Ақтөбе облысының минералды ресурстары

Главная » Рефераттар » Ақтөбе облысының минералды ресурстары

Ақтөбе облысы бірегей минеральды-шикі затқа бай. Пайдалы қазба байлықтардың негізгі түрлері: хром, мұнай, мұнай-газ конденсаты, қоңыр көмір, никель, мрамор, мыс рудасы, хромиттер, фосфориттер, құм-қиыршық тастары, кірпіш балшығы, гипс, әк у тастары. Республиканың минералдық-шикізат кешені ел экономикасының басым салаларын қажетті шикізат базасымен қамтамасыз ете алады, Қазақстанды тұрақты даму жолына алып шыға алатын «локомотив» болады. Қазақстан мыс, уран, титан, ферроқорытпа және болаттың әлемдік нарығында стратегиялық рөлге ие бола отырып, Еуроазия субконтинентінде хромды шығару бойынша монополист болып табылады, темір, марганец, көмір және алюминийдің өңірлік нарығына едәуір ықпалы бар. Тасымалдау мәселелерінің шешілуімен, Қазақстан мұнай қорларын тиімді пайдаланып, әлемдік мұнай нарығында лайықты орынға ие бола алады. Жер байлықтары – бұл биосфераның минералдық негізі, табиғаттың бірінші құрылымды бөлігі. Жер байлықтарының бастысы – пайдалы кендер. Пайдалы кендерге барлық табиғи минерал байлықтары жатады. Олар өнделген күйде немесе мол бірінші табылған күйінде пайдаланылуы мүмкін. Мысалы, пайдалы тастар, отындық материалдар сол күйінде пайдаланылады, ал мыс, қорғасын, темір т.б. қазбалы байлықтап өндегеннен кеін ғана кәдеге жарайды. Көптеген табиғат ресурстары жердің сыртқы қабатында жатады. Минералды ресурстар суда да болады. Мысалы, сулардан фосфорды, калиді, магнийді, темірді т. б. өндіруде пайдаланылмай жатқан мүмкіндіктер мол. Минералды кен ресурстары өздерінің, табиғи сапасына және пайдалану
1) Отын-энергетика ресурстары — мұнай, газ, көмір, жанатын сланец, торф, уран т. б.
2) Кен ресурстары — темір және марганец рудалары, хромит, боксит, мыс, қорғасын-мырыш, никель, вольфрам, молибден, қалайы, бағалы металл рудалары т.б.
3) Тау-химия шикізаттары — апатит, фосфорит калий, магнезий, ас түзы, күкірт, барий, тау рудалары, және иод қоспалары бар ерітінділер т. б. (4-сурет).
4) Табиғи құрылыс материалдары, минералды руда емес табиғи қазбалар — мрамор), гранит, азот, тау хрусталы, корунд, алмаз т. б.
5) Су минералды ресурстары — жер асты тұщы сулары мен минералды сулар. 1926 — 1983 жылдары жүзіндегі минералды ресурстар өндіру 252,8 млр; болды, оның ішінде көмір — 128,4 млрд т, мұнай конденсатын қоса есептегенде) — 67,3, темір рудасы 26,2 млрд т, табиғи газ — 30,8 трлн м3 болды. Сонғы жылда минералды шикізатты өндіру қарқыны бұдан 100 жыл бүрынғы мөлшерінен асып түсті. Мұның.өз көптеген региондардың экологиялық жағдайының нашарлауына әкеліп соқтырды.
Дүние жүзінде жыл сайын жер қойнауынан 100миллиард тоннадан астам руда түрлері, құрылыс материалды көмір, мұнай т. б. өндіріледі. Осы өндірілген шикізаттардан 850 млн тонна металл түрлері қорытылып 100 млн тоннадан астам тыңайтқыштар, 4 млн: тонна түрлі улы қосылыстар, 50 млн тоннаға жуык, синтетикалық материалдар алынады.
Ақтөбе облысы хром өндіру жөнінен дүние жүзінде алдыңғы орында (Хромтау ауданы, Оңтүстік-Кемпірсай рудный ауданы) және Қазақстан Республикасында никель кенін шығаратын жалғыз аймақ болып табылады. (Кемпірсай тобы, рудадағы негізгі өндірістік компоненттер – никель мен аралас кобальт).
Ақтөбе облысы аумағында — Мұғалжар, Темір және Байғанин аудандарында Қазақстандағы 10% барланған және 30% шамасында болжамды көмірсутегі қоры бар деп негізделеді. Ең ірі кен орындары – Жаңажол мен Кеңқияқ.
Қарғалы ауданында шикізат пен энерготасушылардың ішкі қажеттіліктерінің көпшілік бөлігін қамтамасыз ететін қоңыр көмірдің қоры сақталған [1]
Аймақта жүзден аса кеңінен таралған пайдалы қазбалар кен орындары зерттелді. Олардың негізгі үлесі Хромтау (24%) және Мұғалжар (18%) аудандарында, сондай-ақ, Ақтөбе қаласында орналасқан (21%).
Ақтөбе облысы көмірсутегі және минералды шикізатты өндіру есебінен, өңірдің бірінші кезекті салаларын (құрылыс индустриясы, химиялық өнеркәсіп, машина жасау, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу) дамытумен қатар қарқынды өңдеу өнеркәсібінің есебінен және Қазақстанның Батысында көлік-логистикалық орталығын дамыту есебінен қолайлы бизнес-ортасы бар тіршілік сапасы деңгейінің тұрақты өсу орталығына айналады. Хромит рудаларының пайда болуы генетикалық тұрғыдан Кемпірсайдағы вулканогендік жыныстар алқабымен тығыз байланысты. Солтүстік Кемпірсай тобындағы кен орындарының хром тотығы мөлшері – 29% — 52% — ке жетеді. Ал Оңтүстік Кемпірсай тобындағы кен орындарының рудасында хром тотығы молырақ – 45%-63% онымен қоса басқа элементтер де бар. Ондағы кендер бірнеше топтарға бөлінеді, соның ішінде Жарлыбұтақ (Алмаз, Жемчужина, Миллионное, т.б.); Дөң (Гигант, Спутник, геофизикалық т.б.); Жалғызағаш (Қазақстанның 40 жылдығы, Жастар т.б) топтары бар [2].
Никельдің едәуір қоры Мұғалжар таулы ауданында үгілген тау жыныстары қыртысында шоғырланған. Никельдің 40-тан аса ірі кені Ақтөбе облысындағы Кемпірсай кен орнының үгілу қыртысындағы Бүрақтал кеніштеріне де шоғырланған. Қостанай облысындағы Аққара, Ақтау кендерінІң қоры мол, сапасы жоғары. Никель кен орындары Ңарағанды, Шығыс Қазакстан облыстарында да бар.
Минералды ресурстарды тиімді және ұтымды пайдалану – Қазақстан Республикасы үшін маңызды мәселелердің бірі.
Өндіріс орындарынан шығарылған техногенді қалдықтарды кәдеге жарату арқылы еліміздегі қалдықсыз технологияны дамытумен бірге, экологиялық мәселелерді шешуге де жол ашу қажет. Сондықтан өндіріс қалдықтарын өңдеу арқылы пайдаға асыру және оларды құрылыс материалдарын алу үшін шикізат көзі ретінде пайдалануды қолға алу керек.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.