Әйтеке би өмірбаяны

Главная » Рефераттар » Әйтеке би өмірбаяны

Әйтеке би өмірбаяны — қазақтың Тәуке, Болат, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай хандары тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан мемлекет және қоғам қайраткері. Әз Тәуке хан құрған Билер кеңесінің мүшесі, атақты шешен, Кіші жүздің төбебиі, «Жеті жарғы» деп аталатын заңдар кодексін шығарушылардың бірі. Шыққан тегі Кіші жүздің Әлім тайпасының төртқара руынан. Ол қазіргі Өзбекстан жеріндегі Нұраға тауының Бұхара жеріне қарай созылып жатқан Қызбибі тауының стегінде өмірге келген. «Тобықты Әнет бидей баталы бол, Кіші жүз Әйтекедей аталы бол», — деп атақты Сегіз серінің батасында айтылғандай, Әйтеке би аталы тұқымнан. Оның арғы атасы әулие Сейітқұл Жәдікұлы Шығай ханның серігі болған. Шығай хан Бұхардың Абдолла ханымен одақтас болып, Сырдарияның сағасындағы қонысын тастап, Самарқанның теріскейіндегі Нұрата тауына көшкенде, сонымен бірге қарауындағы елін ертіп қотарыла көшіп келеді. Осы Сейітқұлдың сегіз баласының бірі — Әйтеке бидің атасы Ақша да, бірі — кейін Самарқанның билеушісі болған, Қазақ ханы Салқам Жәңгір 600 жауынгермен жоңғар қонтайшысы Батырдың 50 мың әскерінің өтінде қалғанда, дер кезінде көмекке жетіп, қазақ қолына айтулы жеңісті суырып әперетін атақты Жалаңтөс баһадүр. Жалаңтөс Самарканға әмір болғаннан кейін ағасы Ақшаны Қоқанның ханы етіп сайлатады. Ұлықбек медресесінде оқып, тәлім алған Әйтеке би әуелі атасы Ақша ханның, анасы өлгеннен кейін ағасы Жалаңтөстің тәрбиелерінде болып, ел басқару істерінің қыр-сырымен танысады. Оның осы кезде көргені мен білгені кейін Тәуке ханның кеңесші биі болған кезде ел кәдесіне асады. Қазақ халқының ата заңы іспетті «Жеті жарғыны» шығаруға қатысқанда да Әйтеке осы алған білім мен жиған тэжірибенің көп көмегін көреді. Бір жағынан Қытай, екінші жағынан орыс-қазак жерін құрсаулай торлап, шекараға әскерлерін шоғырландырған қиын күндерде Әйтеке би Төле бимен, Қазыбек бимен біріге отырып, елді, жерді қорғауға белсенс араласады. Әйтеке би шешендігімен, «қара қылды қақ жарған» әділдігімен бірге жоңғарлармен болған ұрыстарда қол бастаған батыр да. 1685 ж. Нұрата маңына шабуыл жасаған Қалдан-Бошақтының он мың жасағына Нүрата, Қызбибі, Ақтау, Тамды, Кенимех төңірегіндегі алшындар мен қарақалпақтардан және құрамалардан жиналған бес мың қол эскерімен Әйтеке қарсы аттанады. Ол әуелі Қалдан-Бошақтының өз әкесінен емес, есігінде жүрген қытай кұлдан туғанын бетіне басып жерге қаратады. Ізінше жан алып — жан берген соғыс басталады да, бір күнге созылады. Келесі күні Әйтеке би Самарқаннан, Бұхарадан қалың әскер көмекке келе жатыр деген қауесетті естіп, Қалдан-Бошақты Сайрам төңірегіне шегінтіп кетеді. Сол жылы Сайрам талқандалып, жыл сайын Күлтөбеде өтіп жүрген «Хан кеңесі» болмай қалады. Бұдан кейінгі қазақ жиыны Қарақұмда және Тәуке хан ордасын тіккен Түркістан маңында болғаны тарихтан мәлім. Қазақ сахарасына көз тіккен көрші елдерден қауіптенген Әйтеке би 1698-99 ж. Түркістанда өткен үлкен екі жиында мынадай ұсыныс жасайды: 1. Ресеймен, Қытаймен не басқа бір елдермен одақ жасаудың ешбір қисыны жоқ. Олардың көксегені терезесі тең одақ емес, қазақтарды қайткенде де бодан елге айналдыру. 2. Малмүлікті аямайық. Ресейден, Қытайдан, Хиуадан және Бұхара мен Түріктерден қару-жарақты ептеп сатып алайық. 3. Бүкіл қазақ жасағы бір қолбасшыға бағынсын. Қолбасшы Ресей, Қытай, Түрік не Еуропаның әскери өнері жетік бір елінде оқытылсын. Ол тек «Хан кеңесіне» ғана бағынатын және айрықша құқты адам болсын. 4. Қолбасшы қарадан шыққан адам болсын. Өйткені төре арасы тату емес, қай-қайсысы да хандық жолында қарабастарын ойлаудан әрі аса алмайды дейді. Ел ішіндегі бірі орға; бірі сорға тартқан алауыздық солардың ісі дейді. Әйгекенің бұл ұсыныстары Төле, Қазыбек секілді ел басқарған билер тарапынан қолдау тапқанымен, сұлтандар мен төрелер, әскерге жиналатын мол шығынды ауырсынған байлар қарсы шығыи, ақырында қабылданбайды. Мәртөбе мен Күлтөбеде күнде жиын кезінде алты алашты аузына қаратқан сол үшеудің біреуі орақ ауыз, от тілді Әйтеке би ел басына терістік шығыстан қара бүлт үйіріліп келс жатқан қарсаңда бір мақсатта тізе ажыратпай талай жыл бірге күрескен серіктерін тастап, дертті болып, ата жұртына Нұрата тауына оралады. Ол дерг Алланың жіберген ауруы емес, «Тура би туғанына жақпайды» деп, ел тағдырына қатысты мәселеде бет пен беделге қарамай турасын тіліп айтқан бидің созін кек тұтқан сұлтандардың қастығы еді. Көкірегі даңғыл дана би өзі тілегеніндей елінің «ақтабан шұбырындыға» ұшырағанын көрмей, бұл жарық дүниемен хош айтысты. Ел аузында Әйтеке би айтқан билік, шешендік сөздер, толғаулар, баталар коп сақталған. Соның бірі авторы беймэлім, «Әйтеке би» деген ұзақ дастан. Әйтеке қайтыс болғаннан кейін Нұрата тауы маңын мекендеген төртқара ауылдарының көпшілігі Сыр бойына көшіп кеткен. Ақтөбе облысының бұрынғы Қарабұтақ және Комсомол біріктіріліп, қазір Әйтеке ауданы деп аталады.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.