Қамал Қармысов өмірбаяны

Главная » Рефераттар » Қамал Қармысов өмірбаяны

Қазақ халқының өнер алыптары шетінен арқалы десек, соның ішінде сахна шеберлерінің көбі шашаларына шаң жүққызбаған ерен жүйріктер болды. Сондай жүйріктің бірі — тамаша да, тәлімді ғүмыр кешкен дарынды, дарқан мінезді Камал Қармысов.
Қамал Қармысов 1912 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданында кедей шаруаның шаңырағында дүниеге келген. Әкесі Қармыс 1914 жылы, анасы Зия 1917 жылы бірінен соң бірі алдарынан күткен жарқын күндерін көре алмай, арманда көз жүмған еді. Қамал жетімдіктің ащы да ауыр күндерін тарта жүріп, 1924 жылға дейін жақын ағайындарының қолыңда тәрбиеленді. 1925 жылы интернатқа оқуға кабылданды. Комсомол да болды, коммунист те атанды. Бірақ бәрібір шын талант иесі, өзінің түрақты орнын өнерден тапты. 1931 жылдан қазақ сахнасының төрін бермеді. Ұлыны да кескіндеді, үрыны да нүсқалады. Қуды да, сүмды да сахналады, ғүлама мен ханды да кейіптеді. Нәтижесі қомақты, жасағаны аумақты болды.
Қармысов шеберлігі — дара мектеп. Оның актерлік ізденісі өзгеше һәм өнегелі. Үлгі түтарлық жағы басым. Ол кісі бейне біткеннің бүтін болмысын ең әуелі сыртқы белгілерден қамдастыратын. Мінез-құлықтағы ерекше түстарды дәл үстайтын. Жүріс-тұрыс, қас-қабақ қозғалыстары, түлға иілімдері, дене икемділіктері қатаң ескеріліп барып, арқалы актер ішкі жан-дүниенің иірімдеріне әсте-әсте жылу таратып, бірте-бірте сәуле дарытатын. Кейіпкерлердің ішкі әлеміне сыртқы пішін арқылы келетін. Өнердің өз тілімен айтсақ, қаһарман характерлерін пластикалық қимыл-қозғалыстарымен айшықтауға шебертін. Рольдің сырт жобаларын ыңғайлап алып, біртіндеп ішкі тегершіктерді дөп басуға ойысатын.
Дикциясындағы сәл ғана табиғи кемшіңді аса бір қүбылмалы сахналық әдістермен қүлпыртып, нағыз шындықпен, жарасымды шынайылықпен шебер шендестіріп жіберерін қайтерсіз. Кейіпкерлері сан алуан қақтығыстарда мүқалмай, мүңаймай, керісінше күрес үстінде шыңдалып, қызғылықты да қайшылыққа толы қарбалас ғүмыр кешіп жатар еді. Қай рольге салсаң да көл-көсір қиялына арқа сүйеп, кең көсілген арқалы да адуын артистің алаулы кейпін аңдап, әрекетті екпінін аңғарар едіңіз. Қаһарман мінез-кұлқын жинақтап беруге салақ, сахна төрінде сергектік пен серпінділік көрсетуге олақ, әрі-сәрі күйкі көңіл-күйге әуес, әл-деқаңдай бір солғыңдықтан суырылып шыға алмайтын шабан артистерді де жақсы білетініміз жасырын емес. Осы тақылеттес «өнер жасаушыларға» Қармысов қарымы, Кәмкеңнің қарқыны үлкен сабақ-тын. Ұршықтай үйірілген көмпіс дене қалай қүбылсаң да, қай қияға салсаң да, нендей белеске тартсаң да өзінің табиғи өлшемінен, шынайы қалпынан, нақтылы биігінен танбайтын. Қармысов шеберлігі шымырлығымен, ширақтығымен бедел алды. Қүрмет тапты, абыройға бөленді. Жанр таңдап, роль талғамайтын К.Қармысов сан тағдырдың шатасқан шешімін шындықпен, тек қана сахнаның шынайылық жолымен шешкен дұрыс деп түсінді. Тарлан таланттың өнердегі соқпағы әрқилы. Ол тек жомарт жүрегінің айтуымен ғана жүрді десек, онда айтулы артистің сезімтал болмысын өз дәрежесінде бағалай алмағандығымыз. Өзінің шығармашылық үзақ жылдарында мың сүрініп, жүз жығылмаған өнерпаз шеберлік атты үлы таудың қасиетті шыңына иек артуы мүмкін емес. Ойындағысы оңай орындалып, қиялындағысы қаз-қалпында келісімін тауып жатса актерлік мамандықтан жеңіл не кәсіп болмақ. Әнгіме — артистік биіктіктің тым көз ұшында бұлдырайтындығында.
Комедия мен сатира астасып, трагедия мен драма бас қосып ала-сапыран болып жатқан түста да Кәмкемдік қалып, Қармысовтың дара шабысы өнер аспанын алабөтен шудалы шаңға көміп жатар еді. Қазақ сахна өнерінің, соның ішінде ұлттық актерлік мектебіміздің шыққан тегін көтеріңкі романтика лебінсіз, сарынысыз көзге елестету — қате үғым. Негізгі бастау-бағыты халық шығармаларынан нәр алған қазақ театрларының репертуарын көбіне көп фольклорлық қойылымдар көркейтіп келе жатқанын мақтаныш түтамыз. Тіпті, осыншалықты деңгейде кәсіби артистік мектебіміздің барынша мықты қалыптасуы аса мол да, бай ауыз әдебиетіміздің үлгісінде ғажап жазылған әдемі інжу-маржандарымыз іспетті әпостық, дастандық дүниелеріміздің сахна әлеміне өзінен-өзі сүранып түрғандығы барлығымыз, бағымыз емес пе? Сан буын орыңдаушыларымыз (артисі, режиссері, суретшісі, сазгері) тәрбиелік қатаң сынақтан өтті. Шәкірттік хал кешті. Солардың ара-сында бесаспап артист — Камал Қармысов халық өнерінен қанып сусындағандардың бірегейі еді, көрнектісі еді.
Қозы, Жантық, Сердәлі бейнелері — осы айтқандарымызға бұлтартпас айғақ. Актер тау кезіп, аң қуған, әкеден айырылып, анасын асырауға ғана шамасы жеткен қаңғыбас не болмаса кеудесін шер торлаған жалғызілікті жетім бала емес, Баяндайын хас сүлуға жанарын жанып, Қодардайын алып күшке қарсы түра алар, бүлқынса бүлшық еті билей жөнелген кеуделі бозбаланың қатқыл кейпін мүсіндеді. Бертін келе, араға жылдар салған әмбебап сахнагер Жантыққа ауысты. Бес тал сақалы ебедейсіз шошайып, тыриған арық сүлделі, жүзі қан-сөлден жүрдай, көрден шыққан әруақтай, та-быттан түрып кеткен еліктей қуарған Кәмкеңнің Жантығын үмы-ту мүмкін емес. Айналасындағыларын ашса алақанында, жүмса жүдырығында үстаған осынау ысқаяқ жанды қулық пен сүмдық-тың, мың сан айла мен амалдың «академиясын» тауысқан Жантықты артист орындауында бейнебір көзбояушыдай қабылдадық. Сахнадағы жеңіл жүрісті, жымысқы сөзді қу Жантықтың іс-әре-кеттерін көргенде керерменнің төбе шашы тік түрар еді. Қақпа-қылдың тасындай қағып-сілкіп, Жантекең әр мақамға салғанда Қарабайыңыз бен Қодарыңыз, оған Қозыңыз қосыла сеңдей со-ғылысып, сенделіске түседі. Осындай дара шеберлігімен үлы Кәм-кеңдер халық шығармашылығынан еркін нәрленгендіктен де ел жүрегіне жақын қонды, көпшілік жадында мәңгілікке қалды.
Қ.Қармысов орындауындағы Сердәлі бейнесі кезінде «Ақан сері — Ақтоқты» қойылымыңдағы елеулі рухани оқиға болды. Жалмүқан мен Ақан көзқарасы, мүрат-мүдделері қиыспай түрған күрделі кезеңде «жеңгетайлық» жасап, жылыстап Ақтоқтыға сынаптай сырғып келген Сердәлі сүрқын көз алдыңызға келтіріңіз. Жан қүбылуымен, жүрек шабытымен, нәзік сезімімен, кіріс-шығысымен, жүріс-тұрысымен керемет көңіл тербелістерін соншалықты әсерлі де көркем аша алған актер таланты аталған кейіпкер-ді қазақ сахна өнерінің тарихына енгізді. Рольдің психологиялық, пластикалық, динамикалық болмысын терең игерген Қармысов шеберлігі ширақ та, тым ажарлы көрінді. Актер орындауындағы «Ақыннан шыққан азғын» — Сердәлі бейнесі қазақ театры тари-хында көркемдік даралығымен оқшау түр.
Өткір мінезді, отты жаңдардың кескінін кейіптеуде Қармысов салған сара жол, өзіндік өрнегімен өзгеше жатыр. Сатиралық, комедиялық рольдердің хас шебері Камалдың шығармашылық өресі аса ауқымдылығымен жан баурайды. Классикалық аударма қойылымдардағы Яго, Гарпагон, Хлестаков бейнелерінің қазақ көрермендеріне етене таныс болып кетуі тума талант Қармысов өнерінің шырқау биігі деген жөн. Ержан, Логинов, Гасфорт, Сердәлі, Бөпіш, Дүрбіт, Нүрхан, Әшраф, Керім сынды әрқилы жандардың, сан алуан тағдырлардың сахналық кескіндемелері әлдеқашан ұлттық театрымыздың тарихына мәңгілікке таңбаланған.
Ұрпағы мақтан түтар асыл аға, азамат артистің аңызға бергісіз өмір, өнер жолы ғажайып, пафосқа толы.
Осы заманғы қойылымдардың біразында бақ сынап көрген Кәмқемнің ғаламат аяқ алысы қалай десек те, классикалық мұраларда айрықша көзге түседі. «Асауға-тұсаудағы» Транионы актер тіпті бертінге дейін сахналап келді. Көрермен неше түрлі шеңбер жасап, түла бойымен дөңгелеп, төбесімен жер тіреп, шыркөбелек айналған актердің әсем де, әсерлі пластикалық икемділігіне, цирк артисіне тән атлеттік әмбебап әбжілдігіне қайран қалғанды. Мәскеулік театр мамандарының бәрі бірдей: «Япырау, алпысқа келген кісінің мына қозғалысыңда не сыр, қандай сиқыр бар? Ғажап қой! Ғаламат емес пе?» деп естері кете таң қалғаны бар.
К.Қармысов — кино өнерінде де өнімді еңбек еткен жан. 1945 жылдан бастап әкраңда көрінген ол, өмірінің соңғы жылдары-на дейін осынау музаның жоғын толтырудан танған жоқ. «Қозы Көрпегп — Баян сүлу», «Абай әндері», «Бүл Шүғылада болған еді», «Біздің сүйікті дәрігер» кинотаспаларында актер сомдаған от түлғалы бейнелер ешкімді де сүлесоқ қалдырмайтыны хақ. Бір ғажабы, «тындырғаным мол еді» деп кеуде қаққанын сезген емес-піз. К.Қармысов үлкенмен де кішімен де тең қүрбыдай тіл табы-сып, жаймашуақ, жайдары қалпынан бір ауытқымай, сол баяғы жанға жайлы жылы жүзінен, сүйкімді жымиысынан титтей де ай-нымай өткен ардақтыларымыздың тектісі болатын.
Халық артисі (1957), Мемлекеттік сыйлықтың иегері (1980), екі мәрте Еңбек Қызыл Ту, «Қүрмет белгісі» ордендерінің, көптеген медальдардың иегері, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі-нің мадақтау грамоталарымен марапатталған қазақ өнерінің кесек түлғасы Камал Қармысов — жүлдызы жанған дара түлға.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.