Агроөнеркәсіптік бизнес

Home » Рефераттар » Агроөнеркәсіптік бизнес
Рефераттар Комментариев нет

Өңдеу кәсіпорындары мен фирмалар ауыл шаруашылығы шикізаттарын өңдеудің, яғни агроөнеркәсіптік бизнестің әр түрлі деңгейдегі дайын өнімдерге айналдырумен шұғылданады. Олардың қатарында тамақ компанияларының өнімдері, көкөніс-жеміс консервілеу және ет өнімдері фирмалары бар. Олардан басқа өңдеушілер арасындағы ерекше топқа қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын жатқызуға болады. Олар қабылдауға дайын тағамдарды жасаумен және оларды сатумен айналысады. Агробизнес кешеніндегі маркетингтік арналар өздері қызмет ететін салалардың ерекшеліктеріне байланысты бір-бірінен өзгешеленеді. Мысалы: астық кешені үшін тауарларды жүргізудің төмендегідей сызбасын жасауға болады. Ауыл шаруашылығы фермасы-көтеріп сатып алушы-элеватор-тауар биржасы-тамақ компаниясы (наубайханалар, кондитерлік, ет комбинаттары басқалар) — көтерме немесе тікелей бөлшек сауда немесе қоғамдық тамақтандыру кәсіпорны. Көкөніс консервілеу немесе жеміс кешендеріне төмендегідей маркетингтік арналар тән: ферма-көтеріп сатып алушы-көтерме нарығы-өңдеуші кәсіпорын-көтерме немесе бөлшек сауда. Жаңа пісіп-жетілген көкөніс және жеміс-жидек өнімдерін мүмкіншілігіне қарай фермадан тікелей бөлшек саудаға жеткізуге тырысады.

Бұл жерде маркетингтік өріске қатысушылардың арасындағы өзара қарым-қатынастың экономикалық мәсе-лелерін айта кеткен жөн. Өйткені, бұл мәселелер маркетингтік өрістегі толып жатқан ішкі үрдістерді барынша терең түсіну және оның одан әрі дамуының маңыздылығы үшін аса қажет болып табылады. Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың кең көлемдегі мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, әлеуметтік өрістегі объектілер қүрылысын салу, сондай-ақ ауылдық тауар өндірушілерді қаржылық жағынан қолдау үшін мемлекеттік бюджеттік қаржыландыру сақталады. Агроөнеркөсіп кешенін дамытудың басқа барлық шара-ларына инвестиция бөлу қайтарылу негізінде жүргізілуі тиіс. Агроөнеркәсіп кешенінің бірінші өрісінде инвес-тициялық саясаттың басым бағыттары мыналар болып табылады: .
— конверсия (жаңғырту) нәтижесінде босап қалған бүрынғы көсіпорындарды қайта бағдарлау мен жаңа құрылыстар салу есебінен өзін экономикалық жағынан ақтайтын ауылшаруашылық жөне азық-түлік машиналарын жасайтын өзіндік база жасау;
— түпкілікті техникалық қайта жарақтану және жү-мыс істеп түрған кәсіпорындарды қайта жабдықтау;
— алдыңғы қатарлы технологияға жөне өндіріс қүралдары нарығындағы жағдаяттың өзгерістеріне тез бейімделетін аз сериялы өндіріспен айналысатын орташа жөне үсақ кәсіпорындарды дамыту.

Ауыл шаруашылығындағы инвестициялық саясат өнеркәсіп жөне ауылшаруашылық өнімдерге тепе-теңдігінің сақталмауы жағдайында мемлекеттік қолдау көрсету жолымен меншіктің барлық тәсіліндегі ауыл-шаруашылық кәсіпорындарының материалдық-техникалық базасының жаңаруын, негізгі қордың шапшаң қалпына келтірілуін және жаңаруын, өндірістік инфра-құрылымның дамытылуын көздейді. Агроөнеркәсіп кешенінің өңдеу өрісінде мемлекеттің қатысуымен тікелей селолық елді мекендерге өңдеу (кіші және орта қуаттылықтағы) жөніндегі кәсіпорындар салынатын болады.

Агробизнесте баға белгілеудің әдістері. Нарықтық экономика жағдайында маркетингтік арналар бойынша тауарлардың жүру үдерісі, әдетте, сатып алу және сату негізінде олардың меншік иелерінің бірнеше рет өзгеріп отыруымен ерекшеленеді. Бұл жерде баға белгілеу проблемасы ерекше көкейтесті мәселеге айналды. Өмірлік тәжірибеде нарыңтық қатынастарды дамытудың ұзақ жылдар ішінде баға белгілеудің бірнеше төсілдері пайда болып іске қосылады. Олардың әрңайсысының өз жетістіктері мен кемшілік тұстары бар. Сондықтан да олар нарық, экономика және маркетингтің даму деңгейі таңатын жағдайларға байланысты қолданылады.

Баға белгілеудің бірінші тәсілі ашық сауда әдісі деп аталады. Ол сатушы мен сатып алушының арасында тікелей араласу арқылы жүзеге асырылады. Бұл жерде баға тікелей сұраныс пен ұсыныстың қақтығысуы негізінде еркін бәсекелестік жағдайында белгіленеді. Егер сатушылардың арасында немесе сатып алушылардың арасында құпия сауда-саттық пен келісім болмаса, сауда бәсекелестік мөнде болып, белгіленетін баға екі жаққа бірдей болып табылады. Мұндай баға белгілеу сауда субъектілері — нақты сатушы мен сатып алушы арасындағы тікелей келісім негізінде орташа нарықтық бағадан едөуір мөлшерде ауытқуға жол берілетін жағдайға байланысты сатып алушылар мен сатушылар делдалсыз саудаласатын біздің еліміздегі базарға тән. Өнімнің ірі партиясын сату кезінде, өдетте ашық сауданың аукцион сияқты төсілі қолданылады. Ол көтермё нарық немесе тауар биржасы жағдайында жүзеге асырылады. Алайда, оның базардан айырмашылығы мұнда делдал аукционшы жұмыс істейді. Бірақ бұл ұсыныс пен сұранысты барынша келістіруге кедергі келтірмейді, қайта керісінше, нарық жағдайындағы бағаның тиімді белгіленуіне мүмкіндік туғызады.

Сондай-ақ, баға белгілеудің келісімшарттық төсілі бар. Ол нақты сатушы мен сатып алушы арасында келісімшарт жасау жағдайында қолданылады. Делдалдың, сондай-ақ, екі жақтан да бәсекелестік болмаған кезінде нақты тауар өндірушінің өндіріс шығынына есеп немесе өндірістің орташа жағдайында өндірілген аталмыш өнімді сатудың орташа бағасына негізделе отырып, баға белгілеудің қажеттілігі туады. Сондықтан да келісім-шарттың бағалар олардың нарыңтық деңгейінен ерек-шеленуі мүмкін. Баға белгілеудің мұндай дәстүрлі үлгісі тікелей өңдеу кәсіпорындарында тез бүзылатын өнім-дерді (көкөніс және жемістер, сүт және басқалары) сату кезінде пайдаланылады.

Баға белгілеудің әкімшілік немесе прейскуранттық үлгісі жоспарлы экономика жағдайында бертінге дейін баға белгілеудегі басым әдіс болып келді. Дей тұрғанмен нарық жағдайында ол ңолданылмайды деп санауға болмайды. Жоғарыда атап өткеніміздей, әкімшілдік баға белгілеу кепілдік-сатып алу операцияларында көбірек қолданылады. Бұл әдісті сондай-ақ, ірі элеваторлар немесе тамақ фирмалары, әсіресе, аталмыш өнім сатып алушылардың арасында өзінің сапалық қасиеті бойынша кеңінен танымал болған жағдайда көп қолданылады. Азық-түлікті бөлшектеп сатуда баға белгілеудің прейскуранттық әдісі, бірқатар дамыған елдерде өнімдердің кең ассортиментіне белгіленеді. Баға белгілеудің бұл үлгісі бағалы тауарды сатуды бастағанға дейін белгіленеді. Екі жақтың бұған дейін тиісті келісулері болмайды. Прейскуранттық бағаның нарықтық бағадан ауытқу деңгейі бір жағынан нарықтың құрылымымен, екінші жағынан мемлекеттік монополияға ңарсы қызметтердің іс-қимылымен анықталады. Әдетте, прейскуранттық баға нарықтық бағаның орташа деңгейіне жақындауына мүмкіндік жасайды, ал монополияландырылған нарық прейскуранттың бағаларды монополияға қарсы реттеудің пәрменді тегеріштерінің болмаған жағдайында монополиялық баға деңгейіне дейін көтеруі мүмкін.

Ауылшаруашылық негізгі мәселелерді шешу жолдары. Еліміздің ауыл шаруашылығында соңғы жылдары біраз оңды үрдістер байқалады. Біріншіден, экономиканың көп түрлілігі түраңты сипат алады. Барлық аймақтарда шаруа қожалықтары мен корпоративтік түрдегі кәсіпорындар — өндірістік ко-оперативтер, шаруашылық серіктестіктер, акционерлік қоғамдар арасында оңтайлы арақатынас қалыптасты. Екіншіден, ауылды жерде біртіндеп аграрлық қыз-мет көрсету, өнімді өңдеу және сату саласы қалыптасуда, ондағылар негізінен фермерлермен өзара тиімді эко-номикалық шартпен жүмыс атқаруда. Үшіншіден, заңдылық-қүқықтық база ауылды жерде шаруашылық кәсіпті табысты атқаруға қолайлы жағдай жасауда. Адамдардың жер иелігіне, өнімді сататын базаларға еркін қолы жетуі жүмысқа ынталы фермерлер мен кәсіпорындар басшыларына ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді арттырып табысты молайтуға мүмкіндік тудырады.

Қазіргі кездегі жағдайда азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін қолайлы үрдіс деп үй шаруашылығы саласында өндірістің өсуін және оның үсақ тауарлы шаруашылыққа айналуын айтуға болады. Мүның өзі еліміздің көпшілік аймағында халықтың өзін-өзі қамтамасыз етуін жақсартады. Кейбір аймақтарда базарлы инфроқұрылымның қажетті элементтері болып саналатын азық-түліктің көтерме сауда базаларының және маркетингтік қызметтердің қалыптасуы үлкен үміт тудырған құбылыс болып саналады. Өтпелі кезеңнің қиындықтары азық-түліктің маңызды түрлерін өндірудің реформаға дейінгі деңгейіне жетуге мүмкіндік бермеді. Аграрлық сектордағы реформаның бірінші кезеңіндегі жете ойластырылмай жасалған өзгерістер (бартер, келісімшарттық қатынастарды елемеу, жұмысқа бәсеке әсерінің күшеюі, тауар мен қызмет көрсету базарындағы сүраныс мен ұсыныс арасынх дағы алшақтық) тиімсіз болып шығып дағдарыстың үзаққа созылуына апарып соқтырады. Экономиканың аграрлық секторында шаруашылық жүргізудің экономикалық тетіктері жетілмегендігі сал-дарынан бүл саланың қосымша өнімінің бір бөлігі баға, салың, несие, инвестиция жүйелері арңылы экономи-каның басқа салаларына, әсіресе, банк жөне коммерция-лық капитал саласына бөлініп кетті.

Қатаң ақша-несие саясаты ауылшаруашылық кө-сіпорындарының төлем қабілетіне өз өсерін тигізеді. Берешекті төлемеудің көбейіп кетуі есеп айырысуды кешеуілдетті, өндірілетін және сатылатын өнім көлемін азайтты, сөйтіп тауар өндірушілерді қажетті көлденең материалдың-техникалық ресурстарды (жанар-жағар май материалдарын, техниканы, минералдық тыңайт-қыштарды, өсімдіктерді қорғау құралдарын жөне т.б.) сатып алу мүмкіндігінен айырды. Өнеркөсіп пен ауыл шаруашылығы арасында материалдық-техникалық ресурстарды сатып алуда баламасыз айырбас байқалады. Ауыл шаруашылығы жөнінде қолданылып отырған инвестициялық саясаттың тиімділігі жеткіліксіз, несие қорларын пайдаланғаны үшін алынатын пайыздық мөлшерлеме (ставка) жоғары, қарыз үшін кепілге ұсынатын мүліктің жоқтығы, жұмсалатын қаржы мен мемлекеттік қолдаудың қатты қысқарғаны үлкен қолбайлау. Тауар өндірушілердің ақшалай қаражатының жетіс-пеушілігі (ауыл шаруашылығы жұмыстарының толық көлемін орындап шығу үшін қажетті қысқа мерзімді несие қорларымен қамтамасыз етілу орта есеппен 40% болады) тұқым шаруашылығының, асыл тұқымды мал шаруашылығының түралауы ауылшаруашылық дақылдарын өсірудің, мал санын көбейтудің технологиясының сақталмауына, ал мұның өзі, сайып келгенде, егістің түсімділігі мен мал өнімділігінің төмендеуіне өкеліп соқты.

Ауылшаруашылық көсіпорындарының үнемі шы-ғынмен жұмыс істеуі салдарынан олардың несиелік берешегі сатылған өнім көлемінің 65,5% -на жетті. Осы уақытқа ауыл шаруашылығына несие беру жөніндегі үйлесімді заңдар дамыған барлық елдерде бар. Ауыл шаруашылығына қолдау көрсету үшін мемлекет бөліп отырған ақша қаражаты мардымсыз. Борышты кешіру түріндегі мемлекеттік көмек берешектің қайтадан пайда болуына себептерін жоя алмайды. Қазақстанның азық-түлік базары оның тепе-теңдігін және қалыпты қызмет етуін бұзатын үрдістердің әсерімен да-муда: тауардың ұсыным көлемі және халықтың төлем қабілеті бар сұраным қысқаруда, импорттың өткендігі күшеюде. Ауылшаруашылық өндірісін материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету мәселелерінің өткірлігі шегіне жетті десе болады.

Өндірушілер сатып ала алмайтындықтан машиналардың көбінің жетіспеуі салдарынан агротехникалық операциялар негізінде орындалмайды, қолмен атқарылатын жұмыс көлемі көбейеді және түсім көп ысырап болады, Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі құралдарының жетіспеушілігі салдарынан ауылды жердегі еңбек қорының жұмыспен қамтылу деңгейі өлі де төмендеуде, ауылшаруашылық көсіпорындардың едөуір бөлігінің банкротқа ұшырауына байланысты жұмыссыздық деңгейі өсуде. Ауыл тұрғындарының көші-қон қозғалысы күшеюде. Соңғы 7 жыл ішінде ауыл тұрғындарының саны 7,3 миллион адамнан 6,6 миллионға дейін немесе 9,6 пайыз кеміді.

Ауылшаруашылық өндірісінің жоғары қарқынмен тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік деңгейде біраз кезек күттірмейтін шараларды жүзеге асыру қажет. Отандық азық-түлік базарын дамыту, оның бәсекелестік қабілетін арттыру мәселелерін шешу үшін оның импортқа тәуелділігін, өсіресе республикада көп көлемде өндірілетін өнімдер бойынша (күріш, ет өнімдері) кеміту қажет. Маманданған тауар аймақтарын дамыту, аймақ ара^ лық өзара қатынастарды қалыптастыру, теміржол көлігінде азық-түлік өнімдері үшін төмендетілген коэффициент тағайындау арқылы сұраныс мен ұсыныстың тепе-теңдігін жасау қажет. Аудандарда құрылып жатңан «Сатушыдай-» ындаушы пункттер» сатушы дайындаушы фирмалардың монополиялық үрдістерін тежеуді ұйымдастырудың мысалы іспетті бола алады. Келешекте олардың негізінде таза пайданы көздемейтін өнім сатып отыратын кооперативтер құрылуы мүмкін.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.