзгерту тарихы» т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған [1]. Географиялық негізде Қазақстан топонимдерін жіктеу мақсатында бірнеше семантикалық топтарды ажыратуға болады. Олардың арасында мысал ретінде табиғат жағдайларын бейнелейтін атаулар алынады. Мұндағы бірінші топты аумақтың жер бедерін сипаттайтын атаулар тобы құрайды. Осы бай мұрадағы метафоралық сөздер бірнеше семантикалық топша құрайды: 1. Жалпы адам мен жануарларға ұқсату. 2. Адам мен жануарлардың дене мүшелеріне ұқсату. 3. Баспана бөліктеріне тұрмыстарға ұқсату. 4. Іс қимыл əрекетті білдіретін сөздермен əсірелеу. 5. Мифологиялық сакральды мазмұны бар бейнелі атаулар. Екінші топтағы атаулар қатарына аумақтың геологиялық құрылысын сипаттайтын топонимдер жатады. Мұндағы атауларды жіктеу жыныстардың құрамы мен құрылысына, ерекшеліктеріне байланысты жүзеге асырылады. Топонимдерде геологиялық жыныстары құрамы туралы ақпарат тура мағанасында беріледі. Жыныстардың түсіне байланысты атаулар қазақ топонимиясында жиі кездесетін топшаны құрайды.Топонимикалық белсенділігі жөнінен Қазақстанның барлық аймақтарында ақ, кара, қызыл, сары, көк лексемалары (сөздері) басымдылық көрсетеді. Бұл түс атауларының қатысуымен жасалған топонимдердің геологиялық жыныстарға қатыстылары негізінен оронимдерге жатады. Пайдалы қазбалармен байланысты топонимдерде геологиялық ақпарат нақты немесе жанама түрде беріледі.Нақты ақпарат қатарына Алтынды, Жезді, Күмісті,Темірші, ал жанама ақпарат бар топонимдер қатарына тотыққан мыс минералдары таралған аудандарға Көктас,байырғы мыс өндіріс болған аудандарға Бақыртау (Ақтөбе облысы), қорғасын кен орны бар Күйетас атауларын жатқызуға болады. !шінші топтағы атаулар климатты жəне гидрографияны сипаттайтын топонимдерді біріктіреді. Табиғи нысандарды номинациялау барысында климат пен гидрографиялық жағдайды сипаттайтын атаулар тобының қалыптасуы ең алдымен бұл факторлардың шаруашылық маңызымен түсіндіріледі. Климаттық жағдайды сипаттайтын атаулар көбінесе оның басты белгілерін бейнелейтін суық-ыстық, салқын, жылы, жаурау, шуақ, жел, қырау лексемаларының қатысуымен жасалады. Мысалы, Желтау, Жақсы Қарғалы, Жаман Қарғалы. Тртінші топты атауларды төсеніш бетті сипаттайтын атаулар құрайды.Бұл атаулар тобына кейбір жайылымдық терминдер (құм, шақат жəне т.б.) негізінде қалыптасқан атаулар, яғни оронимдердің шағын тобы төсеніш беттің түсі, ылғалдануы мен сортаңдану деңгейін бейнелейтін топонимдерді жатқызамыз. Бұл топтамадағы топонимдер арасында оронимдер мен қоныс, жайылымдық жерлер атауларының басым болуын осымен түсіндіруге болады. Осы ретте қазақ халқының төсеніш бетті сипаттайтын терминдерінің көпшілігі қазіргі ғылыми айналымға кеңінен енгендігін атап өтуге болады. Бесінші топа өсімдік жəне жануарлар дүниесін сипаттайтын атаулар топтастырылған. Жалпы алғанда фитонимдердің географиялық атаулар құрамында жиі кездесуін өсімдіктердің шаруашылық маңызымен түсіндіруге болады. Географиялық атаулар құрамында ағаштар жəне пайдалы өсімдіктердің де атаулары кездеседі. Олардың көпшілігі шаруашылық жəне күнделікті тұрмыста пайдалы өсімдіктер болып табылады. Алтыншы топа зоонимдердің қатысуымен жасалған атаулар төрт түлік малдың Қазақстанда жабайы жануарлардың жəне метафоралық теңеу сөздер ретіндегі жануар атауларымен байланысты болады . Жетінші топа этнонимдер негізінде қалыптасқан топонимдер. Халықтың, ұлттың немесе тайпа, ұлыстың атауы болып табылатын этнонимдер көптеген географиялық атауларға негіз болған.Топонимдер құрамындағы этнонимдер арқылы бұрын мекен етіп,қазіргі кезде жойылып кеткен халықтар туралы, олардың қоныстанған, көшкен аудандары туралы мəлімет алуға болады. Қазақстандағы географиялық атауларда біздің жерімізді бұрын-соңды мекен еткен, көшіп-қонған халықтардың атауларымен қатар, қазақ руларының аттары да көрініс тапқан. Сегізінші топа түстермен байланысты топонимдер. Біздің қоршаған географиялық атаулардың түстермен байланысты қойылғандары айрықша топты құрайды.Тіл маманы Қ.Рысбергенованың соңғы зерттеулері қазақ топономиясында 10 негізгі түс (ақ, қара, қызыл,сары, көк,қоңыр, боз, ала, сұр, жирен) атрибутталғанын көрсетеді. Қазақстанның аймақтары бойынша ірі объектілердің атаулары мысалында осы топтың ерекшеліктерін қарастыратын болсақ: А – бұл түспен байланысты атаулар географиялық нысандардың барлық дерлік түрлеріне берілген атауларда кездеседі. Ала – бұл топтағы топонимдер арасында Алатау оронимі көне деп есептеледі. ара — құрамында қара анықтауышы бар топонимдердің басым көпшілігі түспен байланысты болып келеді. Көбінесе географиялық объектінің түсін қара деп қабылдау қоршаған ортадағы басқа нысандармен салыстыру негізінде жүргізілгендіктен қара деп аталған бъектінің барлығы бірдей дəл сондай қара болмайды. арам шөл типін білдіретін ландшафтылық термин ретінде өсімдікпен бекіген құмдарға қатысты қолданылады. Сары — бұл түспен байланысты атаулар гидронимдерде су түсін ал оронимдерде көбінесе тау жыныстарының түсін білдіреді. ызыл. Атауы қызыл түспен байланысты ірі объектілер қатарына Қызыл теңіз, Қызылқұм жəне т.б. жатқызуға болады [2].

К.Д. Каймулдинованың топонимдерді жүйелеу принциптеріне сүйене отырып, Ақтөбе облысының топонимдеріне жүйелеу жұмыстары жүргізілді: Ауматы жер бедерін сипаттайтын атаулар Кілемжайған- баяғыда Кенесарыны хан етіп сайлағанда кілем жайып, қонақ қарсы алған деген жорамал бар. Екінші қауесет, Патша өкіметі мен қазақ хандығы қосылғанда (Əбілхайыр) орыс губернаторына кілем жайыпты-мыс. Ноғайты жəне Ебейті ауылдары. Ноғайты аулы ауданның Ащы селолық округінің орталығы, Ебейті елді мекені. Ноғайты атауының шығуы ертеде осы маңайды мекендеген. Ноғайлы жұртының Ноғай руына байланысты. Ноғайты, Ебей рулары қоныс еткен осы төңірек Ноғайты, Ебейлер мекендеген аймақ Ебейті аталып кеткен. Құлын кеткен – Сарбие округіне қарасты орталықтан 3км жер. Айналасын 3.5км ұзындықта орлап, малдан қорғап бір-бір ауыз жасаған, ортасынан айбар құдық қазып мал суарған. Құдық суына құлын құлап кеткендіктен аталған. Ор сыртында Мұқаш имам мешіт салдырған. Мешітке сол маңдағы балалар тартылған. Бақай- өзінің үлгісімен ұсақ буын сүйектерін елестетеді. Жайлаусай тек қана жаз жайлау орындарын ғана көрсетіп қоймай, сай, өзендерден тұратын жер бедерін де білдіреді. Көптоғай- сандық ұғымда орманды алқап, тоғайлы жерді білдіреді Ауматы геологиялы рылысын сипаттайтын топонимдер Жақсымай- темір жол станциясының, елді мекеннің атауы. Темір жол станциясынан 25-30км шамасында Ақсай ауылына жақын мұнай шыққан жерлер. Ақтөбе облысындағы алғашқы мұнай табылған жер аты. «Жақсы май»- пайдалы май деген сөзден шыққан. Осы жердегі алғашқы мұнай 1932-33 ж өндірілген. Никельтау- селолық округ орталығы, елді мекен атауы. Осы жерден никель кен орындарының табылуына байланысты жергілікті халықтың қойған атауы. Климатты жəне гидрографияны сипаттайтын топонимдер Сарыдүлек сөзі түсіндіруге күрделі. Бұл топоним Дүлей сөзінің бір мағынасы боранның ұлуы түсінігін білдіреді. Түс эпитеті топонимдерде көріне отырып, боранның күшімен салыстырылады. Жел мен боранның күші басқа да ауа райының құбылысы көшпелі үшін апат, қара сөзімен білдіреді, ол көбінесе қара-черный сөзімен білдіріледі. Егіндібұлақ топонимі топономикалық жүйеге, ландшафттың ерекшеліктерінің байлығына гидронимдерге бұлақ-родник, ручей, источник формантының есебінен кірігіп тұр. Сонымен бірге егін-уражай мағынасын да құрастырған. Егіншілікке жарамды жерлер, егістікке жайлы жер орыс қоныс аударушыларын қызықтырып отырған. Қарасу топонимі Қазақстанның гидронимикалық жүйесі контекстінде тұтастай алуға болады: топоформанттық ақ – белый семасына қарағанда қара семасы терең жатқан жерасты суларын білдіреді. Жағабұлақ топонимі бұлақтардың көптігімен түсіндіріледі, бұл уақытта топонимді жағалай сөзін ұштастыру ретінде бұлақ сөзін қосып алуымыз керек. Алайда жаға сөзі қазақша «берег» сөзін білдіреді, бұл түбірден əшекейінде жағажай, жағала (брод) құрастырып жатамыз. Асылы, мұнда басқа этимологиялық түсіндерме көрінбей тұрғаны болу керек. Ол бұлақты көзбен қарағанда жаға (воротник) формасын елестетіп тұрған көзбе көз түбірден шығып тұрғаны болуы керек, сондай ақ өткелді жағалап өтуді түсіндіретін болар. Топонимдерді қалыптастырудың ұлттық топономиясына сипатты мұнда физикалық, заттық мағына да, метафоралық ұлттық топономиясына сипатты мұнда физикалық, заттық мағына да, метафоралық мағына да тұр. Бөгетсай селолық округі, өзінің орталығы болып тұрған кенттен атау алған, өзен барлығын жəне онда дамбы салынып, бөгелгендігін білдіреді. Бөгетсай Хромтау ауданының оңтүстік-батысында, Ор өзенінің оң жағасында орналасқан село. 1957 ж мұнда Бөгетсай совхозы жəне селолық советі құрылған. Бұдан бұрын мұнда «Красный октябрь», «Тикаша», «Шілітісай», «Миялы», «III Интернацианал» колхоздары болған еді.Бөгет сөзі дамбы, бөгеу деген білдереді. «Красный октябрь», «Тикаша», «Шіліктісай», «Саталин», «Екі баз», «Жаркөл», «Жоса», «Үшқұдық», «Қарлау», «Тұщыайрық», «Миялы»,«III Интернацианал» атауларында қазақ топонимдері басым. Сұның үстіне », «III Интернационал», «Красный октябрь», «Сталин», саяси фактордың ықпалын білдіріп, идеологиялық тұрғыдағы топ құрса, «Тікаша», «Шілітісай», «Миялы», сияқты қазақ топонимдері қазақтардың топографиялық пайымдау ерекшеліктері мен белгілерін: оның өсімдік əлемін, шаруашылық нысандарының барлығын, топырақ түрлерін анықтайды. Тсеніш бетті сипаттайтын атаулар Жарлы ауылы қиылған, уақталған, жармақ сияқты мағынадағы омонимдік бірнеше ұғымдардан шыққан ауыл аты. Топонимнің пайда болуына көзбен шолу белгісі бойынша рельефтің, ландшафтың, бөлшек-бөлшек болуы жетекші болуы мүмкін. Бірақ бұл тек гипотеза. Құмжарған кентінің дəстүрлі атауы сөзбе сөз аударсақ құмды жарған «разбивший песок» мағынасын білдіреді. Мұғалжар ауданы үшін құм мен судың молшылығы тəн. Бұл сөзтіркестің мағынасын бейнелеп айтсақ жергілікті ландшафтты дəл сипаттап, құмның ағып шығып жатқан бұлақты дəл сипаттайды. Біршоғыр селолық округі, көрсетілген əкімшілік орталығынан басқа, Сарысай ауылын Алабас разъездерін біріктіреді, үш топонимде де жергілікті жерді атаудың екі принципі анық байқалады. Алабас ландшафт туралы ақпараттың халықтық принциптерін бейнелейді. Ландшафттың физикалық ерекшеліктерімен қатар мұнда түстер палитрасын əсердің көзбен шолынуы жөнінде ақпарат білініп тұр, түс бұл жерде жағырапиялық ақпаратқа бағыт, сары құм түсіне бейімділікті білдіреді. -сімдік жəне жануарлар д.ниесін сипаттайтын атаулар Жылантау — ескі Қарабұтақтың шығысында, шамамен 6 шақырымдай жерде, қаратастың ортасын тесіп өскен екі қайың назарыңды еріксіз өзіне аудартады. Осы жер «Жылантау» деп аталады. Ертеректе түс мезгілінде осы таудан төмен қарай шаңдатып, жыландар суға құлайтын болған. Көтерілген шаңның көлемі өте зор болған дейді. Жыландардың көп болуы, бұл жердің алтынның мол қоры бар деген жорамалға сəйкес келеді. Миялы — мия түбірі тұқымы ащы, ақ жəне қызыл түсті жемісті өсімдік. Басқа сөзбен айтқанда, топоним осы өсімдіктің бұл жерде ну өсіп тұрғандығын көрсетеді. Қыналы- топонимнің этимологиялық көрінісі ботаникалық өсімдік мотивімен де, сондай ақ сандық өсім, молшылық идеология тұрғысынан айқындалады. Жердің топономикалық көрінісі ботаникалық өсімдік мотивтері ғана емес, сондай ақ сандық көбею, молшылық идеясы арқылы қалыптастырылатыны қызықты. Сартоғай селолық округінің орталығы əуелде Сартоғай кенті болды, қазіргі орталығы Алтай батыр кенті. Сартоғай топонимі жағырапиялық мекен атауларының қазақ жүйесіне тəн: орман, орманды жер, тоғай деген мағынаны білдіреді. Этнонимдер негізінде алыптасан топонимдер. Жамбыл — топоним-антропоним. Бұл есім осы жерде туылмаған ұлы ақынның есімі. Осы топонимді зерттеу советтік дəуір топономиясы үшін екі заңдылықты көрсетеді. Біреуі – мекенді белгілілі адамның есімімен атау тенденциясы. Екіншісі — антропоним топонимнің шығу уақытын көрсетеді. Темір ауданының атауы осы жердегі өзеннің атауынан шыққан. Топоним этимологиясы туралы екі пікір белгілі. Топонимнің пайда болуын Ақсақ Темір туралы аңыздардан жəне Қобыланды батыр туралы эпостық жырымен байланыстырады, өйткені екеуінде де бұл топоним кездеседі. Екнші жағынан темір-металлмен.

.

Жабасақ – «Ақтөбе облысының топономикалық кеңістігі» кітабы авторының пікірі бойынша өзінің атауын ауқатты, бай Жабасақтың атынан алды, (Қаратамыр руынан), оның моласы ауылдан 12 шақырым жерде жəне Қарамола деп аталады. Жабасақ тұрғанға дейінгі осы мекеннің аты Төбебасы болып аталатын, сөзбе сөз алғанда төбенің басы, бейнелеп айтсақ: төбелердің төбесі. Т.стермен байланысты топонимдер. Қарабұтақ — Əйтеке би ауданының оңтүстік-шығысындағы село. Сөзбе сөз алсақ — қара бұтақ. Өсімдік əлемнің сүреңсіздігін, дала кейпінің аскеттік бейнесін, жапырақсыз, құрғақ ағаш бұтақтарын білдіреді. Өсімдік əлемнің ерекшеліктері айқын сезіледі. Ақкөл топонимі қазақтардың санасында оазисті елестетеді, өйткені ақ көлдің сөзбе-сөз аудармасы- белое озеро. Ақтөбелік зерттеушілердің пікірі бойынша, көлді алыстан көргенде көз алдына ақтаңдық көрінеді. Біздің көзқарасымызша, топономикасының пайда болуы қазақтардың ойлауының метофориялық табиғатында жасырын тұр, түс семантикасын жоғарғы реттегі идея дəрежесіне көтерілуін ойға оралтады. Қазақтардың өздері соншалықты ұнататын түстерін табиғи символ ретінде қабылдауы ақтүсті ақынжандылықпен қабылдауында тұр. Ақтасты- ақ тас ұғымын білдіреді. Əйтеке би ауданының батысында орналасқан көлден басталады, барлығынан дұрысы, антропонимикалық шығу тегі болар. Сұлукөл топонимі қызықты. Ақтөбе авторларының кітабында мынадай жергілікті аңыз келтіріледі. Бұл жердің тұрғындары атаудың шығу себебін жетіру жағалбайлының бір байының қызы кедейге жігітке ғашық болып, əкесінің ырқына қарсы шыққаны туралы аңызбен байланыстырады. Қас сұлудың атымен, оның құрметіне қойылған тас жəне көлдің ортасына тартылған тас жол, қайықпен жүзіп келе жатқанда қаза болған қыз аңызы сыр шертеді. Уақыт өткесін көл тартылды, ал асқақтап тұрған тас əдемі аңыздың, жас адамдардың сезім сұлулығының белгісі болып қалды. Қаракөл-үлкен көлдің атауы. Оның мөлшері мен тереңдігі жағырапиялық нысанның атын түсіндіреді. Көл түбі көрінбегендіктен қара болып көрінеді. Судық қою қаралығы-көлеңкелі жердің сипаты. Ақкемер өз атауын Елек өзенінің жағалауынан алады. Екі құрамды формант ақ кемер мағынасын білдіреді. Кемер семасы өлкенің гидронимикалық көрінісін сипаттайтын топонимдер құрамында жиі кездеседі. Түрлі түсті эпитетпен ұштастыра қарасақ, көбінесе қарама қарсы контрастыда топырақ сипаты жөнінде ақпарат береді. Қаратал топонимі осы жердің өсімдік əлемінің жұтаңдығын көрсетеді. Жергілікті жердің көрінісі Үшқұрай топонимімен толықтырыла түседі, сөзбе сөз алғанда үш құрай (осы жерде өсетін қамыс тектес өсімдік, бұта). Қызылжар селолық кругінің атауы қазақ топономикалық жүйесінде тараған топонимдері: Ақжар, Қаражар, т.б сөздерді қалпына келтіреді. Қазақтардың түрлі түстік семантикасында қызыл түске ерекше орын беріледі- қызыл түс қыздың киінуінде ең сүйікті мейрамдық түс, неміс философиясының мəжусилер арасында қызыл жəне сары түстердің тəуір көріледі [3].

.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.