Агроөнеркәсіптік бірлестіктердің құрылыс ерекшеліктері

Главная » Рефераттар » Агроөнеркәсіптік бірлестіктердің құрылыс ерекшеліктері

Агроөнеркөсіп бірлестіктері рөлінің өсуін қоғамдық еңбек бөлісінің тереңдеуімен және 50-жылдардың ортасында ауыл шаруашылығын дамытудың машиналық кезеңінен өткізу, одан әрі индустриалдық тұрғыдан дамыту жағдайында оның мамандануымен жөне ширыға жұмыс істеуімен түсіндіруге болады. Бұл факторлар фермалардың санының күрт қысқаруына алып келіп, олардың өндірістік-сауда бірлестіктері шеңберінде өнеркөсіптік және сауда кәсіпорындарымен ұйымдық жақындасуын жеңілдете түседі. Агроөнеркәсіптік бірлестік қызметі бастапқы кезде ауыл шаруашылығын жоғарғы деңгейде қарқындату арқылы дамыту тез бұзылатын өнімдерді алуға бағытталды. Мұндай өнімдер өдетте сапасы жөнінен әр түрлі болып келеді, ал олардың көбісін өндіру жылдық өндірістік кезеңнен әлдеқайда аз. Сондықтан өнеркәсіп бірлестіктерінің дамуы өсімтал балапандарды, сүтті, сондай-ақ көкөністер мен жемісті өсірумен байланысты болады.

Агроөнеркәсіп бірлестіктер шеңберінде агроөнеркәсіп кешенінің I және II өрістердегі біріктіру өндірісті мамандандыру, жақындастыру масштабы, технология, ұйымдастыру ісіндегі маңызды айырмашылықтар мен басқа да ауыл шаруашылығы мен өнеркөсіп салаларындағы өндірістік үдерістердің ерекшелігіне орай болмашы ғана дамыды. Сондықтан да агроөнеркәсіптік бірлестік ең алдымен жемшөп, жұмыртқа өндірумен, асыл тұқымды мал және құс өсірумен технологиялық жағынан өзара бір-бірімен байланысты кәсіпорындарды қамтиды. Олардың басым көпшілігі келісімшарт жүйесі бойынша жұмыс істейді. Агроөнеркөсіп бірлестіктері басым жағдайда агроөнеркөсіп кешенінің II жөне III өрістеріндегі блокта негізінен ауыл шаруашылығы шикізаттарын, сондай-ақ тез бұзылатын өнімдерді өндіру жөне өңдеу саласында дамиды. Салааралық теңгерімнің мөліметтеріне қарағанда, АҚІП-та 80-жылдардың аяғында агроөнеркөсіптік бірлестіктер тамақ өнеркөсібі үшін ауыл шаруашылығы шикізаттарының 45%-ға жуығын дайындайды. Сөйтіп, агроөнеркөсіп бірлестіктер рөлі сауданы әмбебаптыққа көтеру және азық-түлікті, негізінен көкөністер мен жемістің жоғарғы ассортиментін өндіруді бақылаудың мүмкін еместігінен шектеліп отыр.

Агроөнеркөсіп бірлестіктері дамуының тежеуші агроөнеркөсіп кешенінің ауыл шаруашылығы емес өрістері мен ауыл шаруашылығындағы жекелеген салалар және қызмет түрлерінің маманданудағы, технологиядағы, ұйымдастырудағы айырмашылық қанаболып табылмайды. Сонымен қатар бүл жерде бірнеше экономикалық факторлар да өсер етіп отырады. Ауыл шаруашылығында көсібилікті дамыту көп жағдайда өндірістің кейбір салаларын үйымдық алшаңтықтарға өкеліп тірейді. Сондықтан да агроөнеркөсіп бірлестіктерінің дамуы өндірістің тек технологиялық аралас кезеңін қамтиды. Жеке алғанда, жемшөп өндіру, малды бордаңылау жөне сою өндірісін қамтитын агроөнеркөсіп бірлестіктерін қүру, мал бордақылау, жемшөп дайындау, өр түрлі қызмет түрлерін (мысалы, мал дәрігерлік) көрсетумен айналысатын мамандандырылған көсіпорындарды сақтаумен үйлеседі.

Агроөнеркәсіп кешенінің ауыл шаруашылығы емес өрістерінде қоғамдың еңбек бөлудің тереңдей түсуі мамандандырылған міндеттер санының жақындасуын ңиындатып, сондай-ақ ауыл шаруашылығы емес өрістегі компаниялардың шығындары мен табыстарының жиынтық балансындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлес салмағын азайтады. Айталық, тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының жыл сайынғы шығындарындағы ауыл шаруашылықтағы шикізатының үлесі ауыл шаруашылығы емес өрістердің шығынынан аз. Мұндай кәсіпорындар ауыл шаруашылығымен жақындасудан гөрі тамақ шикізатын өңдеумен байланысты ауыл шаруашылығы емес өрістегі салалар мен жақындасуды дұрыс көреді.
Агроөнеркәсіп бірлестіктерінің дамуы, бір жағынан, өнеркәсіп-сауда фирмаларының ауыл шаруашылығы өндірісіне енуімен, ал, екінші жағынан ірі фермерлік капиталдың (ауылшаруашылық корпорациялары, бәсекелестіктер мен кооперативтер) агроөнеркәсіп кешенінің ауыл шаруашылығы емес өрістеріне кірігуімен негізделеді. Агроөнеркәсіп бірлестігін құру агроөнеркәсіп кешенінің өндірістік жүйесіне енетін шаруашылық бірліктерін әртараптандыру үдерісінің элементі болып табылады. Өндірістік-сауда немесе фермерлік капитал бақылайтын агроөнеркәсіптік бірлестіктердің арасындағы айырмашылық әлеуметтік табиғатының ұйымдық тәсілінің, басқару өдісінің, құрылымдардың масштабы мен салаларының ортақтығына байланысты өте аз. Сонымен қатар фермерлік капитал арқылы құрылған агроөнеркәсіптік бірлестіктердің бірқатар ұйымдық ерекшеліктері бар. Айталық, олар фермерлік кооперативтерге мемлекет беретін қаржылың жеңілдіктерді пайдаланып, көптеген жағдайда монополистік корпорациялау мен табысты бәсекелестікке түсуге мүмкіндік алады. АҚШ-тың және бірңатар Батыс еуропал ық елдердің ауыл шаруашылығында агроөнеркәсіп кешенімен тікелей байланысты емес экономиканың салаларына фермерлік капиталдың ену жолымен фермерлік шаруашылықтар (басым жағдайда кооперативтер базасында) құратын агро-өнеркәсіптік бірлестіктердің олардың ерекше түрлерінің рөлі күшеюде. Мұндай бірлестіктерді дамыту бір жағынан капиталды тиімді орналастыруға конъюнктуралың ұмтылысты білдірсе, екінші жағынан ауыл шаруашылығын-дағы қолда бар ресурстарды толығыраң және тиімді паіЬ даланудың мүмкіндіктері мен қажеттілігін аңғартады. Мұндай өнеркәсіптік бірлестіктер кең мағынада алғанда агроөнеркәсіптік біріктірудің формасын құрайды. Басқа^ ша айтқанда, ауыл шаруашылығы шикізаты базасында түпкі өнімді өндірудің технологиялың бірлігіне байланысты емес ауыл шаруашылығы және экономиканың басңа сала-ларының ресурстарын барынша кеңінен кооперациялаудың қажеттілігі мен мақсатын кеңейтетін экономикалық факторлар арқылы дамыту тәсілін дүниеге әкелді.

Дамыған елдердің ауыл шаруашылығына әлеуметтік-экономикалық ұйымдастырудың қаржылық құқықтық нормалары және басқару, салалық, еңбектік құрылымдар масштабы, агроөнеркәсіп кешенінің әр түрлі өрістерде тарату деңгейі тұрғысынан алғанда агроөнеркәсіптік бірлестіктердің үлкен әр тектілігі төн. Егер өлшеуіш ретінде қаржылық құқықтық құрылымды қабылдайтын болсақ, онда басқару тегершігін, барлық агроөнеркәсіп, бірлестігін бір тұтас меншікке (тікелей қосылу) негізделген және келісім жағдайында жұмыс істейтін агроөнеркәсіптік бірлестіктер деп екіге бөлуге болады. Соңғы қолда бар мәліметтерге қарағанда АҚШ-та агроөнеркәсіптік біріктірудің келісімдік тәсіл басымдылыққа ие болуда. Келісім негізінде өнеркәсіп бірлестіктері шеңберіндегі өнім көлемінің 85%-ға жуығын өндіру және өткізу үйлестіріліп отырады. АҚШ өнеркәсіп кешені жүйесіндегі ауылшаруашылық және өнеркәсіп кәсіпорындарының арасындағы байланысты белгілейтін келісімшарттар әр түрлі болып келеді.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.