Ағылшын тілі

Home » Рефераттар » Ағылшын тілі
Рефераттар Комментариев нет

      Ағылшын тілі (ағылш. English language) — Үндіеуропа тілдері жанұясының батыс герман тобына жататын тіл. Герман тобына ағылшын тілінен басқа неміс, норвег, швед, нидерланд т.б. тілдері жатады. Ағылшын тілі ежелгі тіл болып есептеледі, ол қазіргі Ұлыбритания аумағын ежелде басып алған Англосаксондардың тілі, бірақ жауланған кельттердің тілдері де әсерін тигізген.

Ағылшын тілі — халықаралық тіл. Әлемдегі ең көп тараған, әрі қытай тілінен кейінгі халық саны бойынша ең көп пайдаланатын тіл. Ағылшын тіліҰлыбритания, Америка Құрама Штаттары, Жаңа Зеландия, Аустралия және басқа елдерде ана тілі болып есептеледі. Одан басқа көптеген мемлекеттерде ресми тілі болып саналады.

Ағылшын тілі — БҰҰ-ның алты тілінің бірі болып саналады. Ағылшын тілі — дүние жүзіне ең кең таралған тіл. Үндіеуропа тілдерінің батыс герман тілдеріне жатады. А. т. құрылымы жағынан флективті. Ұлыбритания, АҚШ, Аустралия, Жаңа Зеландияның мемлекеттік тілі болып табылады.Канадада (француз тілімен қатар), Ирландияда (ирланд тілімен қатар) мемлекеттік қос тілдің бірі. БҰҰ-да қабылданған ресми алты тілдің негізгісі. Алты құрлыққа кең тараған бұл тілде қазір 400 млн-нан астам адам сөйлейді. Қазақстанда да 20-ғ-дың 50-жылдарынан бастап Абылай хан атынд. Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері ун-тінде, өзге де жоғары және орта оқу орындарында Ағылшын тілі оқытылып мамандар дайындалды. Жеке пән түрінде мектеп бағдарламаларына енгізілді. А.т-нің түп-төркіні 5-6 ғ-да құрлықтан Британ аралына қоныс аударған англ, сакс, ют тайпалары мен аралдағы байырғы кельт (бриттер) тайпаларының тілі болып саналады. А.т-нің даму тарихы ежелгі ағылшындық (7-11 ғ.), орта (12-15 ғ.) және жаңа (15 ғ-дан бері) дәуір болып үш кезеңге бөлінеді. А.т-дегі жазба ескерткіштер 7-8 ғ-дан белгілі. Ол уақытта ағылшындар руна жазуын пайдаланып, тасқа, ағашқа, сүйекке ойып жазған. 6-7 ғ-да ағылшындар арасында христиан дінінің таралуына байланысты руна жазуы қолданыстан шығып, латын әліпбиі қолданыла бастады. Ағылшындар латын әліпбиін ілгері дамытып, оған W, J және V әріптерін қосты. 1066 ж. Англияны нормандар басып алды да, мемл. тіл — француз тілі болып, Ағылшын тілі қарапайым халықтың сөйлеу тілі есебінде сақталды. 1476 ж. Англияда ағылшын тілінде кітап басып шығару басталды. Бұл жағдай Лондон диалектісі негізінде ағылшынның жазба әдеби тілін қалыптастырды. Ағылшын тілі британдық және американдық болып екі түрге бөлінеді. Британдық Ағылшын тілі өз ішінде шотландиялық, солтүстік, батыс, шығыс, оңтүстік диалектілерге жіктеледі. 7-11 ғ-да англо-саксон тілінде 4 диалект болған: нартумбриялық, мерсиялық, уэссек және кент. Ағылшын тілінің басты ерекшеліктері: а) фонетика жүйесінде дыбыстарының көпшілігі біресе созылыңқы, біресе қысқа айтылады. Осыған орай, Ағылшын тілінде сөз мағынасы бірсыдырғы өзгеріске түсуі мүмкін; б) морфол. саласындағы өзгешелік: сын есіммен сан есімнің барлық жалғаулары, яғни септіктері, сондай-ақ, зат есім мен етістік аффикстерінің көбі бұл күнде тарихи өзгерістерге түскен. Соған орай, Ағылшын тілінде сөз бен сөзді байланыстыратын предлогтар, артикльдер, сондай-ақ көмекші етістік сияқты жаңа тұлғалар, формалар (морфемалар) пайда болған. Ағылшын тілінің жазу ережелері мен сөздердің айтылуында айырмашылықтар бар. Орфографиялық ережелер бойынша бұрынғы және қазіргі ағылшын тіліндегі дыбыстардың өзгерістері жазуда қатаң сақталады.

Ағылшын тілі көптеген елдерде қолданады.Олардың қатарында негізгі осы елдер бар:

1.Ұлыбритания

2.Англия

3.Австралия

4.Жаңа Зеландия

5.Канада

6.Ирландия

7.АҚШ(Америка Құрама штаттары)

     Ағылшын тілінің мамандық үшін маңызы

Бүгінгідей жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы алар орны да ерекше. Өзге тілді үйрену, оны жетік меңгеру — бұл ең алдымен халықаралық қатынастар кезінде айрықша рөл атқаратыны баршамызға аян. Тіл – халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Әрбір Қазақстандық үш тілді жетік меңгеруі керек. 2020 жылға дейін ағылшын тілін білетін тұрғындар саны біршама көбеюі керек» — деп айтқан еді. Мектеп табалдырығынан бастап жоғарғы оқу орындарында ағылшын тілін үйрету айрықша мәртебеге ие. Ағылшын тілінің Қазақстандағы рөлінің арта түсуі қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін іске асыру мәселесін маңызды ете түсуде. Тіл үйренудің ешқандай зияны жоқ, керісінше пайдасы ұшан-теңіз. Туған тіліңді білуге тиісті емессің, міндеттісің дер едім. Ал басқа мемлекеттің алдында өз еліңнің дәрежесінің биік екенін мойындату үшін, жеті тілді жетік меңгеру артық етпейді.
Елбасымыздың міндет етіп қойған бәсекеге қабілетті мемелекет құруда жас ұрпақтың тигізер үлесі зор. Бүгінгі таңда жоғарғы оқу орындарында шет тілін кәсіби деңгейде оқыту басты орында тұр. Яғни әрбір студент өз мамандығына байланысты шет тілін жетік меңгеріп, одан әрі қарай дамыта алады. Сонымен қатар шет мемлекеттерге шығып, мол тәжірибе жинақтауға мүмкіндігі зор. Еліміздегі беделді университеттердің бірі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде шет тілдерін кәсіби деңгейде меңгеру мықтап қолға алынған. Осы орайда филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті, «Жалпы тіл білімі және шетел филологиясы» кафедрасының ағылшын тілін үйретудегі жаңашылдығы, қажырлы еңбегі мен атқарылып жатқан іс-шаралары соның дәлелі. Кафедра меңгерушісі филология ғылымдарының докторы, профессор Мадиева Гульмира Баянжанқызының студенттерге ағылшын тілін кәсіби деңгейде үйретудегі заманауи, озық үлгісін пайдалануды дәріптеуде тигізген үлесі зор. Факультетте қызмет ететін білікті оқытушылар шетелдік ғалымдармен бірлесе отырып, студенттердің болашағы үшін қызмет етіп және жастардың қажетті білім алуына, тәжірибе жинақтауына жағдай жасап отыр. Әр оқытушы студенттерге тек шет тілін жетік меңгертіп қана қоймай, жан-жақты болуға тәрбиелейді. Соның ішінде ағылшын тілінің қыр-сырын ашып, кәсіби деңгейдегі қарым-қатынастың маңыздылығын үйретуден жалықпаған ұстазымыз — аға оқытушы Сапарходжаева Нургуль Пажарбекқызының ерен еңбегін айтпасқа болмас. Ол кісінің бізге үйреткен тәлімі ұшан-теңіз. Әрбір сабағы өте қызықты өткендіктен, уақыттың қалай тез өтіп кеткенін де аңғармай қалып жатамыз. Менің болашақ мамандығым үшін, ағылшын тілін үйрену маңызды. Ұстазымыз әр сабағында ағылшын тілінде мақала жазуды, қазақ тілінен ағылшын тіліне аударуды, грамматиканы сауатты қолдануды, дауыс ырғағын дұрыс қойып оқуды үйретеді. Әр студентке ерекше көңіл бөліп, білмеген жеріңді үйретуден еш жалыққан емес. Сондықтан болар, топтағы әр студенттің ол кісіге деген ықыласы ерекше. Өзінің бойындағы ынта-жігері, сауаттылығы, білімділігінің арқасында беделді. Бізге әрдайым: «Тіл үйреніңдер, бір жерде қалып қоймаңдар, жан-жақты болыңдар» — деп айтып отырады. Нургуль апайдай өз ісінің білікті маманының дәріс беріп, білімділікке тәрбиелегені біз үшін үлкен мақтаныш.
Мәдениетті, жан-жақты, ұлтжанды, рухани дүниесі бай жастар тәрбиелеп шығару университеттің басты мақсаты. Жаһанданған заман елімізді барлық елдермен бәсекелесе дамуға итермелейді. Тілдің қажеті артқан сайын, сұраныс артқан сайын осы қажетті қамтамасыз ету үшін арнайы шараларда жиі ұйымдастырылып тұрады. Бәсекелестікте тек мықтылар ғана жеңіп шығады, ал бәсекеге шыдай алмайтындар жеңіліске ұшырайды. Қазіргі заман ашықтық пен жан-жақтылықты талап етеді. 2050 жылға дейінгі кезеңге арналған еліміздің даму стратегиясында қазақ тілін өркендету мен шет тілдерді оқыту мәселесіне айрықша мән берілген. Шет тілін білу сән емес, заман талабы екені белгілі. Туған тіліңді жетік меңгер, қастерлей біл. Бірақ бір тілмен ғана шектеліп қоймай, жан-жақты бол, тіл үйрен. Бұл сенің болашағыңның ғана емес, тұтастай ұлтыңның болашағының жарқын болуының кепілі.

     Күнделікті өмірдегі ағылшын тілінің маңызы

Әлемге ағылшын тілі кең – таралған тіл екендігі барлығымызға белгілі. Оған дәлел – біздің ел. Біз барлық жерден ағылшын сөздерін компьютер жүйесінде, спортта, кинематографта, жарнама қызметінде кездестіреміз.

Сонымен қатар жиі – жиі ағылшын атауымен жаңа мамандықтар кездеседі: менеджер, риэлтор және мерчендайзер. Біз көшеде күнде ағылшын сөздерін кедестіреміз. Сонымен қатар оқушылар мен жасөспірімдердің сөйлесу тілінде ағылшын сөздерін жиі кедестіреміз. Осы жан – жағымыздағы ағылшын сөздері бізге ағылшын тілін үйренуге көмектеседі. Өз тәжербиеме сүйене отырып, компьютерлік жүйеде кездесетін сөздерді, оқушылар женіл аударады, себебі оларға өте қызықты.

Сіздерге кеңес бергім келеді: егер, ағылшын тілін үйренгілерің келсе, жан – жақтарыңызға қараңыздар, тыңдаңыздар, ағылшын біздің жан —  жағымызда.

     Мамандығым — мақтанышым

Мамандық – әрбір адамның болашағы, сондай-ақ шаруашылық көзі болып табылатын сүйікті іс. Кез келген адам өз мамандығына құрметпен қарайды емес пе. Мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Әлемде 40 мыңға жуық әртүрлі мамандық бар, статистердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн. адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12 пайызы қайтадан өз орнына қайтып оралатын көрінеді.

«Армансыз адам- қанатсыз құспен тең» -дегендей, оқушылар мектеп бітірген соң, өзі армандаған бір мамандықтың иесі болады. Жас жеткіншектер мамандық таңдауда қателеспеуі керек. Мамандықты дұрыс таңдай білген адам: «Мамандығым – мақтанышым»- дей отыра, сол мамандықтың қыры мен сырын меңгеріп, шыңына жете білу керек. Мамандық- жай күнелту, ақша табу емес. Әр адам өз мамандығына рухани күш алып, еңбектің рахатын көреді. Адам атақ-абыройға кенеледі. Кез келген адамнан шеберлікті, қажымас қайратты, еңбектенуді керек етеді. «Ұялмаған әнші болады; Ерінбеген етікші болады»,- деген халқымыздың даналық сөзі бар. Тіпті етікші болсаң да, өз ісіңнің шебері бол.

 

Сонымен бірге, әр мамандықтың ерекшеліктері де бар. Ізгі мамандықтардың бірі – мұғалімдік дер едік. Ұстаз баланы оқытып-тәрбиелеп, елін көркейтер азамат етсе, адам жанының арашасы саналатын ақ халатты абзал жандар – дәрігер мамандығының ерекшелігі, олар ауырған жанның тәнін ғана емес, ішкі жан-дүниесін де емдейді емес пе.
Болашақта үлкен мамандық иесі болатынын армандамайтын бала болмайды. Менің таңдаған мамандығым: екі шетел тілі ағылшын тілі.Менің бұл мамандықты таңдағам себебім, ағылшын тілін білу, яғни тіл меңгеру маған қатты ұнайды. Бұл мамандық әрбір адамға ұнайтыны айқын.Ағылшын тілін білген адам жерде қалмайды деп ойлаймын. Осы мамандақты мен ата – анаммен, мектептегі ұстаздарыммен келісе отырып таңдаған болатынмын. Болашақта ағылшын тілін жетік меңгеріп, өз қалаған жеріме қызмет атқарып , өмірден өз орнымды тауып , болашаққа үлкен үлес қосқым келеді. Мен болашақта ағылшын тілімен қоса тағы бір екінші тілді меңгергім келеді. Болашақта мен аудармашы қызметін атқарғым келеді. Бұл мамандық маған өте қатты ұнайды.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.