Алғашқы феодалдық қытанастар

Главная » Рефераттар » Алғашқы феодалдық қытанастар

Алғашқы феодалдық қытанастар Рим империясы құлағаннан кейін Батыс Еуропа Рейн, Дунай және Висла өзендерінің жағалаулары мен Скандинавияның оңтүстік бөлігіндегі жерлерде ежелгі герман тайпалары өмір сүрді. Олар алғашқы қауымдық құрылыста тіршілік етіп, негізінен шаруашылық және аңшылықпен шұғылданды. Жер тайпа билігінде болып, оны ұжым болып өңдейтін. Жау шабуыл жасаған кезде бүкіл тайпа бірлесіп оған қарсы шайңасатын. Соғыс ашу, өскери басшы сайлау және тағы да басңа мәселелер халың мәжілісінде шешілетін. Сөйтіп, алгашқы ңауымдық ңүрылыста «өскери демократия» пайдаболды. Ру басын-да халық мәжілісі сайлаған князь түрды. Әскери істер-де еркін билік жүргізетін бастың (герцог) қоғам өмірінде де үлкен маңызға ие болды,
Тонаушылық — олардың негізгі маңсатына айналды. Егер жасақ бастығының өз жеріне жақын маңда істейтін ісі ңалмаса жөне басңа халықтар жасайтын жерлерде үрыс жүріп жатқан болса, ол бірер олжа алу мақсатын-да, өз жасағымен сол жерлерге аттанды.
Тайпа ақсақалы мен әскери бастықтардың халық межілісінде маңызды орынды иеленуі, негізгі мәселе-лерді олардың алдын ала шешіп қоюы, сондай-ақ қолға түскен олжалардың көп бөлігі солардың еркінде ңалуы бар теңдікті жоя бастады. Осылайша, бірте-бірте рулық құрылыс ыдырады.
Еуропада феодалдық орта ғасырдың басталуы Батыс Рим империясының күйреуі дәуіріне сөйкес келеді. Рулық қоғам одақтарына біріккен «варвар» тайпалардың империя жерлеріне жасаған шабуылдары құлдар мен шаруалар көтерілісінің жеңіске жетуіне және құл иеленушілік қоғамның күйреуіне себеп болады.
Халықтардың қоныс аударуы, яки «ұлы қоныс аудару дәуірі» деп аталған.
Қауымдың құрылыс жағдайында өмір сүрген герман тайпаларының дамыған ауыз әдебиеті болғандығы туралы Юлий Цезарь (б.д.д. I ғасырдың ортасы), Тацит (дәуіріміздің I ғасырының аяғы) және басқа да атақты түлғалардың шығармаларында деректер бар.
Ежелгі германдардың мифологиялың мазмүндағы жырларында тайпа ңүдайлары, еңбек шаттығы мен соғыстағы ерліктер, сондай-ақ ру әдет-ғұрыптары бейнеленген. Рим империясы қүлап, феодалдық қатынастар орнай бастаған кезеңде христиан шіркеуі халық жырла-рындағы ескі көзқарастарға қарсы күрес жүргізді. Эпикалық жырларға да христиан діні өз ықпалын тигізді. Нөтижесінде, Орталың Еуропа германдарының көне әдет-ғүрыптарын суреттеген эпикалық жазба ескерткіштер жойылып кетті. Герман батырлық эпосы ХІІ-ХІІІ ғасырларда жазып алына бастаған. Бірақ кітап көшірушілер шіркеу қызметкерлері болғандықтан, олар бүл шығармаларға христиандық танымды енгізіп отырды.
Ежелгі герман эпостарының сюжеті халықтардың үлы қоныстану дәуірі тарихынан алынған. Оларда түрлі тарихи түлғалардың ерлік күрестері бас қаһармандардың бастан кешірген оқиғалары түрінде берілген. Сондықтан да көне оқиғалар туралы ертегі мен рауаяттар көркем ескерткіш ретінде өткен тарихты үйренуде үлкен маңызға ие.
Бірқатар ертегі мен қиссаларда герман тайпаларының ғұндармен шайқастары бейнеленген.
Нибелунганың өлімі туралы хикаяда «залым» Аттила Нибелунгалар қазынасын иемдену мақсатында бургундтар королі Гунтер мен оның одаңтастарын қонаққа шақырып, оларды өлтіреді. Хикаяда айтылғандай, Аттила өз ажалынан өлген. Бірақ соңғы эпикалық ертегілерде «герман тайпасынан түтқынға түскен Ильдико ағалары үшін кек алып, Аттиланы өлтіреді», деп көрсетіледі. Бургундтардың апаты туралы ертегі Галлия мен Рейн бойындағы кейбір жерлерді мекендеген франктар және олардың батыры Зигфрид туралы аңызбен байла-нысып кетеді. Зигфрид ғажайып ерлікпен жауыз айдаһарды өлтіріп, Нибелунгалардың бай қазынасын қолға түсіреді. Ол бургунд корольдігіне король Гунтер бейнесінде келіп, оның дүшпандарына қарсы соғыстарға қатысады. Король Гунтер оған қарындасы Кримхильданы береді. Зигфрид те корольдің ержүрек ару Брюнхильдаға үйленуіне жәрдемдеседі. Гунтер бейнесінде күреске түскен батырдың Зигфрид екендігі әшкере болған соң, ызаланған Брюнхильда корольден өзінің намысын аяққа таптаған Зигфридті өлтіруін талап етеді. Зигфрид опасыздықпен өлтірілген соң, Нибелунгалар қазынасы бургундтар қолына көшеді. Аттила бүл қазынаны алу үшін Гунтерді айлакерлікпен қонаққа шақырып, өлтіреді. Зигфридтің жесірі Кримхильда ағаларының кегін қайтарып, ғүн патшасы Аттиланы мерт қылады.
Немістердің «Нибелунгалар туралы жырында» (XII ғасыр) тарихи оқиғалар мүлдем басқаша баяндалады. Кримхильда сүйген жары Зигфрид үшін кек алып, өз ағаларын өлтіреді. Бүл жағдай рулық заңдар орнына енді отбасылық мүдделер келе бастағанынан хабар береді.
Ежелгігерман эпосы әскери ерлік, ру, тайпа үшін кек қайтару, өзара жанжалдар және осығаи байланысты болған басқа да оқиғаларды кең түрде суреттейді.
476 жылы Одоакр түрлі «варвар» тайпалардан құралған өз қосынымен соңғы Рим императоры Ромул Авгус-тулді ойсырата жеңіп, оның тағына отырады. Бірақ Одо-акр билігі ұзаққа созылған жоқ. 493 жылы остготтар королі Теодорик оны қонаққа шақырып, у беріп өлтіреді, мемлекетті өз қолына алады. Остготтардың йталиядағы үстемдігі 555 жылға дейін жалғасады (Қара теңіз жаға-лауларында, Қырым, Украина жерлері мен Балтық теңізі бойында остгот және вестгот деп аталатын тайпа-лар өмір сүрген. IV ғасырдың соңындағы ғұндар шабуылы кезінде остготтар ғұндар жағына шығып, Римге баса-көктеп кіреді. Вестготтар болса Риммен одаңтасып, ғүндарға қарсы шайқасады. Остготтар Италияда VI ғасыр-дың ортасына дейін, вестготтар Испанияда VIII ғасырға дейін билік жүргізді).
«Хильдебрант туралы жырда» міне осы тарихи оқиғалар белгілі дәрежеде өзгеріске үшырап, еркін түрдебаяндалады.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.