Қалмаққырған

Главная » Рефераттар » Қалмаққырған

Көнеден қалған тағы бір тарихи орын — ауыл іргесіндегі «Қалмаққырған» деп аталатын дөң. Осы аттас дөң — бұл өңірде екеу, оның біреуі — Ақтөбе облысының Ойыл, Темір аудандарының жерінде орналасқан. Келесісі — Сағыз-Миялы бағытындағы күре жолдың оң жақ бетінде күртиіп жатқан кара дөң. Жіті зер салған жан мұның да тегін мекен еместігін көреді. Дөң басындағы құшақ-кұшақ тастар, әлде құлпытастар әлдебір заманда осы жерде бір сойқанның болғанынан хабар беріп жатыр. Оның үстіне әлгі тастардың бетіне ру таңбалары ойып бейнеленген. Бірақ соның әріден келе жатқан тарихын тәптіштеп айтар адам аз, болса да «қоспасы мол сылдырақ» дәйектерді күмілжітеді. Сол себепті біз төмендегі дәйекті шындыққа жанасымдылау деп білдік. 1771 жылы торғауыт қалмақтары Үбәші ханның соңына еріп, Жоңғарияға басып бара жатқанда Былқылдақты өңіріндегі осы төбе маңында Кіші жүз сұлтаны Айшуақ бастаған. Он екі ата Байұлының аламандарымен соғысыпты. Тарих пен көне дәуір жәдігерлеріне карағанда, талай жасақ осы жерде мерт болған. Дөң содан бастап, «Қалмаққырған» аталулы. Былқылдақты ауылының құбыла бетіндегі төбенің тарихынан сыр шертер аңыздың шындығы соған саяды. Бір қызығы — дөң атауы мен қаншама қазақ руларының таңбасын тұрсақ та, біз калмактар жағынан шейіттердің мүрдесін кезіктірмедік. Тіпті, еліміздің кай өңірінде де қалмақ пен жоңғар қырғынынан кейін көмілген жау жасағының бейіті байкалмайды. Тарихшылар да біздің осы таңданысымызды жоққа шығармайды. Дөңнің басындағы кұшақ-құшақ тастарда аты-жөні ойылып жазылмаса да, алты аталы Әлім, жеті аталы Жетіру, соның ішінде Табын атасының, Он екі ата Байұлының ру белгілері бар. Демек таңбаларға қарап, қарттардың әңгімелерін ой елегінен өткізсек, бұл жерде қалмақтармен соғыстың болғаны ақиқат. Әрбір тасы, түп жусанына дейін көне заманның тылсым тұңғиығына тартып тұратын осынау сар даланың төсінде Қарға бойлы Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз сынды зар заманның көреген абыздары да өмірге келіпті деп сыр шертеді тарих. Бірақ оның бәрін біз көрген жоқпыз, ол жөнінде естігеніміз де жарытусыз. Тек Уакыт өлшеп, Тарих таразылады. Мынау еңбектің де ендігі тағдыры солай болады. Адамзат тарихы дегеніміз соғыстар тарихы екендігі әлдене заман бұрын айтылған ақиқат еді. Қазір де қанды қасапқа тойынбаған құрлықтар мен қару-жарақтар тиелген кемелер жортқан мұхиттар аз шошытып жүрген жоқ. Әр жұрттың әрқалай ақталар себептер мен салдарлары бар шығар-ақ, бірақ жазықтылар мен жазықсыздардың талайсыз тағдырларынан сабақ алу үрдісі орныққан жоқ, орнығуы да неғайбыл. Сол соғыстардың соңында қалатын белгілер және мәлім: қисапсыз қырылған әскер мен босқан жұрт, ерліктер мен естеліктер. Кешегі жұқа, бүгін тым рабайсыз қалыңдап бара жатқандай болып та көрінетін реттері де бар тарихи оқулықтарымыз бен әдебиеттеріміз, әрине, жоңғар-қалмақ шапқыншылығы туралы талай деректерді ұсынып жатыр. Өз  қолымызбен жазылмаған, бірақ сенімділігі екіұшты болса да, өзгелердің архивтерінде сақтаулы тұрған, әйтеуір, жаңаша пайымдар жасауға ілік боларлық жазбаларға да әзір қолды мол салғанымыз және шамалы. Жоңғар-қалмақ шапқыншылығы мұратына жете алмағаны мәлім. Тіпті, қазақтың шұрайлы жері мен сауда жолдарына сонша ынтық болған бұл хандықтардың талқаны да таусылып кетті. Тарихшылардың айтуынша, мысалы, амал-айласы мол Цинь империясы 1755, 1756, 1757 жылдары бірнеше дүркін шабуылдар жасап, Жоңғар хандығын талқандады. Әйтпесе Ресей патшасы Екатерина ІІ 1771 жылы 19 қазанда арнайы жарлығымен Қалмақ хандығын жойды.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.