Абай атындағы Семей театры

Главная » Рефераттар » Абай атындағы Семей театры

ХІХ-шы ғасырдың екінші жартысынан бері қарай ойын-сауықтың шоғын үрлеуде ежелгі дағдысынан айнымай келе жатқан шабыт мекені де осы — қарт Семей. Түрлі ойындармен бірге ән шырқап, өлең жолдарын оқып, қайсыбірде шағын-шағын сахналық көріністер ұсынған Семейдің Халық үйі (Народный дом) тұрақты түрде болмаса да, әлсін-әлсін ел-жұрттың жиі бас қосатын думанды орнына айналғаны тарихтан белгілі. Қысқа көріністі скетч-интермедиялар мен әдеби-сазды кештердің үздіксіз ұйымдастырылуы Семей шәһарында тұңғыш әуесқойлық театрдың негізі қалануына жол ашты. Қаланың мәдени өмірі күн сайын жандана түсті. «Шығыс кеші» деген айдарды эдемі пайдаланған өнерлі жастар тобы ән, би, күй үйірмелерінің өріс ала түсуіне зор ықпал жасап отырды. Мэселен, 1914-ші жылы ұлы Абайдың қаза болғанына он жыл толуына арналған әдеби-этнографиялық сауық кеші (Әлихан Бөкейханов баяндама жасайтын тұс) аса көрнекті қазақ шайырының ел арасындағы шығармашылық беделін мүлдем асқақтатып жіберген еді. Абай әндері мен жырлары өз тыңдармандарының қүлақ құрышын қандырып, олардың мәдени-эстетикалық деңгейін қалыптастыруда зор міндет атқарды. Сондай-ақ, Семейде 1915-ші жылы он үшінші ақпанда «Біржан-Сара» айтысының сахналық көрініс тапқаны, оған Қ.Сәтбаев, Ж.Аймауытов, М.Әуезрв сынды ардақтыларымыздың жетекшілік етіп қана қоймай, олардың орындаушылық өнерге жіті ден қоюлары саналы кісінің айызын қандырар ғажап та тарихи көркем деректер. Көркемсөз өнерінің сахнадан дәріптелуі болашақта драмалық жанрдың жедел өркен жаюына мурындық болғаны даусыз. Осылайша, эріден басталған қызықты үйірмелер еңбегінің нәтижесі 1920-шы жылы әйгілі «Ес аймақ» труппасының құрылуына негіз болған. Ресми атауға ие болып, шығармашылық жолға түскен «Ес аймаққа» сол кезгі саяси-ағарту мекемелері қаржылай көмек көрсетіп тұрған.

Аталмыш труппа құрамын, негізінен, жергілікті мектеп, семинария үстаздары мен сауықшыл жастар тобы құраған. Ғ.Төребаев, Д.Есенжолов, Л.Әшкеев секілді мұғалімдермен қатар қазақ өнерінің бертінгі атышулы қайраткерлері Ж.Шанин, И.Байзақов, Ә.Қашаубаев, Қ.Байжанов, Л.Хамиди, Ж.Елебековтердің шығармашылық жолдары осы ұжымнан бастау алған. «Ес аймақтың» өрісті өнері бүкіл Семей атырабына мәшһүр болды. Күннен күнге көрермендер сүйіспеншілігі де арта түсті. Гастрольдік сапарлардың қызығына түскен труппа артистері өздерінің кэсіби деңгейлерін көтере түсіп, нағыз театрға қажетті мүмкіндік жағдайларын тереңірек һэм айқын түсіне бастаған еді. Бірер жылдан соң, «Губерниялық қазақ драма труппасы» болып қайта қүрылған үжымның мәдени-шығармашылық белсенділігі республиканың қарауына өткен-ді. Аялы қамқорлыққа жақсы жүмыстарымен жауап беруге талпынған труппа мүшелері еш жүрексінбей, «Еңлік — Кебек» секілді күрделі трагедияны сахналау дэрежесіне дейін көтерілді. Ұлы М.Әуезовтің әйгілі трагедиясы жұртшылық көңілінен шығып, жас театр репертуарында едәуір уақыт тұрақ тапқан.

1924-25-ші жылдары труппаға Ж.Шанин басшылық етіп, «Қызыл сүңқарлар», «Арқалық батыр» қойылымдарын жарыққа шығарған. Бас рольдерді талантты режиссер Ж. Шаниннің өзі атқарған.Бүл жағдайлар труппа мүшелерінің кәсіби дәрежеге иек арта бастағанының айқын көріністері еді. Ғ.Төребаев, О.Беков сынды театр басшылары да отызыншы жылдардағы Семей театрының профессионалдық дэрежеге көтерілуіне айтарлықтай үлес қосты. Сонымен, Семей музыкалық-драма театры 1934-ші жылдың маусым айында қазақ поэзиясының айтулы классигі — Ілияс Жансүгіровтің «Кек» атты пьесасымен өз шымылдығын айқара ашты. Сол-ақ екен, Б.Майлиннің «Талтаңбайдың тәртібі», Ж.Шаниннің «Шахтасы»(«Өлімнен үмітке»), аудармадан В.Киршонның «Астығы» сияқты сол кездер үшін зэру шығармалар өмірге енді. Бүл қойылымдар, негізінен, ауыл түрмысына, қыр тіршілігіне байланысты жэйттерді қамтыды. «Кекті» сахналаған режиссер Ғ.Төребаев замана шындықтарын жете білуімен дараланды. Ол өмір суреттерінің жинақы көрінуіне мүқият көңіл бөлді. Таптық күрес үстіндегі кейіпкерлер мінез-қүлқын жақсы білуімен ерекшеленді. Театр сахнасында тэп-тэуір қойылған Б.Майлиннің «Майдан» пьесасы да отызыншы жылдардағы қазақ түрмысын табиғи көрсеткен тың тақырып болды. Оқиғалары нанымды суреттелген бүл спектакльде Д.Есенжолов, М.Хасанова, М.Бектенов, И.Матақов, Қ.Жандарбеков сынды актерлер асқан қарымдылық танытты. Режиссер Ғ.Төребаевтың да көркемдік көзқарасы едәуір қалыптаса түскендей болды.

.

Отызыншы жылдардың орта шені де семейліктер үшін табыссыз болған жоқ. М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек», «Айман-Шолпан», Ғ. Мүсіреповтің «Қыз Жібек», Б. Майлиннің «Шұға» секілді халық шығармашылығынан туындаған мазмүнды қойылымдар сэтімен бой көрсете бастады. Аталған пьесалар бойынша қойылған спектакльдерде актерлер шеберлігі үшталып қана қоймай, режиссура ілімінің де ауқымы кеңейе түсті. «Еңлік-Кебек» осындай шығармашылық ынтымақтың жарқын көрінісіне айналды. Режиссер О.Беков пьеса авторы М.Әуезовпен келісе, кеңесе отырып, отызыншы жылдары аталған трагедияның түзетілген нүсқасын жүрт талқысына үсынды. Р.Жэкенов, С. Қыдыралин, Ғ. Төребаев, Н. Атаханов, Р. Есімжанова, Ш. Мусин, Б. Қалтаев сынды орындаушылар жақсы қырларымен көзге түсті. Отызыншы жылдар соңына таман театрға келген аса тәжірибелі режиссер Л.В.Леонов ұжым өмірін бүрынғыдан әлдеқайда биікке көтеріп жібергендей болды. Көп жылдар бойы ұжымға сәтімен жетекшілік жасаған ол, спектакль түзу процестерін алдыңғы кезекке шығарды. Ол Семей театрын бірыңғай музыкалық үжым етуді басты мақсат деп түсінді. «Ер Тарғын» операсының сахналануы осының дэлелі. Тарғын — Б.Қалтаев, Ақжүніс -Г.Әбдірахманова түңғыш қойылған опералық спектакльде әжептәуір табыстарға жеткен. Осы түстарда, М.Құлатаев есімді азаматтың да режиссураға араласқандығын айта кеткеніміз жөн. Ұлы Отан соғысы жылдарында да театр
үжымы өзі діттеген межесіне жетуден еш аянып қалмағаны анық. Біраз актерлерінің майданға кетуіне қарамастан Отан алдындағы өзінің патриоттық міндеттерін мүлтіксіз атқаруда аса жігерілік танытты. «Сын сағатта», «Орыс адамдары», «Шалқыған теңіз» қойылымдарының көркемдік дэрежесі ойдағыдай болмасадағы уақыт рухына сай кезеңді бейнелеуде олар едәуір іс атқарды. Батылдық, батырлық, отаншылдық сезімдері барынша насихатталды. Музыкалы деген атына сай болу үшін театрдың көркемдік жетекшісі Л.Леонов «Малиновкадағы той», «Аршин-малалан» комедияларын сахналап, соғыс алапатынан жандары жадап-жүдеп жүрген ел-жүрттың көңіліне серпіліс орнықтырды.

.

Ұлы Абайдың туғанына жүз жыл толуы қарсаңында А.Жүбанов пен Л.Хамидидің осы аттас операсының театр сахнасына шығуы зор мэдени оқиға болды. Режиссер Қ.Жандарбеков аталмыш театрға қайта соғып, атақты шайыр өмірінен жазылған шығармаға үлкен мән берді. Ол опера арқауын ықшамдай отырып, оның драмалық нұсқасын да қамти кетуді ұмытпаған. Абай өмірінің соңғы кезеңі шынайы көрсетілген. Қысқасы, театр үжымы өзінің он жылдық мерейтойы бедерінде қырыққа жуық спектакльдер көрсетіп, сүрапыл соғыс күндерінің өзінде де театр артистері көптеген марапаттарға ие болып жатты. 1945-ші жылы ұлы шайырдың жүз елу жылдық мерекесіне орай театрға Абай есімі берілді.

.

Соғыстан кейінгі кезеңдерде Семей театры халық шаруашылығын қалпына келтіру жолындағы жемісті еңбектерін жалғастыра түсті. Әлбетте, сол түстағы Кеңестік қасаң идеология театрлардың көне заман өмірін дэріптейтін тарихи дүниелерге үйір болмауын мұқият қадағалады. Теріс моральды көбірек қаузайтын батыс драматургиясы аудармаларына да қатал шек қойылды. Кеңестік өмірдің «керемет» кейіпкерлерін насихаттау жағы жіті назарға алынды. Әйтсе де, сол дүниелердің бәрі де шетінен сэтті болып жатпағаны белгілі. Қырқыншы жылдар мен елуінші жылдардың екінші жартысында жарық көрген жиырма шақты қойылымдардың көбі жұртшылық талабын толық қанағаттандыра алмады. Тек, театрдың шығармашылық беделін өз қалпында сақтай алған қойылымдар қатарында Ә.Әбіпіевтің «Достық пен махаббатын» ғана атауға болар еді. Жалпы, қаламгер Ә.Әбішевтің атын шығарған «Достық пен махаббат» пьесасы қазақ драматургиясының алтын қорына енген салиқалы дүние. Оны Қазақстанның көптеген (Әуезов театрынан бастап) театрларының өз сахналарына түгелдей дерлік қойып шығуы тегін емес-ті. Уақыт рухына сай ұнамды кейіпкерлердің жан-дүниелерін беруде пьеса авторы едәуір табысқа жеткен. Сол сияқты, «Ыбырай Алтынсарин», «Амангелді», «Абай» қойылымдары да театр абыройын көтере түсті.

1954-ші жылы жиырма жылдық мерейтойын арнайы атап өткен театр ұжымы Н.В.Гогольдің «Үйлену» пьесасын сәтімен қойып, режиссер Л.Леоновтың жетелеуіндегі артистер қауымы классиканы меңгеруде айта қаларлықтай шабыт биігінен көрінді. Сол жылы театрға жаңадан келген жас режиссер Бэйтен Омаров өзіндік батыл қадамдарымен үжым өміріне тың серпіліс экелгенімен байырғы бас режиссер Л.Леоновтың ауыр науқастан қайтыс болу оқиғасы шығармашылық ортаны абдыратып, эбіржітіп кеткендей болды. Екі режиссердің стильдері дара-дара еді. Екі түрлі көзқарас. Екі түрлі ұстаным. Леонов музыкалық дүниелерге жақын болса, Омаров таза драмалық пьесаларды нүсқалауға қүлық танытты. Соңғы режиссердің актерлерді өз беттерімен ізденуді, шығармашылық қиял жүйесін іске қосуды алғашқы кезекке шығаруы артистер өміріне өзгеше толғаныс-тебіреністер алып келді.
Н.Хикметтің «Махаббат туралы аңыз» («Фархад-Шырын»), К.Гольдонидің «Екі мырзаға бір қызметші», Ә.Тэжібаевтың «Майра» туындылары жас режиссер Б.Омаровтың болашағынан мол үміт күттірген дүниелер болып шықты. Бұл спектакльдерде шабытты өнер толғаған К.Сәкиева, Т.Иісова, Ә.Жаңбырбаев, Қ.Ешмұратов, М.Титақов, Х.Байырманов, ГӘбдірахманова, Б.Имаханов, С.Қыдыралиндер табыс биігінен көрінді. Қазақ драматургиясының інжу-маржандары — «Еңлік-Кебек», «Ақан сері-Ақтоқты», «Қарагөз» — режиссер Б.Омаровтың нұсқалауында театр деңгейін биік сатыларға көтеріп тастады. Жалпы, семейліктердің ауқымды табыс биігінен танылып, нағыз көркемдік өрелерге қол артуы-бас режиссер, тэжірибелі суреткер Бэйтен Омаровтың тыңғылықты кэсіби даярлығы еді десек, қателеспейміз. Әсіресе, 1957-58-ші жылдары Алматы шэһарында өткен бүкіл Қазақстан театрларының көктемгі фестивалі кезінде Б.Омаровтың есімі ел арасына кеңінен танылды. «Еңлік-Кебек», «Ревизор», «Майра», «Айман-Шолпан» секілді сан жанрлы қойылымдарымен жарқырай көрінген аталмыш ұжым актерлік табыс, режиссерлік тапқырлық сырларын өз деңгейінде паш етті. Кэсіби өнердің ләззатынан керегінше сусындаған көрермен қауым семейлік өнерпаздарға дэн риза болды.

1964-ші жылы өзінің отыз жылдық мерекесіне арналған «Комиссар Ғаббасов», «Мұса Жәлел», «Махаббат жолы» («Аңсаған менің әнімсің») секілді таңдаулы қойылымдарын ел-жұртқа ұсынған театр ұжымы тағы да жақсы қырларымен көзге түсті. Жалпы, 1958, 1964, 1978-ші жылдардағы Алматы гастрольдері кезінде жүртшылық қауымның ыстық ілтипатына бөленген Семей театрының ұжымы өз шығармашылық мүмкіндіктерінің мол екендігін айқын байқатты. Бэйтен Омаров тэжірибесінен мол тағылым түйген бүгінгі танымал режиссеріміз Ерсайын Тэпенов шығармашылығының бекем қалыптасуы да осы Семей театрынан басталған-тын. Абай атындағы осынау талантты өнер отауының тізгінін жиырма жылдан астам ұстаған бас режиссер Есмұхан Обаевтың да шеберлік элемі ауызға жақсы жағынан іліккені тарихтан мэлім. Аталған көркемдік жетекші есімімен қаншама қойылымдардың рухани тағдыры өз шешімдерін тапты десеңізші! Толқын-толқын жас артистер легі тәрбиеленіп, ата-аға буын өкілдерінің орнын сэтімен жалғастырды. Қаншама премьералар жарық көріп, қаншама гастрольдік сапарлар тарихқа із тастап, өнер мерейін өрістете түсті. К.Сэкиева, Ә.Жаңбырбаев, Б.Имаханов, Ш.Бахтинова, Г. Аманжанова, Ә.Баирова, А.Маекиналардың актерлік шеберліктері жарқырай көрінді. Б.Сыбанов, Қ.Қабижанова, М.Құсайынова, Б.Мұхамеджанова, Ж.Құнанбаев, Қ.Байжұманов, Х.Солтанбаев, С.Омаров секілді тамаша өнер иелерінің мезгілінен бұрын о дүниелік болып кеткенін жаны күйзеле эңгімелейді эркез театрдың бүрынғы көркемдік жетекшісі, бұл күндегі танымал өнер қайраткері Е.Обаев. С.Манасбаева, Ә.Ыдырышева секілді жастар да алғашқы қадамдарын осы театр сахнасынан бастаған еді. Режиссерлер Қ.Рахметов, Е.Төлеубаевтың азды-көпті еңбектерін де ілтипатпен еске алады театр ұжымы. Театрда табаны күректей тоғыз жыл бас режиссерлік қызмет істеген Шаиай Зұлхаштың да шығармашылық табыстары ауыз толтырып айтарлықтай.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.