Абай дәстүрінің түркі поэзиясындағы орны

Главная » Рефераттар » Абай дәстүрінің түркі поэзиясындағы орны

Түркі поэзиясындағы шығыстық әсерден, шығыстық үлгідегі Шағатай жазба әдебиетінің ықпалынан ұлттық поэзиямыздың ұлы белесі — Абай шығармашылығы да қүр алақан емес. Әсіресе, медреседе оқып жүрген жылдарында шығыс шайырларының әйгілі шьпармаларымен танысқан жас Абай таза шығыстық дэстүрмен өлең жазуға да талпынды. М.Әуезовтің көреетуінше, Абай «Иузи-раушан», «Фзули, Шэмси», «Әліфби» сияқты шығыс ақындары үлгісіндегі өлеңдерін 13 жас пен 18-19 жастар арасында жазған. Абай шығармаларына қатысты зерттеулерден әрі де болса тысқары қалып келе жатқан шағатай үлгісіндегі осы үш өлеңнің сыртқы құрылымы мен ішкі мазмұнына қатысты құнды пікірлерді тағы да М.Әуезов еңбектерінде кездестіреміз. «Осы өлеңде және бұдан кейінгі екі өлеңде де, Абай өзінше түркі тіліндегі (сол кездегі әдебиет тілі деп саналған)» үлгіде жазып отыр. Бірақ анық, сол түркі сөзі мен осы өлең қатарында келетін араб сөздері әлдеқайда көп. Өлеңнің өзін ырғағы да, жеке сөздердің айтылуы да кітап үлгісінде «нигә», «шигэ» деп қазақтың «неге», «шегеді» деген сөздерін кітапшалап, әдейі бұрмалайды. Өйткені алып отырған өлең ырғағы, ритмнің өзі арабтан иран, шағатайға жайылган «ғаруз» өлшеуінің үлгісі. Бұл — қазақ сияқты елдердің тіліне, өлең құрылысына мүлде жанаспайтын ырғақ. Бірақ өздері әзірбайжан, өзбек, түрікпен, татар, қазақ сияқты елдерден шығып, арғы замандар мен бертін кездердегі араб, ислам мәдениетінің ықпалын көрген классик ақындардың көбі өз халықтарының тілдерін бұрмалап жазатын. Сол үлгі Науаида, Физулиде тағы басқа Абай қадірлеген ескі өзбек, әзірбайжан, тәжік ақындарында көп кездеседі. Өзі шәкірт, өзі бала ақын Абай соларға сырттай бой ұрып, алаңсыз еліктейді» — дейді ғалым «Иузи-раушан» өлеңіне қатысты талдауында. Мәселенің жай жапсарын жан-жақты ұғына түсу үшін ғұлама ғалымның пікірін әдейі толығырақ келітіріп отырмыз. Маңыздысы сол, М.Әуезов ойлары Абай талпыныстарының тарихи себептері мен дәстүрлі арналарына үңіліп, аса мәнді мағлұматтар береді. Абай осы өлендері арқылы қазақ өлеңіне тұңғыш рет «ғаруз» өлшемін енгізді. Ендеше ақынның шығыстык үлгідегі бұл шығармалары ұлттық өлеңіміздің тарихындағы өрелі құбылыстардың бірі екені даусыз. Әдебиетіміздің тарихында Абайға дейінгі, Абайдан кейінгі дәуірлерде де шығыстық дәстүрге еліктеп, шағатайлық үлгіге іш тартқан ақын жыршылар баршылық. Алайда олардың көпшілігі, жоғарыда айтқанымыздай, шығыстық үрдістен түрді емес, мазмұнды және идеялық бағытты үлгі алды. Ал, ұлы Абай талпыныстары тым бөлек. Оның шығысқа еліктеуі де ерекше. Абай өзге ақындардай емес, шығыстық үлгіден мазмұнмен бірге түрді де игеруге тырысады. Бір кездері парсының атағы жер жарған ақындарымен өнер бәсекесіне түсіп, солармен бой теңестіруге талпынған Жүсіп Баласағүн, Ахмет Югнәки, Хорезми, Құтып, Науаи, Физули және т.с.с. түркі ақындары ғаруз өлшемін (аруз өлшемі) таңдауға мәжбүр болып, осы өлшемнің түркілік үлгісін қалыптастырса, Абай да қанша қиын болғанымен бұл дәстүрдің қазақтың ұлттық поэзиясындағы тұңғыш тәжірибесіне бастама берді. Әрине тоғыз ғасырдай колданылса да, шарттылықтар шеңберінде ғана қалып, түркі өлеңімен толық үйлесім таба алмаған ғаруз өлшемінің қазак тілімен, өлең құрылысымен жанаспасы әбден анық. Сол себепті де Абай ғарузбен жазылған штүркі поэзиясындағы өлендерінде қазақ тіліне қарағанда ғаруз өлшеміне әлдеқайда икемделген шағатай әдеби стиліне арқа сүйеді. Абай өлеңіндегі өлшем де түркі арузының осы заңдылығына сай екенін аңғару киын емес. Түркі сөздеріндегі ашық-қысқа буындар уэзіннің түзіліміне қарай қысқа немесе созылыңқы буын ретінде қолданыла береді. Мысалға алтыншы тармақтағы сэ-ңэ (саған) сөзі сэ-ңэ түрінде екі ашық-қысқа буыннан құралған. «Иүзі-Раушан» өлеңінің тағы бір аса назар аударарлық түсы -сыртқы құрылымы. Мұхтар Әуезов айтқандай, бұл үлгі қазаққа жат, араб-парсы өлең үлгісі. Ұйқас жүйесі аааә-аааә-бббә түрінде түзілген төрт тармақты үш шумақтан тұратын бұл үлгінің қазақтың халықтық өлең өрнегінде кездесе бермейтіні анық. Ендеше бұл үлгінің тегін ақынның өзі еліктеп отырған шығыстық үрдістен іздеген абзал. Жалпы шығыстық үлгідегі классикалық түркі поэзиясында екі тармақ бәйіттерден құралған өлең түрлерінен өзге төрт тармақтардан тұратын рубай, тұйығ, мурабба, терби-бенд сынды өлең түрлері баршылық. Бұл түрлер бір-бірінен көлемдерімен және ұйқас жүйесімен өзгешеленеді. Абай өлеңінің бар айырмашылығы бірінші және екінші шумақтардың алғашқы үш тармағы өзара ұйқасып аааә- аааә-бббә түрінде құрылған. Алайда бұл аса айқын айырмашылық емес. Әр төрт тармақтың алдынғы уш тармағының және әр шумақтың соңғы тармақтарының өзара ұйқасуы мурабба өлеңнің басты белгісіне саналады. Әрине біз қарастырған Алтын Орда дәуірі ақындары Хорезми мен Құтып шығармаларында мурабба түрі ұшыраспайды, Бұл түр олардан кейінгі дәуірлердегі шағатай және осман түрік шайырларының шығармаларында кеңінен қолданылған. Тегінде Абайдың шығыс поэтикалық дәстүрімен байланысы сөз болғанда ондағы бар шығыстық белгіні таза араб-парсы үлгісіне тели беру әбестік. Бұл орайда сүйенерге тұрарлық салмақты пікірлер тағы да М.Әуезов зерттеулерінде айтылады. «Оған (Абайға), — дейді ғұлама ғалым тілдері түсінікті ең жақын ақындар болғандықтан Науаи, Физули үлгісі көп әсер етеді. Жас шағында сол ақындар өздеріне үлгі еткен Фирдоуси, Сағди, Қожа Хафиз тәрізді ұлы классиктердің ескі өзбек тіліне аударылып, Абайға сол аударма арқылы таныс болуы көңілге қонымдырақ көрінеді. Бұл соңғыларды Абай білгенде «түркішеленген аудармалардан білу керек». Яғни, Абайдың үлгі мектебі араб-парсылық үрдіс емес, сол үрдістің ықпалында қалыптасқан түркі классикалық өлең дәстүрі. Бұл дәстүр — түркі өлеңі тарихында Қарахандар дәуірінде «Құтты білік», «Ақиқаттар сыйымен» басталып, Алтын Орда дәуірінде Хорезми, Құтып, Бабыр-шах және Сайфи Сараи сынды ақындардың шығармашылығымен шыңдалып, Науаи, Физули, Нәсими, тіпті XVIII ғасырдағы Осман түріктерінің Нэдим, Бақи сынды шайырлары шырқау шыңына жеткізген көркемдік заңдылықтары ортақ бір тұтас поэтикалық комплекс. Мұсылманша хат таныған жас Абай осы ақындардың легіне қосылмаққа құлшынды дәуірінің алдыңғы қатарлы өлең дәстүрінің төрінен орын теппекке талпынды.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.