Алкоголь туралы мәлімет

Главная » Рефераттар » Алкоголь туралы мәлімет

Алкоголь препараттарының атаулары гидроксил тобындағы радикалдарға байланысты болады (этил-этилді, метил-метилді ж.т.б.), ал көп атомды спирттердің аталулары моносахаридтерге байланысты (манноза-маннит, ксилоза-ксилит). Халықаралық номенкулатура бойынша спирттердің аталулары, оның құрамына кіретін көмірсутекке «ол» деген жалғау арқылы айтылады (этанол, метанол, маннитол), глюкоза мен галактозаға сәйкес келетін алты атомды спирттерді осы уақытқа дейін сорбит, дульцит деп те атайды. Спирттердің ішінде фармакологиядағы ең маңыздысы этил спирті болып табылады.

Этил спирті (ішімдік спирті, шарап спирті, этанол) — Spiritus aethylicus, C2H5OH. X11-X111 ғасырларда спиртті тіршілік суы (Agua vitae), соңынан этанол деген атпен емдік мақсаттарға пайдалана бастады. Этил спирті — түссіз, мөлдір, оңай түтанатын, өзіне тән иісі, күйдірерлік дәмі бар, ұшқыр сұйық зат. Сумен оңай араласады, тірі торшалардан және химиялық заттардың ерітіндісінен суды өзіне тартып алады. Шайырды, эфир майларын, органикалық қышқылдарды, йодты, негіздерді және әртүрлі газдарды ерітеді. Спиртті сумен араластырғанда қоспа қызып, өртүрлі құрамдағы гидратгардың дамуына байланысты кебікшелер бөліне бастайды. Қоспаның көлемі қосылатын екі заттың көлемінен аз болады (мысалы, 100 көлем қоспа алу үшін 49,88 көлем су және 53,94 көлем алкоголь керек).

Алкогольдің тығыздығы 0,8, сондықтанда оның көлем бойынша дайындалған ерітінділерінің құрамында, салмақ бойынша дайындалған ерітінділеріне қарағанда, алкогольдің үлес салмағы аз болады. Қоспаның құрамында алкоголь аз болған сайын, оның тығыздығы жоғары болады, бірақ алкогольдің проценттік құрамы мен тығыздығында пропорциональдылық жоқ. Алкогольдің проценттік құрамын анықтау үшін 1865 жылы Д.И.Менделеев кұрастырған арнаулы кестені пайдаланады. Этил спиртінің 95, 90, 70 % және 40 % — ды түрлері болады. Егер спирттің концентрациясы көрсетілмесе оны 95 % — ды деп түсіну керек.

Денатурациялық спиртті алу үшін спирт-шикізатқа пиридин негіздерін және метил алкоголін қосып дайындайды. Сонымен бірге арнаулы қолданулар үшін денатурацияның ерекше түрлерін пайдаланылады. Мысалы: формалинді спирт — дезинфекция және анатомиялық препараттарды сақтау үшін қолданылса, ал майлы эфир спирті — косметикада пайдаланады. Жергілікті әсері. Алкогольді теріге немесе кілегейлі қабықтарға жақындатқанда алғашқыда салқындылық, соңынан күйдіретін-дей сезімдерді байқауға болады да, гиперемия пайда бола бастайды. Жергілікті жердің қан тамырлары кеңейеді де, мұнда қанның мөлшері көбейеді, бүл жүйке талшықтары рецепторларының қозуынан жөне капиллярлардағы интерорецепторлардың алкоголдің өсерінен әлсіреуінен болады.

Алкоголь теріге қарағанда, кілегейлі қабықгарға күштірек әсер етеді. Мүның төменгі концентрацияларынан (1-2 %) кілегейлі қабықтарда гиперемия пайда болып, сел бөлінуі күшейеді: қарында — гиперемия және қыжыл пайда болады да, кдрын бездерінің сел белу қызметі артады. Апкогольдің төменгі концентрацияларында (1-2 %) қарын сөлінің ас қорыту қызметі артады да, ал жоғарғы концентрацияларында — (20-30 %) күрт төмендейді. Алкогольдің 5-10 % концентрациясынан карын селінің бөлінуі едәуір көбейеді де, 20 % концентрациясында төмендейді.

Алкоголь аса жоғары концентрацияларында (70-90 %) кілегейлі қабаттар өте күшті тітіркеніп, кілегей бөліну күшейеді, кейде, тіпті кілегейлі қабаттың жоғарғы бөліктерін жансыздандыруы да мүмкін. Алкоголді өте жиі қолдану гастроэнтеритке әкеліп соқтырады, бұл кезде оның секереторлық жөне моторлық қызметі төмендеп, ас қорыту құбылысы нашарлайды. Шөп қоректі жануарлардың ас қорыту жүйесіне алкоголдің өсері өте ерекше болады. Сөл бөліну нашарлағанда ол секреторлықзат ретінде әсер етіп, ас қорытуды ерекше жылдамдатады, ауырсыну сезімділігін әлсіретіп, қарынның секреторлқ жөне моторлық қызметін күшейтеді. Ашу құбылысы кұшейгенде және токсикоздар кезінде алкоголь бұл құбылыстарды өлсіретіп, микробтардың дамуын тоқтатып, сол арқылы ас қорыту жүйесінің жұмысын қалпына келтіреді. Алкогольдің әсерінен қарын мен ішектердегі сіңірілу құбылысы артады, сондықтанда спиртті ерітінділерді, түнбаларды және экстрактілерді дәрілердің әсерін жылдамдату үшін қодданады.
Тыныс алу жолдарының, қабақтың жөне несеп-жыныс мүшелерінің кілегейлі қабатын, ас қорыту жүйесінің кілегейлі қабатына қарағанда өте күшті тітіркендіретіндіктен, алкогольдарды бүл жүйелерге әсер ету үшін қолданбайды.

Алкогольдің 4 % концентрациясын тері астына енгізгенде ұлпалардың өте қатты тітіркенуі, тіптен қабынуы пайда болады. 50-60 % концентрацияларында алкогольдар ұлпаларды жансыздандырады. Спиртті және дөрілердің спиртті ерітінділерін тері астына егуге болмайды.
Алкогольдің бактерицидтік әсері ерекше: абсолютті алкоголь микробтарды өлтірмейді, ал ең жоғарғы бактерицидтік әсер 50-70 % -дық алкогольде болады. Жоғарғы концентрациядағы (50-95 %) алкоголь әсер ететін заттарына онша жақсы сіңбейді де, өсері жанамалау болады, ал 50 %-дан төменгі концентрациясы төзімді микроорганизмдерді аз уақыттың ішінде өлтіре алмайды. 60 %- дық концентрациядағы алкогольдің бактерицидтік әсері 2 % — ды формальдегидке және 1 % — ды йодқа қарағанда едәуір жоғары болады.

Алкогольдің бактерицидтілігі барлық микробтарға бірдей емес. Ол ортаға байланысты өзгеріп отырады: егер дезинфекцияланатын жерде органикалык қоспалар көп болған сайын, алкоголдің бактерицидтілігі де әлсіз болады: температура жоғарылаған сайын оның бактерицидтілігі жоғарылайды: егер заттар дымқыл болса, жақсы зарарсызданады: бірақ олар өте көп суланып кетсе алкоголдің қоюлығы, концентрациясы азайып, бактерицидтілігі төмендейді. Егер алкогольді басқада бактерицидті заттармен, мысалы: фенол, лизол, иод жөне сабынмен бірге қолданса оның дезинфекциялайтын әсері де айтарлықтай дөрежеде артады.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.