Адам эволюциясы

Главная » Рефераттар » Адам эволюциясы

1982 жылы Ватикандағы Катодик шіркеуі жанындагы Жоғарғы Ғылыми Кеңестің 12 мүшесі «Көптеген дәлелдер нәтижесінде эволюция концепциясын адамдар мен баска приматтарға қолдануға әбден болады деген тұжырым жасады. (D.M. Lovestein, Twelve Wise Man at the Vatican // Nature 30.09.1982 жыл, 395 б.) — Бұл сөздер «Тіршілік қалай пайда болды? Эволюция нәтижесінде ме, олде күдіретгі күштіц әсерінен бе? деген еңбектен алынды, бүл кітап 27 млн экземпляр болып 24 тілде 1992 жылы Watchtower Bible and Tract Society of New York? Inc. International Bible Students Association. Brooklin, New York, USA, 1992, 185 б, басылып шыққан. Адам эволюциясын антропология ғылымы зерттейді. Антропология XIX гасырдың екінші жартысында Дарвиннің эволюциялық, теориясы ашылғаннан соң күрт дами бастады. Археологиялық қаба кезінде табылған Ramapithecus миоцен — плиоценде тіршілік еткен адам тәрізді маймылдың қалдықтары, гоминидтер тармағының бастапқы түрі, яғни олар адам мен оған туыстастардың арғы тегі деп саналды. Бұл маймылдың қалдықтары Үндістан мен Пәкістаннан, Таяу Шығыс пен Балқаннан, тіпті Африкаға дейінгі континенттерден табылды («рамалитектер» алғаш рет Үндістаннан табылып, Рама кұдайының құрметіне соның атымен аталған).
1960 жылы ағылшын археологы Л.Лики Шығыс Африкадан миының көлемі 670 см. болып табылатын 18′ 2.5 млн жылдар арасында тіршілік еткен »шебер адамның» қалдықтарын тапты. Осы қабаттардан олардың өзен тастарынан жасап шығарған, ұштары үшкір еңбек құралдары да табылды. Осыған байланысты қазіргі ғылымда бұдан 2.5 млн жыл бұрын Шығыс Африкада адам мен адам тәрізді маймылдар сарматтары бөлінген, яғни адам мен шимпанзенің эволюциялық линиялары екіге бөлінген деген көзқарас бар. Бұл тұжырымдар «молекулалық сағаттар» деп аталатын өлшемдер арқылы дәлелденді. Нүктелік мутациялар әсерінен гендердің өзгеру жылдамдығы (ДНК негіздерінің кейбір жұптарының өзгеруі) ұзақ уақыт бойына тұрақты болып, оны осы эволюциялық тармактың негізгі түбірінен бөлісу мерзімін анықтау үшін қолдануға болады. Ғалымдар дәл осы Шығыс Африкада адамдардың пайда болу себебі ретінде, осы аймақта уран кен орындарынан бөлініп шығатын радиацияның жоғарғы дозаларының әсерінен болған мутациялық үрдістерді көрсетеді. «Шебер Адамды» австралопитектерге («оңтүстік маймыл») жатқызады, олардың қалдықтары 1924 жылы Африкадан табылған.
основные-этапы-эволюции-человекаАвстралопитектердің миының көлемі адам тәрізді маймылдардың миының көлемінен үлкен емес, бірақ олар еңбек құралдарын жасай білген. Ява аралынан 1891 жылы табылған қалдықтар питекантроп деп аталды. 0.5 млн жыл бұрын өмір сүрген питекантроптардың бойы 150 см, ми көлемі 900 см З болып, олар пышақ, бұрғы, т.б. қолдан жасалған кескіш құралдарды пайдаланған. XX ғасырдың 20 жылдарында Қытайдан «синантроп» (‘»қытайлық адам») табылды, оның миының көлемі питекантропқа жақын болып және олар от жағып, ыдыстарды пайдалана білген, бірақ түсінікті сөз сөйлей алмаған. 1856 жылы Германиядағы Неандерталь жазығында 150-40 млн жыл бұрын өмір сүрген тіршілік иелерінің қалдықтары табылды олар неандерталдықтар деген атка ие болды. Неандертальдықтардың миының көлемі қазіргі заманғы адамдардың миына жақын, бірақ маңдайы шығыңқы, кас үстіндегі доғасы, бас сүйегі төмен болып, мамонттарды аулап, үңгірлерде тіршілік еткен. Ең соңында, 1868 жылы Францияның Кро-Маньон үңгірінен бас сүйегінің формасы мен көлемі (1600 см) қазіргі заманғы адамдарға жақың, бойы 180 см, 40-15 мың жыл бұрын өмір сүрген тіршілік иелерінің калдықтары табылды. Бұлар нағыз «саналы адамдар» болып саналды. Осы дәуірде нәсілдерге бөлінушілік пайда болғандығы белгілі. Жекелеген бөлек топтарда ерекше белгілер (ақ нәсілділерде — ашық түсті тері т.б.) қалыптаса бастаған. Біздің заманымыздың жаратылыстану ғылымы тұрғысынан алғанда, қазіргі адамдардың арғы тегінің тізбегі төмендегідей көрсетіледі: адам мен жоғары сатыдағы маймылдардың ғылымға белгілі ең ертедегі тегі — рамапитек -шамамен 14 млн. жыл бұрын Үндістаннан Африкаға дейінгі аумақта өмір сүрген. Олардан 10 млн. жыл бұрын орангутангтің арғы тегі, Азияда тіршілік еткен — сивапитек бөлінген. Ғылымдағы мәліметтер бойынша, адам тәрізді тіршілік иелері басқа приматтардан 4 млн. жыл бұрын бөлінген. Горилла, шимпанзе және адамның ортақ тегі — австралопитек -Африкада 2-4 млн жыл бұрын тірпіілік еткен. Австралопитектер зинджантроптың арғы тегі болуы мүмкін. Африкада қабілетті адамның қалдықтары — зинджантроп табылды, ол 2-2.5 млн жыл бұрын өмір сүрген, осы жерлерде 2.5 млн. жыл бұрын пайдаланылған ертедегі еңбек құралдары және тұрмыстық заттардың калдықтары табылды. Зинджантроптар адамдар сияқты тік жүріп, олардың қол сүйектері жақсы дамыған. «Шебер» деп аталуының себебі, олар алғашқы peт тастан жасалған еңбек құралдарын пайдаланған. Осыдан кейін, қазіргі заманғы адамдардың дамуы төмендегідей жүрді: 1.9-0.65 млн жыл бұрын питекантроп; 400 млн. жыл бұрын синантроп және түрлі мәліметтер бойынша 150-40 млн. жыл бұрын өмір сүрген (Homo sapiens — тің ертедегі түрі) неандерталдықтар. Homo sapiens 100 млн жыл бұрын ғана пайда болып, оның қазбалары кроманьондықтар деп аталды. Бұл жерде, антропогенездің — түп түзу сызық бойынша жүретін үрдіс еместігін көрсету керек. Адам эволюциясының жануарлардан адамға дейінгі өту сатылары түзу сызық бойынша жүрген жок. Табиғатта гоминидтердің бір ғана емес, бірнеше тармактары болған және олардың көпшілігі конкуренцияға шыдай алмай жойылып кетуі әбден мүмкін. Кейбір ғалымдар адам эволюциясының белгілі бір тармағында пайда болған неандерталдықтар гибридтену процесінін немесе олардан гөрі күштірек жетілген тіршілік ортасына жаксырак бейімделген карсыластарымен тіршілік үшін күрес нәтижесінде жойылып кеткен деп жорамалдайды. Ғалымдардың екінші бір тобы түрлі генетикалык зерттеулер нәтижесінде дәлелденген пікірді жақтап үстін жүн басқан неандерталдықтардың арасында мутацияның әсерінен аналық адам — алғашқы Ева пайда болған, неандерталдық осы алғашқы Евадан және бірнеше аталық адамдардан кәзіргі адам баласы пайда болды да, қалған неандерталдыктар эволюция процесінің барысында жойылып кетті деп түсіндіреді. Сонымен адам эволюция процесінін нәтижесінде адам тәрізді приматтардан пайда болған. Адам организмінің клеткалық құрамы жануарлардағы сияқты нуклеин қышқылдары мен белоктардан тұрады. Адам организмінің көптеген құрылымдары мен функциялары да жануарлардағыдай. Эволюциялық шкалада жануарлар неғұрлым жоғары сатыда болса, олардың адаммен ұксастықтары да соғұрлым жақын. Барлық жануарлардың ішінде генетикалық аппараты жөнінен адамға ең жақыны шимпанзе. Адамның ұрықты даму стадиялары баска организмдердің эволюииясындағы даму стадияларымен бірдей. Адамдардың жануарларда өте маңызды функциялар атқаратын кейбір органдары рудимент түрінде сақталып қалған (мысалы, сокыр ішек, шаш, жүн). Дегенмен. адамның жануарлардан айырмашылығы ерекше. Олардың ішіндегі ең маңыздысы — ақыл-ой. Жануарларда да қуану, ренжу, қайғыру сиякты сезімдер мен қызығушылық, көңіл аудару, есте сақтау сияқты қасиеттер бар. Бірақ, ең жоғарғы сатыдағы жануарлардың түсінікті ойлау қабілеті жок, яғни олардың белгілі бір заттар мен олардың негізгі қасиеттері туралы түсініктері жоқ. Адамның түсінікті ойлау қабілеті неғүрлым жоғары болса, соғұрлым оның санасы да жоғары болып саналады. Адамның екінші ерекшелігі — оның сөйлеу қабілеті. Жануарларда өз кезегінде басқалармен қарым-қатынасты белгілердің көмегімен жүзеге асырады. Бірақ адамдарда, И.П.Павлов «белгілердің екінші жүйесі» деп атаған (жануарларда бірінші белгілік жүйе) сөз арқылы карым-катынас жүзеге асырылады. Адамзат қоғамы жануарлардан осы аркылы ерекшеленеді. Үшінші ерекшелік — еңбек ету қабілетілігі. Әрине, барлык жануарлар белгілі бір жұмыс атқарады, ал жоғары сатыдағы жануарлар болса, оладра тіпті біршама күрделі жұмыс түрлеріне де қабілетті болады. Мысалы маймылдар ағашта өсіп тұрған жемісті таяқтың көмегімен түсіреді. Жалпы еңбек құралдарын жасай білетіндер тек кана адамдар. Жануарлар қоршаған ортаға бейімделе алады, ал адам оны өзгертеді, яғни адамды адам еткен еңбек деген тұжырымдарға осы негіз болады деуге болады. Адамның еңбек ету қабілетіне байланысты қалыптасқан тағы да басқа ерекшеліктері бар. Олар тік жүру, соның нәтижесінде қолдың басынан дамуы, әсіресе бас саусақтың жақсы жетілуі және отты пайдалану. Адамның жануарлардан ең басты ерекшеліктері: еңбек, түсінік бойынша ойлау мен сөйлеу — адамның жануарлардан бөліну жолдарында калыптасқан ең маңызды белгілер болды.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.