Абылай мен Едігенің кездесуі

Home » Рефераттар » Абылай мен Едігенің кездесуі
Рефераттар Комментариев нет

Абылай Хан болып тұрған кезінде Кенже деген елден Едіге деген шешен шығыпты . Абылай бұл адаммен кездесуге өте құштар екен. Едіге шешен іздеп барып, Абылай Ханның ордасына келіпті. құмартып жұрген адамы келгеніне қуанған Абылай бірнеше күн жібермей әңгімелескен екен . Абылай бір күні Едігеге сұрау тастап; –мен саған үш істі айтам. Соны шешіп бер депті ,–депті . –айтыңыз !—дейді Едіге. Сонда Абылай : –Елдің берекесі кімде ?Ауылдың берекесі кімде ?Үйдің берекесі кімде ?—депті . Сонда : –Еліңіздегі ақсақалдарыңыз бен Ауылдағы Байбішелеріңізді жинаңыз ,–дейді шешен . Абылай ертесінде барлығын бір төбеге жинайды. Өзі бас болып отырады . Едіге орнынан тұрып : –Елдің берекесі –өзіңіз . Хандар елді жақсы басқарса, зорлық –зомбылығын тұзетсе, алман – салықты азайтса, халық бай болып, жақсы тұрмыс кешіреді. Береке содан тұады. Ауылдың берекесі – отырған Ақсақалдар. үлкендер ел–жұртты, бала –шағаны жақсы тарбиелесе, ауыл берекесі содан көктейді; Үй берекесі – мына отырған бәйбішелерде. олар үйін жақсы басқарса, келін–кешек, бала–шағаға мейірімді болса, үйіне келген мейманын ас–суын беріп, лайығында жақсы аттандырса үй берекесі айрандай ұйып тұрады. – деп, Абылайдың үш сұрағын шешкен екен. Астына а, ұстіне шапан беріп, Абылай Едігені свйлап қайтарыпты. Едіге былай шыққаннан кейін жолдасына айтыпты. –қатты кетелік. Абылай бір сұрауын ұмытты. егер есіне түссе бізді қуады. Ол сұрауына жауап айтсам мен жақсы болмаймын. қашалық ! Сонымен олар тез жүріп кетіпті . Айтқандай Едіге аттанғаннан кейін Абылайдың алгі сұрауы есіне түсіпті . –аттеген –ай !адам жіберсем келмес, арғымағымды ертте, өзім қуайын,–депті .Ерттелген атыан міне салып қуған екен, түстік жерден құып жетіпті. Сонда Едіге артына қараса бір шаң келе жатыр екен . «енді құтыла алмаймыз» деп, атының басын іркіп тоқтапты. Ай –шұй дегенше жеткен Абылай: –Едіге мен бір сөзді ұмытыппын. соны шешіп бер, соған адейі келдім,–депті. Аттеген –ай, соны сіз сұрамаңыз, мен айтпайын !,–депті Едіге . Абылай : –мен сонша жерден сені қуып келіп, бір ауыз сөздің жауабын ала алмасам, бола ма айтып бер !—депті. Едіге қатты қынжылып : –сұраңыз, енді айтайын ,амал жоқ,–деген екен . Абылай ; –«қилы –қилы заман болады, қарағай басын шортан шалады» деген қазақтың мақалы бар. Осы не сөз, осыны шешіп бер?—депті. Едіге іркілмей : –Қарағай дегені сен едің , Шортан дегені мен едім. Мен сенің басыңа шағамын. сендер сияқты хандарды ант ұрады. Мен сияқты қара адамнан хан тұрады,–деп жауап беріпті. Сонда Абылай : Едіге сөзің не деген қатты еді. артың оңалмас –ау! — деп атты бойынға бір салып,жүріп кеткен екен . Абылай ханның осы қарғысы тиіп, кейін Едіге шешеннен тұқым қалмаған екен ,–дейтін осы күнде ел ішінде аңыз бар.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.