Алқа тұқымдастар

Главная » Рефераттар » Алқа тұқымдастар

Алқа тұқымдастардың көпшілігі — жабайы өсетін біржылдық немесе көпжылдық шөптесін немесе шала бұталы өсімдіктер. Олар бұта, ағаш түрінде сирек кездеседі. Бұлардың жер жүзінде 2500-ден астам түрі, ал Қазақстанда төрт туысқа жататын 23 түрі өседі. Алқа тұқымдастар Америкада, Азияда, шамалы түрде Еуропада тараған. Оның 1200 түрі зерттелген. Алқа тұқымдастардың жапырағы көбінесе сопақша өркен бойына кезектесіп орналасқан бөбе жапырақтары болмайды, гүл шоғырлары шатырша немесе шашақталған қалқан тәрізді бұйра, гүлдері дұрыс пішінді, қос жынысты бірігіп өскен бес тостағанша жапырақшалардан құралған, тостағаншасы және бірігіп өскен бес күлтежапырақшалардан құралған жұлдыз тәрізді жалпақ ақ күлтесі болады. Күлтежапырақшаларының түп жағы қысқа түтікше түзеді. Оның дәл ортасынан 5 аталығы және бір аналығы шығып тұрады. Жеміс-жидек немесе қауашақ. Алқа тұқымдастары негізінен үш мақсатта өсіріледі:

.

1. тағамдық: картоп, баклажан, қызан, бұрыш. Олар Қазақстанның барлық аудандарында өсіріледі. 2. дәрілік: итжидек, сасық меңдуана, қара алқа. 3. Сәндік жұпар иісті темекі, петуния. Жабайы түрінен тәттілеу қашқылтым алқа кездеседі. Сондай-ақ қылтанақсыз алқа Семей, Қостанай, Талдықорған облыстарында, өзен жағаларында, ормандарда, шалғындарда, көл, батпақ, бұлақтардың төңірегінде өседі. Қара алқа — Қазақстанның барлық жерінде, бау-бақшаларда, арық жағаларында, үйлердің маңында, жол бойында, егістікте, кейде өзен жағаларындағы бұталардың арасында өседі. Суық күзге дейін гүлдейді. Сабағы тік, бұтақталған, түптеніп өседі. Әр түптің ұзындығы 13 см, көлденеңі 7 см жұмыртқа пішінді жапырақтар орналасады. Майда түгі бар, көп қырлы шөптесін өсімдік. Жемісі қара жидек. Қара жидек алқа тұқымдасы — тұқымы майда, бүйрек тәрізді сары жылтыр. Барлық мүшелерінде салонин, бетамин алколоидтары болады, жемісі әсіресе піспей тұрғанда улы. Уланған адамның жүрек соғысы жиілеп, асқазаны ауырып, есінен танады. Дәрі жасау үшін жер бетіндегі мүшелері пайдаланылады. Қара меңдуана алқа тұқымдасы — аса көп таралған, екі жылдық шөптесін өсімдік. Қара меңдуананың бір түбінің өзі орта есеппен 10 мыңдай тұқым береді. Осыншама көп тұқым күй таңдамай гүлдейді. Қара меңдуананың тұқымы өте улы. Оның жапырағын, тұқымын жеген мал мен құс уланып қалады. Дегенмен, оың иісі ұнамсыз және дәмі нашар болғандықтан, мал оны жей бермейді. Меңдуанамен адамдар, әсіресе балалар өте тез уланады. Уланған кезде жүрек қатты соғып, ентігу пайда болады, іші ауырады, құсады есінен танады. Бұл өсімдіктен жасалған дәріні дәрігердің бақылауымен ғана пайдаланған жөн. Өсімдіктің улы қасиеті ертедегі египеттіктер мен парсыларға және арабтарға белгілі болған. Тәжіктің ұлы ғалымы философ және дәрігер Ибн-Сина осыдан мың жыл бұрын «Меңдуана — у, есіртіп естен айырады, тұншықтырып, өлтіруге дейін барады» деп жазған. Қара меңдуананың тамырында, жапырағында 25% алколоидтар болады.

Медицина, мал дәрігерлік саласына меңдуанадан жасалған дәрілер асқазан және ішек ауруларына, демікпеге қарсы қолданылады. «Меңдуана майын» сүйек сырқырауына, жүйке жүйесі ауруларына қарсы денеге жағады. Қара меңдуананы Украинада, Краснодар өлкесінде қолдан өсіреді. Итжидек алқа тұқымдасы — көпжылдық шөптесін өсімдік. Сабағы тік, биіктігі 0,6 — 2 м. Жапырағы үлкен гүлінің жоғары бөлігі қоңыр-күлгін, кейде сарғыш. Жемісі — қара, жидегі — жылтыр, шиеге ұқсас. Итжидек алқа тұқымдасының құрамында алколоидтар және улы заттар болады. Жапырағы мен тамырынан сығынды және тұндырма дайындайды. Итжидекті медицинада дәріге пайдаланады. Ол Карпатта, Кавказда ылғалды, борпылдақ топырақты жерлерде, Қазақстанның таулы аудандарында Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында өседі. Қызан алқа тұқымдасы. Биіктігі 30-40 сантиметрден 5 метрге дейін жететін түкті, өткір иісті бір жылдық шөптесін өсімдік. Тамыры жақсы жетілген, жан-жаққа жайылып өседі. Түптенгеннен кейін жанама тмырларымен топыраққа мықтап бекиді. Сабағы жиі бұтақталған, сыңғыш келеді, сондықтан жемістері ұлғая келе сынып кетпес үшін қазықтан тірек жасап, байлап қояды. Жапырағы тілімделген өркен бойына кезектесіп орналасады. Гүлдері майда, сары түсті шашақ гүлшоғырына жиналған. Аталықтарының саны 5-9 ға дейін болады. Тозаңқаптары 2-3 — тен біріккен, аналығы 5-8 ұялы. Жемісі көп тұқымды. Осы алқа тұқымдасының шыққан жері Оңтүсті Америка, біздің елімізге XIX ғасырдың 30-шы жылдарында әкелінген. Қазақстанның жылы аймақтарының бәрінде өсіріледі. Жемісінің құрамында органикалық қышқылдар, қант, С, Р, В, А, К дәрумендері және лимон қышқылы болады. Жемісін жас күйінде тағамға пайдаланылады, тұздайды, консервілейді, шырын алады. 25-28 градуста жақсы көктейді, суыққа төзімсіз. Өздігінен тозаңданады. Біздің республикамызда «Агата», — «Виктория», «Восток», «Глория», «Искорка», «Урожайный — 340»,  «Колхозный -3», «Ақтөбелік -85» , «Талахан — 186», т.б. іріктемелері өсіріледі. Қызанды көшетінен отырғызады. Ол үшін ағаш жәшітерге ерте көктемде тұқымын себеді. Шамамен 50 күндей болған көшетті мамырдың аяғы мен маусымның басында ұялап отырғызады. Ұялары алдымен қарашірік салады, содан соң 2-3 көшеттен отырғызып суарады. Қатар аралықтарын 70-80 см, ұя аралықтарын 30-40 см етіп отырғызу керек.

.

 

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.