Алматы облысының ескерткіштері

Главная » Рефераттар » Алматы облысының ескерткіштері

Алматы облысы тарихи ескерткіштерге бай өлкелердің бірі болып табылады. Қойыны құтты, шөбі шүйгін «Жер жаннаты — Жетісу» деп аталатын көз жауын алатын ғажап өлкеде ықылым заманнан бері адамзат өркениетінен көптеген мағлұматтар беретін корғандар, тасқа кашалып салынған шимайлы суреттер, ғасырлар бойы сыры кетсе де, сыны кетпеген қадау-қадау балбал тастар, бір кездері дәуірлеп дамыған қала орындары өткен дәуірдің үнсіз куәсі болып саналады. Тарихқа көз жүгіртсек, қазіргі Алматы облысынын аумағы Үйсін. Ұлы түрік кағанаты, Батыс түрік кағанаты, Түргеш, Қарлұк, Карахан және Қидан мемлекеттері сиякты түрлі мемлекеттердің құрамында болды. Кейіннен бұл аймақ Шыңғысхан империясының кол астына кірді де, ол ыдырағаннан кейін Ақ Орда мен Моғолстан мемлекеті кұрамына енді. Ал XV ғасырдан бастап Қазақ хандығының құрамында болды. Алматы облысында әр кезеңдерде жасалған археологиялық қазба жұмыстары ғылымға құнды жаңалықтар әкелді. Әсіресе, сак дәуірінің бірегей ескерткіші болып саналатын Есік корғанынан табылған «Алтын адам» осы өлкедегі мадениет пен өнердің, тұрмыс пен тіршіліктің, барша сақ өркениетінің жеткен биігін айқын да ашық Алматы облысының аумағындағы тасқа кашалған байырғы суреттер галереясы өз алдына бір төбе. Олардың ішіндегі ең көрнектісі — қола дәуірінен калған Таңбалы шаткалы. Бүгінде Таңбалы археологиялық кешені дүниежүзілік мәдени мұра санатына жатады. Ортағасырлык Қаялық (Қойлық) каласына жасалған қазба жұмыстары нәтижесі де қызғылықты. Осы жерден үш діннің өкілдері бейбіт қатар өмір сүргенін көрсететін мұсылман мешіті, несториандық шіркеу мен будда монастырының орындары табылды. Бұл бүгінгі Қазакстандағы діни алуандық пен төзімділік негізі ерте кезеңдерден бастау алатынын 15 ғасырда тарих сахнасында бой көтерген Қазак хандығы көршілес мәрте қанды кақтығыстарға түсті. Жоңғар хандығының жойкын шапқыншылығына ұшырар кезеңде Іле өзенінің бойындағы жарқабақтар мен Жоңғар Алатауының шаткалында суреттері пайда болды. Жоңғар шапқыншылығынан әлсіреген казақ мемлекеті бір жағынан Ресей империясының отарына айналса, екінші жағынан Қокан хандығының өктемдігіне ұшырады. Одан кейінгі 70 жыл Кеңес өкіметінің бұғауында өтті. Алғаш рет Жетісу өңіріне ту тіккен Қазақ елі арада бірнеше ғасыр салып, дәл осы Жетісу өңірінде 1991 жылы қайтадан тәуелсіздік туын көтерді. Әрине, қилы заман, алмағайып кезеңде де тарихи және мәдени ескерткіштер бой көтеріп жатты. XIX ғасырдың аяғында Жаркент каласында салынған мешіт пен ираваедав шіркеуі осының жаркын дәлелі. Сонымен қатар, мемлекет қайраткерлері мен Азамат соғысу мен Ұлы Отан соғысы батырларына арналған ескерткіштер тұрғызылды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін ұлттық тарих пен мәдениетімізді кайта жанғырту ісі колға алынды. Тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде пайда болған еекерткіштер саны кеңестік кезеңнің 70 жылында орнатылған ескерткіштер санынан асып түсті. 90-жылдардан бастап бой көтеріп, еңсесін түзеген ескерткіштердің үлкен тарихи кезеңді қамтитын, сонау көне түрік кезеңіннн бастап, бүгінгі заманымыздың кайраткерлеріне дейінгі ірі түріктің найзасынан кешегі Желтоқсан оқиғасына дейінгі халқымыз бастан кешкен қуаныш пен кайғыны паш ететін барша тарихи және мәдени оқиғалар түгелге жуық көрініс тапканын айта кету керек. Бүкіл республикада басталған рухани сілкіністен Алматы облысы да шет қалмады. Қазақстан тәуелсіздік алғалы облыста еліміздің қайраткерлеріне арнап көптеген ескерткіштер, мемориалдық кешендер, кесенелер орнатылды. Жетісу тарихын түгендеуге арналған игілікті іс шаралар мұнан кейін де жалғасын тауып, аукымы кеңи бермек, өйткені ел тарихын зерделеуде, халыктың мәдени және рухани мұрасын игеріп, болашақ ұрпакты отан сүйгіштікке баулуда ескерткіштердің орны бөлек.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.