Алаш қаласы және ондағы тарихи оқиғалар

Главная » Рефераттар » Алаш қаласы және ондағы тарихи оқиғалар

1917 жылғы ақпан төңкерісінен соң іле-шала наурыз айында Алаш қайраткерлері Райымжан Мәрсеков, Халел Ғаббасов және тағы басқалардың белсене ат салысып, ұйымдастыруымен Семей облыстық қазақ комитеті құрылды. Міне, осы комитеттің шешімімен Семей қаласының Заречная слободка деп аталатын бөлігі Алаш қаласы болып жарияланды.
Қанатсыз құс, тамырсыз ағаш болмайды деғен ғой. Жалпы Алаш қаласы дегенде, біз ең алдымен оның өткендегі тарихынан біраз жайларды айтып өткеніміз дұрыс секілді. Мәселен, қарт Семейді қақ бөліп ағып жатқан Қара Ертістің оң жағалауындағы бұрындары орыстары басым тұратын қала халқы сонау ерте кезден бастап сол жағалаудағы қазақтар көп қоныстанған жерді Заречная слободка деп атап кеткен еді. Себебі, XIX ғасырдың 30 жылдары мұнда, яғни Ертістің сол жағалауында уақ болысының старшинаеы, бірінші гильдиялы көпес Тінібай Кәукенов пен Терістаңбалы болысының старшинасы Жоламан Жандарбеков оздеріне үлкен де әдемі үйлер салғызып, сауда-саттықпен айналысқан. Олардың, мэселен Тінібай Кәукеновтің қазіргі Тінібай мешітімен іргелес, ал Жоламан Жардарбековтің Семейге солтүстік-шығыс жақтап кіре беріс жерлердегі мекен еткен бүл қоныстары бірте-бірте жаңадан көшіп келіп, баспана тұрғызушы қыр қазақтары есебінен өсіп, кеңейе түскен. Сойтіп, Тінібай үйі орналасқан жер жеке өз алдына Тінібай слободкасы, ал Жоламан Жардарбековтікі Жоламан слободкасы болып, жацаша атау алган. Осыған коеа, семейлік зерттеуші Мұздыбай Бейсенбаев жаңағы аталғандардан бөлек тағы бір — Тарақты слободкасы деген де елді-мекен болғанын айтады. Қысқасы, XIX ғасырдың баеында орыстардың Заречная слободка деп айтып жүргендері осы. Жалпы Тінібай мен Жоламан туралы тарихи деректерді сол кезеңде жазылғаи патша шенеуніктерінің, атап айтқанда А.Трофимовтың .1839 жылдың 22 тамызында Батыс-Сібір губернаторына жазған «Доклад о состоянии киргиз, кочуюших выше города Семипалатинека» баяндамасы мен Семей облысының прокуроры қызметін атқарған борон Врангельдің«Воспоминания о Ф.М.Достоевском в Сибири 1854-56 гт.» кітабынан, сондай-ақ қазақтың ғұлама ғалымы Шоқан Уәлихановтың «Қашқариға сапар» күнделік дәптерінен, И.Земляницинның «История старой крепости Семипалатинска» очеркінен кездеетіре аласыздар.
Семейдің сол жақ болігіндегі Заречная слободка дегеннен басқа ортақ атауы жоқ жаңа қаланың негізін салушы казақтың осы екі байы да — Тінібай мен Жоламан Жандарбешвты айтамын, өте діндар адамдар болған. Екеуі де кажылыққа барған, Сонымен бірге бұл екеуі сол заманда оз каржы-қаражатына сонау Петербургтен ағаш шеберлерін алдырыл» зәулім мешіттер мен медресе салдырған. Мәселен, қазірге дейін каламызда Тінібай мешіті жақсы сақталған, халыққа имандылық жолында қалтқысыз қызмет етуде, Ал, оның медресесіне келсек, 1920 жылдары кеңес окіметі кезінде жабылып, 1960 жылдары мүлде бұзылып қиратылған. Сол сияқты 1920 жылдардагы жаппай дін иелерін қудалап, мешіттер мен шіркеулерді жабулардыңтұсындаЖоламан мешіті де қиратылып, ортеніп ксткен. Алайда, бұл арада айтайық деп отырған басты ойымыз мынада: Семейдің сол жақ бөлігіндегі ежелден қазақтар қоныстанған бұл қала өз кезінде ұлтымыздың басын біріктіріп, оларды мәдениетке, білім мен өнерге үндегенін үлкен мәдени-рухани орта болды. Міне, ұлтымыздың осылайша мәдени-рухани жағынан өсіп-толысуының арнасы XX ғасырға дейііі жалгасьш, үзілмеді. Мысалы, ұлтымыздың оеіп-толысуы дегепде, оны қырқазақтарының қала мэден иетіне үйренуі, орысты ң білімі мен өнерін меңгеруі, сауда-сатгықпен айналысуы, ендіріс орындарында: заводтар мен фабрикаларда жұмыс істеуі тэрізді өмірдің сан қилы саласындағы қызметтерінен кореміз. Кемеңгер жазушы Мұхтар Әуезов әйгілі «Абай жолы» романында сахарада қой баққан қыр қазақтарының ондірісте қольша қайла-күрек үстағанын, мәседен Семей затонында кемелерден жүк түсірумен айналысқан қалдның жұмысымен қазақтарына айналғанын өте әдемі суреттеп береді. Тіпті, XIX ғасырдың еоңы XX ғасырдың басьшда Қазақетанның шығыс өңірінен, соның шінде Семейден сабьга жасау, тері өңдеу іетсрімен айналысушы қазақтың байлары да көптеп шыға бастаған. Мәселен, Зайсан қаласында көршілес Қытай елінің Үрімжі, Шәуешек. қалаларымен үдайы сауда-саттық жасап түрған қазақтың кеме ұстаушы Башпай деген саудагер байы болгаи. Сол еияқты Шыңгыстау өңірінің тумасы Қаражан Үкібаевта Семей қаласында бірнеше мал соятын қасапханалар ашқан. Осыган орай ел аузында 1935 жылы Семейде салынып іске қосылган алып ет комбинатының а;іғашқы мал соятын цехтары осы Үкібаев ондірісінің негізінде ашылған деп айтылады. Жэне де Семейде қымыз сатуды ондірістік жолға қойған Ахмади Оңалбаев тәрізді бірнеше кәсіпкер адамдар болған. Жалпы кейбір деректерден Семей оңірі байларының ерте кезден Қоянды, Шар жэрмеңкелерін былай қойып, сонау Нижний-Новгород, Ірбіт, Краснояр, одан эрі Қытайдың Үрімжі, Қүлжа, Шәуешек қалаларындагы жәрмеңкелеріне дейін барып, сауда-саітық жасап қайтатыны туралы білеміз.
Бір айта кетерлігі, осы қазақ байлары өздерінің каракан бастарының қамын ғана ойлап қоймаған. Мәселен, жогарыда сез болған Қаражан Үкібаев дегеніңіз Семейден мектеп салдырып, мүғалім жалдап казақ балаларын оқытқан. Сол сияқты Исабек жэне Жақия деіен қажылардың да бала оқытатын өз мектептері болған. Ал, көрнекті абайтанушы ғалым Қайым Мұхамедхановтың экесі Мүхамедхан ақсақал болса, Тінібай медресесінде қазақ балаларының мүсылманша сауатын ашқан. Профессор Қ.Мұхамедханов «М.Әуезов туралы» естелігінде: «Біз Ертістің сол жақ жағасындағы Жаңасемей (бүрынғы Алаш) қаласьшда тұратынбыз. Орта жатақта, Тінібай мешіті жанъшда, Пушкин көшесінде төрт бөлмелі көк шатырлы үлкен үйіміз бар-тың» дей келіп, экесі Мұхамедханның Алаш тілегінде болғанын, онда Алаш арыстары Әлихан, Ахмет, Міржақып, Жүсіпбек, Мүхтар, Қаныш т.б. жиі келіп бас қосып, әңгіме дүкен құрып отыратынын еске алады. ¥зын сездің қысқасы, XX ғасырдың басында Ссмейдің сол белігіндегі Зарсчная слободка дсген жалпы атауынан басқа ортақ атауы жоқ казақтар қоныстанған бұл калада осылайша кезі ашық дәулетті бай адамдармен катар ұлттық интеллигенция тобы мен жұмысты табы қалыптасып, үлкен бір мәдени-рухани ортаны құрағаны шындық. Ұлы Абайды өзіне рухани ұстаз тұтқан қазақтың сол кездегі зиялы азаматтарының көбі осы Семейде жиылып, бас қосты. Мәселен, Әлихап Бокейханов бастаған Алаш қайраткерлерінің Алашорда үкіметінің уақытша түрағы етіп, Семейді тандап алуы тегін болмаса ксрск. Әйтпесе, 1917 жылғы ақпан теңкерісінен кейінгі кезеңдс облыстық қазақ комитеті Семейдің сол жақ болігіндегі орналасқан бүл калаға Алаш атауын ешбір себепсіз бере салмаған шығар. Алаш қаласы атауы, осы 1917 жылдын наурыз айьінан бастап он жыл бойы өмір сүріп келді. Тек, кеңес окімсті кезінде, яғни 1927 жылдың 15 қыркүйегіиде барып, Семей қалалық кеңесінің қаулысымен Алаш қаласы Жаңасемей болып озгсртілді.
Алаш қаласына жэне Әлихан Бокейханов басқарған Семейдегі Алашорда окіметіне байланысты, жалпы мынадай тарихи орындарды елдің, эсіресе алаштанушы ғалымдардың білгені жөн дейміз. Мәселен, 1917 жылдың күз айында Томск қаласында откен Сібір автономистерінің съсзіне қатысып қайтқан Әлихан Бокейханов пен Әлімхан Ермековты Семей жүртшылығы алдымен бүрынғы облыс губернаторының үйі, қазіргі Семей тарихи-өлкетапу мүражайы ғимаратында қүшақ жая қарсы алған еді. Сол кезеңдегі тоңкерістер уақытында бұл гимарат — «Бостандық үйі» болып аталған-ды.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.