Ағзаның жеке дамуы

Главная » Рефераттар » Ағзаның жеке дамуы

Ағза деп кез келген жандыларды айтуға болады. Өлі табиғаттан оның ерекшелігі тек тірі материяға тән белгілі бір қасиеттерінің, жеке дамуының болуында: жасушалық ұйымдастыру; ақуыз бен нуклеин қышқылдарының қызметі арқасында жүретін зат алмасу. Ол барып ағзаның тепе-теңдігіне — өзігінен жаңғыру және оның ішкі ортасының тұрақтылығын қолдауын қамтамасыз етеді. Тірі ағзаларға қозғалу, тітіркену, өсу, даму, көбею және тұқым қуалаушылық, сондай-ақ тіршілік ету жағдайларына бейімделу тән. Абиотикалық ортамен әрекеттесе отырып, биологиялық ұйымдастырудың төменгі деңгейлерінен тұратын ағза бүтін жүйе ретінде қарастырылады. Ағзаның барлық осы бөліктері (гендер, жасушалар, жасушалық ұлпалар, бүкіл мүшелер және олардың жүйелері) ағзаға дейінгі деңгейдің құрамалары және жүйелері болып келеді. Ағзаның бір бөліктерінің және кызметтерінің өзгеруі, қайткен күнде, онын басқа бөліктерінің және қызметтерінің өзгеруіне әкеліп соғады. Мысалы, табиғи сұрыпталу нәтижесінде тіршілік жагдайы өзгергенде кейбір мүшелер басым дамиды. Тірі ағзаға тән зат алмасу немесе метаболизм кезінде көптеген химиялық реакциялар жүреді. Мұндай реакцияның мысалы ретінде тыныс алуды және фотосинтезді карастыруға болады. Кейбір микроағзалар, бактериялар басқа кұрамалардың есебінен, мысалы, күкірт косылыстарының, органикалық заттарды құрастырады. Мұндай үрдістер хемосинтез деп аталады. Ағзадағы зат алмасу катализаторы қызметін атқаратын ерекше макромолекулалық заттар — ферменттердің қатысуымен жүреді. Ағзаның өмір үрдісінде әрбір биохимиялық реакцияны ерекше фермеңт бақылап отырады, ал ол — кезегінше жекеленген генмен бақыланады. Геннің өзгеруі мутация деп аталып, ферменттің өзгеруі салдарынан биохимиялық реакцияның өзгеруіне, ал оның жетіспеуі жағдайында метаболизм реакциясының сәйкес сатысының түсіп калуына әкеліп соғады. Ферменттерге коферменттер көмектеседі. Бұлар, бір бөлігі витаминдер болып келетін, барлык ағзалардың зат алмасуына керекті заттар. Метаболизм үрдісіне ағзаның кейбір мүшелері бөліп шығаратын гормондар деп аталатын ерекше химиялық заттар керек. Гормондар кез келген ағзада метаболизмнің жалпы химиялық үйлесімділігін іске асырып, сол іске көмектеседі, мысалы жануарлар мен адамдардың жүйке жүйесіне. Агзаның туғаннан өмірінің соңына дейін жүретін метаболизм үрдісін онтогенез деп атайды. Онтогенезде әрбір ағза дамудың көптеген сатыларынан өтеді. Онтогенездік деңгейде, яғни тұлға (дарақ) деңгейінде де, жүретін үрдістер мен кұбылыстар — бүкіл тірінің тіршілік етуінің кажетті және аса маңызды бөлігі.

Онтогенез үрдісі кез келген сатыда ортаның химиялық, жарықтық және жылулық ластанудан бұзылып, кемтарлардың пайда болуына, тіпті, тұлғаның не дарақтың өлуіне әкеліп соғады. Ағзалардың қазіргі заманғы онтогенезі ұзақ эволюция барысында, олардың тарихи даму — филогенез нәтижесінде құрылды. Терминді Э.Геккель 1866 жылы енгізген. Тарихи -эволюциялық аяда тірінің дамуы мен ағзаның дамуы арасындағы байланыс Э.Геккельдің биогенетикалық заңында тұжырымдалады: кез келген ағзаның онтогенезі осы турдің филогенезінің қысқа да нұсқа кайталануы болып келеді. Баска сөзбен айтқанда, басында, анасының ішінде жатканда, кейін жарыққа келгеннен кейін тұлға (дарақ) өзінің даму барысында өз түрінің тарихи дамуын қысқартылған түрде қайталайды. Қазіргі заманда Жер шарында 2,2 млн астам ағзалар түрі бар. Органикалық әлем екі патшалыкқа — жануарлар мен өсімдіктерге бөлінетіні әлімсақтан белгілі. Ал бүгінгі күнде оны екі империяға бөлген жөн — жасушалықтардан бұрынғыға (вирустар мен фагтар) және жасушалықтарға (калған ағзалар). Жасушалықтар империясы тек бір патшалықтан — вирустардан (фагтар да вирус — паразиттер) тұрады. Жасушалылар 2 патшалық үстінен, 4 патшалықтан және 7 патшалық астынан тұрады.

Ағзаның күнелту ортасы — ол оның өмірінің абиотикалық және биотикалық жағдайларының жиынтығы. Жер биотасында күнелту ортаның негізгі үшеуі болады: сулық, жерүсті — ауалық және топырақтық. Ал 4-шісі — ол тірі ағзалардың өзі және оның паразиттері болып келеді. Экологиялық факторлар — ағзага арнайы әрекет жасай алатын ортаның белгілі бір жағдайы және элементтері. Олар абиотикалық, биотикалық және антропогендік болып бөлінеді. Абиотикалык факторлар — жануарлар мен өсімдіктердің өмірлеріне және таралуына әсер ететін бейорганикалық ортаның факторлар жиынтығы. Олар физикалық, химиялык және эдафикалық деп бөлінеді. Физикалық факторлар кезегінше ғарыштық, орографиялық геологиялық болып бөлінеді. Ғарыштық факторлар — астероидтар, галактика кеңістігінің заттары мен толкындары, ғарыш лақтырындылары мен тозаңдары, күн белсенділігі. Жер биосферасында болып жататын әртүрлі кұбылыстар, мысалы, магниттік құйындар және т.б. сол Күннің белсенділігімен байланысты, Күн белсенділігін зерттейтін ғылымды гелиобиология деп атайды. Ол ілімнің негізін қалаған акад. А.Л.Чижевский (1987-1964) болатын. Кейінгі жылдары гелиобиологияның дамуына М.С.Эйгенсон, Н.С.Щербиновский және т.б. үлкен үлес косты. Бірак осы күнге дейін Күн белсенділігінің күшті экологиялық фактор екендігі әлі де бағаланбай келеді. Орографиялық немесе геоморфологиялық факторлар. Геоморфология жер бедері туралы ғылым. Жер бедері микроклиматқа және топыраққа әсер етеді. Химиялық факторлар — ауаның, судың, топырақтың құрамдас бөліктері болып келеді. Эдафикалық немесе топырақтық факторлар — ондағы күнелтетін ағзаларға ғана емес, өсімдіктердің тамырлық жүйесіне де әрекет жасайтын топырақ пен тау жыныстарының физикалық, химиялық және механикалық қасиеттерінің жиынтығы. Эдафикалық факторлар химиялық, физикалык және биологиялық болып бөлінеді. Химиялық дегеніміз топырақ ортасының кышқылдылығы, тұздың тәртіби топырактың химиялық құрамы, алмасулық қабілеті және ауыспалы иондардың құрамы; физикалық — сулык, ауалық, жылулық тәртіптері, жылупық тығыздығы және қуаты, оның гранулометриялық құрамы, құрылымы және т.б биологиялық — өсімдіктік және жануарлық ағзалар.

.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.