Ағзаның қалпына келу құбылыстары

Главная » Рефераттар » Ағзаның қалпына келу құбылыстары

Ағза онтогенезінде көптеген дене жасушалары табиғи не патологиялық жағдайларға байланысты ескіреді не бұзылады. Олар жасушалардың бөлінуі нәтижесінде үнемі қалпына келіп отырады, себебі онсыз кез келген ағза біртүтас жүйе ретінде тіршілік ете алмайды. Оны регенерация деп атаймыз. Сонымен, регенерация деп ағзаның жарақаттанған не жойылған ұлпалары мен мүшелерінің қалпына келуін айтамыз. Оның физиология-лық регенерация және репаративтік регенерация деген 2 түрі белгілі.

Физиологиялық регенерация дегеніміз қалыпты тіршілік жағ-дайларында ескірген не бұзылған құрылымдарының оліп қалып не түлеп түсіп отыруы және олардың қалпына келуі. Мысалы, шаянтәрізділер мен жәндіктердің қуыршақтары өздерінің қат-ты хитин қабатын тастап, түлеп өседі. Сол сияқты, жылаңдар да жылына бір рет түлеп отырады, қүстардың қауырсыңдары түсіп, оның орнына жаңа қауырсындар пайда болады. Сүтқоректілер мен адамдар терісінің эпителий жасушаларының түлеп түсуі, ішектердің сілемейлі қабығының жасушаларының түлеуі т.б. осыған мысал бола алады. Қанның қызыл түйіршіктері — эрит-роциттер күніне 1 пайыз мөлшерінде ауысып отырады. Шаштың, тырнақтың өсуі, үй жануарларының түктерінің түлеуі т.б. физиологиялық регенерацияға мысал бола алады.

Репаративтік регенерация дегеніміз әр түрлі патологиялық жағдайларда жойылған не жарақаттанған мүшелердің қалпына келуі болып табылады. Репаративтік регенерация әр түрлі жануарларда түрліше деңгейде байқалады. Қарапайым ағзалардың (ішек-қуыстылар, құрттар) кез келген жасушаларынан жаңа дара өсіп дами алады. ІПаяңтәрізділер жойылған қол-аяқтарын, мұртшаларын, көздерін қалпына келтіре алады. Қосмекенділер жарақаттанған қол-аяқтарын, құйрығын және кейбір мүшелерін қалпына келтіреді. Сүтқоректілер мен адамдардың күрделі мүшелері толық қалпына келе алмайды, дегенмен бұл оларда репаративтік регенерациялану болмайды деген сөз емес. Сүтқоректілер мен адамдардың әр түрлі ұлпалары түрліше дәрежеде қалпына келеді, мысалы тері, сілемейлі қабық эпителийі жоғары дөрежеде регенерацияланса, дөнекер ұлпалар бір-шама томенгі дәрежеде, ал шеміршек және нерв үлпасы нашар регенерацияланады.

.

Регенерация процесі тіршіліктің әр түрлі құрылым деңгейлерінде байқалады — жүйелік, мүшелік, үлпалық, жасушалық және жасушаішілік. Олардың бәрінің негізі болып жасушаішілік құрылымдардың жаңаруы (регенерациялануы) саналады. Жасушаішілік регенерацияның мынадай түрлері белгілі: молекулалық регенерация; органоидішілік регенерация; органоидтық регене-рация — органоидтардың санының кебеюі (цитоплазманың ги-перплазиясы). Жасушаішілік құрылымдардың қалпына келуі және олардың гиперплазиясы сүтқоректілер мен адамның барлық мүшелерінің регенерациялануының ең негізгі әмбебап формасы болып саналады. Ол жасушаның маңызды бір бөлігі өліп қалған жағдайда қалған органоидтардың көбеюі арқылы қалпына келуі (шынайы жасушаішілік регенерация) не жасуша түгел өліп қалған жағдайда көрші жасушаның органоидтар санының көбеюі арқылы жүзеге асуы мүмкін.

Регенерацияның негізгі көзі туралы екі түрлі пікір айтылып жүр:

1)резерв жасушалар теориясы — маманданған ұлпалар мен мүшелерде жіктелмеген (дифференцияланбаған) камбий жасу-шалары болады (ствол жасушалары, жасушалар бастамасы). Олардың актив белінуінің және жіктелуінің нәтижесінде мүшенің жарақаттанған не жойылған бөлігі қалпына келеді және толық қызметі қалыптасады;

2) маманданған ұлпалар мен мүшелерде жіктелмеген (дифференцияланбаған) жасушалар болмайды, ал регенерация көзі болып патологиялық процесс жағдайларында мүшенің жоғары дәрежеде жіктелген жасушаларының қайтадан көбею қасиетіне ие болып бөлінуі, жіктелуі саналады.

Регенерация нәтижесі әр түрлі болуы мүмкін: 1) регенерация нөтижесінде жойылған не жарақаттанған мүше не ұлпа толық қалпына келеді, оны типтік регенерация немесе гомоморфоз деп атайды. 2) регенерация нәтижесінде жойылған мүшеден езгеше бір мүше не бұрынғы мүше толық емес, жартылай қалыптасуы мүмкін. Оны гетероморфоз деп атайды. 3) кейде сүтқоректілер мен адамдарда регенерация нәтижесінде жарақаттанған мүше бетінде оған жат дәнекер ұлпа пайда болады да өрі қарай ол тыртық болып бітіседі. Оны типтік емес регенерация деп атайды.

Жойылған мүшелер бірнеше жолдармен қалпына келе алады: эпиморфоз, морфоллаксис, эндоморфоз.

Эпиморфоз — жойылған мүшенің жарасының бетінен жаңа мүшенің өсіп шығуы. Ол үшін жойылған мүшенің шамалы болса да қалдық ұлпалары сақталуы шарт, оны кулътя деп атайды. Алғаш ескі мүше ұлпасының (культя) жасушалары актив белінеді, содан кейін жіктеледі, ақырында ескі мүше пішініне, көлеміне сәйкес бұрынғы мүше қалыптасады.

Морфоллаксис — жойылған мүше ұлпаларының (культя) жасушалары бөлінбей қайта құрылып, езгеріп тұтас мүшеге айналады, бірақ ол бұрынғы мүшеге қарағанда кішкентай болады немесе басқа бір мүше қалыптасады.

Эндоморфоз — немесе регенерациялық гипертрофия деп мүше-лер ішіңде жүретін толық емес регенерацияны айтамыз. Бұл жолмен қалпына келгенде жаңа жасушалар пайда болмай, сақтал-ған жасушалар ұлғайып өсіп мүшенің бұрынғы көлемін қалыптастырады.

Егер ағзаның ескірген не бүзылған құрылымдары табиғи жолмен (регенерация) қалпына келмесе, басқа сау мүшені не үлпаны қондыру (трансплантация) қажет болады — мұны ұлпалар мен мүшелердің транстантациясы деп атайды.

Ағзалардың ұлпалары мен мүшелерін қондыру туралы аңыздар ерте замандардан — ежелгі грек, христиан аңыздарынан белгілі. Мысалы, Косьма және Дамион туралы аңыздар.

Біздің заманымыздың II ғасырда Қытай емшісі Хуа Ту адамдардың зақымданған мүшелерін алып тастап, орнына сау мүшелерді қондырған деген деректер бар.

Ұлпалар мен мүшелердің трансплантациясы ғылыми түрде XIX ғасырда италияңцық Д. Баронко (1804) неміс К. Бюнгер (1823) тәжірибелерінің нәтижесіңде дами бастады. Трансплантацияның дамуында Н.И. Пироговтың (1835) еңбегінің маңызы зор.

Ресейде 1840 жылы Ж. Штраух, 1867 жылы Н. Фей көздің қасаң қабығын трансплантациялаған. 1865 жылы В. Антоневич тістерді, 1892 жылы К.И. Сапожко сілемейлі қабықшаны қон-дыруға тәжірибе жасаған.

1897 жылы В.Г. Григорьев ұлпаларды қондырудан (трансплантация) мүшелерді қоңдыруға кешкен: ол аналық безді бір адамнан екіншісіне қондыруға операция жасаған.

Қазіргі кезде ұлпалармен мүшелерді қондыру көптеген елдерде жүргізілуде. 1980-1990 жылдары әлемде бүйректі қондыратын 301 орталық болып 25000 операция жасалынған, жүректі қон-дыратын 64 орталықта 500-ге жуық операциялар жасалынған.

Қазақстанда мүшелерді трансплантациялау операциялары академик М.Әлиев есімімен байланысты. М.Әлиевтің басшылығымен XX ғасырдың 80-90 жылдары бауырға, ұйқы безіне т.б. мүшелерге операциялар жасалынған. 2002-2003 жылдары Қазақстан дәрігерлері трансплантация саласында жаңа жетістіктерге қол жеткізді, себебі ұлпалармен мүшелерді қондырудан жасушалық трансплантацияға көшті. Мысалы, 2002 жылы М.Алиевтің басшылығымен бауырға, 2003 жылы әлемде бірінші болып М.Әлиев, Ж.Досқалиевтар қалқанша безге шприцпен эмбрион-дық жасушаларды енгізу арқылы сәтті операциялар жасады. Қазіргі кезде Қазақстанда бауыры ауыратын адамдарға эмбриоңдық гепотоциттерді енгізу арқылы жылына 200-300 сәтті операциялар жасалынуда. Бұл әдістің болашағы мол.

Трансплантологияда мүшесі алынатын ағзаны — донор, ал сол мүшені кондыратын ағзаны — рецепиент, қондырушы мүшені трансплантант деп атайды.

Трансплантацияны — аутотрансплантация, аллотрансплантация және ксенотрансплантация деп үшке бөледі.

Аутотрансплантация деп бір ағза мүшесін сол ағзаның екінші бір жеріне қондыруды айтамыз.

Аллотрансплантация дегеніміз бір түрге жататын ағза мүшесін екінші бір ағзаға қондыру.

Ксенотрансплантация деп донор және рецепиент әр түрлі түрлерге жататын болса айтамыз.

Трансплантологияның коптеген проблемалары белгілі:

1) трансплантация сәттілігі; 2) дер кезінде донор табу т.с.с.

.

Трансплантация нәтижесі барлық уақытта сәтті бола бермейді, себебі көпшілік жағдайда трасплантантпен рецепиент арасында иммундық үйлесімділік болмайды. Яғни, егер донор мүше мен рецепиент ұлпалары арасында гистоүйлесімділік болмаса, рецепиент ағзасында донор мүшесінің ұлпаларына қарсы бағытталған антидене түзіледі де соңғысын кері қайтарып трансплан-тацияны болдырмайды. Ал егер, рецепиент пен трансплантант арасында гистоүйлесімдік болса, онда трансплантация нәтижесі сәтті болады. Бүл тұрғыдан алғанда аутотрансплантация ең сәтті, ал аллотрансплантация, әсіресе ксенотрансплантация сәтсіздеу болып келеді.

Аталған проблеманы шешу үшін көптеген әдістер қолданылады — иммунодепрессанттарды қолдану, эмбриональдық құрылымдарды пайдалану, ағза мүшелерін клондау т.б.

.

Қажетті донор мүшелерін дер кезінде табу екінші негізгі проблема болып табылады. Оны мүшелер мен ұлпалар банкін құру, жасанды мүшелерді күрастыру, ағза мүшелерін клондау арқы-лы шешуге болады. Қазіргі кезде тері, қан банкілері қүрылған және адамның барлық мүшелерінің жасаңды баламалары құрастырылған. Дегенмен трансплантологияның болашағы ағза мүшелерін клондаумен байланысты.