Актер шеберлігінің келелі мәселелері

Главная » Рефераттар » Актер шеберлігінің келелі мәселелері

Қазақ актерлік үрдістері дегенде, біз ұлттық актерлік өнеріміздің тарихы мен тағдырын сөз етпей отыра алмаймыз. Қазақ актерлік өнерінің тарихы, тағдыры, оның теориялық жүйесі, жетістіктері мен кемістіктері, дүниежүзілік масштабтан қарағанда аса ауқымды емес. Ол белгілі аксиома, белгілі қағида. Өйткені, актерлік өнерден тып-тыныш, хабарсыз жатқан қазақ сахарасы сонау Грециядан басталатын, одан Еуропаға өткен, Еуропадан Ресейге көшкен театр өнерінің түрлі бұралаң болмыстарынан мүлдем шет жатқан қиырдағы ел еді. Елдің руханияты, өркениеті ептеп, қалыпқа келе бастаған сәтте оның сұранысы, ішкі жан дауасы өнер болмақ керек. Осынау көкейдегі тың мәселені сезінген біздің жас қазақ елі сол кездегі Ресей империясына бағынышты ұлы күш, жас қазақ елінің басшыларының да қиялына қанат бітіріп, олардың саналарына ой түйгізді. Ол қалайда, қазақ театрын ашу мәселесі. Қазақ театрын ашу алдындағы ең бір ойланарлық нәрсе, оның уығын ұстап, керегесін керіп түрар актерлік қауым екендігін еске түту болды.

.

Осы ретте әр жер, әр жерлерде шашылып, әр түрлі істермен айналысып жүрген қазақтың дарынды деген ұл-қыздарының басын қосып, жинастырып, сол кездегі астана -Қызылорда өңіріне құлқұйрық таланттарды жинау мэселесі-сол кезгі өкімет алдындағы негізгі міндет болды. Сол жолы ғой, біздің Қалибек Қуанышбаев, Құрманбек Жандарбеков, Қапан Бадыров, Жұмат Шанин, Елубай Өмірзақов, Серәлі Қожамқұлов, Әміре Қашаубаев, Иса Байзақов сынды дүлділдеріміздің Қызылордада бас қосқан сәттері. Біздің қазақ театрының алғашқы шаңырағын биікке көтергендер осы актерлер еді. Ол уақыттар — режиссура деген ұғымның әлі қазақ даласына сіңбеген кезі. Режиссура ілімі қалыптаспаған мезгіл болатын. Сондықтан да, біздің ең алғашқы көрсеткен спектакліміздің өзі актерлердің инициативасымен шымыл-дық көтергені белгілі. Алысқа бармай-ақ, «Еңлік-Кебекті» алсақ, ол алғашқы қазақ трагедиясы, ұлы Мұхтар Әуезов қаламының нәтижесі. Осы күрделі пьесаны, ондағы билер дауын (үшінші перде дейміз) сахнаға лайықтап қойып, жұртшылық алдына көлденең тартқан ұлы шеберіміз — Серәлі Қожамқүлов еді. Міне, осыдан-ақ қазақ актерлік өнерінің ең алғашқы әліппелерінің қалай басталғанын байқауға болады. Орта Азиялық театр мектебінде (өзбегіңіз, қырғызыңыз, түрікменіңіз, тәжігіңіз бар), біздің актерлік орындаушылық мектебіміз, осы жаңағы мен атап өткен республикалардан едәуір озық тұрды десек, ол өзге елдерді елемегендігіміз емес, қайта олармен бәсекелесе отырып, өскенімізді көрсетететін айшықты белгілер. Ғылыми тұрғыда да, теориялық, практикалық жағынан да, қай безбенге салып қарасаңыз да, біздің актерлеріміздің өмір кұбылыстарын білудегі, өмір заңдылықтарын игерудегі, өмір іс-әрекеттерін меңгерудегі құлшыныстары, ұмтылыстары қай елге болса да сабақ боларлықтай. Олар дала сахарасының академиктері еді. Мәселен, Қуанышбаев рөлдерінің барлығында өмірдің нағыз айшықты шындықтары жатыр. Ол кейіпкерлерді қиялынан немесе саусағын сорып отырып жасаған жоқ. Көргендерін, білгендерін өмірдің өзінен ойып алып, сахнаға шығарды. Мэселен, ол «Ревизордағы» Дуанбасыны ойнады. Оны алғаш аударған — біздің әйгілі қаламгеріміз Жүсіпбек Аймауытов болса, ол кісі «Городничийді», яғни қала басшысын, «Дуанбасы» деп аударды. «Дуанбасының» рөлін бағамдасаңыз, кітаптарды ақтарып, театр тарихы жөніндегі оқулықтарды парақтап отырсаңыз, Қалибек Қуанышбаев орындаған Дуанбасының топас келбетін, келеңсіз түр-түсін, жағымсыз пішінін көріп, өмірден түңіліп кеткендей боласыз. Кәдімгі шығып кеткен қарын, қыртыс-қыртыс шой желке эжімдері, быттиған бет, ойсыз көз. Жай суреттің өзінен Қалибек Қуанышбаевтың адам жанының ең бір тереңінен сүзіліп шығар өмір шындығына сэйкес келер сүйкімсіз тіршілік бедерлерін көрсететін шеберлігіне тәнті қаласыз. Топастық пішінінің нағыз бір сұмырай сұлбасы деуге болады. Міне, шеберлік деген. Бұл суреттен көргеніміз ғана. Ал, енді оның сахнадағы жасаған образдарын көрсеңіз…

Ұлы Абайдың рөлін керемет ойнағандығын жыр етіп айтады оны көргендер. Абай — 1940-шы жылы 20-шы қазан күні сахнаға шыққан. Ұлы Мүхтар Әуезовтің, қалай болса да, осы шығарманы ұлт режиссері қойса жақсы болар еді деген арманы болған екен. Шын мәнінде «Абай» — ұлттық шығарма, үлкен полотно. Мүлдем ауқымды жазылған өрелі дүние. Бұл — сахналық поэма. Дәл сол кездері Мәскеудің сахна өнері институтын бітірген жас режиссер А.Тоқпанов театрға келе қалмай ма? Жас та болса, қайраты тасыған, сөзге шешен, іске мығым Асқар Тоқпановтың өнердегі жүлдызды шағы деуге болады. Асекеңнің трактовкасында 40-шы жылдары сахнаға шыққан «Абай» театр тарихында әлі күнге дейін алтын әріппен жазылып келеді. Бұл, сөз жоқ, Асекең еңбегінің жоғарғы деңгейі.

.
.

Спектакльді қою процесіне Мүқаңның өзі де қатысқан. Ол кісінің де кеңесшілігі бар. Бірақ, қойылымның дәрежесін көтеріп кеткен актерлік үлы қүдірет. Актер Қалибек Қуанышбаевтың өнердегі мықтылығын көрсететін мезеттер еді ол кездер. Аталған қойылымға сол кезгі алғашқы актерлердің бэрі түтасымен қатысқан. Онда Қапан Бадыров, Шәкен Айманов, Елубай Өмірзақов, Сәбира Майқанова, Рахия Қойшыбаева, Камал Қармысов сияқты біздің атақты шеберлеріміздің бэрі өнер толғаған. Әрқайсысы өздеріне тиесілі рөлдерін өз деңгейінде көрсете білген. Ол жөнінде театр тарихы ақиқатын айтып та, жазып та келеді. Бүгінгі жастар оқып жүрген өнер эдебиеттерінде бүл жағы әдемі суреттелген. Сондай-ақ Тоқпановтың өзінің естеліктерінде өте шымыр эңгімеленеді бүл жағы. Бұны бір деп қойыңыз. Содан кейінгі актерлік өнердің келелі-келелі мәселелері, сонау үйымдастырушылық (коллективизация) жылдарды есімізге түсіреді. Онан кейінгі нэубет жылдарын қаперіңізге алыңыз… 37-ші жылдарда іріктеп-іріктеп, игі қазақтың сорпа бетіне шығарлық азаматтарын қуғынға түсіріп, «ит жеккенге» айдатып, оқ пен оттың астында қалған күндерді айтпай кетуге дәтіңіз қалай барады?
Сүрапыл соғыс жылдары актерлер жасаған сом туындыдар қандай десеңізші? «Қобыландыңыз», «Ақан сері -Ақтоқтыңыз», «Алдар Көсеңіз» бүгінгі театр тарихының тағдырын айғақтап отыр. Соғыстан кейінгі халық шаруашылығын қалпына келтіру жылдары, онан кейінгі Сталин қайтқаннан кейінгі жылымық кезеңдер. Яғни Хрущевтің тұсы, одан кейінгі қазақ театрының алтын ғасыр аталатын 60-70-ші жылдарына өзіміз куә болдық. Ол үлы режиссер Мәмбетовтің отыз жыл бойы қазақ сахнасын дүрілдетіп, қазақ сахна өнерін шет жүрттарға таныстырып, әлемдік кеңістіктерге атойлап шыққан елеулі кезеңдер еді. Мәскеудің өзінде бес-алты рет гастрольде болып, Қазақтың керемет актерлары Нұрмұхан Жантөрин, Хадиша Бөкеева, Шолпан Жандарбекова, Сәбира Майқанова, Зэмзәгүл Шәріпова, Атайбек Жолымбетов, Сейфолла Телғараев, Ыдырыс Ноғайбаев, Фәрида Шәріпова, Әнуар Молдабековтардың жасындай жарқылдаған кезеңдері… Мәселен, этаптық (кезеңдік деп жүрміз ғой) спектакльдердің бой көрсеткен шағы. Шын мэнінде, қазақ сахнасының даңқын аспандатқан спектакльдердің туындаған кезеңі. Олар: «Ана жер — Ана», «Абай», «Қобыланды», «Қан мен тер», «Дон Жуанның думаны», «Көктөбедегі кездесу», «Ваня ағай», «Юлий Цезарь», «Эдип патша», т.б. Міне, осы спектакльдердің барлығы — қазақ сахнасының тамаша көрсеткіштері. Оның деңгейін, талабын, талғамын өсірген шығармалар. Осы қойылымдар арқылы көптеген актерлер легі тәрбиеленіп шықты. Біздің актерлік өнердің өзі кезең-кезеңге бөлініп, жал-жал болып жатқан ғажап өнер. Жоғарыда айтып өткен 26-шы жылдарғы алғашқы жеті ақсақалымыз ол кезде қылшылдаған жас жігіттер ғой, енді. Онан кейін 32-ші жылдары сахнаға келген Сәбира Майқанова, Камал Қармысов, Сейфолла Телғараев, Шэкен Аймановтарды алыңыз. Онан кейін 50-ші жылдардың үстінде сахнаға шыққан Зәмзәгүл Шәріпова, Ыдырыс Ноғайбаев, Нұрмұқан Жантөриндерді алыңыз. Бірі Мәскеу институтын бітіріп келсе, бірі Ташкент институтын тәмамдап, әр түрлі мектептердің басы қосылған кезеңдер. Онан 60-шы жылдар үлы режиссер Мәмбетовтің қол астына топ ете түскен Асанәлі Әшімүлы, Әнуар Молдабеков, Райымбек Сейтмет, Сәбит Оразбаев, Матан Мұраталиев, Фәрида Шәріпова, Нүкетай Мышпаева, Торғын Тасыбекова, Раушан Әуезбаевалардың өнерге араласқан кезі. Бұлар Ташкенттен де емес, Мәскеуден де емес, өзіміздің Алматы театр өнерінің мектебінен дэріс алған түңғыш түлектер. Қазақстан театр мектебі, оның ұйымдастырушысы, оған дем беруші болған біздің қазақ театр педагогикасының негізін алғаш салған Асқар Тоқпановтан бастау алады. Сол сияқты Рабиға Мұқайқызы Қаныбаева, Галина Юрьевна Рутковская А.Мадиевский, М.И.Гольдблат, Хадиша Бөкеева, Шолпан Жандарбекова, Ыдырыс Ноғайбаев сияқты шеберлердің білімінен нэр алған шэкірттер де жетерлік. Осы кісілердің ілім-тэлімінен тэрбие көрген жастар эріден келе жатқан төл мектебімізді жалғастырып қана қоймай, қазақтың үлттық өнеріне Еуропа мәдениетін сіңірді. Ықпал етті. Міне, соның арқасында біздің қазақ театры 60-70-80-ші жылдары өзі қатарлас күрылған театрлардың ең алдында болмаса да, қатарынан кем болған жоқ. Міне, Тәуелсіздік жылдарға да келіп жеттік. Егемендік жылдардағы, сахнадан орын алған шәкірттер саны да қомақты. Осы қазіргі Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында тәрбиеленген түлектер. Бүларды шетінен тас түлектер деп атауға болады. Қазіргі ортамызда жүрген Асанлі Әшімүлы, Сәбит Оразбаевтан бастап, Тұңғышбай Жаманкүлов, Құман Тастанбеков, Досхан Жолжақсынов, Тілектес Мейрамов, Талғат Теменов, Лидия Кәденовалар — біздің Қазақ Ұлттық өнер академиясына дейін консерваторияның жанында жалғыз-ақ театр факультеті атанған екі аудиторкяның тәлім-тәрбиесі, соның нэтижесі. Актерлік өнер — бірде көтерілетін, бірде кұлдырайтын аса нәзік процесс. Бірақ, осындай актерлерді тәрбиелей отырып, көптеген проблемаларға да жолығып келеміз… Жас актерлерді тэрбиелеуде Ұлттық өнер академиясымен бірге, біздің облыс-облыстардагы университеттердегі жекелеген факультеттер де аз еңбек етіп келе жатқан жоқ. Жергілікті музыкалық колледждердің актерлік бөлімдері, театрлар жанынан студиялар ашыла бастады. Мүның бэріне біз қабақ түйіп, қыржиып қарауға тиіс емеспіз. Тас қалады, су ағады. Олардың ішінен суырылып шыққандары өнердің асыл керуеніне ілесе алады, ал өте алмағандары шаң қауып қалып жатады. Бұл өмірдің, өнердің заңы. Оған қызғанып қарауға болмайды. «Анда неге ашылды, мында неге ашылды» -деп өкпе артпайық. Оларға сабақ беріп жүргендер кімдер? Міне, осыған қатты көңіл бөлуіміз керек. Ал, сабақ беріп жатқандар, сайып келгенде, олар да біздердің шәкірттеріміз. Осы біздің академиямыздың түлектері. Сондықтан біз бір-бірімізге сеніммен қарауымыз керек. Егер олар дұрыс сабақ бермей жатса, демек, ол мынау академиядағы үлкен ұстаздардан кеткен қателіктердің қайталануы.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.