Аккадтар туралы

Главная » Рефераттар » Аккадтар туралы

Аккадтар ежелгі халықтардың Қосөзен жеріне бірнеше дүркін келгені жөнінде мәліметтер жеткілікті. Бірақ зерттеушілер олардың келген уақыт аралығын ажырату мүмкін еместігін де айтады. Міне, осы көшпенді семит тайпасының бірі б.д.д. III мыңжылдық соңында Сирия даласынан Қосөзен аймағына кіре бастайды. Аккадтар олар-ды «аморейлер» деп атайды. Деректерде осы жаулап алушылардың Оңтүстік Арабиядан келгені болжанады. Бұл халық Інжілде «амо-рейлер» немесе «ханаандар» деп жазылған. Палестинаны еврейлер келгенге дейін мекендеген, Інжілде ірі адамдар деп суреттелетін осы халық болар деген қорытынды жасалады.
«Аморейлер» кім болса да, Қосөзен жеріне келіп, Шумер қалаларын жаулаумен қатар, мэдениетін қабылдап, өркениет жолы-на түскені белгілі. Осы халық ежелгі Вавилон мемлекетін құрды, бірінші патшасы болған I Саргон тарих сахнасына б.д.д. 2300 жыл шамасында шығады. Билік қүрған жылдарында (б.д.д. 2316-2261 жж.) I Саргон Киштің қала-мемлекеттерін, сосын шумер-лерді жаулап алып, Қосөзен елдеріне ортақ билеушіге айналады. Бір орталыққа бағынған мемлекеттің пайда болуы ел экономикасының дамуына эсерін тигізеді. Зерттеушілердің көрсетуінше, патша есімі белгісіз. Саргон, аккад тілінде «шаррукен», яғни «ақиқат патша» есімін таққа отырған соң алған деген жорамал жасалады. Кейбір үзік-үзік жеткен мэліметтерге қарағанда, Інжілдегі Моисей тэрізді, ол да кішкене кезінде өзенге тасталып, қамыс арасынан табылған. I Саргон өзін Киштің жэне Аккадтың патшасымын деп атады жэне өз уақытында 34 рет эскери жорық жасап, Орталық жэне Оңтүстік Қосөзен аймақтарын біріктіреді. Саргон жаулап алған елдерінің астанасы ретінде жаңа қала салдырып, оны Аккад деп атайды. Аккад мемлекеті осы қала атынан өз бастауын алады. Елдің шумерлер өмір сүрген оңтүстік бөлігі Вавилон деп атала бастайды.
Көшпенділердің эскери күші мен жаулап алған жердегі тұрғылықты халықтың мэдениет жетістіктерін біріктіру Саргон үрпақтарының Мысыр мен Үндістанға дейін тараған үлкен мемле-кет қүруына, елшілік қарым-қатынастар жэне сауда-саттық байла-ныстар жүргізуіне мүмкіндік береді. Сол мемлекеттің бір орталыққа бағынған автократты ел емес, түрақты көп эскері бар, патшаға адалдығын білдірген одақтас қала-мемлекеттердің конфедерациясы болған. Бізге жеткен жазбалардың бірінде Саргонның қатысуымен күн сайын 54 мың адамның ас ішкені баяндалады. Тарихи дэуірде осынша эскер күшімен көрші орналасқан мемлекеттерге бақылау жасаудың аса қиын болмағаны анық. I Саргон дүниеден өткен соң билікке келген оның немересі, өзін «элемнің төрт бүрышының патшасы» атаған Нарам-Су-эн (б.д.д. 2224-2187 жж.) жаулап алған аумағында мемлекеттік қызмет қүрылымын қүрады. Міне, сол уақыттан бастап үш мың жыл бойы өзінің ерекшеліктерімен өмірге енген монархиялық жеке-дара биліктің негізі қаланады. Мемлекеттік қызмет қүрылымы қалып-тасып, шенеуніктерді патшаның өзі тағайындайды. Демек, ежелгі Шығыста бір орталыққа бағынышты билік үрдісіне негізделген мэдениеттің жаңа белгісі, түрі пайда болып, шенеуніктер кез келген өркениетті мемлекеттің өзіндік ерекшелігіне айналады. Нарам-Суэн өз мүрагерлеріне шексіз билік қүқығын қалдырды. Тек патшаларға ғана тиесілі болған шексіз биліктің ¥лы Француз төңкерісіне дейін шектеуге үшырамағанына тарихи деректер куэ.
Ежелгі ірі мемлекет басшыларының өмірі аңыздарға толы. Мысалы, біреулері бала кезінде қарапайым малшының есігіне экеп тасталған ¥лы Кир сияқты иттің сүтімен қоректеніп өссе, келесі біреулерінің өмірі ғажайып күштермен (Будда, Шыңғыс хан), қүдаймен (Александр Македонский) байланыстырыла-ды. Зерттеушілер жорамалынша, мэселенің бэрі, монархтың өзін қоршаған ортадан бөлектенуге, басқалардан ерекшелігін, артықшылығын көрсетуге деген талпыныстан туындаса керек.
Осыған дейінгі патшалар қүдайға арнап ғимараттар түрғызып, діннің көмегімен билікті нығайтқаны белгілі. Соны біле түра, На-рам-суэн өзін «Аккадтың қүдіретті қүдайы, Нарам-суэн қүдай» деп жариялайды.
Сарай төңірегіндегі жағымпаздардың асыра дэріптеуіне сеніп, ол өзінің қүдайлық қасиеттеріне, қүдіретіне замандастарының сенімсіздік білдіретінін, сірэ, ойламаса керек. Қүдайлар өлмейді, ал патша қарапайым пенделер сияқты өлсе, ол қалай қүдай болмақ? Ендігі жерде өз дербестігінен айырылған діни ғибадатханалар қоғамдық өмірдің орталығы, тірегі болудан қалады. Діни рэсім, қағидаларды үстау патша міндетіне айналады, ол ескі діни орындарды жөндеумен жэне жаңасын түрғызумен айналысып, абыздарға ерек-ше артықшылықтар беріп, олардың патшаға түтастай тэуелділігін қамтамасыз етеді. Енді қүдайлар монархтардың билігін нығайту үшін қызмет атқарады. Ал діни орындар патша сарайының жалғасы болып, соның арқасында абыздар билігі шектеліп, қызметіне бақылау қойылады.
Аккад дэуірінде адам санасы үлкен өзгеріске үшырайды. Түлғаның мэдениетте алатын орны көрсетілмеген, белгіленбеген жалпыламалық келмеске кетеді. Оған шумерлер дэуірінің мэтіндері мен Саргон ізбасарларының бірінен бізге жеткен Нарамсин стеласын мысал ретінде келтіруге болады. Стела мазмүнына зерттеушілер келесі түсіндірмені береді: патшаның лулубей тайпасын жеңген жеңісі бейнеленген, жеңімпаз өзгелерден жоғары, төбе басында түрған батыр ретінде көрсетілген. Он екі түтқынның бірі патша аяғының астында тізерлеп тұрса, екіншісі қол-дарын көтеріп, жалыныш-ты түр көрсетеді. Енді бірі өліп жатыр. Басқа түт-қындардың бойын үрей ал-ған. Аспандағы көп бү-рышты сэуле шашқан екі жүлдыз бейнесі, қарапайым мүйізбен безендірілген бас киім оның беделін асқақ-татып, қүдайлардың жеңім-пазға іш тартатынын біл-дірсе керек…

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.