Алаша хан дәуірі

Home » Рефераттар » Алаша хан дәуірі
Рефераттар Комментариев нет

Қазақ әдет-ғұрып заңдарына қатысты аңыз-жырлардың жалпы мазмұнынан «Алаша хан дәуірі» көне дәуірлердің елесіне атой береді. Олардың мәтіндерінде кездесетін ережелердің көгапілігі ертедегідей алыс заманның көш басшыларының соңынан ел боламыз, жұрт боламыз деп еріп келе жатқан батыр жауынгерлер сияқты. Кейде бір ережелерден сажанатты көшті, мұнарланған қаланы, салиқалы ақсақалды көргендей боласың, мүмкін Жошы хан мен Әз Жәнібек ханның, Орыс ханның замандары болар. Кейбір ережелер Қасым хан, Есім хан дәуірлерінде әдет-ғұрып заңдарының қатарына енген болар. Осылардың ішіндегі ең көнелері бізді «Алаша хан дәуірі» аталатын тарихи ерте кезеңге бастайды. «Жеті жарғы» — тек тұрмыстық өмірдің реттеуші ережелері ғана емес, мемлекеттік құрылыс және билік нышаны. Қай жағынан келсек те «Жеті жарғы» күрделі ұғым. Оны дұрыс және терең түсіну үшін тарихи зерттеулер қажеттілігі анық. «Жеті жарғының» тамыры мыңжылдықтар мен ғасырлардың қойнауына бастайды. Шоқан: «…суд биев, несмотря на 40-летнее русское господство, остался таким, каким он был за сотни, может быть, за тысячулетдонас» — дейді. Қазақтың әдет-ғұрып зандарыньщ тамаша зерттеушісінің бірі А.Леонтьев осы мәселені әдемі айта білді: «Обычное право киргизов (казахов — Ж.А.) живет в памяти народа, выраженное в многочисленных юридических пословицах, которые поражают исследователя своим обилием. Происхождение этих пословиц приписывается обыкновенно или хану Тявке, или какому либо другому хану или бию, выдающемуся по своей мудрости и справедливости. Но конечно — многие из них очень древнего происхождения и составлялись значительно ранее Тявки». Еуразия көшпелілерінің мемлекетгілігі көп мыңжылдық тарихында талай рет өрлеу, талай рет құлдырау дәуірін бастан кешірді. Тарихи уақытты қабылдау циклдік жүйеге құрылғандықтан белгілі бір уақытты көшпелілер белгілі бір адаммен байланыстырады. Мәселен, көне заман — Алаша хан, сақ-ғұн кезеңіндегі тарихи оқиғалар — Уыз ханмен, Орта ғасырлар Жошы, Әз жәнібек, Асанқайғы, Едіге аттарымен, қазақтың хандық дәуірі — Қасым хан, Есім хан, Тәуке ханмен, бертіңгі уақыт — Абылай хан, Кенесары хан бейнелерімен тікелей байланысты жүйеленеді. Түп-тамыры көне дәуірге бастайтын қазақ мемлекеттік құрылысы да, зандары да XVIII ғасырдың Тәуке хан атымен байланыстырылатыны сол себепті. М.Ж. Көпейұлының жазуы бойынша қазақтың ең алғашқы ұлыс құрған, заң түзеген уақыты Алаша хан заманы: «Алаш — деген атты ұранға қойып, жауға шапқанда «Алаш-Алаш» деп шабындар, «Алаш» демегенді әкең де болса ұрып жыға беріңдер» деп бата қылысыпты. «Кеше Алаш-Алаш болғанда, Алаша хан болғанда, үйіміз ағаш болғанда, ұранымыз «Алаш» болғанда, үш жүздің баласы қазақ емес пе едік» деп айтылған сөз содан қалған». Шежіре мәтініндегі «бата қылысу», айтылған «сөз» т.б. ұғымдар Алаш құрамына енген тайпалардың өзара келісімі, ортақ билігі, ережесі болғанына айғақ. Бұл заман қаншама көне болғанымен қазақ жадында қанатты сөздер, ауыз екі билік үлгілері арқылы жақсы сақталған. Алаш заманы біздің шамалауымызша неолит-энеолит дәуірлеріне сәйкес келеді. Хронологиялық межеге салсақ бұл б.з.д. V-III мыңжылдықтар, ұлы Еуразиялық далалық кеңістікте жылқыны қолға үйретіп, бақташы тайпалардың тарих сахнасына шыға бастаған уақыты. Шежіреде «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы бидің», Қотан, Қоғам, Қобан сияқты аңыздарда кездесетін мифтік тұлғалардың аталуы осы уақыт межесін көрсетеді. Шежіредегі «ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен ел болуды, жұрт болуды ойлаңдар», «күндердің күнінде осы бала хан болады, сендер қараша боласыңдар. Хан әділ болса, қарашасы табанды болса, қара жерден кеме жүргізеді», «ұйқыны бұзып жылқы алды, күймені бұзып қыз алды» т.б. нақыл сөздер биліктің жаңа қалыптаса бастағанын, алғашқы дәуірдегі хаостың орнына мемлекет билігі, құқық туралы түсініктердің беки бастағанын тұспалдайды. «Алаш» деген атты ұранға қойыпты» деген сөз біздің аталарымыздың бір мемлекет болғанының дәлелі, себебі ұран қашанда халықты біріктіретін символ, ал «Алаш демегенді әкең де болса ұрып жық» деген сөз мемлекет мүддесіне қосылмаған, елдің ортақ ұраны шақырылғанда атқа мінбеген адам болса, оның саған туыстығы жоқ деген ишара. Ол сенің өз әкең болса да ұрып жығатын жауың. Қалай болғанда да Алаш туралы аңыздар циклы мемлекет және құқықтық сананы қалыптастырудың ең басты құралы. Қазақ ұғымында елдік дәстүрлердің, әдет-ғұрыптың, адам сүйгіштік пен қайырымдылықтың үлгісі Алашамен байланысты қалыптасқан. Соның ішінде қазақилықтың өзегі «қонақасы» дәстүрі де бар. Қазақ түсінігі бойынша әрбір жолаушы адам «құдайы қонақ». Оның ас-суын беріп, қондырып, мұқтажын ашу міндет. Ертерек уақытта жолаушы қонақасы жемесе сол елдің биіне барып, арыз айтып, кінәлілердан «ат-тон» айып алатын дәстүр болған. Осы қонақасы «Алаштан қалған бөлінбеген енші» деген ұғымға негізделеді. Л.Ф.Баллюзек (1871 ж.) (Сейдалин деректерінің негізінде) қазақ дәстүрінің қайнар көзін былай баяндайды: «Первый казахский родоначальник Алаш, по старости своих лет, отложив часть имевшегося у него скота себе, остальное разделил между тремя сыновьями, от которых происходят ныне существующие три орды: болыпая, средняя и малая, назвал доставшуюся каждому из них долю инчою (енші — ЖА.) т.е. неотъемлемою и неприкосновенною собственностью каждого из них. — Но прибавил он потом, — так как по условиям вашей кочевой жизни, по роду занятия вашего скотоводством и по отчужденности вашей от оседлой жизни с ее торговлей и базаром …то вам вечный завет: не берите при взаимном посешении вашем друг друга платы за съестные припасы, будьте друг к другу постоянно как бы приглашенными в гости, пользуйтесь таким образом друг к другу правом конак-асы… — примите от меня еше оставшуюся у меня четвертую долю имущества и считайте ее уже не исключительно которого-либо из вас собственностью, а общим достоянием и как бы неразделенною между вами на веки веков инчою.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.