Алғашқы гуманистер

Home » Рефераттар » Алғашқы гуманистер
Рефераттар Комментариев нет

Алғашқы гуманистік пікірлердің тууы мен дамуына «Маргарита» әдеби үйірмесі үлкен ықпал жасады. Франциск І-нің қарындасы Маргарита Ашулемская ері өлген соң Наварра королі Генрих д’Альбреге тұрмысқа шығады және Маргарита Наваррская (1492-1549) есімін алады. Бұл оқымысты әйел әдебиет пен өнер адамдарына қамқор болады. Католик діндарларының қаһарына ұшыраған еркін ой-пікірлі, «дінсіздікте» айыпталған көптеген протестанттар мен гуманистерге баспана береді. Ол латын, итальян, испан, көне еврей тілдерін үйренеді. Өз талантын көптеген әдеби жанрларда сынап, өлең мен хикаялар жазады. Маргаританың шығармашылығы адам бақытын жырлап, адам табиғаты мен санасын орта ғасырлық діни-схоластикадан тазарту мәселесін көтер-генімен, осы дәуірдегі француз ақсүйектерінің көзқа-растарынан қол үзіп кете алмады, пікірлері шектеулі болды. Өз замандастары сияқты Маргарита шығарма-шылығында да діни тақырып негізгі орын алады. Асқақ махаббат пен еркін ой-пікірлер оның нәзік лирикалық өлеңдерінде өз көрінісін тапқан. Маргарита Наваррская шығармашылығында «Хепта-мерон» атты новеллалар жинағы маңызды орынға ие. Итальян гуманисі Боккаччоның «Декамеронына» елік-теп жазылған осы кітап 100 новелланы ңа.мтуы тиіс еді. Француз «Декамеронын» жазуға кіріскен Маргарита үстазы Боккаччо сияңты онкүндік оңиганы суреттемекші болады. Біраң ол 72 новелланы, яғни 7 күндік оңиғаны ғана жазып үлгерді. Жазушының өлімінен кейін 9 жыл өткен соң бүл кітап жеті күндік новеллалар атымен жарың көрді. Боккаччо Декамеронында Флоренцияда пайда болған індет уаңытындағы 7 ңыз бен 3 жігіттің өмірін, олардың өз ңүңыңтарын ңорғауын жарңын бейнелеген болса, Маргарита хикаяларында түрмыстың уақ-түйек мәселе-лері суреттелді.
Котре шипажайында емделуге барған бірнеше еркек пен әйел Францияға ңайтып келе жатңанда, күшті нөсер мен бүршаң астында ңалады. Тасңын нәтижесінде көпірлер суға ағып кеткендіктен, жолаушылар ңиын жағдайға тап болады. Апаттан аман ңалған бес еркек пен әйел Нотр-Дам де Серранс аббаттығык паналап, жол ңал-пына келгенше осы жерде ңалуға мәжбүр болады. Уаңыт өткізу үшін олар ңызыңты оңиғалар жайында әңгіме-лер айтады. Сүхбатңа ңатысушылар тарихи түлғалар бол-ғандыңтан, олар лаңап есіммен, яки анаграммамен берілген Мәселен, Уазиль — Маргаританың анасы Луиза Са-войская, Гиркан — өз ері Генрих Наваррский, Парламента болса — Маргаританың өзі. Бүл адамдардың әрңайсысы өзіне тән мінездерге ие.
Маргарита Наваррская Боккаччоның «Декамерон» шығармасының формасына еліктегенмен, оның шығар-масындағы кейіпкерлер «өзі көзімен көрген, яки сенімді адамнан естіген» оңиғаларды, сарай жүртының өмірін, сондай-аң махаббат, ғашыңтың мәселелерін хикаялайды.
«Хептамерон»- XVI ғасырдағы саяси өмір мен Қайта өрлеу дәуіріндегі француз әдебиетінің идеялың ңарама-ңайшылыңтарын суреттеген ңүнды шығарма болды.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.