Ақтөбе облысының шөлге айналу проблемалары

Главная » Рефераттар » Ақтөбе облысының шөлге айналу проблемалары

Қазіргі замандағы шиеленіскен мəселенің бірі жердің жойылу немесе шөлдену мəселесі болып табылады. Конвенцияда қабылданған терминологияға сəйкес, «шөлдену» — жердің жойылуы, жартылай құрғақ жəне құрғақ аудандардың əртүрлі факторлары, оның ішіндеклимат өзгеруі мен адам əрекеті əсерінен туындайды. Шөлдену, шөлді аймақтардағы өсімдік биоөнімділігінің циклдық ауытқуымен ерекшеленеді («шөлдің кеңейуі мен тарылуы»), бұған климаттық ауытқуларға байланысты жер серігінен алынған мəліметтер дəлел болады. Шөлденудің басты экономикалық зардаптары өнімділіктің төмендеуі, ауыл шаруашылық мəдениетінің дамуы, мал шаруашылық өнімділігінің қысқаруы, ауыл шаруашылығындағы экспорт патенциалының төмендеуі, тамақ жəне жеңіл өнеркəсіптің даму кідірісі, салықтың ауыл шаруашылығына салынатын салық түсімінің кідіруі.

Облыс аумағының солтүстіктен оңтүстікке жəне шығыстан батысқа қарай кеңінен созылып жатуы, бедерінің жазықтығы, литологиялық — геологиялық құрылымының бірдей еместігі жəне жерасты сулары жатуы жағдайларының түрлішелігі Ақтөбе облысы аумағы топырақ жамылғысының сипатын қалыптастырды. Облыс топырақ жамылғысының айтарлықтай ерекшеліктерінің бірі олардың механикалық құрамының қарапайымдылығы, ол топырақтың физикалық-химиялық қасиеттерін белгілейді жəне өзіндік табиғи өсімдіктердің жақсы өсуіне жағдай жасайды. Аймақтық топырақ өкілдерімен қатар жаралымдардың ерекше жағдайына байланысты – интра аймақтық топырақ түрлері кеңінен таралған, олардың ішінде сортаң, ақ сортаң, шабындық — батпақ жəне аллювий топырақ анағұрлым көп, ал мия сирек кездеседі.

Ақтөбе облысы Республикада орманы аз өңір. Мемлекеттік орман қоры жерінің алқабы 199,5 мың гектар, оның ішінде орман алқабы – 90,7 мың гектар. Өндіріс орындары облыстың топырағының ластануына күшті əсер етіп отыр. Топырақтың ластануы негізінен өнеркəсіп кəсіпорындары орналасқан радиуста қалыптасуда. Облыс жерін негізгі ластаушылар болып мұнай-газ өндіру кəсіпорындары, темір жолдың өндірістік бөлімшелері жəне тұрмыстық қатты қалдықтар үйінділері жиналған ауылдық елді мекендер болып табылады. Мұнай жəне мұнай өнімдерімен жерді ластаушылардың негізгі үлесі мұнай мен газ өндіруші ірі компанияларға тиесілі. Бұл компаниялар мұнай скважиналарын мерзімінде техникалық қызметтен өткізбегендіктен мұнай өнімдері қалдықтарының қалуына жəне қарасты жер аумағына залал келтіруге себепкер болып отыр. Мысалы, мұнай мен газ өндіруші Мұғалжар ауданы аумағында мынадай факторлар əсер етуде: «Жаңажол» ірі мұнай кен орындарын пайдалану, бұл кеніш аумағында топырақ жəне өсімдік жамылғыларына өндірістік интенсивтендіру жəне кешенді дамыту есебінен күшейтіліп отырған техногендік процестер кері əсер етуде. Соның кесірінен мұнай өнімдерімен жəне басқа зиянды заттармен ластанған алқаптар ұлғаюда. Бұл ауданға антропогендік əсер етуде мынадай да факторлар ықпал етуде немесе ықпал етті: көмірсутегі шикізатын іздеу, зерттеу, құрамында алтын бар рудаларды өндіретін рудниктер жұмысы, фосфориттер өндіру, бір кездегі «Ембі-5» сынақ айлағы, ауыл шаруашылығын ұқыпсыз жүргізу. Мұның бəрі аудан аумағын шөлейтке айналдыру процесін күшейтті.

Қазіргі кезде ауданның көптеген алқаптары иесіз қалып, арам шөп басып кетті. Пайдаланылмай жатқан жерге көп жылдық шөптер өсірілмейді. Облыстың басқа аудандарында да осындай жағдайлар орын алған. Елді мекендер айналасында жиналып жататын өндірістік жəне тұрмыстық қалдықтар да жер қыртысына кері əсерін тигізуде. Облыста жыл сайын 25 мың тоннадан астам тұрмыстық қатты қалдықтар, 3,5 мың тонна мазутты топырақ, 9,7 мың тонна аршылған жыныстар, 84,6 мың тонна ППС үйінділер, 4,4 мың тонна бұрғылау қоқысы, 10 мың тонна күкіртті натрий шламы, 171 мың тонна монохроматты өндіріс шлагы, 4 мың тоннадан астам құрылыс қалдықтары жиналады. 2006 жылдың 1 қаңтарына облыс бойынша 10,492 мың гектар жер бүлінген деп тіркелді.оның көп бөлігі бұрынғы «Шилісай» ААҚ — 1127 гектар, Кемпірсай — 1000 гектар, секілді кəсіпорындарға тіркелген. Облыста миллиондаған тонна өндірістік жəне тұрмыстық қалдықтар оның ішінде, 7,8 миллион тонна монохроматты шлам жиналып қалған.

Көптеген кəсіпорындарда жерді өңдеу жөнінде нақты шаралар алынбайды, көптеген аумақтар өндірістік қалдықтарға толған. Темір жол бойындағы нысандардың жерлері де қолайсыз жəне экологиялық ауыр жағдайда, оларға қарасты жерлер мұнай өнімдерімен қатты ластанғаны байқалады, ал мазутты топырақтан тазарту уақытында жəне толық көлемде жүргізілмейді. Кəсіптік жұмыстар интенсивті жүргізілген жерлердің ластану себептері бар. Мұнай гравитациялық күштің қысымымен жерге тіке верикальды кетеді жəне жер бетіндегі жəне капилярлық күштердің əсерімен кең жайылады. Бұл облыс ландшафттарының геохимиялық балансын бұзады. Мұғалжар ауданының батыс бөлігінде де топырақ жəне өсімдік қыртыстарында шамалы ластану, бұзылу орын алған. «Актюбнигри» ААҚ жүргізген мұнай кеніштері қоймаларын тексеру қорытындылары бұрғылау ерітінділері өте тұзды болғандықтан, бұрғыланған жерлердің топырақтары мен жерасты сулары тұзды екенін көрсетті. Тұзды ағын су вертикальды да, горизонтальды да жүреді. Тұздалған алқап тек бір ғана бұрғылау скважинасы 4,5 га алады. Топырақтың тұздалу процесі өте баяу жүреді, сондықтан бұрғыланған жер тек 10 жылдан кейін ғана қалпына келеді.

Өсімдікті жердің негізгі бөлігі ежелден жайылым ретінде пайдаланылып келеді. Жайылымның өте көп күш түсуінен өсімдік синантропикаға ұшырауда, бұл флораның кедейленіп, бір ізділіктен кетеді. Мал жаюдың, шөп шабудың, егіншіліктің бақыланбауы, елді мекендердің дұрыс күтілмеуі, көлік, пироген желілерінің дамуы секілді көптеген факторлар əсерінен өсімдік топырағы мен экологиялық жүйеде азып- тозу жүреді, соның нəтижесінде өсімдік əлемінде тұрақсыз атропогендік модификация қалыптасады, оның құрылымы қарапайымданады, биологиялық ерекшелігі төмендейді, өнімділік кеміп, экологиялық жүйенің ресурстық маңызы жойылады. Топырақ жəне өсімдік қатпарының бұзылуының анағұрлым жоғары дəрежесінің негізгі алатын орны елді мекендердің маңында, көмірсутек шикізатын зерттеу жəне өндіру орындарында байқалады. Жекелеген жерлерде эрозия жəне дефляция ошағы орын алады, топырақтың генетикалық профилінің жəне оның су-физикалық қасиетінің бұзылуы байқалады. Орал маңы үстірті ауданында жердің 35 пайыздан астамы жыртылған. Мұнда бағылатын мал бақыланбайды, өнеркəсіп нысандары бар. Қазіргі кезде көптеген жыртылған жерлер иесіз қалған, тыңайтуды қажет етеді. Кейбір жерлерде доминатты құрамы өзгерді, флоралық жəне фитоорталықтық əркелкілігі жоғалғаны тіркелді. Торғай үстірті ауданында доминаттық құрам алмасуы, шөп-шаламның өсуі белең алып, ауыл шаруашылығы жерлерін: жер жырту, шөп шабу, жайылым, қыстақ жəне басқаларды бақылаусыз пайдалану себеббінен ресурстық əлеует жоғалады. Мұғалжар ауданының жекелеген аумақтарында жолдардың көп тоғысуы жəне олардың төңірегінде жиналған тораптар алқаптардың көп бөлігін алады. Көптеген алқаптарда мал жайылуда, бұл өсімдік жамылғыларын жойып, өзгертуге апарып соқтыруда. Солтүстік Арал маңы жəне солтүстік Үстірт ауданының аумағы шөл дала десе болады, мұнда мал бағып, өсіру дамыған. Малды жөн-жосықсыз, жүйесіз жаюдың нəтижесінде жайылымның 20 пайызынан астамы жарақсыз болып қалды, ал төрттен бірі эрозияның əр түрімен зақымданған. Аталған барлық факторлардың ақары облыс жерін шөл далаға айналдыруды жеделдетуде.

Өртке қарсы күрес жүргізілмейтін немесе мерзімінде жəне толық көлемде жүргізілмейтін аудандарда зор көлемді аумақтар өртке шалдығуда (сурет 1). Облыстың көптеген аумағында болатын науқандық өрттерге аса көңіл бөлу керек, өйткені өрттің салдары экологиялық жүйенің, əсіресе өсімдік жəне жануарлар əлемінің толық жойылуына апара жатыр. Мəселен, қосымша жыртылатын алаң ерекше бағалы учаскені өрт шалудан сақтайды, осылайша экологиялық жүйенің қозғаусыз қалуын сақтайды. Ақтөбе облысының 12 əкімшілік ауданының бесеуі Арал теңізінің тартылу процестеріне жəне көмірсутектерін өндіру нəтижесіндегі экологиялық дағдарыс алды жағдайына байланысты экологиялық апатты аймаққа кіреді. Арал теңізі апатты аймағына Шалқар ауданы, ал экологиялық дағдарыс алды жағдайы аймағына Байғанин, Ырғыз, Темір, Мұғалжар аудандарының аумақтары жатады. Өнеркəсіптік жəне ауыл шаруашылығы қызметтерінің бақыланбауы, Арал теңізінің құрғауы нəтижесі облыс жерінің шөлге айналуына апаруда. Көшкін құмдарды тоқтату мəселесі де өткір күйінде қалып отыр. Көшкін құмдар да өсімдік əлеміне кері əсерін тигізеді. Тартылып бара жатқан Арал табиғи экологиялық жағдайды күрт өзгертті, өзінің əсері бойынша басты сипатқа ие болды. Оның жер қыртыстарына əсері мынадай: • Арал теңізі орнынан ауа арқылы ұшатын тұздың жердің үстіңгі қабатын тұздауы; • аумақтардың шөлге айналуына жəне түсетін ылғалға қарағанда булану процесінің күрт өсуіне байланысты геохимиялық процестердің өзгеруі, бұл жер-топырақ суларының капиллярлық токтарыныңы күрт өсуіне, жер-топырақ қабаттарының тұздалуына апарады; • топырақтың су ерітіндісі сілтісінің өзгеруі, яғни топырақ ерітіндісіндегі гидролиттік сілті тұзы мөлшерінің өзгеруі – өзіне сіңірген натрийді құрайтын топырақтың алмасу реакциясының нəтижесі; • гидролитикалық сілті тұзының топырақты қоспасындағы белгіленген топырақтың су қоспасының сілтісі мөлшерінің өзгеруі, бұл құрамында сіңірілген натриі бар топырақтың алмасу реакциясының нəтижесі; • теңіз түбінен шығатын тұз құрамды натрийдің болуынан сілтінің көбеюі, тұзды топырақты жер қабатыныңнатриймен тұздалу деңгейінің көтерілуінің салдарынан болады. Өсімдік жамылғыларының басым көпшілігінің төмендеуіне соқтыратын жəне келіп жатқан ылғалдың көлемі шұғыл арада азайып кетуіне байланысты Арал теңізі бассейніндегі шөлейттену аумағының ұлғайа беретіндігін ескеріп, органикалық қалдықтардың минералдану үрдісінде өзгерістер болатынын айғақ. Топырақтың физикалық-химиялық құрамындағы барлық өзгерістер өсімдіктер қауымдастығының жəй-күйі мен құрамына жəне осыған орай мал азығының өнімдеріне де кері əсер етеді. Шалқар, Байғанин аудандарындағы шөлейттенуге қарсы күрес аясында көшпелі құмды тоқтату мақсатында сексеуіл отырғызылуда. 2004-2005 жылдары осы мақсатқа облыстық бюджеттен 12,5 млн. теңге қаржы бөлінді. Ақтөбе облысының 12 əкімшілік ауданының бесеуі Арал теңізінің тартылу процестеріне жəне көмірсутектерін өндіру нəтижесіндегі экологиялық дағдарыс алды жағдайына байланысты экологиялық апатты аймаққа кіреді. Арал теңізі апатты аймағына Шалқар ауданы, ал экологиялық дағдарыс алды жағдайы аймағына Байғанин, Ырғыз, Темір, Мұғалжар аудандарының аумақтары жатады. Өнеркəсіптік жəне ауыл шаруашылығы қызметтерінің бақыланбауы, Арал теңізінің құрғауы нəтижесі облыс жерінің шөлге айналуына апаруда. Көшкін құмдарды тоқтату мəселесі де өткір күйінде қалып отыр. Көшкін құмдар да өсімдік əлеміне кері əсерін тигізеді.

Өсімдік жамылғыларының басым көпшілігінің төмендеуіне соқтыратын жəне келіп жатқан ылғалдың көлемі шұғыл арада азайып кетуіне байланысты Арал теңізі бассейніндегі шөлейттену аумағының ұлғайа беретіндігін ескеріп, органикалық қалдықтардың минералдану үрдісінде өзгерістер болатынын айғақ. Топырақтың физикалық-химиялық құрамындағы барлық өзгерістер өсімдіктер қауымдастығының жəй-күйі мен құрамына жəне осыған орай мал азығының өнімдеріне де кері əсер етеді. Шалқар, Байғанин аудандарындағы шөлейттенуге қарсы күрес аясында көшпелі құмды тоқтату мақсатында сексеуіл отырғызылуда. 2004-2005 жылдары осы мақсатқа облыстық бюджеттен 12,5 млн. теңге қаржы бөлінді [2, 3]. Тартылып бара жатқан Арал табиғи экологиялық жағдайды күрт өзгертті, өзінің əсері бойынша басты сипатқа ие болды. Оның жер қыртыстарына əсері мынадай [4]: • Арал теңізі орнынан ауа арқылы ұшатын тұздың жердің үстіңгі қабатын тұздауы; • аумақтардың шөлге айналуына жəне түсетін ылғалға қарағанда булану процесінің күрт өсуіне байланысты геохимиялық процестердің өзгеруі, бұл жер- топырақ суларының капиллярлық токтарыныңы күрт өсуіне, жер-топырақ қабаттарының тұздалуына апарады; • топырақтың су ерітіндісі сілтісінің өзгеруі, яғни топырақ ерітіндісіндегі гидролиттік сілті тұзы мөлшерінің өзгеруі – өзіне сіңірген натрийді құрайтын топырақтың алмасу реакциясының нəтижесі; • гидролитикалық сілті тұзының топырақты қоспасындағы белгіленген топырақтың су қоспасының сілтісі мөлшерінің өзгеруі, бұл құрамында сіңірілген натриі бар топырақтың алмасу реакциясының нəтижесі; • теңіз түбінен шығатын тұз құрамды натрийдің болуынан сілтінің көбеюі, тұзды топырақты жер қабатыныңнатриймен тұздалу деңгейінің көтерілуінің салдарынан болады.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.