Алақан, саусақ сызықтарының құпиясы

Главная » Рефераттар » Алақан, саусақ сызықтарының құпиясы

Он сегіз мың әлемді жаратқан Алла тағаланың саналы құлы адамзаттың тіршіліктік қағидалары ұқсас болганмен, олардың алақан, саусақ таңбалары еш уақытта ұқсас келмейді. Саусақтерісін қанша рет сыпырсаң да, терісі қайта қалпына келгенде, бұрынғы саусақ пен алақан сызықтары қаз қалпына өзгеріссіз келеді. Сондықтан да, алақан мен саусақ таңбалары жеке адамның өзіндік кодтық таңбасы. Дүние жүзінде қылмыскерлерді тек қана осы таңбалы белгі арқылы анықтайды. Бұл құпияны ағылшын ғалымдары 1884 жылы ашқан. Олар өздігінен ашпаған, оларға сонау VII ғасырда-ақ Құранда жазылған жайт әсер еткен болу керек. Қасиетті Құранда Алла адамды қайта тірілтуін, оның саусақ сызықтарына дейін құрастыра алатындығын былай дәлелдейді: «Кәпір бізді олардың (адамдардың) қаусаған сүйектерін қайта жинай алмайды деп ойлай ма? Олай емес, сүйектерін қара тырнақтарына дейін (саусақтарының ұшына дейін) қалпына келтіреміз».
Алланың құдіретті екенін мойындаймыз. Осыдан-ақ, қолымыздың алақан және саусақ сызықтарында, маңдайға жазған үш әріптің тағдырлық құпиясы мен өміріміздІң басталып және бітетін күніне дейін жазылғанын білсек, алақан мен саусақтың сырын білу өте қажет те. Алақан мен саусақтың осындай құдіретінің барын білген әлем елінің ғалымдары ғылыми орталықтар құрып, арнайы зерттеулер жасаумен көптен бері шұғылданып келеді. Осы саладағы ғылым болып табылатын дерматоглифология ғылымы саласы ғалымдары алақан сызықтарында тұқым қуалайтын белгілер болатынын анықтады. Мәселен, осы бағыттағы зерттеулер дәрігерлерге ұрпақтан ұрпаққа ауысып отыратын ауруларды, сондай-ақ жаңа туған нәрестенің кім екендігін айқындауға мүмкіндік беретінін де дәлелдеді. Шешілмейтін, оқылмайтын нәрсенің жоқтығын осыған карап айқын білуге болады. Жаңа ғылым дерматоглифология бойынша да ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан хиромантия (алакан сызықтарын оқу) насихаттағандай, адамның мінез-кұлқы мен қабілеті, денсаулық сипаты атадан балаға жалғасып жататыны шындыққа ұласары алыс емес. Хироманттар әр уақытта адамның алақанындағы негізгі үш сызыкқа карап, болжамын айтады. Олар: 1. Өмір сызығы, 2. Жүрек сызығы, 3. Ақыл-ой сызығы. Бұдан басқа білектегі білезіктерде де шындықтың негізгі «болжамы» болады.
Хиромантияда жүрек сызығы мен ақыл-ой сызығы бір біріне қосылып кетсе, Шығыста бұндай адамды бақытты, ал жаңа туған нәрестені келешекте қоғамда беделі зор болады деген. Антрополог М. Вилиямовская бұрынғы Одақтың Ғылым Академиясының этнографмя институтында тұрған Будданың 70 мүсінінін 30-ының оң қолында дәл осындай косылысты сызықтар болғанын хабарлайды. Бұндай сызығы бар жас балалар әр түрлі ауруға тез шалдығатыны аныкталуда. Егер бұл сызық әйелдерде кездессе, онда олардың аналық бездері немесе бүйрегі ауруға шалдыққаны.

1.Өмір сызығына келсек, хироманттар бұған карап адамның жалпы денсаулыгына баға береді және өмірінің мөлшерін де біле алады. Егер бұл сызық кең әрі өңсіз, түссіз болса, онда ол денсаулықтың нашарлығын, адамның мінез-құлқындағы ерекше белгілерін көрсетсе қосымша сызықтар адамның ұзак жасайтындығын көрсетумен катар денсаулықтың ақаулығы барын да ескертеді. Егер өмір сызығы екі кесіктен тұрса, онда бұл адамның өлімші болып ауыратынын немесе аяқ астынан өлетінін көрсетеді. Сызық басталатын жерінде екі ашаға ұқсас айырылса, бұл денсаулықтың жақсы болғаны. Өмір сызығының қосарлана жүруі кейде байлықты, бақытты болуды білдіреді. Ал әйелдерде өмір сызығының екеу болуы өзін қорлауға ұмтылуы. Өте жіңішке, ұзын өмір сызығы адамның ашушаңдығын, ал өмір сызығының кенеттен жоқ болуы — адамның жақында сал ауруына шалды-гатынын білдіреді. Мүмкін өлімге итермелеген «жасырын» ауру да болуы ықтимал. Дегенмен мұның бәріне сене беру де дұрыс емес. Егер өмір сызығы тарам-тарам болып шашырап барып, қайта қосылса, ол қанның аздыгы (анемия). Денсаулықтың нашарлығын, әлсірегенді білдіреді. Алақанға қарап ырымшыл болып, бекерден босқа азуға болмайды.

2. Жүрек сызығы — айқын әрі дұрыс, анық тартылса, онда бұл сызық иесінің асқан мейірбан, жайдары, ақкөңіл, өзін құрбан етуге дейін бара алатындығын көрсетеді. Жүрек сызығы ортаңғы саусақ пен сұқ саусақтың ортасынан басталса, адам махаббатта да және басқа істерде де табысқа жетеді. Бұл сызықтың бастамасы сүк қолдың Юпитер төмпешігіне неғұрлым жақын болса, онда ол адам таза адам болғаны. Ортаңғы саусақ түбіндегі Сатурн төмпешігіне жақын болса, онда бұл адамның сезімі мен көздеген мақсатының арамдығы. Жүрек сызығы алақанның бір шетінен екінші шетіне түгел жетіп, қамтып жатса бұл адамның ерекше сезімталдығы мен нәзіктігін көрсетеді, Жүрек сызығы — сынық-сынық, ирелең болып келсе, иесінің аурушаңдығын (кейде сәтсіз некелескенін), өңсіз әрі кең болса, бұзылған, жүргіш адамдардың әлсіздіктерін және ерік күштерінің нашарлығын көрсетеді. Жүрек сызығындағы аралдар (сызықтың бұтақталып барып, қайта қосылуы) жүрек ауруларына бейімділікті (немесе әйелдердің жеңілтек мінездігін) білдіреді.

3. Ақыл (бас)-ой сызығы тура тартылса, ұзын әрі жаксы болса, иесінің жарқын ойлы, жігерлі, саналы адам болғаны, Сызық қысқа болса, оның үстіне Сатурнның астына келіп бітсе, онда бұл адам уақытынан бұрын өлуі мүмкін. Сызықтың Ай төмпешігіне қарай қатты ауытқуы — жүйкелері бұзылудан зардап шегетіндерде, асуастық пен фанатизм шекарасында тұрғандарда кездеседі. Ақыл сызығының үстіндегі дөңгелекше (аты жоқ саусак астында) адамның соқыр болып қалатынын көрсетеді. Ал, сызықтың бойындағы «арал» (бұтақталып барып қайта қосылса) мидың катты шаршағандығын дәлелдейді. Алақанның дәл ортасына келіп аяқталған ақыл-ой сызығы иесінің психикалық ауруға шалдыққандығын білдіреді. Сызыктың бойындағы «аралдар» (сызыктың бұтақталып барып қайта қосылуы) жүйке ауруларын, сызықтағы нүктелер — бастағы жарақатты білдіреді. Адам мінезіне және қабілетіне толық талдау жасау үшін «қол оқуда» тағы да көмекші үш сызык бар. Олар: 1. Тағдыр сызығы. 2. Күн (Аполлон). 3. Денсаулык (бауыр немесе қарын) сызығы. Сондай-ақ, басқа белгілер де болады.

Алақанда тағдыр сызығының болмауы адамның алдында ауыр да сұрықсыз өмір, сәтсіздіктер күтіп тұрғанын білдіреді. Ал үзік-үзік кисық тағдыр сызығы иесінің өмірінде жиі-жиі өзгерістердің болатынын білдіреді. Алақанда Күн сызығы жоқ болса, өмірде адам айтарлықтай табыска да жетпейді, ерекше бір қуанышқа да кенелмейді. Денсаулық сызығы айкын әрі түзу болуға тиіс. Керісінше болғаннан оның болмағаны жақсы. Өйткені, денсаулық сызығы дені сау, ары таза, дарынды да зерлесі күшті адамдарда өмір сызығынан басталады, әрі айқын білінеді, таралмайды да. Бұл сызықтың үзік-үзік түсінің қоңырқай болуы — иесінің арам пиғылда екендігін дәлелдейді. Екі алақанда да бірдей Шолпан сақинасы (белдеу) болса, ол айқын білініп тұрса, айқынырақ дөңгеленіп келсе, Шолпан төмпешігі көзге айкын көрінсе, сақина қосарланып, тіпті үшеулеп тұрса, адамның жүргіштігін, көрінгенге көңілі ауғыштығын білдіреді. Қол басы мен білектің қосылатын жеріндегі білезікке келсек, онда оның (білезік сызығының) үшеу болуы -адамның денсаулығының құлпырып, ұзақ жасайтынын дәлілдейді.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.