Ағзалардың көбею формалары

Home » Рефераттар » Ағзалардың көбею формалары
Рефераттар Комментариев нет

Көбеюдің екі типі болады: жыныссыз және жынысты. Жыныссыз көбею. Жануарлар мен өсімдіктердің жыныссыз көбеюінің негізгі формаларына талдау жасалық. Бір жасушаның жануарлар мен өсімдіктерінің (ңарапайымдар, балдырлар) ядросы қақ ортасынан жарылып, соңынан жасуша тең екіге бөлінеді. Соның нәтижесінде жас ағзалар пайда болады. Мұндай көбеюді қарапайым бөліну деп атайды. Кейбір ағзалардың (ашытқы, гидра, т. б.) аналық особьтарынан жас ағзалар бөлініп шығады. Жыныссыз көбеюдің мүндай формасын бүршіктену деп атайды. Төменгі сатылы ағзалар (балдырлар, мүктер, папоротниктер, саңырауқұлақтар) мен кейбір бір жасушалы жануарларда споралану болады. Бұл кезде тығыз қабықты арнайы жасушалар (споралар) түзіледі. Жаңа ағзалар осы жасушаларда дамып жетіледі. Көптеген өсімдіктер вегетативті жолмен -сабақтары, жапырақтары, т. б. мүшелері арқылы көбейеді.

Жыныстық көбею. Бір жасушалы өсімдіктер мен жануарлар да жыныстың жолмен көбейеді. Бірақ оларда жыныссыз және жыныстық көбею ұрпақтан-ұрпаққа алмасып отырады. Көп жасушалы ағзалар жыныстық жолмен көбейеді. Жоғары сатылы жануарларда жыныс жасушалары пайда болатын ерекше мүшелер болады. Бұлар — жыныс бездері. Жыныс жасушалары болінудің ерекше типі — мейоз процесінде қалыптасады. Митоздан айырмашылығы, бұлай бөлінудің нәтижесінде жас жасушалардағы хромосомалар саны екі есе кемиді. Митоз кезінде жас жасушалардағы хромосомалар жиыитығы диплоидты (қосар), ал мейозда — гаплоидты (дара) болады. Ұрықтанған кезде хромосомдар жүбы қалпына келеді. Мейоз хромосомалар жиынтығының тұрақтылығын сақтайды. Аталың жөне аналық особтардағы хромосома ішіндегі заттардың мейоз процесі кезінде алмасуынан аталың пен аналың белгілерінің үрпаққа көшуінің тұқым қуалаушылық заңдылығы жүзеге асады.

Жануарларда ұрықтанудың екі тәсілі бар: сыртқы ұрықтану және ішкі ұрықтану. Барлық суда тіршілік ететін жануарларда сыртқы ұрықтану болады. Жер үстінде тіршілік ететін жануарларда ұрықтану іште (ұрғашысының жыныс жүйесінде) болады. Ұрықтанбаған жұмыртқа жасушаларын жіңішке каналдар — микропиле бойлап, тесіп жатады. Сперматозоидтар жұмыртқа ішіне осы тесіктер арқылы енеді. Ұрықтану жүзеге асысымен жүмыртқа жасушаның қабығы басқа сперматозоидтарды ішке кіргізбейтін қабілетке ие болады. Ұрық ана денесінде немесе одан тысқары дамиды. Ұрық үрғашы ағза денесінің сыртында дамығанда, жұмыртқа жасушасында қоректік зат қоры мол болады. Егер ұрық аналық денесінде дамитын болса, жұмыртқа жасушасындағы қоректік зат қоры тым аз болады.

Топырақ. Топырақ деп жоғарғы табиғаттың әр түрлі күштерінің әсерінен қопсытылған, әрі табиғат пен тірі ағзаларға өте бай және сол тіршіліктің негізгі көзі болып отырған жердің қүнарлы беткі қабатын айтады. Топырақ, академик В.И.Вернадскийдың анықтауы бойынша әрі тірі, әрі өлі денеден түрады. Топырақтану деген ғылым бар. Ғылымның негізін салған — В.В.Докучаев. Топырақ аналық тау жыныстарының үзақ геологиялық мерзімде әр түрлі жолдармен үгілуінің және мүжілуінің нәтижесінде пайда болған. Бұл табиғат күштерінің ішінде температураның, судың, желдің, көшпелі мүздардың әрекеті ерекше. Сонымен топырақ — жердің бетіндегі өсімдік өсетін, борпылдақ, жүмсақ қабат. Оның қүрамында су, ауа, саз, қүм, шірінді бар. Қарашірік (перегной) дегеніміз — микроағзалардың органикалық қалдықтарды, негізінен алғанда, өсімдік қалдықтарын ыдырату өнімі. Топырақтың ауылшаруашылық дақылдарынан мол өнім алуды қамтамасыз ете алатын қабілетін оның құнарлығы деп атайды. Топырақ әр түрлі болады, ол климатқа, өсімдікке байланысты. Топырақты тегіне, құрылымы мен құрамына ңарай күлгін, сазды, қара топырақты, қоңыр топырақты, сортаң топырақты, қызыл топырақты, сары топырақты т.б. деп бөледі. Ең ңүнарлы қара топырақ, оның қарашірігі мол (6-8%), ол жазық далада таралған. Құнары азырақ (4-6%) қара қоңыр топыраң. Орталың Қазақстанда, Торғайда, Орал үстіртінде кездеседі. Ақтөбе, Қостанай, Аңмола, Орталық Қазақстан облыстарында күңгүрт қара ңоңыр, жай қара қоңыр, ашық қоңыр, топырақтар таралған. Топырақтар құрғақ дала зоналарында пайда болады. Бұл топырақтарда шірінділер мен минералдық заттар көп, суарған кезде өте құнарлы.

Құба түсті топырақтың құнары аз, қолдан суаратын жерлерде таратылады. Сұр құба, тақыр түстес топырақтар құрғақшылық жерлерде кездеседі, құмды аймақтарда тақыр түстес топыраққа күріш егеді. Күлгін топырақтар қылқан жапырақты орман өсетін өсемдіктердің өсерінен пайда болады. Олар аңшылдау болып келеді, түсі күл сияқты, күлгін топырақты деп аталынуы да сондықтан. Бүл топырақтарда шірінділер аз, құрылымсыз, қышқылдығы жоғары, қүнарлығы да аз. Топырағының құрамына қарай қүмайт топырақты және сазды топырықты деп бөледі. Шымды күлгін топырақтар көп жылдық өсімдіктер өсетін аралас ормандар зонасында көп. Бүл топырақтар шірінділерге аса бай және күлгін топырақтарға қарағанда құнарлы.
Сазды топырақтар ауаның және жердің температурасы төмендегенде пайда болады, жер қыртыстарында ылғалдың жиналуына әсер етеді де, өсімдік қалдықтарының орналасуына кесел келтіреді. Шірінділер аз болады, соңдықтан бұл топырақтың құнарлығы да аз. Таулы жердегі далалар құнарлы сүрғылт топырақты келеді, оның ылғалдылығы мол 250-650 мм, мұнда қысқа күздік арпа, күздік бидай өсіреді. Ал суармалы жерлерге қант қызылшасы, мақта, темекі, бау-бақша ағаштары, жүзімдер егіледі. Сортаң топырақтар шөл дала тектес, оның жоғары температурасы мен жауып-шашыны мүлде жоң деуге болады. Бұл топырақтарға жиналады.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.