Адамның экологиялық генетикасы

Главная » Рефераттар » Адамның экологиялық генетикасы

Адамның экологиялық генетикасы — мекен орта факторларының тұқым қуалаушылыққа тигізетін әсерлерін зерттейді. Орта факторлары генотиптің құрылымына және қызметіне екі түрлі әсер етуі мүмкін: 1) арнайы (спецификалық) факторлардың ағзаға әсер етуі салдарынан белгілі бір аллельдер әрекетінің байқалуы өзгереді; 2) даралардың және популяциялардың генетикалық материалдары өзгереді.

Бірінші типті әсерлер жеке адамдар деңгейінде патологиялық реакциялардың (аурулардың), ал популяциялық деңгейде — ортаға жақсы не нашар бейімделуі (адаптациялануы, жерсінуі) күйінде байқалуы мүмкін. Орта факторлары әсерлерінен патологиялық аллельдердің байқалуын экогенетикалық реакциялар немесе экогенетикалық аурулар деп атайды.

Екінші типті әсерлерге — қоршаған орта факторлары индукциялаған мутациялық құбылыс пен сұрыптауды жатқызамыз. Бұл екі құбылыс адамдардың тұқым қуалайтын өзгергіштігі қарқынының жеке дара және популяциялық деңгейлерде жоғарылауына алып келеді.

.

Адамның экологиялық генетикасының негізі болып эволюция құбылысының жалпы биологиялық зандылықтары саналады. Генотиптердің өзгеруі ағзаларың (популяцияның) өзгеруіне алып келеді, ал популяциядағы сұрыптау популяция генофондын қалыптастырады. Демек, бір биологиялық түрдің, сол сияқты адамдардың эволюциясы — оның генотиптерінің эволюциясы болып табылады.

Эволюция құбылысының негізі болып саналатын өзгергіштіктің бірден-бір көзі болып мутациялар саналады. Биологиялық түрлердің маңызды және тұрақты сипаттамаларының бірі — нақтылы орта жағдайларында олардың мутациялық құбылысының тұрақты және оптимальды деңгейде болуы.

Қоршаған орта популяциялардың не даралар тобының тұқым қуалаушылық ерекшеліктеріне қарай олардың сұрыпталуына, тірі қалуына, «гүлденіп» дамуына алып келеді. Биологиялық тұрақты түрлерде мутациялық құбылыс пен сұрыптау арасында үнемі тепетендік байқалып тұрады.

Адам эволюциясы барысында оның мекен ортасы (климат, қорек, от, киім, мекенжай т.б.). үнемі өзгеріп отырған. Бұл өзгерістерге адам ағзасы бір жағынан кең көлемді реакция нормасы арқасында, екінші жағынан генотиптерінің езгеруі нәтижесінде бірте-бірте жайлап бейімделіп келген. Мұның бәрі жүзмыңдаған жылдар бойына адамның биологиялық болмысын қалыптастырып, адамның қоршаған ортаға жеткілікті дәрежеде бейімделуіне алып келді.

Қазіргі кезде адамның тіршілік ортасы тез қарқынмен және кең көлемде өзгеруде, ал адамның тұқым қуалаушылығы, популяциялық деңгейде, осыншама тез өзгере алмайды. Сондықтан да қазіргі кезде адам популяцияларында мутациялық құбылыс пен сұрыптау деңгейі едәуір жоғарылады.

Эволюция барысында адам популяцияларында үнемі байқалып отыратын мутациялық, генетикалық-автоматтық (ген дердің дрейфі) құбылыс және сұрыптау салдарынан кең келемді балансты полиморфизм қалыптасқан. Қазіргі адам популяцияларында оның келемі ете үлкен. Мысалы, адамның антигендік, ферменттік, рецепторлық және басқа да молекулалық-биохимиялық қасиетін анықтайтын гендердің кем дегенде 25%, яғни 25 000 гені, 2 не одан да кеп аллельдерден тұратын полиморфтық жүйе күйінде кездеседі, демек жеке генотиптер вариациясы 225000 тең. Мұндай көптүрліліктің қаншалықты үлкендігіне кез жеткізу үшін мынаны ескерген жон: тек 25 полиморфты жүйенің вариациялары (225) бүкіл жер шарын мекендейтін адамдар санына тең (6 миллиардтан астам) әр түрлі жеке генотиптерді пайда етер еді.

Адамның ферменттік жүйелерінің, тасымалдаушы ақуыздарының, антигендерінің және жасуша рецепторларының көптеген вариациялары ағзадағы химиялық заттардың метаболизмдерінің, биологиялық агенттерге не физикалық факторларға кері жауап реакцияларының жеке ерекшеліктерін туғызады. Осылардың бәрі адам экогёнетикасының зерттеу объектілері болып саналады.

Адам экогенетикасы XX ғасырдың 50 жылдарынан бастап дамып келеді. Бұл жылдары адам ағзасында кейбір ферменттердің жетіспеушілігі салдарынан дәрідәрмектерге қарсы тұқым қуалайтын патологиялық реакциялар байқалған. Бұл құбылысты сипаттау үшін неміс генетигі Ф. Фогель фармакогенетика деген терминді қолдануды ұсынды.

Адам экогенетикасын зерттеулер соңғы жылдары адамның-мекен ортасының «жаңа», бұрын кездеспеген факторлармен (дәрі дәрмектер, пестицидтер, тамақ қоспалары т.б.) ластануы нәтижесінде жеделдеді. Бұрын адамдар бұл заттармен тіпті жанаспаған, сондықтан да бұл заттарға қарсы сұрыптау болмаған. Кейбір аллельдер гендердің дрейфі не басқа да себептер нәтижесінде популяцияда жинақталуы мүмкін, бірақ олар ұзақ уақыт «үнсіз» күйде болып фенотиптік байқалмаған. Ал, жаңа жағдайларда олар активтеніп фенотиптік байқалуын көрсетуі мүмкін.

Бұрын «үнсіз» күйде болып келген гендердің жаңа экологиялық факторлар әсерінен активтенуін — факторлардың экогенетикалық әсері деп атайды.

.

Экогенетикалық аурулардың қалыптасуының популяциялық-генетикалық түсіндірмесі.

Қазіргі кезде ағзалардың орта факторлары әсерлеріне тұқым қуалайтын реакциялары тек қана дәрі-дәрмектерге емес, сол сияқты физикалық факторларға, тамақтарға, әсіресе тамақтарға қосылатын қоспаларға, атмосфера ластануына, кәсіби зиянды факторларда да байқалған.

Сыртқы орта факторларының әректтеріне ағзаның генетикалық реакцияларының ерекшеліктерін клиникалық-генеологиялық, егіздерді зерттеу немесе популяциялық-статистикалық әдістер арқылы анықтауға болады.