Абай және Шығыс әдебиеті

Главная » Рефераттар » Абай және Шығыс әдебиеті

abai.zhane.shigis.kazortaАбайтану саласының қиын да күрделі бір арнасы ол — сөз жоқ, Абай шығармаларындағы Шығыстық кайнар көздер. Абай мұрасының Шығыска қатысы жайлы баспасөзде алғаш жарияланған пікірлер Кәкітай Ысқақов пен «Уақыт» газетіндегі (1908, № 388) мақала еді. Абай шығармаларындағы шығыстық сипаттарды зерттеу үлкен әзірлікті қажет ететін күрделі мәселе. Бұл ең әуелі, жалпы мұсылман Шығысы мәдениетін, философия тарихы мен классикалық мұраны тұпнұсқадан оқу деген сөз. Осы тұрғыда Абай шығармаларының Шығысқа қатысы жайын түбегейлі қарастырып, ғылыми деңгейге көтерген Мұхтар Әуезовтің әр уақыт оралып соғып, жаңа таным, соны пікірі ұсынып, мәселені тереңнен зерделеп отырғаны белгілі. Абайдың Шығысына байланысты М.Әуезов пікірлері үздіксіз, жанды ізденіспен толығып, байып, дамып отырды. М.Әуезов Абай шығармаларының Шығысқа қатысы жөнінде алғашқы пікірін өте ертеде жазылған Абай өмірбаяны жайлы еңбегінде білдіреді. Абай мұрасының шығыстық белгілері жайлы абайтану саласында М.Әуезов ең алғаш мақсатты түрде мәселені қойды. Ол Абайдың жастық шағынан басталып, өмірінің соңына дейін өзекті желідей созылған шығыстық белгілердің ақын дүниетанымы мен көркемдік шеберлігінің қалыптасу, даму, өсу жолындағы түрлі кезеңдерін ерекше ден қойып зерделеп отырды. М.Әуезовтің Абай мұрасының Шығысқа қатысы жайлы зерттеулері, ондағы ғылыми ойының қорлану, жетілу, жаңа сапа тауып түбірлі пікірлерге бет алу жолына ой жіберсек, әр кезеңде әр түрлі таным тұрғысынан келіп отырғанын, түрлі ой — толғаныспен елеп — екшеп, сұрыптап отырғанын көреміз. 1934 жылғы «Абай ақындығының айналасы» атты зерттеуінде Мұхтар Әуезов ақынның шағатай әдебиетіне қатысына сәл жатырқай қарайтыны белгілі. 1945 жылы М.Әуезов Абай мұрасының нәр тартқан үш бұлағы жайлы аса күрделі танымын алғаш рет айқын танытқандай. Абайдың шығыстың көркем классикалық поэзиясымен шығармашылық қатынасы жайлы бір айтса, Абайдың ақындық кітапханасының шығыстық арналарын қарастыруында және де бір үлкен мәселе етіп Абайдың тарих, философия жөніндегі сусындаған бұлақтары Шығыс ойшылдарының еңбектері де болғандығын айтты.

.
.

М.Әуезов Абайдың Шығысын абайтанушы М.Мырзахметовтің көрсетуінде мынадай төрт салаға топтастырды. 1. Абайдың ақындық кітапханасының көлемі мен жайы. 2. Абай және Шығыс классиктері. 3. Абайдың исламиятқа қатысы. 4. Абай және мораль философиясы. Бұл пікірлер, әрине, М.Әуезовтің Абайдың Шығысқа қатысын зерттеуді орынды көтеріп, түрлі нәтижелерге қол жеткізудегі сатыларын, қамтыған мәселелерін ауқымын айқындауда,сонымен бірге Абайдың Шығысын тануда белгілібір уақыттарда қажеттілігі болған пікірлер. Біздіңше, Әуезовтің Абайдың Шығысын ашуын әлде де қарастыра түсу арқылы аталған мәселелердІң ар жағынан Абайдың Шығысын зерттеуді тереңдете түсер көп қисындар Абай шығармаларының Шығысқа қатысын бұрмалау, теріс бағалау, үстірт қана шолып өту, тіпті кейде тарс етіп, жұмған ауызды ашпай өте шығу сияқты түрлі ахуалды абайтану ілімі бастан аз кешкен жоқ. Сондай құбылыстар Абайдағы айқын көзге ұрып тұрған шығыстық белгі, шығыстық сарындарды басқаша тануға, тануға итермеледі. Абайдың Шығыс әдебиетіне қатысы жайлы қазақ әдебиеттану ғылымында М.Әуезовтен кейін С.Мұқанов, Қ.Жұбанов, Қ.Жұмалиев, Б.Кенжебаев, Р.Сыздықова, Қ.Өмірәлиев, М.Мырзахметов, Т.Әлімқұлов, А.Қыраубаева, Ө.Күмісбаев, Ғ.Есім, А.Жақсылықов, т.б. ғалымдар еңбектерінде қарастырылып отырды. Бүгінде Абайдың Шығыс әдебиетімен, Шығыс мәденитімен байланысын қарастырған біршама толымды зерттеулер бой көрсетіп отыр. Абайда, Абайдың ІІІығыс әдебиетінен алғаны, үйренгені туралы оның өлең өлшемі, сөз қолданысы, дүниетаным пікірлерін аша түсер нақытылы зерттеулерге бару — қазіргі абайтанудың ендігі кезектегі күрделі міндеттерінің бірі. Абайдың ақындық айналасы мәселесі — абайтанудың өзекті арнасы. Абайдың Шығыс мәдениетіне, әдебиетіне қатысы жайлы әріден айтылып келеді. Абайдың Шығысы дейтін мәселенің аясында Абайдың исламиятқа қатысы да, Шығыс поэзиясы үлгілерінен үйренуі де, Шығыс философиясына бойлауы да белгілібір дәрежеде айтылып, қамтылып отырды. Абайдың Шығысқа қатысы жайлы баспасөз бетінде алғаш жарияланған дүние «Семипалатинский листок» газетіндегі Әлихан Бөкейханов жазған азанама болса керек. Абайдың өмірі мен шығармалары жайында Кәкітай Ысқақұлынан алған деректерді Әлихан Бөкейханов Абай ақындығы жайлы өзіндік наным-таныммен құнарландырып, жүйелеп баяндап бергендігі белгілі. «Ислам дінінің далаға орнығуының пайда-зиянына орай жаңа заманның талабымен Абай білімге ден койып, араб, парсы түркі тілдерін кітап арқылы үйренеді. Табандылығы мен бейімділігінің нәтижесінде өз бетімен араб, парсы тілдерін еркін меңгеріп, қасиетті біліммен сусындады. Молда мен қожалар туралы далаға кең таралған «аңқау елге арамза молла» деген мақалға орай олар өздерінің жан дүниесінің пасықтығын әшкерелеуден қорқып Абаймен кездесіп, сұхбаттасудан қашқақтап жүретін. Осы арада Абайдың ислам дініне қатынасын да айта кету лазым» — деген Әлихан Бөкейханов абайтанудағы үлкен бір мәселенің жайын алғашқылардың бірі болып қозғаған еді . Әрине, Абайдың қасында болып, не оқып, не білгенін көбірек көріп, таныған Кәкітай Ысқақұлының мына бір деректерін Әлихан Бөкейханов пайдаланды: «Уақытында аз да болса ислам діні, ғылымы кіріп келе жатқан жаңа заманның ретімен Абай арапша, парсыша, түрікше кітаптарды көп оқып, олардың ішіндегі ғылымынан үлкен хабардар болды. Сол талаппенен қырда ғарапша, парсышаға Абайдан артық білетін ешкім болмады. Өзге жерде өтірікті-шынды жұртты өзіне қаратып жүргенде, Абай алдында надандығы білініп масқара болып қалам ба деп шала оқыған ғылымы бар молда-қожалар Абайдан қашып жүруші еді» . Нәзір Төреқұлов «Қазақ» газетінің 1916 жылғы 9 ақпанда шыққан № 164 санында жарияланған «Әдебиетімізге көз салу» дейтін мақаласында әдебиет, тіл мәселелерін қозғай отырып, тілді байыту мәселелеріне үңілуге тартады. Қазак тілі, анықты да гибкость — икемділігінде, плавность — ағымы тегістігінде Радлов секілді түршілердің ойынша Европа тілдерінен франк тілімен тең. Бірақ қошаметіне мәз болып, тілімізді ескерусіз тастай алмаймыз, әрдайым тіліміз үшін бар күшімізді жұмсап, ажарларымыз, байытуымыз тиіс.

Бұл пайда негізді қай жерге құрайық, жетпеген сөздерді, терминдерді, мағыналарды, әдебиетті, жаңа түрлерді қайдан алайық? Міне осы мәселелерді шешпеншілік. Соның үшін басқаларға бір көз жіберелік дей отырып, Абай Европа мәдениетіне; әдебиетіне бой ұрып, қазақ әдебиетін түрлендірді, әйтпесе ол үшін араб, ғажам жолы да ашық еді деп, Абайдың Шығысқа қатысын арнайы сөз етуді қажет деп таппайтындай байлам жасайды. Жалпы, абайтану тарихында Абайдың Батысын басым айттық. Абай қазақ өлеңіне әкелген жаңалықтың барлығын орыс, Европа әдебиетінің ықпалы деп кана қарастырған жағдайларымыз басым болды. Абайтануда Абайдың Шығысы саяси ағартушылардың ықпалынан ұзақ жылдар бойы ұдайы шектеліп отырды. Қазіргі кезенде, кезінде абайтанудағы «ақтаңдақтар» болып дамуға мәжбүр болған көптеген жазба дерек, тұжырым-танымға тыйым салу тыйылған кезде, Абайдың Шығысы жайлы тынымымызды кеңітуге, байытуға, дамытуға өріс ашылып отырған уақытта, сол, бір замандарда «жабық» қалған жазбалардың құндылығы арта түсіп отырғаны даусыз. 1922 жылы Абай кітабы екі қалада басылып шыққаны белгілі. Соның Ташкент басылымына байланысты сөз қозғай отырып Ғабдрахман Сағди абайтанудың бірнеше өзекті мәселесін алға қойды, Абай шығармаларының жазылу мерзімі, себептері Абай ақындығының эволюциясы, ақынның тіл кестесі, ақындық мектебі жайлы кеңінен қозғап, сөйлеген ғалым Абайдың Шығыс әдебиетіне қатысын арнайы сөз етпегенімен, оның исламиятқа қатысын айғақтау жолында құнды пікірлер айтты.

.

«Және әуелде аллаға онша жақын болмаған әлі көбірек дүние үшін, халық үшін қайғырған Абай 1989 жылдан соң аллаға жақындап, алланы жат етеді. Алла туралы көбірек ойлап, сол ретте халыққа алла туралы сөздер сөйлеп, алла туралы діни үгіттер үйретеді. 1886 жылдарда Абайдың үгіті дүние, тұрмыс үшін болса, енді алла, ахрет үшін болуға айналады. Абайдың бұл жылдан соңғы өлеңдерінде Толстой сықылды адамдардың жазған сөздерінің ізі көріне бастайды. Абай өмірінің бұл бөлімінде, шынында, қазақ халқына діни жолбасшылық сипатын көрсетеді. «Ой туралы» деген өлендері бәрі соған куә қылып Абай 1895 жылда «Халыққа махлұқ ақылы жете алмайды. Оймен берген нәрсеміз бәрі дәһрі» — дейді. Әм алла туралы: «Сонда да оны ойламай қоя алмаймын» әм «Және оған қайтпақсың, оны ойламай өзге мақсат ақылға тола ма екен», — деп өзінің енді аллаға мықтап берілгендігін аңғартады.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.