Қалтай Мұхамеджанов — Қазақ драматургиясының абызы

Главная » Рефераттар » Қалтай Мұхамеджанов — Қазақ драматургиясының абызы

Бір кездері Қазақстан Жазушылар Одағына кірген бетте тұлғалар тобына таңдай қағыса, жарыса қарасушы едік. Қадірлерін білдік пе, білмедік пе, ой тезіне енді салып жатқанымыз жасырын емес қой. Әрқайсысы жеке шоқы, эрқайсысы бөлек таулар емес пе еді? Әлде өзіміз жасырақ болдық па? Әйтеуір, олардың әрқайсысы алыптардай көрінетін көзімізге. Айбынды-тын олар. Сырбаз сөйлеп, кербез басатын улы Ғабең…Гүж ете қалганда, кез келген кісіні селк еткізер Бауыржан ата…Күндей күркіреген Сырбай мен Тахауи, сатира мен юмордың, кемерінен асып төгілген күлкінің кендері Садықбек пен Қалтай ағалар… Қайсыбірін айтып, түгесерсіз. Төрт көздері түгел кездер екен-ау. Иә, айналасы он-он бес, жиырма жылда.. .талай бір асылдарымыздан айырылдық. Аяулыларымыздан алыстай түсіппіз. Ұлыларымыздан көз жазыппыз. Тек айтқандары, жазғандары ғана жанға дауа бүл күнде. Солардың ішінде Қал-ағаңның қалжыңдары қандай еді, шіркін! Жазбалары жайлы сөз басқа, айтқыштығын айтсаңыздаршыІҚазақстанның халық жазушысы Қалтай Мұхамеджанов жанындағы жас шамасы сексеннен асып қалған Ұлы Отан соғысының ардагерін айналасындағыларға таныстыра келіп: — «Бұл кісіңіз соғысқа бастан-аяқ қатысып, Гитлердің қырқын өткізіп қайтқан,» — деп көсілді бір отырыста. Қалтай Мұхамеджанов ағамыз асықпайтын, өзіне тэн мінезімен ақырын ғана аяңдап, «Көк базардан» шығып келе жатқаны сол екен, өзін өлердей сыйлайтын әріптес інілерінің бірі табан астынан кездесе кетеді.

— Ойбай, Қал-аға, мұнда неғып жүрсіз, базар-ошарда көре бермейтін едік, — деп, жік-жапар болады ғой баяғы.
— Ой, жолбарысым-ай, беталды базар кезіп, басымның іскені не. Үйдегі жеңгең немерелеріңе бірер килэ алма ала қайтарсың деген соң осында соға қойып ем, сөйтсем, онысын кім білген, бір килә алма алу үшін екі килә ақша керек екен. Алма мен ақшаның арасы апыстап кетіпті ғой, өзі, — депті таңғала тіл қатқан қайран Қал-ағаң. Иэ, осылайша Қал-ағаң айтты деген қалжың сөздер қазақ арасында молынан ұшырасады. Ол әдебиетке күлкімен енді. Драматургияға комедиямен келді. Оның жүзіндегі мәңгі тарқамас күлкі мен қалжың іздері, көңілді қуаныш белгілері ғана драматург бейнесін көзге жылы ұшырата түсері бек рас. Өткен ғасырдың 60-70-ші жылдарында жазылған Қалтай Мұхамеджанов комедияларының қазақ сахналарын бірден жаулап алғандары көпшілікке жақсы мэлім. «Бөлтірік бөрік астында», «Кұдағи келіпті», «Қуырдақ дайын», «Өзіме де сол керек» атты ащы сатиралық жанрда қағазға түскен, юмордан да қүр емес тоғышарларды, алаяқ-алдамшыларды, дүмше космополиттерді сынап-мінейтін шаншыма комедиялардың қазақ драма өнерінің шоқтығын көтеріп кеткені баршамызға аян. Аталған туындылар, эсіресе, аса зэруліктерімен, тақырыптарының қоғамға аса қажеттіліктерімен айшық-талды. Кейіпкерлерінің көбі өз ортамыздан табылды. Олар өмірге етенелігімен жүрт көңілін баурады. Сол сэттері Қалтайды біреулер көкке көтеріп қүптап жатса, екіншілері қасақана тырнақ астынан кір іздеп, «ойы орта, түзы жеңіл» дүниелер деп элгі комедияларды сынап та жатгы. Екі жақтың айтысып, тартысуы заңды да еді. Өйткені, бүған дейін эпостық фольклордан бастап, сол кездергі колхоз-совхоз басшылары, өндіріс озаттары, партия қызметкерлері, ауыл зиялылары турасындағы қилы тақырыптардағы таптаурын пьесалармен жыға таныс қазақ көрермендері үшін студент жастар өміріндегі қайсыбір шалыс қадамдар мен шынайы көріністер күтпеген жағдайлар еді.

Осы жерде ойлана сөйлеуге тура келеді. Мұхамеджанов комедиялары театр сахналарында күні бүгінге дейін неге үздіксіз жүріп жатыр? Материалдың мықтылығы ма, жоқ элде автор үсынған проблемалардың өміршеңдігі ме? Комедия көрушілерін несімен риза етіп келеді? Мұхамеджанов қандай соны қүбылыс, тың тзсілдер экелді? Оның өзіне тэн ерекшелігі қайсы? Әрине, драматургтың бірінші табысы-оның сахнаға өз проблемалық тақырыбымен көтерілуі. Әйтпесе, Қал-ағаңнан кейін де комедия жазған қаламгерлер аз ба? Амал не, олардың көбі сахнада бірер маусымнан артық түрақтап қала алмады. Қалтай Мұхамеджанов комедияларына аса риза болғандардың қатарында үлы Мұхтар Әуезов тұрды. «Бұл күлкіге дэн ризамыз» — деп жазды ол, «Бөлтірік бөрік астынданың» сахналық қойылымына зор қуаныш білдіріп. Мұхамеджанов табысының тағы да бір себебі — ол мамандығы бойынша театр зерттеушісі. Алғашқыда Тэшкеннің А.Ост-ровский атындағы театр және сурет өнері институтында оқыған ол кейіннен Мәскеудің А.В.Луначарский атындағы театр өнері институтын зерттеуші мамандығы бойынша бітіріп шықты. Қысқасы, хат танығалы айналдырған кэсібі -Театр. Драматург Мұхамеджанов комедиялары ерекшелігінің өзі — оның өткінші, алданыш күлкілерге емес, керісінше, ойлы, жігерлі тоғышарлар әлемін әшкерелейтін сипатқа құрылатынында. Жанр мүмкіндіктерін орнымен пайдаланып, орайы келген моменттерді қалт жібермей, қоғам, өмір талаптарына жедел үн қатып отыру — сиректеу, шабандау жазса-дағы — әйгілі драматург шығармашылығының ең басты жетістігі болды. Бэлкім, драматург пъесаларының қайсыбір проблемалары уақыт өте келе элсіз тарта бастады дейтіндер де ел ішінен табылар. Қай ауызға қақпақ боларсың. Бірақ, оның кейіпкерлері барынша өміршең. Олар өткірлігімен, оттылығымен, уыттылығымен жасампаз. Мәселен, шолжаң Марфуға, жұғымсыз Арыстан, алаяқ Сапарларды «ескірді», » көнерді» деп кім айта алар? Қазақ қоғамындағы моральдық азып-тозуларға қашанда солар айыпты. Солар кінэлі. Оны білгіңіз келсе, жедел түрде ұлы драматург еңбектерін ақтарып көріңіз. Тұрақсыздар, алдамшылар, намыссыздар, дүбәралар, мәңгүрттер, космополиттер алдыңыздан андыздап шыға келеді. Олардың бүгінгі күндерде де өзгергендері шамалы.

Тағы да бір есте болатын нэрсе — кезінде Қал-ағаң қаламынан туған «Айман — Шолпан» сценарийінің тағдыры. Аталған комедиялық оқиғаға зер салар кинорежиссерлер табылып жатса, бүл да бір өткен тарихымызды жарқын күлкілермен еске алудың тиімді жолдары болып табылар еді.
Ар мен Адам. Өтірік пен Шындық. Отан мен Өмір. Қалағаң шығармаларының көбі осы төңіректе талай қүбылыстардың бетін ашты. Қал-ағаң бірде былай деп ағынан жарылғаны бар: — «Күлкі де көңіл-күйден туады. Шіркін, жастықтың өзі түнып түрған күлкі емес пе? Сауық-сайран, мереке-думан сол күндерде молырақ екен де. Уақыт өз дегеніне көндіреді. Жас үлғайған сайын күшеніп күлетінді шығардық. Баяғы тасып-төгілген жастық күлкілерін өзім де сағына, ашына аңсаймын. «Жат елде» атты пьесам қыруар уақытымды алды. Мүлдем жабық жатқан тақырып еді ғой ол. Шет жүрттарда тентіреп, қаңғып қалған қандастарымды сахнаға шығару жолында қаншама уайым-қайғы шектім. Қазір ғой, заманның өзгеріп, өмір үстанымдарының шуақ себе бастағаны. Анау Асан, Құрбан сияқты адасқан улдарымыздың Мюнхен көшелерінде сандалып жүргендері күні кеше ғана емес пе еді? «Иә, «Жат елде» драмасы деректі оқиғаларға қүрылған еді. Осынау үш бөлімді туынды 1966-шы жылы сахналық шығармалардың жабық бәйгесінде арнайы жүлде алған-тын. Оны алғаш рет қазақтың М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының сахнасына қойған мәскеулік режиссер, РСФСР-ның еңбек сіңірген артисі М.М.Новохижин болды. Бұл қойылымға аға, орта, кіші буын артистеріміздің ең таланттылары қатысқан болатын.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.