Алғашқы өркениеттер

Главная » Рефераттар » Алғашқы өркениеттер

Ежелгi дəуiр мəдениетiне қарағанда алғашқы өркениеттер ғылымда тереңiрек жəне жан-жақты зерттелген.Бiрақ бұрын айтып кеткенiмiздей, осы өркениеттер жөнiнде еуропаорталықтық көзқарастар мəдениеттер типологиясында басым. Ертедегi Шығыстағы өркениеттер жөнiнде А.Тойнби мен О. Шпенглер де, Н.Данилевский мен И.Гердер де бiршама жаңсаққ пiкiрлер айтады. Адамзат тарихында өзiнiң өшпес iзiн қалдырған кейбiр ұлы мəдениеттерге тоқталып, оларды аксиологиялық сынақтан өткiзейiк. Дүниежүзiлiк өркениеттердiң iшiндегi алғашқылардың бiрi жəне мыңдаған жылдар бойы сүргенi- Египеттiң ертедегi өркениетi. Бұл қоғам Нiл өзеннiнiң төменгi аңғарында б.iз.б. 1У-Ш мыңжылдықтар аралығында пайда болып, б.з.б. 322 жылы Александр Македонский жаулап алғанға дейiн əрекет еттi. Египеттiк өркениеттiң пада болуы туралы ғылымда əр түрлi пiкiрлер бар. Тойнби бойынша, афроазиялық далада өмiр сүрген тағы тайпалардың бiр бөлiгi шөлдiң қатал талабына орай көшпендiлерге айналған, ал тағы бiр бөлiгi Нiл , жəне Екiөзен аңғарларын игерiп, егiншiлiктi меңгерген. Кейбiр мəдениет тарихын зерттеушiлер египеттiк мəдениеттi ғарышкерлер орнатты немесе Атлантида мен Еуропадан келдi сияқты пiкiрлер туғызды. Бiрақ соңғы кездегi зерттеулер египеттiк мəдениеттiң африкалық түп-тамырларына басты назар аударады. Африка жерiнде тек Египет өркениетi ғана болған емес. Куш, Нубия, Гана, Нок, Санга сияқты мəдени бiрлестiктердiң болғаны жоғарыда айтылғанға дəлел.

Б.з.б 3000 жылдай бұрын Египетте бiртұтас мемлекет орнықты. Өз өркениетiн египеттиктер құдайдың əмiрiмен қалыптасты, Қасиеттi тəртəп пен ақиқат (Маат) алғашқы ретсiздiктен адамзат қоғамында жоғары үйлесiмдiкке əкелдi дейдi. Египеттиктер осы реттiлiктi əдiлеттiлiк жəне заңдылық деп түсiнген, оның негiзiн құдай жəне құдайдың жердегi өкiлi фараон қалайды. Ертедегi египеттiктер үшiн құдайлар, тек қалалар мен номдарды (аудандарды), тəртiп пен заңдылықты жасаушылар ғана емес, сонымен бiрге өнер мен мəдениеттi, ғылым мен магияны, жазу мен қолөнердi өмiрге келтiрушiлер. Ақылдылық құдайы – Тоту ертедегi Египет өркениетiнiң кепiлi ретiнде бағаланады. Египет мəдениетiнiң тарихтағы өшпес iзi пирамидаламен байланысты. Оларды салудың негiзгi мақсаты фараондардың ерекше құдайылық құдiреттiлiгiн дəрiптеумен қатысты. Əлемнiң жетi кереметiнiң бiрi пирамидалар бiздi, бiр жағынан, адамның қолымен жасалған туынды ретiнде таңғалдырса, екiншi жағынан, осыншама күш-қайрат неге нақ осыған жұмсалды деген сұрақ туғызады. Египет мəдениетiнiң тағы бiр ерекшелiгi геопольдiк теологиямен белгiлi. Күн (Ра)- құдайлардың құдайы, ол алтын ұғымымен қосылып айтылады (алтын нұр шашқан күн) , ал Фараон өзiн Раның ұлымын деп дəрежелейдi. Египеттiктер Рамен қоса о дүниенiң патшасы, адамдар тағдырын шешушi, өлiп, қайта тiрiлген құдай Осиристi де пiр тұтқан. О дүниенi египеттиктер мəңгi маужыраған, ұйқы басқан; не су, не ауа, не махаббат лəзаттары жоқ күңгiрт қапас əлемi бейнесiнде түсiнген. Айталық, “Арфист” əнi атты көне ескерткiш туынды өлiм туралы ойламай, ешкiм қайтып келмеген бақи дүниенi аңсамай “əр тамаша күндi қуана қарсы алуға шақырды”. Классикалық египет мəдениетi, əсiресе, Орталық патшалық (б.з.б. ХХП-ХУШ ғасырлар) кезiнде өзiнiң шарықтау шегiне жетедi. Осы уақыттағы пирамидалар өзiнiң аумақтығы жағынан ертедегi патшалықтар тұсындасалынғандардан шағын. Бұл кезде египеттиктердiң техникалық жетiстiктерi Фаюм оазисiндегi суару жүйелерiн жетiлдiруге, млнументалдық құрылыстарда жаңа саулеттiк формалар iздеуге бағытталды (лабиринт, күн храмдары, Нефертити кескiндемесi т.б.). Египет Шумер мен қатар адамзат тарихындағы алғашқы жазудың отаны. Тасқа қашалған петроглифтерден пиктрограммалық (суреттiк) жазуға, одан қазiргi идеограммалық (мағыналық) жазуға ауысудағы жалғастық бiр буын – египет иероглифтерi. Иероглифтiк жазу құдайдың сөзi деп есептелiнiп, қоғамдық өмiрдiң тiрегiне айналды.

.

Египет мəдениетi, кейiн христиандар мен мұсылмандар қаншама бекергешығарғандарымен жойылып кеткен жоқ. Оның əсерi дүниежүзiлiк өркениетте өзiнiң өшпес iзiн қалдырды. Дүниежүзiлiк өркениеттiң тағы бiр бастауы аты аңызға айналған Шумер мəдениетiнен нəр алады. Афроазиялық даланың қатал табиғаты шумерлердiң арғы ата-бабаларын Тигр мен Ефрат өзендерiнiң аңғарларына қоныс аударуға мəжбүр еттi. Жалпы мəдениет тарихшылары шумерлер кiмнен шықты жəне қай тiл тобына жатады деген мəселел төңiрегiнде бiр тоқтамға келе алмай жүр. Соңғы зерттеулер шумерлiктердi протоалтайлық этнос деп есептеуге негiз бередi. Аталған өркениеттi шумерлiк бiр аңыз өзiнше түсiндiредi. Алғашқы хаос ретiндегi жойқын су тасқынының иесi албасты əйел Тиамат құдайлады құртқысы келдi. Оған қарсы шыққан бас құдай Марфук бұл албастыны өлтiрiп, оның билiгiндегi əлемнiң астыңғы жағынан жер қабатын, ал жоғарғы үстiңгi жағынан аспанды жасайды (Көне түрiктердiң Көк тəңiрi, Иер-Су,Ұмай аңызымен салыстырыңыз). Осы аңыздан шумерлiктердiң шөлдi игерiп гүлденген өз жерiн жасағандығы да көрiнiп тұр.

.
.

Шумерлердiң тағы бiр аңызы дүниежүзiлiк алапат тасқын туралы. ХХ-ғасырдың 20-30 жылдары Шумер қалаларының орнын қазған археологтар б.з.б 4-мыңжылдықта ол жерде болған су апатының iздерiн тапты. Аңыз бойынша ақылды патша Знусудра. Эпики атты құдайдан су тасқыны туралы ескерту алып, үлкен кеменi дайындап адамзатты құтқарады. Египеттен бiзге пирамидалар жетсе, шумерлер адамзат тарихында өздерiнiң сыналық жазуымен құрметтi орын алады. Екiөзен аңғарынан табылған саз балшық тақтайшаларындағы 1.5. миллиондай жазу əлем музейлерiнде сақтаулы тұр. Месопотамиялық жазу иероглифтер сиқты алдымен пиктограммаларды ыңғайлап, ықшамдау, нəтижесiнде қалыптасты. Алғашқы шумерлiк сына таңбалардың саны 1,5 мыңдай едi, кейiн Вавилонда олар 300 шамасында түрақтанды. Сына жазу арқылы бiзге жеткен адамзат мəдениетiнiң тамаша үлгiсiнiң бiiр-аккадтық “Гильгамеш туралы аңыз”. Онда адам өмiрiнiң мəнi мен маңызы туралы мəселе қойылып, өлiм мен өмiрдiң арақатынасы жөнiнде философиялық толғаулар айтылады. Яғни, сонау Шумер өркениетiнен бастап, адамзат өмiрдiң шектеулiлiгiнен мəңгiлiкке қарай ұмтылды. Қазiргi мəдениетте шумеро- вавилондық математика мен асттрономия өз iзiн қалдырды. Бiз əлi күнге дейiн шеңбердi 360 градусқа, сағатты 60 минутқа 60 секiндқа бөлген шумерлiк есептеу жүйесiн қолданамыз. Шумер өркениетiнiң тағдырына келсек, осы мəдениет иелерi шуменрлiктердi басқа халықтар жаулап алғаннан кейiн де жоғалып кеткен жоқ. Шумер жерiн б.з.б. 3-мыңжылдықтардың аяғында семит тайпалары аккадтықтар жаулап алғаннан кейiн Вавилон, Ассирия мемлекеттерi орныққаннан соң да шумер тiлi дiни-мəдени құрал ретiнде өз мағынасын сақтап қалды. Əлемдiк өркениеттер тiзбегiнде ерекше орын алған, Батыс пен Шығысқа бiрдей үлкен ықпал жасаған ертедегi мəдениеттiң бiрi-Иран өркениетi. Ол Афроазия мен Еуразияның арасындағы көпiр тəрiздi. Иран өркениетiнiң пайда болуы б.з.б. 3-мыңжылдықтағы күрделi тарихи-мəдени қозғалыстарға байланысты.

Бұл ретте Иран өркениетiнiң қалыптасуына шешущi ықпал еткен факторлардың iшiнде халықтар мен тайпалардың қоныс аударуын баса көрсеткен жөн. Б.з. 2 мың жыл бұрын ариийлiк тайпалар Еуразия даласынан қазiргi Иран мен үндiстан жерiне басып кiрдi. Батыс Иран жерiне негiзiнен парсы жəне мидиялық тайпалар орнықты. Алайда Иран мəдениетiнiң бастауын тек үндiеуропалықтарға тiреген сыңаржақтылық болар едi. Иран мəдениетi Шумер өркениетiнiң əсерiмен қалыптасқан. “Иран – дейдi А.Тойнби- шумерлiк өркениеттiң екiншi үйi болып табылады”. Иран өркениетiнiң гүлденген уақыты б.з.б. У1-1У ғасырдағы Ахеменидтер мемлекетiмен қатысты. Иран өркениетiнiң негiзгi тiрегi – зороастризм дiнi. Ол тек таза дiни сенiм-наным жүйесiнен терең философиялық, дүниетанымдық мəдени феноменге жақын. Зороастризм антикалық дүниенiң философиялық жүйелерiнiң қалыптасуына, христиан жəне ислам дiндерiнде жорамалдық iлiмдерге ұлкен əсер еттi. Зороастризм негiзiн салушы Заратуштраның өмiрi мен iлiмi туралы ғылымда əр түрлi пiкiр бар. “Заратуштра” (грекше Зороастр деген сөз) “түйелi адам”, “түй жетектеген” адам деген мағына бередi. Сондықтан қазақ философы Ағын Қасымжановтың Заратуштра көшпелi тайпасынан шығып, кейiн өз елiнде қуғынға түскендiктен шығыс-ирандық патша Виштаспаның қол астына ауысқан деген сөзiнiң жаны бар. Зороастризмнiң қасиеттi кiтабының аты – “Авеста”. Оның ең көне бөлiгi “Гат” деп аталады жəне Заратуштрамен тiкелей байланыстырылады. Зороастризм бойынша, əлемде бiр-бiрiне қарама-қарсы екi негiздiң- жақсылық пен игiлiктiң құдайы, нұрдың, өмiрдiң, ақиқаттың рəмiзi Ахiра-мазда мен зұлұмдықтың белгiсi, қараңғылық пен өлiм таңбасы. Анхра- Майньюдiң арасында толастамайтын күрес жүрiп жатады. Өз қарсыасына қарсы күресте Ахура-мазда адамды жаратады. Адам құдайлық туынды, алайда өз өмiрiнде жақсылық пен жамандықты таңдауға ерiктi. Осы дiннiң аңыздары болашақ туралы күрделi iлiмдi уағыздайды. Дүниежүзiлiк тарих, дейдi олар, 12 мың жылға созылады, оның 3 –мың жылы “алтын ғасыр” едi. Ол кезде “қой үстiне бозторғай жұмыртқалаған заман” болды, ауру да, өлiм де, аштық та адамды қинамады. Бiрақ алтын ғасырдығ аяғында Анхра-Майнью келiп, адамзатқа аштық, ауру жəне өлiм əкелдi. Алайда, Заратуштра руынан құтқарушы (саошьянт) шығып, түбiнде зұлымдықты жеңедi, əдiлеттi Ахура- Мазданың патшалығы мəңгi орнайды.

Иран өркениетiнiң тағы бiр жетiстiгi- ондағы ескi парсылық сыналық жазу. Вавилондық сына жазуда 300 таңба болса, парсыларда қазiр бар-жоғы 43 таңба қалған. Осы жазудан бiз Дарий патшаның бұйрығымен Нiлден Қызыл теңiзге дейiн канал қазу басталғанын бiлемiз. Иран мəдениетi ай күнтiзбесiн (календарын) қолданды, ол Күнтiзбесiнен 11 күн кем болды жəне əр айдың аты ауыл шарушылық маусымдық жұмыстарымен байланыстырылды. Қазақтардың ай аттары осы парсылық күнтiзбемен сабақтас. Пасаргад, Персопль, Суза қалаларында ертедегi Иранның тамаша сəулет өнерi өз кемелiне жеттi. Сол кезде салынған сарайлар мен өнер туындылары көрермендердi əлi күнге дейiн таңғалдырады.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.