Алтай қазақтарының фольклоры

Главная » Рефераттар » Алтай қазақтарының фольклоры

Фольклор – кез-келген халықтың ежелгі рухани мұраларының бірі болып саналады. Таулы Алтай қазақтарының ән фольклорын зерттеген өмірден ерте кеткен талантты ғалым, музыкалық фольклорды зерттеуші, өнертанушы, өнертану ғылымының кандидаты Қ.Т. Жүзбаевтың ғылыми шығармашылық қызметін атап өтуге болады. Фольклоршының интеллектуалдық өрісі, ғылыми ойлаудағы өзіндік көзқарасы, фольклорды танудағы жемісті еңбектері — түрлі музыка мәдениеті мен қазақ фольклоры ғылымының дамуын жаңа сатыға көтере білді. Оның «Таулы Алтай қазақтарының ән фольклоры» атты монографиясы. Бұл еңбекте Алтай қазақтарының өнері мен тарихи — этнографиясына байланысты қызықты да қажетті деректерді жинақтады. Зерттеу барысында халықтық ән салу шьғармашыльғында өте маңызды материалдар жинады. Сондай — ақ ескі қазақ халық музыкалық аспаптары соның ішінде шаңқобыз (варган, алтайлықтарда — темір хомус), дала қурайынан жасалған үш тесігі бар сыбызғы (флейты) жөнінде мәліметтер де бар. Таулы Алтайдың Қос — Ағаш, Усть — Кан және Ұлаған аудандарындағы қазақтардың музыкалық фольклорының үлгілерін Қош — Ағаш, Ақтад Төбелер, Кокоря, Жазатор, Мухор — Тархат, Теленгит — Сортоғай, Орталық, Чапаев колхозы және Қызыл — Маан, Ақташ кенті, Турат, Абай ауылдары, Усть — Кан, Ябаған және Онгудай (он құдай) — аудан орталығынан көруге болады. Оның зерттеу жұмысы барысында қазақ және алтай халықтарының музыкалық шығармашылық туындыларының үш жүзді құрайтын үлкен материалдарын жинақтады. Онда Оңтүстік Алтай қазақтарының дәстүрлі музыкалық фольклорының қаншалықты атқаратын қызмет дәрежесін көрсетеді. Бұл зерттеулерде сол халықтардың материалдық және тұрмыстық мәдениеттері мен шаруашылық қызмет жағдайларының кейбір жақтары қан-шалықты халықтардың өмірімен және музыкалық фольклормен тығыз байланыста екендігі жөнінде мәліметтер алынады. Таулы Алтай автономиялық облысының қазақтары (1870 — 1989 жж) ғасыр барысында Алтайлықтармен орыстармен Баян — Өлгей қазақтарымен көрші Моңғол ағайындарымен және моңғолдармең әрине біздің республикамыздың шығыс бөлігінде тұратын қазақтарымен тарихи — мәдени байланыста болып келеді. Таулы алтайлық қазақтар үшін Шығыс Қазақстан этникалық аймақ болып табылады. Осыдан олардың музыкалық фольклорында, қазақ халқының музыкалық мәдениетінің локалды өзегінің ерекшеліктерін көрсете отырып, өзара үйлескен бірлестіктегі музыкалық мелос сипатында көрінеді. Қазақ халқы өзінің тұрмыс — тіршілігіне, әдет — ғұрпына, салт — санасына байланысты тұрмыс — салт жырларын шығарып, жер өрнектерін өмір өзегіне пайдаланып, сол арқылы жастарды ұлттық әдет — ғұрып, дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеп келеді. Жыр — өлең (шығарма) сөзімен айтушыны жыршы (термеші) деп халық, жыр атаулыға жоғары мән беріп, оны бағалап, жаттап жадында сақтай білді. Қазақ халқының бір ерекшелігі, жаттау қабілеті ерекше болған сондықтан жырдың барлық түрлері қарапайым халық өкілдерінің жатқа айтуымен ғасырлардан ғасырларға өңделе түсіп, сары алтындай сақталып келе жатыр. Әдет — ғұрыпқа байланысты жырлардан шілдехана жырлары мен жұбату, бесік жырларын балалар жырлары деп, бөліп қарауымыздың мәні зор, өйткені ол жырлар баланың тіліне үйіріледі, ойына оңай оралады — жеңіл айтылады. Ал той бастар, жар — жар, беташар, сыңсу, қоштасу, көбінесе жыршылар өз мақамымен (әуенімен) айтады.

Таулы Алтай қазақтарында дәстүрлі өлөңші — орындаушы және синкретикалық типтің шеберлері — өлөңші — ақындар сақталған. Өлеңші — ақындардың көркемдік тәсілдерінің бірі — өнер және шеберлік жөнінде ақынның ән салуына қатысты өзіне — өзі мінездеме беру болып табылады. Осыдан кейін өлеңші — ақын өзінің туындыларының негізгі тақырыбына тыңдаушылардың на-зарын аударуы керек. Мәселең Қос — Ағаш қазақтарының халық әні — «Үкілі кер». Көш алдына мінгенім үкілі кер — ай-уәй, Көшті бастап жүрген ел бір талай жер. Кәулелелім, кәулелел әй! Шаршамаса елеңге шалдықпаймын — ай уәй, Тартылмайтын жел сөзге түқымым ер. Кәулелелім, кәулелеләй! Таулы Алтай қазақтарының музыкалық тіршілігінде лирика-лық өлеңді -өлеңші (өлеңші -орындаушы, импровизатор — суырып салма) құрушы және таратушылар сақталған Суырып салма — өлеңші алыстан қонақтар келген кезде аяқ астынан құрастырған өлеңдерін арнайды. Өлеңдету алдында үйге келу мақсатымен танысып, содан кейін ғана фольклор стилі бойынша айтады.

.

Мен өзім ақын емес даңқы шыққаң Айтайын бір — екі ауыз өлден ұққан — ау. Әйтеуір өлең жинап кез келгенде, Бұндайда — ау ұят болар төмен бұққан — ау! Әнші домбрада ойнап, ән айтады, шабыты келген сайын ән-нің ырғағы өзгеріп отырады. Отбасылық — тұрмыстық әндер. Таулы Алтай қазақтарында тұрмыстық әндерінің ішінде — бесік жыры сақталған. Бесік жырының мазмұны ғасырлар бойы үлкендердің жасаған қазақ отбасы-ның көшпелі өмірінен құрылған соған байланысты болып келеді. Олардың күнделікті тұрмыс тіршілігі, қоршаған табиғат, еңбек іс — әрекеттері, рухани әлемі осының барлығы бесік жырында бейнеленеді. Әлемнің барлық халықтары сияқты Таулы Алтай қазақтары да баланың күтіміне және тәрбиесіне өте көп көңіл бөледі. Олар үлкенді сыйлауға үйретіледі, адал шыншыл болып өсуіне кішкентайынан этикалық және эстетикалық әсемділікке, адамгершілікке үйретеді. Солармен бірге ата — аналарына көмектесуге үйретеді, оларды еңбек жолына дайындау барысында олардың дене және рухани сапаларын қалыптастырады. Көшпелі тұрмыс жағдайында жайлауда болсың жазғы жай-лымда болсын тіпті қыста — қыстауда жас бала үнемі бесікте жатады. Таулы Алтай қазақтарының музыкалық тұрмысында бесік әнінің әртүрлі атауы бар: әрқайсысының атауы (манеж) — бесік, осыған сәйкес — «Бесік жыры», екіншісі — әлди — әлди («баю — баю»), «Әлди бөпем» немесе «Жылама бөпем». Бесік жырының атауын зерттеу кезінде «бөпе» сөзінің этимиологиясын анықтауға ұмтылыс жасалды. Бірақта «бубэ, бэбэ — бесік, баламен жүретін бесік, баланың бесікке жатқызу оның мәнімен кешенді байланысады, олардың өзара байланысы нақ-ты құбылыстың белгілерімен біріктіріледі: нәресте, бесік, баланы тербету, оны әлдилеу. Түріктің «бебе» деген сөзі өзіндік мәні бар жүйе, оның ішіндегі орталығы «нәресте, «бала» болып табылады. Синкретикалық түбірі «бе» түрікше (есе, қайталау), «бөбе» (бөпе-бала) тек тунгус — маньчжурлық тілде сақталған. Әлди, әлди ақ бөпем, Ақ бесікке жат, бөпем. Жілік шағып берейін Әлди, әлди, ақ бөпем.Ән мәтінінде үнемі дәстүрлі «ақ» деген сөздер бар, ол сүттей ақ екенің яғни бала ананың ақ сүтімен қоректенетін білдіреді. Осыдан келіп, «Ананың ақ сүтімен өскен бала» деген сөз шығады. Сондай — ақ Оңтүстік Алтай қазақтарының музыкалық тұрмысында басқада бесік жыры «Әлди — әлди» әні кездеседі. Тұрмыс — салт әуендерімен айтылатын бесік жыры бөбекті жұбату үшін және оған тілек айту үшін ғана шығарылған емес. Ең әуелі ырғағы бесіктің тербелісіне сәйкес келетін сабырлы екпінде айтылатын қоңыржай әуен бөбектің сезім мүшелері арқылы оған сүйкімді, сүйсінерлік әсер етіп, жан — жүйесін жадыратады, ұнамды, ұнасымды әсермен баланы жұбатады. Екіншіден баланың келешегіне үміт артып, тілек айта отырып, оны жұбатушы ана болашақтың шамшырағы мен нұр сәулесінен қуат алғандай әсерленеді. Үшіншіден ата — ана жатқа айтқан тілектерді тілі шыққан балдырған да жаттап, әрі тілі дамиды, әрі сол сөздерден тәлім алады. Бесік жырларын мазмұнына қарай: шілдехана жыры, бесікке бөле, жұбату және тілек айту деп топтауға болады. Бесікке бөлеу жыры нәрестені бесікке салғанда, қуаныш — тілек ретінде көңілді, әуезді әуенімен айтылады. Қазақтардың барлығы дерлік көп болып көңіл көтеруді жөн көреді, қазақ даласында жаңалық дегенің жатпайды, ол желдей есіп тарайды. Әдетте ауқатты қазақтар қайсыбір отбасылық айтулы оқиғаға: үйленіп, тұрмыс құруға, баланы сүндетке отырғызуға, өмірден озған туыстарын еске алуға арнап той өткізеді. Той қазақтар үшін қызығы мен салтанаты мол мереке саналады.

.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.