Қайта өрлеу дәуіріндегі Англия жазушылары

Главная » Рефераттар » Қайта өрлеу дәуіріндегі Англия жазушылары

XIV ғасырда ақша-тауар қатынастарының дамуы нәтижесінде кедей шаруалар мен қаланың плебей топтарын қанау күшейеді. Қыстақтардың ойрандалуы 1381 жылғы Уот Тайлер мен Жон Болл басшылығындағы шаруалар көтерілісін туғызды. Феодалдарға қарсы бағытталған бұл көтеріліске қатынасқан шаруалар байлар қолындағы жерлерді тартып алу мәселесін қояды.
Қоғамдық өмірдегі мұндай өзгерістер әдебиетте де өз ізін қалдырды. Осы дәуірде халық арасында туған наразылықты суреттеген жазушылардың бірі ағылшын ақыны Уильям Ленгленд еді.
Уильям Ленглед (шамамен 1330-1400 жылдар) «Ша-руа Петр туралы ой» атты аллегориялық мазмүндағы поэмасында XIV ғасырдың екінші жартысындағы Англияның қоғамдық өмірінің өзіне тән жақтарын, өсіресе, шаруалардың ауыр тұрмысын бейнелеп берген.
Алаңға көп халық жиналған. Олардың арасында түрлі әлеуметтік топтағы адамдар — саудагер, кедей, сері, сай-қымазаң және билік өкілдерінен бастап, қарапайым диқанға дейін бар. Қырдың арғы жағынан көрінген биік мүнара — Әділдік, төмендегі түрме болса — Жамандық символы ретінде бейнеленеді. Әрине, бұлар шартты образдар. Біраң алаңға жиналған түрлі топ өкілдері арқылы сол дәуірдің шынайы көрінісі ашып көрсетілген.
Поэманың бірінші бөлімінің ортасында Қасиетті мұнара (шіркеу) мен жақсылықтың символы болған қарапай-ым боз көйлекті әйел Пайдаханым түрады. Жазушы поэманың бірінші бөлімінде шіркеу атын жамылған аяр, айлакер, даңққұмар және жылпос адамдардың бұзықшылықтарын аяусыз әшкерелейді. Пайдаханымның тойын суреттеу арқылы жазушы феодалдық қоғамда белең ал-ған зүлымдық пен озбырлықтарды сынға алады.
Поэманың екінші бөлімінде автор түс көреді. Оның көз алдынан кең алаңқайға жиылған адамдар өтеді. Олар Ақылды жан-жағынан қоршап, ортаға алған. Аңыл күнәһарларды жасаған күнәларынан тазаруға шақыра-ды. Кітаптың соңында жеті күнәһардың (Тәкаппарлық, Даңқңүмарлық, Қызғаншақтық, Кекшілдік, Араздық, Қанағатсыздық және Жалқаулың) тәубе-өкініштері су-реттеледі. Әрбір күнәһардың өзіне тән қасиеттері бар. Мәселен, Қанағатсыздық — маскүнемдік сияңты жарам-сыз қылыңты тастау, кешірім сүрау мақсатында таңер-тең шіркеуге аттанады, біраң жолда шарапханаға кіріп, тағы да шарап ішіп қояды. Жол-жөнекей сүрініп-қағынып, үсті-басын бүлдіреді. Тіпті, қаңғыбас ит те одан жиіркенеді. Үзақ үйқыдан бас көтерген Мешкей әйелінің алдында бүдан соң мүлдем шарап ішпейтінін айтып ант береді.
Күнәһарлар тазарудан өткен соң, Ақыл оларға Ақиқатты іздеуге үндейді. Біраң ешкім оның ңайда екенін білмейді. Адамдар бір шырақшыдан: «Ақиқат атымен аталушы бір ғазиз жанды білмейсіз бе! Ол қайда жасайды екен, сол жерге алып баратын жолды керсете алмайсыз ба?> деп сүрайды. Шырақшы Ақиқат жайлы одан алғаш рет сүральга тұрғандығын, оны білмейтіндігін айтады. Осы кезде баршаның назары көпшілік ортасында тыныш ғана отырған қарапайым шаруа Петрге түседі. Ол «Ақиқатты білемін » дейді. Петр 50 жыл бойына сол мәрте-белі Ақиқаттың қызметінде болып, оның жерін жыртып, егінін салып, жинап алатынын, жайлауда оның малда-рын бағатындығын, оның жәрдемімен әр түрлі өнерді үйренгендігін және мүндай еңбектен мүлде зиян көрме-гендігін хикаялап береді. Егер олар Ақиқаттың алдына барғылары келсе, онда ең жақын, әрі төте жолды көрсету-ге дайын екендігін білдіреді. Бүл жол — еңбек, жоқшы-лық жене шыдамдылық-сабырлылық жолы. «Сенің көрсеткен жолың жақсы екен, — дейді адамдар, — тек бүл жолға әрқашан сенімді басшы керек ғой». Петр «алақандай жерін жыртып, егінін салып жүргенде уақытты өткізіп алмас па екенбіз», дейді. Шыдамсыз бір әйел тіпті наразылық та білдіреді. Шаруа Петр мүндай өйелдерді зеріктірмейтіндігін, олар бидай салынған жыртық қап-тарды жамайтындығын, бөзден киімдер тігетіндігін, бүған өз балаларын үйрететіндігін, басқа әйелдер болса жүннен мата тоқитындығын, өйткені, табиғат жалаңаш жөне жетім қалғандарды киіндіруді бүйырғандығын ай-тады.
Поэмада ақын қарапайым шаруаны ақиқаттың сара жолына бастаушы жалғыз адам деп көрсетеді. Петрдің сөздері арқылы жалпы еңбек идеясын алға тартады. Шаруа еңбегі мадақталады, қоғамның сауығу негізі еңбек екендігін, жүмысқа қабілетті баршаның еңбек етуі тиіс екендігі ескертіледі.
Жазушы «Шаруа Петр туралы ой» атты осы шығар-масында шаруалардың 1381 жылғы көтеріліс қарсаңын-дағы халықтың көңіл-күйін бейнелейді, халық санасы-ның өсуіне ықпал етеді. Көтеріліс басшылары өз күрес-терінде бүл поэманы кең пайдаланды.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.