Абылай хан реферат қазақша

Home » Рефераттар » Абылай хан реферат қазақша
Рефераттар Комментариев нет

02Ал шынында Абылай хан Орта жүз қазақтарының XVIII ғасырда өмір сүрген ханы. Оның тегі Орта жүз сұлтандарының кенже буынынан тарайды да, үшінші атадан барып Әбілмәмбет ханға косылады. Онымен Абылай (біздегі дерек бойынша Абылай сұлтан ханның немере інісі) 1739 (дұрысы 1740) жылы Орынборда Ресейге мәңгі бодан болатыны туралы ант берген. Атасы, оның да аты Абылай, Түркістанның билеушісі болып тұрған. Батырлығымен, батылдығымен аты шығып, сол үшін канішер деген каһарлы да кұрметті атакка ие болған кісі. Бірак, баласы Уәли әкесінің даңкын асыра алмай, Түркістанды басып алған көрші билеушілердің бірінің колынан каза тапты. Қалткысыз берілген бір кұлының аркасында ғана он үш жасар Абылай аман калды.
Адал төлеңгіт өз түлегін ертіп, казак даласына тартты. Ағайын-туғандары сыртка тепкен жас Абылай кырға келіп, Жаксылык руының бір байына малшы бо-лады. Дүрбелеңге толы дүбірлі кезең Абылайдың тапкырлығы мен табандылығын, акылдылығы мен алғырлығьш танытуьша жағдай жасайды. XVIII ғасырдың алғашкы он жылдығы қазақ халкының өміріндегі бір алапат кезең еді. Жоңғарлар, Еділ калмактары, Жайык казактары мен башқұрттар қазақ руларына жан-жактан тарпа бас салып, қырып-жойып, малын айдап, жанын байлап әкетіп, талай әулетті тұтасымен тұтқынға алып кетіп жүрді. Қытымыр кыс, кесепат жұт пен ашаршылык тәңірден түскен кыспактай-ак халыкты сансыратып, кайыршыландырып жіберді. Орынбордағы бір қазақ рубасының өз жерлестерінің кайғылы халін соңынан бір топ ұялас тазы қуған коянның жағдайына теңегені бар. Әсіресе, 1723 жыл сұмдык қазактардың есінде өшпестей боп қалды. Қары калың әрі көктайғақ болған сол бір сұрапыл қыста жоңғар қоңтайшысы Қалдан-Серен қисапсыз қолмен қазақ қырына басып кіріп, казактар мен кырғыздарды бұрынғы шалдуарлығы мен шапқыншылығы үшін жаппай жазалауға кірісті. Қайда барса да қанкұйлы жоңғарлар кыр соңынан қалмаған қазақтар үріккен киік үйіріндей дүркіреп, жол-жөнекей дүние-мүлкін, бала-шағасын, кемпір-шалын, арык-тұрық малын, үй мүкәмәлін шашып, түстікке барып койып кетті. Орта жүз — Самарканның түбіне, Кіші жүз Хиуа мен Бұхар барып паналайды. Ал қырғыздар Болордың адам аяғы баспаған кұз-жарына жасырынып, үрейі ұшканы сонша Гиссар алкабына дейін жетеді. Орта Азияның кұм белдерінен шүйгін жайылым таба алмай, жана көршілермен жауыққан қазақтар кұдіретті Ресейдің шекарасына жүз салып, олардан колдау мен қолқабыс іздейді.
Міне, осындай екідай, үрейлі қанды-қасап кезеңде ел назары Абылай сұлтанға ауады. Өйткені ол жорыктардың бәріне алғаш катардағы жауынгер боп қатысып, соның өзінде кисапсыз ерлік көрсетіп, айрыкша амал-айласымен көзге түскен еді. Өнегелі ақыл-кеңесі, сұнғыла зердесі аркасында, ол бірден-ақ көреген, кемеңгер деген атқа ие болады. Шынында да, қазақтар мұны ұлы істер аткаруы үшін Алланың өзі жіберген елшісі, әруак иесі деп ұққанға дейін Абылай талай күресті бастан кешіріп, сан сыннан сүрінбей өтті. Ол екі мәрте торға түсіп, бірінде қырғыздарға, екіншісінде Қалдан-Серенге тұтқын болды. Онын Қалданнан кұтылуы шын мәніндегі керемет. Себебі ол ханнын сүйікті ұлы Шарышты жекпе-жекте өлтіріп, кұдіретті қалмактың қазақтардан табандап тұрып талап етуімен тұткынға түскен ғой.
Қалай болғанмен де, 1739 жылы біз оны Орта жүздің ең ыкпалды, ен күшті билеушісі деп таныдық. Орыс үкіметі де көбінесе Абылаймен және оның ағасы Сұлтанбекпен ғана байланыс жасап отырған. Өйткені, кырға барып кайткан орыстардың айтуына қарағанда, ол тұста нағыз ханның ешқандай мәні де, беделі де болмаған. Даламен жаксы таныс Тевкелев бұл сұлтанды қазақ билеушілерінің ішіндегі ең айлакері, әрі ең ыкпалдысы дейді.
1759 жылы Абылай орыс сарайына өзінің туысканы Жолбарыс сұлтанды жіберіп, сый-сияпат сұрайды. Кейін оған өкілеттік кағаз жіберіліп, жылына 300 сом жалақысы тағайындалып, 200 пұт ұн беріп тұру белгіленді. Осы екі арада Орта Азияда Абылайдың мансап жолындағы ой-арманын жүзеге асыруына жағдай жасайтын окиғалар болған еді. Ол оның халық алдындағы абырой-беделін тіпті аспандатып жіберді. 1745 жылы қазақтарға әзірейілдей болған Қалдан-Серен дүние салып, Жоңғарияда билікке таласкан дүрбелен басталады. Қалмак тайшылары енді Абылайдан көмек күтеді. Ескі кегі зығырданын кайнатып, жоңғарларға тісін кайрап жүрген сұлтан олардың алтыбакан алауыз боп әлсіреуін пайдаланып, бірде бір жағына, бірде екіншісіне ыршып шығып, ұрыс-керістің көрігін кыздыра түседі. Жоңғарияны тарихта теңдесі жок жылдамдыкпен оп-оңай жаулап алған император Цян-Луннын жеңімпаз әскерінің жоңғар жеріне келуі Абылайдың саясатына үлкен ыкпал етеді. Жоңғария мен Кіші Бұхар аймағын оп-оңай өзіне каратуы және кытайлыктардың жауынгерлік рухын көтеріп, басқыншылық кұштарлығын арттыра түседі. Зайыры, император Цян-Лун хань және тань әулеттерінің заманын кайталағысы келгенге ұқсайды. 1756, 1758 жэне 1760 жылдары Қытай жасактары Орта жүз қазақтарының жеріне ат ізін тастайды. Қазақ билеушілері Кіші жүздің ханы Нұралы, Орта жүздін ханы Әбілмәмбет пен Абылай Аспанасты империясымен келісімге келуге кұлшынады. 1756 жылы Абылай өзін боғдыхан вассалы деп мойындап, бекзада атағы мен жылпарақ алады. Ал Нұралы Пекинге елшілік жібереді. Қоқан билеушісі Ердене би 1758 жылы, кейін мұрагері Нарбота би Көктің ұлына пенделігін мойындайды.
Осынау сырттай тәнтілікке қарамастан, орта азиялықтар аса абыржулы еді. Күшті Жоңғария кұлап, Кіші Бұхардың басып алынуы адам айтқысыз үрей туғызды. Онын үстіне діндар мұсылмандар акыр заман болар алдында жердің жүзін кара кытай каптайды деген аңызға катты сенетінді. 1762 жылы Орта жүздін ханы Әбілмәмбет пен Абылай сұлтанға 130 адамнан тұратын Қытай елшілері келіп, императордың әмірі бойынша көктем туа Түркістан мен Самаркандқа әскер шығатынын жариялап, алда болар жорық үшін көмекке кісі, көлікке жылкы мен өгіз, сойымға қой сұрауы қазақтардың үрейін тіпті ұшырып жіберді. Олар уакытша өзара іріңгезекті доғарып, одак кұрып, оның басына қолбасшы етіп Нәдір-шаһтын түменбасы, Қандағар билеушісі әрі Дурани әулетінің негізін калаушы Ахметті тағайындады. Абылай сырттай одаққа кіретін сиякты көрінгенімен, шын мәнінде қытай үкіметімен байланысын үзбей, барған сайын онымен жақындаса түсті. Ол тіпті Пекинге аманат етіп ұлы Әділді жіберді. Бірақ Боғдыхан Абылайдың тәнтілігіне дән разы болып, Әділді колына өкілеттік кағаз беріп, көп сый-сыйапатпен әкесіне кайта аттандырды. Ал, Абылайдың өзі болса Сайрамкөл жағасына Іле цзян-цзунымен (генерал-губернаторымен) кездесіп, онымен сауда шартын жасасты. Шарт бойынша Тарбағатай (Шәуешек) мен Іледе (Құлжа) айырбас базары ашылып, одан қазақтар айдап әкелген малына кытай бұйымдарын айырбастап алып жүрді. Боғдыханнын мұндай мейірімі, әсіресе, тарту-таралғысы баққұмар, даңққұмар қазаққа ұнамай калған жок.
Қытайлармен байланысы бекіген сайын Абылай Ресеймен карым-катынастан іргесін аулак сала бастады. 1771 жылы хан сайлағанда да ол орыс шекарасына барып, ант бергісі келмеді. Сөйтіп, ол өзін халық қалап, баяғыда-ак бұл дәрежеге лайықтап койғанын, Көктің ұлының және өкілеттік кағазы барын желеу етті. Дегенмен, орыс үкіметі кырға өз кызметшісін арнайы жіберіп, Абылайға ант бергізіп, хан атағының белгілерін (кылыш, қамқа тон және бөрік) тапсырды. Ондағысы өздері бекітпей тұрып, хан болу деген қазақтардың каперіне де келмесін деген ішкі есеп. Абылай өз балаларына акыл айтканда Қытаймен жакындаса түсуге кеңес беріп, Ресеймен келісімді сактау керек деп тапсырды. Оның ойынша, кытайлар хан билігі үшін ешкашан катерлі емес, ал, орыс үкіметі болса, жергілікті билікке ең күшті бәсекелес. Оның үстіне заман ағымы қазақтардың Ресей көмегіне мұқтаждығы аз екенін айкындай түсті.
Абылайдың кырдағы билігі тіптен нығайды. ¥лы жүз де (біздегі кағаз бойынша Үйсін болыстары) онын билігін мойындады. Жоңғарларды кытайлар жойып жіберді. Қазақтар ту-талапай еткен, әсіресе Абылайдың өзі түбіне жеткен торғауыттар Ілеге әрең жетіп, кытай саясатшьшарының қитұркы торына түсті. Пугачев бүліншілігі титықтатып, тағдырын енді үкімет колына алған Жайык қазақтары өз бетімен басып кіре алмас халге жетті. Қазақтардың ендігі жауы Түркістан, Созақ, Сайрам, Шу мен Ташкенттің арасындағы және басқа қалалардағы қазақ сұлтандарынан ауылын аулақ салуға тырысқан қу кырғыздар мен Орта Азия билеушілерінің бір бөлігі ғана. Абылайға аян беріп отыратын әдеттен тыс аруаққа деген сенім қазақ халқына бұрын-соңды болмаған өжеттік дарытты. 1770 жылы Абылай Шат асуынан да асып, Туро өзенінің маңында кырғыздарға шабуыл жасады. Таулықтарды өкшелей куып, ол Шу жазығына дейін айдап салды. Шуға кұятын Қызылсу мен Шамси өзендерінің бойында қырғыздар Абылайға қарсы одактасып қан кеше жүріп айкасады. Бұл жайында «Жайыл қырғыны» атты аңыз күні бүгінге дейін бар. Кырғыздардың кырылғаны сонша, Сұлту руының Талқан деген атасынан тек қырық-ақ адам тірі калады. Сонан соң Абылай олжасын артынып-тартынып өзінің Сібір желісіне жақын сүйікті қонысы Көкшетауға кайтып келеді. Алып келген тұткындары тіпті көп, казір олардың ұрпағы Жаңа және Бай кырғыз деген екі болыс ел болып отыр. Абылайдың Ташкентпен және Ходжентпен соғысы Жизаққа дейін жетіп, шаһарды алуымен тынды. Олардың арасында Әзірет сұлтан, Сайрам, Шымкент, Созақ және басқа қалалар бар. Ал, Ташкент алым-салык төлеп отыруға тиісті болды. 1774 жылы Абылай Үйсіннің ел ағаларының өтінуі бойынша, оларды басқару үшін ұлы Әділді жіберіп, оған Талас өзенінің бойынан қалашық салып берді. Кентке кілен еңбеққор қарақалпақтар қоныстанды. Ұзын саны жетпіс бірге жететін баска балаларына ол Орта және Ұлы жүз руларын бөліп берді. Ал, өзі әулет басы ретінде рубасыларының ғұрпы бойынша өмір сүру үшін Түркістанда калды. Сонда 1781 жылы дүние салып, мүрдесі Қожа Ахмет Ясауидің мешіті алаңына жерленді.
Міне, ғаламат қазақтың саяси өмірінің желісі осындай. Даңкы дәуірлеп көтерілуіне жеке басының кісілігімен, акыл-парасатының кеңдігімен жеткен ол арыны ауыздықсыз, қызуқанды қызба халыктың қадір-құрметін ие бола білді. Қырдағы бұл кұрметтің тылсымдап тастайтын тамаша бір сипаты болды. Әбілмәмбет қайтыс болғаннан кейін өз сұлтандарының ішіндегі ең лайықтысы осы деп халық оны бірден хан көтерді. Ал, қазақ дәстүріне бақса, Әбілмәмбет балаларының ішінен заңды мұрагерлер табылатын-ақ еді. Осынау сайлаудың куәгері болған орыс азаматы алқалаған рубасыларының оны ақ киізге салып қалай төбеге көтергенін, бірінен-бірі асырып өжеттігі мен өтімділігін, жампоздығы мен жеңімпаздығын жер-көкке сыйғызбай қалай мадақтағанын, сонан соң ол киген шапанды өрім-өрім ғып қиқымдай жыртып, үлесіп алғанын тамсана жазады. Мұның өзі ханның кадір-касиетін танытар тамаша көрініс еді.
Қазақ хандарының арасында Абылайдай шексіз билікке ие болған бірде-бірі жоқ. Ол өз өктемдігін асырып, ен алғаш өлім жазасын енгізді. Бұрын бұндай сұмдық шешім халық жиынының ұйғарымымен ғана жүзеге асатын. Сөйтіп, ол ханның билігін алқалы кеңес аркылы шектеп отыратын рубасылары мен сұлтандардың өркөкірек үстемдігін тыйды. Әуелі мұндай жаңалық сұлтандар мен билердін наразылығын туғызып, бас көтертті де, 1781 жылы Дайыр сұлтан Орынбор губернаторына арыз айтып, Абылайды өзіне тиісті емес билікті басып алушы деп бейнелейді. Рубасылары ежелгі әдет бойынша кәдімгі Польшадағы корольға карсы соғыс сияқты, ханға карсы аттанбақ та болды. Алайда, Абылайдың төлеңгіттері оларды тас-талқан кылды да, бәрі ханның темір тезіне бағынуға мәжбүр болды. Бұл ханның ыкылым заманнан аяланып келген еркін жайылуды өктемдікпен басып, өз қимыл-қарекетін қалай заңдастырғанын кім білсін, әйтеуір ұрпақтар оны әулие санап, шабуылға шыкканда есімін жігер шыңдар ұран етіп атайды. Ал, оның өз балаларына қалдырған ауызша өсиеті Ақсак Темірдің саясатымен астасып жатқанын аңғартады. Балаларына ол қазақ тайпалары арасындағы ру таласын ешқашан түбегейлі шешпе, дүрдараздық пен дау-дамай қашанда хан билігінің тапжылмас таяныш-тірегі болуы керек деп ақыл-кеңес беріп отырған.
Қазактардың аңыз-әңгімелерінде Абылай айрықша касиеті бар киелі, керемет кұдірет иесі болып саналады. Оның жорықтары және батырларының көзсіз ерлігі мен каһармандығы жыр-дастандардың аркауына айналған. Домбыра мен қобызда орындалатын небір күйлер сонын дәуірінде дүниеге келген және көбі сол кезеңді сипаттайды. Халык күйі «Шаңды жорық» жаудан кайтып көрмеген жүрек жұткан Баян батыр опат болған шабуыл кезінде шығарылған. Ал «Қапшық кағу» Еділ қалмақтарына карсы жорықтан туады. Сол жолы қазақтар жеті күн бойы ашығып, олжаға қолы әрең жетеді. Бұл күйлердің бәрі күні осы уакытка дейін Абылай ұрпақтарына сонау бір даңкты кезеңдерді елестетеді.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.