Агроөнеркəсіп кешеніндегі қатынастардың қалыптасуы

Главная » Рефераттар » Агроөнеркəсіп кешеніндегі қатынастардың қалыптасуы

Қазақстанның агроөнеркəсіптік кешенінде нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен даму үрдісі жағдайында тұрақты даму мен бəсекеге қабілеттілікті арттырудың негізгі жолы агроөнеркəсіп кешеніне мемлекеттік қолдау аясында нарық талаптарына бейімделе жұмыс істеуі үшін қаржылық қолдаумен қатар, маркетингтік қызметті жетілдіру болып табылады. Қазіргі замануи маркетинг əдістері мен қағидаларын қолдану арқылы бүгінгі экономикалық шарттарда агроөнеркəсіп кешеніндегі кəсіпорындардың алдында тұрған сапалы жаңа міндеттерді шешу қажеттігі туындап отыр. Аграрлық салада кəсіпорындарды басқарудың жаңа жүйесін қалыптастыру барысында маркетинг-қазақстандық шаруашылық тəжірибесі кəсіпорындардың өндірістік-өтімдік қызметін ұйымдастыру мен басқарудың жаңа əдісі болып табылады. Қазақстанда маркетингті енгізу қажеттігі басқару теориясы мен тəжірибесін дамытудағы жалпы əлемдік тенденциялардан туындап отыр. Сонымен қатар, маркетинг қоғамның даму бағдарын, уақыт пен сыртқы ортаның ерекшеліктерін көрсетеді. Сол себептен, маркетинг саласындағы батыс тəжірибесі бірқатар өлшемдері бойынша қазақстандық шарттарға сəйкес келмейді. Оның үстіне, отандық тəжірибе маркетингтің экономикасы дамыған елдерге тəн емес, беймəлім тұстарын ашып берді. Біздің шарттарда маркетингтің классикалық сызбасын пайдалану жəне енгізу процесі өте қиын əрі баяу жүзеге асады. Өйткені, отандық аграрлық кəсіпорындарда маркетингті қалыптастыру шарттарының өзіндік ерекшеліктері бірқатар мəселелердің туындауына алып келуі жəне маркетингтің дамыған үлгісінің қолданысына кедергі келтіруі мүмкін. Қазіргі таңда еліміздің жекелеген аймақтарының агроөнеркəсіп кешенінің алдында тұрған басты міндет тұрақты дамитын аграрлық-индустриялық жəне инновациялық орталыққа айналу, отандық тауарлардың əлем нарығына шығаруға жəрдемдесуді жүзеге асыру үшін маркетингтік қызметті қолданудың жаңа жүйелерін қалыптастыруды қажет етеді. Осыған байланысты, елімізде 2006-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының агроөнеркəсіп кешенін тұрақты дамыту тұжырымдамасы жəне 2007-2024 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға ауысу тұжырымдамасы қабылданды. Сонымен, маркетинг туралы шетелдік жəне отандық əдебиеттерді зерттеуге жəне нақты кəсіпорындарда маркетинг қызметін ұйымдастыру процесінің ерекшеліктері бойынша мəліметтерді сараптауға негізделген осы тақырып бойынша жұмыс істеу оның нəтижелерін отандық кəсіпорындардың іс-жүзінде əрі қарай пайдалануы тұрғысынан өзекті мəселе болып табылады. Зерттеу мəселесінің өзектілігі əзірге қолданбалы материалдары мен ілімдік негіздері жеткіліксіз Қазақстан үшін жаңа бір мəселе болуымен де айқындалады. Жұмыс нəтижелерін маркетинг қызметінің даму бағыттарын анықтау үшін қазақстандық кəсіпорындар мен ұйымдардың қызметінде іс-жүзінде қолдану мүмкіндігі де осы тақырыптың маңыздылығын күшейте түседі. Осылайша, аталмыш мəселенің өзектілігі мен тақырыптың ғылыми тұрғыдан жеткіліксіз өңделгендігі зерттеу мақсатын, пəнін жəне нысанын таңдауда негіз болып табылады. Мұндай жағдайда ауыл шаруашылығында маркетинг қызметін қалыптастыру жəне дамыту жөніндегі кеңестер мен ұсыныстарды дайындау қажеттігі туындайды Егіс даласынан өнімдерді тұтынушыға жеткізумен айналысатын салалардың жұмысын қамтамасыз ететін маркетингтік сфераны құрайды. Дəстүрлі барлық салаларға қатысты маркетингтік арналарға (көтерме жəне бөлшек сауда, қойма, биржа, аукцион жүйелері жəне т.б) қарағанда агробизнестің бұл саласы өз бетінше жұмыс істейтін өндірістік сала — тамақ өнеркəсібінің болумен ерекшеленеді. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде маркетингтік сфераның орны ерекше жəне тұрғындар қажеттілігінің өсуі мен азық — түлік сервисінің дамуына байланысты ол онан сайын өсе түсуде. Батыс елдері агроөнеркəсіп кешені құрылымының қозғалысына тəн бір жайт, мұнда азық — түлік өндірумен айналысатын жұмысшылардың жалпы санын қысқарту байқалады. Мысалы, АҚШ-та 1960-1985 жылдар аралығында мұндай қысқарту 30 процентке жуық болды. Мұның өзі негізінен ауыл шаруашылығы өндірісі есебінен жасалып отыр. Ал, өңдеу саласындағы жəне саудадағы қызметкерлердің саны өсе түсуде. Айталық, АҚШ-та соңғы он жыл ішінде агроөнеркəсіп кешенінің маркетингтік сферасында жұмыс істейтіндердің саны бір жарым есе өсті. Қорды қажет ететін салалар (агроөнеркəсіп кешенінің бірінші сферасы) мен шығарылған техника мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясының бір — бірімен сəйкес келмеуі, егін шаруашылығы мен мал шаруашылығындағы көптеген технологиялар үшін машиналардың жетілдірілген жүйесінің болмауы қалыптасқан ауыл шаруашылығы өндірісінің (агроөнеркəсіп кешенінің ІІ сферасы) үлес салмақтарын салыстыру отандық агроөнеркəсіп кешенінде салааралық жəне ішкі салалық сəйкестіктің жоқтығын аңғартады. Шығарылатын техниканың сапасы да айтарлықтай емес. Қазіргі заманғы жағдайда экономиканың аграрлық секторын реформалау ауыл үшін ұсынылып отырған техниканың сəйкессіздігін қатты сезініп отыр. Кезінде ұжымшарлар мен кеңшарлардың кең ауқымда жүргізілетін өндірісне ыңғайланып жасалынған техника қазір шағын шаруа қожалықтарының қажеттілігі мен сұранысына жауап бермейді. Ауыл шаруашылығының өз ішінде мал басына арналған жем — шөп өңдірудің көлемі мен сапасы, малды азықтандыру технологиясы мен күту процесінің сəйкессіздігі байқалады. Бұрынғы КСРО-да, оның ішінде Қазақстанда агроөнеркəсіп кешеніндегі құрылымдық сəйкессіздіктерді жою əрекеті 80 — жылдардың өзінде бірнеше рет бой көрсеткен. Агроөнеркəсіп кешенінің құрылымын ретке келтіру мақсатында Азық-түлік бағдарламасы қабылданып, агроөнеркəсіптік өндірісті басқару қайта құрылды. Бірақ, шамадан тыс орталықтандырылу мен əміршіл-əкімшіл экономика шеңгелінде бұл міндетті орындау мүмкін емес еді. Агроөнеркəсіптік кешен сияқты кең көлемді жүйеде тиімді құрылымдық өзгерістерді тікелей нарықтық байланыстар негізінде жүйенің өз- өзін реттеу жолымен ғана жасауға болады. Экономика сферасында, оның ішінде аграрлық секторда бірдей бастау алғанына қарамастан, бұрынғы одақтық республикаларда көзге ілмей кетуге болмайтын өзіндік ерекшеліктер бар. Мұның өзі КСРО тарағаннан кейін пайда болған барлық жаңа мемлекеттерге, оның ішінде Қазақстанға да теңдей қатысты. Маркетинг жəне инспекция қызметтеріне мыналар кіреді: ауыл шаруашылық кооперативтері жəне ауыл шаруашылық маркетингі қызметтері, мал дəрігерлік жəне өсімдікті қорғау инспекциялық қызметі, астық Федералдық инспекциясы жəне азық-түлік инспекциясы. Ауыл шаруашылық кооперативтері қызметі ауыл шаруашылық кооперативтер ұйымдастыруда коньсултациялық жəне техникалық көмек көрсетеді жəне олардың қызметінің статистикасын жүргізеді. Ауыл шаруашылығы маркетингі қызметі ауыл шаруашылығы өнімінің сапасын қалыпқа түсіру мəселелерімен айналысады. Өсімдіктерді қорғаудың инспекциялық қызметі өсімдік жəне мал зиянкестерімен жəне аурулармен күрес жүргізеді. Астық инспекциясының Федералдық қызметі астық қалпы туралы заңның сақталуын қадағалайды. Азық-түлік жөніндегі инспекция ет пен құстың сапасын, өнімнің, оның құрамының мазмұнына сəйкестігін бақылайды. Азық-түлік жəне тұтынушылық қызметжөніндегі басқарма тұрғындардың əр түрлі категориялары үшін жеңілдік тамақтандыру жөніндегі бағдарламалары жүзеге асырып, сондай-ақ диетология саласында зерттеулер жүргізеді. Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұлттық ормандарды, сондай-ақ ұлттық маңызы бар шалғындар мен жер учаскелерін қадағалайтын орман қызметі бағынады. Қысқасы, қазіргі заманғы агробизнесте мемлекеттік реттеудің негізгі бағытарына шолуды қорытындылай келе, олардың маңызды ерекшеліктерін атап өту қажет. Нарықтық тегерішті толықтыра жəне түзете келіп, реттеудің мемлекеттік тегеріші оның негізі сұраныс пен ұсыныстың негізінде баға белгілеуді бұзбайды. Өте сирек болып тұратын ерекше ситуациялар, төтенше оқиғалар, аракідік жағдайларды айтпағанда рыноктің тегерішін бұзатын директивтік тапсырма, бағаның үстінен жаппай əкімшілік бақылау, өндірістік ресурстар мен тұтыну заттарын натуралдық бөлу сияқты іс-қимылдарға жол берілмейді. Шын мəнінде, дамыған елдердің аграрлық өңдірісінің тиімділігі осында жатса керек.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.