Ағзадағы биологиялық факторлар

Home » Рефераттар » Ағзадағы биологиялық факторлар
Рефераттар Комментариев нет

Адамның бәрі – жақсы. Жаман адам болмайды. Жамандық атаулының өзі сол жамандықты өмірге әкелетін жаман факторлардың есебінен жүзеге асырылады. Оны болдырмаудың басты құралы – ілім-білім игеру, қоршаған ортаны тану, жаратылыс сырларын меңгеру. Тілдік лұғатпен жасалынатын коммуникация, демек, адамдардың бір-бірімен жақсы қарым-қатынасқа келіп, игілікті іс-шараларды түзіп тұруына жәрдемші болатын іс-шаралар тек қана топырақ құрамындағы элементтердің басым болуына емес, сол элементтердің табиғатпен қалай реакцияласатындығына тікелей тәуелді. Олар түрлі биологиялық құбылыстар түзетіндіктен, құрамындағы органикалық қосылыстардың жәрдемімен немесе бейорганикалық әсерлермен ағзаға қалыпты қызмет жасайды. Ал олардың санаға, адамзаттық ой-пиғылдың дамуына да әсері зор. Жақсы және жаман факторлар әсерінен адам жақсы немесе жаман күйге түседі. Сонда оны өмірге келтірген кім? Сол адам – нағыз жаман адам болып әшкереленеді. Айғақтап жатудың қажеті жоқ, кәдімгі қарапайым бөлшектердің ауада қалықтап ұшып жүруі – күнделікті өмірден түсінікті шаруа. Оны физикадағы үдеудің, кернеудің, зат массасының, қозғалу жылдамдығының олардың басқа заттармен әсерлестігінің салдарымен түсіндіруге болады. Ал, ақиық ақын, ғұламалар, шешен-билер, дау-дамайды тарқатушылар ақық сөздерін қайдан алады, ал, оны түсінбеушілік неден туындайды, осымен ешкімнің шаруасы жоқ секілді. Әркім күнделікті өзінің тірлігіне (жеке бас мүддесіне) қажетті шараларды атқарып жүре береді. Ал, ауадағы физикалық шамалардың қаншалықты адамның ағзасына ықпалды екенін түсінген адамға оның бәрі зиян болып көрінеді. Себебі, олардың жиілігі, әсер етуші факторлардың ауадағы қозғалысы, салмағы, тығыздығы барлығы да осыған үлес бола алады. Ал, реакцияшыл күштердің өміршеңдігі (Күннің Жерді айналуы – мәңгілік, сол сияқты Ай сәулесінің жарығы да Жерден шығарылатын энергияның түзілуіне айғақты) үнемі өзгерістерді өмірге әкеліп тұрады. Мысалы, географиялық ендіктердің, белдеулердің, уақыт жүйесінің дәлдігін осы радиациялық күштердің ықпалымен анықтайды. Ал, әр елдің менталитетінің әр түрлілігі, мінез-құлық ерекшеліктері, ондағы уақыт белгілері (өлшемі) неге меридианмен белгілі болып тұрады да, оңтүстік, солтүстік полюстерден берілетін энергия – соққан жел, өзендерден, үлкен мұхит, теңіздерден шашыраған су бөлшектері сол адамдардың мінез қырларының, өмір сүру дағдысының қалыптасуына ықпал ете алмайды??. Себеп: бір ғана орталықтан – жердің эпицентрінен үйлестірілетін қажетті-қажетсіз іс- шаралардың жиынтығы мұны көтере алмайды. Ал, сіздің жасап отырған ғылымыңыздың, жаңадан жасап құбылтып шығарып отырған аппараттарыңыз бен препараттарыңыздың (медициналық дәрі-дәрмектердің) ағза үшін қауіп-қатерлі деректерін неге ескермейсіз? Минералдардың түзілуінен ағзада жақсылықты қарым-қатынастар үнемі жүріп тұруы мүмкін, ал оны шығарып алатын көзде (источник) соны бөліп шығаратын қалдықтар да қалмаса, бардан жоқты өзіңіз жасайсыз. Себебі, оның құрамындағы элементтердің бар болуы да, жоқ болуы да ауа құрамындағы озонды қабықтардың түзілуімен түсіндіріледі. Ал, экспрессивті (көңіл-күй) энергия эмоционалдық нүктелерге әсер етуі үшін көптеген кедергілерді қамтуы заңды. Ауадағы сұйықтықтар, газдар, қатты денелер осылардың барлығының жұтылуына, түзілуіне, кері реакция беруіне себепкер. Сонда судағы элементтер ауаға, ауадағы элементтер тағы басқа денелерге өтіп кетіп, бастапқы күйін жоғалтпаса, денелерде депрессия пайда болып тұрады. Оны көңіл-күйдің ерекшелігімен сипаттаудан бұрын оған ықпал етуші күштердің ықпалымен ненің жеткізілетіні анықталуы тиіс. Міндетті функциясын атқаруға келген ағзалар бір-бірімен ықпалдасып өмір сүріп тұруға жаралғанын біле тұрып, адами қарым-қатынастарды жоюдан, бірін-бірі сүймеуден, сыйламаудан біріне-бірінің қажеттілік функциясын жоғалтуын айқын байқаймыз. Қазақы болмыс пен менталитет – халықта бар асылды бағалауымен қуатты. Ол жасанды емес емдік шөптердің құрамынан табиғи нәр алып өсуімен ерекшеленіп, екшелетін, табиғи үрдісті қалыпты сақтап тұруға ықпалы зор мәдениеттің тетігін ғана аңғартады. Қазақтың тұрмыс-салты, өзіндік ерекшеліктері, ойлылығы, саналылығы және данагөйлігі табиғи таза препараттарды ұтымды, шебер қолдануымен келген және сақталып тұрған алғашқы дәуірлердегі аңшылық, саятшылық, құсбегілік, қолөнер шеберлерінің ұсталығы, балта мен найза, садақты әзірлеу машығы, төрт түлік мал мен өрістегі жануардың құрамындағы (шөпті жеумен, тұнық су мен ауаны жұтудан келген) дәрумендерді бағалау да құрметпен қарау – міне, қазақ халқының ерекше төзімді, сабырлы, салмақты, ақынжанды, сезімтал, өнерпаз, қырағы, мерген етіп тәрбиелеудің басты факторлары болған. Қазіргі экологиялық туындылар жарамсыздығымен ғана емес, ерекше зияндылығымен қоғам үшін аса қауіпті жиынтықтардың негізін құрайды. Ауадағы ылғалдың жойылуы, қапырық желдің пайда болуы, жауын-шашынның аз-кем түсуі, қар, бұршақ құрамындағы ағзаға пайдалы әсер етуші элементтердің өзгерілуі – табиғаттың бүлінуіне басты себеп. Осыдан барып адамдар ашушаң, ызақор, күйгелек, сабырсыз, ынтасыз, ақылсыз, ықылассыз, тамырсыз болып кете береді. Адам бойындағы енжарлықтың қалыптасуына да немқұрайдылықпен қараушы кейбір адамдардың іс-әрекеттері осылайша ықпалды болып келеді. Бірін-бірі құрметтемеуден тұратын азғындық, адам баласының бойына сіңісті болып кететін салқынқандылық, қатыгездік, бұзақылық – барлығы да осы биологиялық факторлардың өзгерісінің салдарынан болады. Сондықтан адамзатқа бірінші кезекте осы саланың барлығын қамтып, пайдасы мен зиянын таң- тамаша қалпымен сипаттап беріп тұрған Алғашқы кітап ережелері ауадай қажет. Бүлініп, бұрмаланған факторлар да бұрмаланған ілім іспетті сіздің миыңызды да, ағзаңызды да қажуға, шаршауға, тозуға, жылдам істен шығып қалуға апарып тірейді. Ал, сіз бен біздің қалыптастырып отырған ғылыми тұжырымдарымыз бен көзқарастарымыз өзгерілген кітаптардан ізденумен (соискательство) келген, анық-қанығы әлі күнге күмәнді үзік-үзік шежірелер мен деректерді қамтудан туындап отырғаны белгілі. Оны туралап дөп басып жеткізу үшін баяғыдағы жүрегі күмәнсіз бір Аллаға иланған әулие бабаларымыздың көкірек көзі әбден қажет. Бірізге түсірілмеген бытыраңқы (жоғарыдағы факторлардың салдарымен пайда болған) қоғамда бытыраңқылық жалғасып жүре берері даусыз. Осыдан барып ғылыми «жаңалығы» басым түсіп тұрған ғалымдық тұжырымнамалар (диссертациялар) өзгеше жаңалықтарды енгізіп барып, адамның, табиғаттың жанын жарақаттайды. Ешбір жарақаттанусыз өмір сүрген ата- бабаларыңның дәуірі түрлі операцияларды (хирургия), медицинаны (аурулар, олардың этиологиясы мен емі туралы ілім), түрлі технологияларды (машина, лимузин, т.б.) керек етпей-ақ, ат арбамен, жануар (түйе, есек) көлікпен, табиғи сусын есебіндегі регенерацияланған – өсімдік құрамындағы элементтерді сіңіре отырып қоректенген жылқы мен түйеден, сиыр, қой, ешкінің сүтінен, етінен, жүнінен өндірілген азық-түлік, тауарларды тұтынып, сау да ұзақ ғұмыр кешкен. Ауадағы жылдамдық атаулы өз сырын танытып, жылдамдатып апарып, ауа, су мен топырақтағы элементтердің қайтадан орнын толтырып, адамдардың ағзасына оңтайлы қызметін жалғастыра берген. Ал қазіргі технологиялар жетілдірілген химия, медицина, т.б. ғылым салалары дамып кеткен «өркениетті» аурадағы адамдар неге бірімен-бірі сыйласа білмейді, бірін-бірі менсінбейді, жақтырмайды, ұрысады-керіседі, татуласады, қайта жанжалдасады? Ары-бері айтыс-тартыс, сұмдық іс-әрекеттер, кісі өлтіру, ұрлық жасау, тонау, шауып кету, қағып кету, қыз зорлау, т.б. сипатталатын өнімсіз іс-әрекеттер ұлттық менталитетті, тәртіптілік пен жүйелілікті (бір-бірімен байланыстылықты) жойып қана қоймайды, ұлтты тұтас ыдыратады. Содан әркім пенде басымен өз жағдайын, қара басының қамын күйттейтіні рас. Құқық қорғаушылық, заңнамалық органдар түрлі арыз-шағымдарды, хаттамаларды тіркей бергенмен түк өнбейді. Түрлі дау-дамай, бітіспес іс-шаралар өршиді де, өсекке ұласады, өтірікке апарып тірейді, парақорлықтың жемісін танытады. Қылмыстылық одан әрі жалғасып жүре береді. Міне, неге біздің қоғамымыз дамымай тұр? Өйткені, бәрі жаман. Қоғамдық көліктердегі ұрыс-керіс, базар, жәрмеңкедегі бітпейтін тиын санау мен дүниеқоңыздық адам әлеуетін нашарлатып, ұсатып жібереді. Адам ағзасы да қалыптылықтан айниды. Ішкі дискомфорт осымен белең алады да, арақ ішуге, шылым шегуге, түрлі құмар ойындарға ішкі сұраныс артады. Миды тынықтыру үшін ағзаны дем алдыру үшін түрлі курорт, санаторий, т.б. сауықтыру орталықтарын ашу міндеттеледі. Ол да табиғи ресурстарды дұрыс тұтынумен келмесе, табиғат атаулыны жұтаңдандырып, түбінде адамзат өзі соның зардабын көреді. Себебі, тартылу күші мықты табиғи регенераторлар да өзінің қажеттіліктерін қайта талап ете бастайды да, алға жылжып бара жатқан қоғамдық процестің дамуын былай қойыңыз, кері шегінуін талап етеді. Мұнан адамның да, қоғамның да алға жылжуы, дамуы, өрістеуі, кең қанат жаюы, игілікті нәтижелерін беруі қатаң түрде тежеледі де, қоғамдық депрессанттың қызметін атқарады. Сонда қоғамға пайдасы бар қызметкерлер қайта алға шығады да, қайта өрлеу (ренессанс) пайда болады. Өйткені, олардың табиғатқа берген пайдалы өнімдерінің туындысы жауап қайтарып, сол адамның өз ағзасын қажетті элементтермен толықтырады да, кезінде орынды-орынсыз (білімсіздік пен енжарлықтан) тұтынылып – адамдардың, жануарлардың, өсімдіктердің (медикамент) құрылысына өтіп кеткен элементтер кері қайтарылады да, табиғи жаңару үрдісі жүреді. Мұны біз табиғи эволюция процесі деп атаймыз. Сонда сіздің «жақсылығыңыз» бен «жамандығыңыз», сіздің ағзаңызды құрап тұрған бөліктердегі пайдалы-пайдасыз элементтермен анықталады да, табиғи шөгу, өсу немесе құлдырау процесі анықталады. Оған заманы өтіп кеткеннен кейін пайда болып, жапа шегіп қалған элементтердің барлығы да атсалыса қатысады. Сонда сіздің ағзаңызда табиғи құрылымдық өзгерістер пайда болады да, құлдыратады немесе ағза қуатын арттырып жібереді. Табиғи эволюцияның салдарынан табиғи ренессанс пайда болады. Егер сіздің табиғатқа, қоршаған ортаға қарызыңыз болмаса, қайта өрлеу дәуірі сізге ойдағыдай жемісін бере береді…

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.